Популярные темы

орысша: новости

Қазақстан құрамасының хоккейшісі АҚШ-та қалай мэр атанды?

Tengrinews, 11 июня 2020 в 16:53

Қазақстан құрамасының хоккейшісі АҚШ-та қалай мэр атанды?
Қазақстанда сегіз жыл ойнаған хоккейші, ұлттық құраманың капитаны болған Брэндон Боченски таяуда америкалық Гранд-Форкс қаласының мэрі атанды. Ол сайлауда қаланы 20 жыл басқарған адамды жеңіп шыққан. Tengrinews.kz тілшісі хоккейден Қазақстан құрамасының экс-капитаны, бүгінде америкалық қаланың мэрі атанған Брэндон Боченски туралы баяндайды.Брэндон Боченски кім?Брэндон Боченски 1982 жылы 4 сәуірде АҚШ-тың Блэйн қаласында туған. Ұлты — поляк.

Мемлекеттік қызметте 27 жыл. Мәулен Әшімбаев туралы не белгілі?

Tengrinews, 04 мая 2020 в 14:23

Мемлекеттік қызметте 27 жыл. Мәулен Әшімбаев туралы не белгілі?
Бүгін Мәулен Әшімбаев Сенат депутаты болып, кейін сенат төрағасы болып сайланды. Ол бұған дейін Қазақстан Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын. Бұл қызметте ол алты айға жуық уақыт жұмыс істеді. Tengrinews.kz тілшісі жаңа сенатор туралы баяндайды.Tengrinews.kzҚоғам қайраткері мен жазушының ұлыҚоғам қайраткері мен жазушының ұлыМәулен Әшімбаев 1971 жылы 28 қаңтарда Алматыда дүниеге келген. Әкесі — мемлекет және қоғам қайраткері, жазушы Сағат Әшімбаев.

«Ақ киімді періштелер» — Көрші елдерде дәрігерлерге қандай жағдай жасалған?

Tengrinews, 24 апреля 2020 в 17:43

Кез келген төтенше жағдай кезінде алдыңғы шепте жүретін — дәрігерлер. Ал коронавирус пандемиясы кезінде дәрігерлердің вирусты жұқтырып алу қаупі өте жоғары. Көптеген елде COVID-19 жұқтырған дәрігерлер анықталған. Бұл мәселе Қазақстанды да айналып өтпеді. Дүниежүзінде халықтың өміріне араша түсіп жүрген дәрігерлерге қандай жағдай жасалып жатыр?

«Көш жүре түзеледі». Білім министрі ата-аналарға үндеу жасады

Tengrinews, 03 апреля 2020 в 19:53

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының IV тоқсанда қашықтан білім алу жүйесі қандай болатынын айтып, ата-аналарға үндеу жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Оның айтуынша, 6 сәуірден бастап 3 миллионнан аса оқушы қашықтан оқу форматына көшеді.«Сұрақ өте көп. Сын-пікірлер, ұсыныстарды қабылдап, тиісті шаралар қабылдап жатырмыз. Әртүрлі алып-қашпа сөздер де жиілеп кетті, — деп бастаған министр қашықтан оқудың 4 бағытына тоқталды.Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, телеарнада көрсету үшін 3360 видеосабақ түсіріледі.

Игілікті істердің жаршысы

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:02

Игілікті істердің жаршысы
Қай салада қызмет етсе де жүрген ортасына сыйлы, ойын тура айтар мінезі мен табандылығы, өз жұмысын жақсы білетін қабілет-қарымы ісінен көрініп тұратын азаматтар болады. Солардың бірі — Баянғали Құлтаев. Жұрт бұл кісіні шежіреші, өлкетанушы ретінде біледі. «Ұлтым» деген ұл болса… Баянғали Құлтаев бұрынғы Новоресей ауданының Көктерек ауылында жылқышының отбасында дүниеге келген.

«Facebook желісінде тоғыз досы бар». Әлеуметтік желіде ең белсенді әкім кім? 2-бөлім

Tengrinews, 17 января 2020 в 15:53

Tengrinews.kz порталында қала әкімдерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына шолу жасалған. Бірінші топтамада бірнеше әкімнің желідегі белсенділігі туралы жазылған еді. Бүгін топтаманың екінші бөлімін ұсынамыз.Ақтау әкімі Ғалымжан НиязовҒалымжан Ниязов — 2017 жылдың 23 қарашасынан бері Ақтау әкімі. Өңір басшысының парақшасын Facebook желісінен таптық.Ақтау әкімі желіде қызмет барысындағы кездесулер мен атқарып жатқан жұмыстары туралы жазып отырады.

«215 мың адам жазылған». Әлеуметтік желіде ең белсенді әкім кім?

Tengrinews, 14 января 2020 в 17:53

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter және Instagram желілерінде белсенді. Шенеуніктерге де желіде белсенді болып, халықпен солай байланысуды тапсырған болатын.«Әлеуметтік желі жұмысына ерекше көңіл бөлу қажет. Әр мемлекеттік қызметкер әлеуметтік желіде өз саласы бойынша белсенді болуы керек. Ғаламтор ғасырында бұл — міндет.

«Біздегідей қалың мал төленеді» — Африкада тұратын қазақ отбасының өмірі

Tengrinews, 09 января 2020 в 14:43

Гауһар мен Алмат Гана республикасының Аккра қаласында тұрып жатқан қазақ отбасы. Африкаға жарының қызметіне байланысты көшіп барған. Биыл бұл елде тұрып жатқандарына үш жыл болады. Гауһар отбасымен бұған дейін де шет елде тұрған екен. Кейіпкеріміздің айтуынша, африкалықтар мен қазақтардың ұқсастықтары да жоқ емес.

Байғазиннің балалары

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 10:42

Байғазиннің балалары
Алға балалар үйін 24 жыл басқарған Кенжеғазы Байғазин бүгінде ерекше балаларды сауықтыруға арналған «Күншуақ» лагерінің директоры. Бестамақ ауылынан бір-екі шақырым жердегі бұрынғы Алға балалар үйінің жазғы лагерінің орнындағы «Күншуаққа» барғанымызда, тынымсыз директор лагерьдің жатын корпустарын, қар басқан жазғы саябақты, асхана, емдік кабинеттерді, иппотерапия алаңын, көкөніс қоймасын, жылу қазандығын, атқорасын көрсетті.— Өткен ауысымда Шалқар мен Хромтау аудандарының 50 шақты баласы демалып кетті. Қазір Ақтөбе қаласы мен Мұғалжар ауданынан келген елу бала сауықтырылып жатыр.

Тышқан — жыл басы

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 10:32

Тышқан — жыл басы
Доңыз жылын табысты аяқтап, жыл қайырудың басы саналатын Тышқанды қарсы алдық. Талай жылдың тауқыметін тартып, көп жылдың қызығын көрген біздің халық әр жылға тиісті баға беріп, соған сай келер жылды да алдын ала болжайды. Тұрғындардың мұндай сенімі кейде дөп түсіп отырады.Мүшелдік жыл санауымыз да Тышқан жылынан басталады.

Шырғалаң күннің шындығы

Ақтөбе газеті, 14 декабря 2019 в 12:02

Шырғалаң күннің шындығы
Жыл сайын Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Желтоқсан оқиғасын еске түсіреміз. Ғасыр алмасып, арада 32 жыл өтсе де Желтоқсан оқиғасы туралы естеліктер таусылмайды. Олардың тірі куәлары еліміздің әр түкпірінде жүр. Кезінде студенттердің шаһарына айналған Алматы білім іздеп келген ауыл жастарына құшағын айқара ашты.

Беременная Дильназ Ахмадиева извинилась перед бабушками

NewTimes, 12 декабря 2019 в 18:14

Беременная Дильназ Ахмадиева извинилась перед бабушками
Долгожданное событие, предположительно, произойдет весной 2020 года. Супруги утверждают, что сами не знают, какого пола их будущий малыш.Но с выбором имени наследника будущие родители уже определились. Дильназ и Азильхан решили дать своему чаду интернациональное имя.«Наши апаларымыз простят нас, мы с супругом сами выберем имя.

«Оралман» десе ренжімеймін». Моңғолиядан көшіп келген қазақ жігіті

Tengrinews, 27 ноября 2019 в 17:03

Сырымбек Төлеуұлы 15 жыл бұрын Моңғолиядан көшіп келген. Елімізде оқу үшін ол 170 түлек қатысқан іріктеуде жеңіске жеткен. Алғашында орыс тілінде сөйлейтіндер көп аймаққа келіп, қиналғанын айтады. Қазір Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының баспасөз хатшысы болып қызмет етіп жатқан Сырымбек Төлеуұлы Тengrinews.kz тілшісіне елге келген алғашқы жылдары мен Моңғолиядағы қазақтардың өмірі жайлы әңгімеледі.«Әкем Моңғолияда әкім болды» Сырымбек 1988 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген.

Тынымсыз шаруалардың тынысы

Ақтөбе газеті, 23 ноября 2019 в 10:42

Тынымсыз шаруалардың тынысы
Кеше облыс әкімі іссапармен Қарғалы ауданына барды. Сапар барысында бірқатар әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты. Сондай-ақ тұрғындармен кездесіп, өңірдің тыныс-тірлігін білді.Жел электр станциясы: бағаның төмендеуіне сеп Алдымен облыс басшысы бастаған топ Бадамша ауылында үш ауысымды мектеп мәселесін шешу мақсатында салынып жатқан мектепке барды. Құрылыс жұмыстары былтыр басталған.

«Ауғанстан секілді ел деп ойладым». Шетелдік футболшылар Қазақстан туралы не деген?

Tengrinews, 22 ноября 2019 в 17:53

Қазақстан футболында әлемнің түкпір-түкпірінен легионерлер жиналған. Олардың бірін еліміздің кең аумағы, бірін дәстүрі таңғалдырған. Ұлттық тағам — ет те біріне ұнаса, біріне ұнамаған. Tengrinews.kz тілшісі елімізде доп тепкен шетелдік футболшылардың Қазақстан туралы пікірлерін ұсынады.«Қазақ тағамдары ұнады — мысалы, бесбармақ«Станимир Димитров (3-нөмірде)Болгариялық қорғаушы Станимир Димитров 2005-2009 жылдар арасында қостанайлық «Тобылда» ойнаған.

«Декретке шығып кетесің, ала алмаймыз». Дарынын дәлелдеп шыққан ақтаулық шахматшы әжей

Tengrinews, 18 ноября 2019 в 15:23

Ұлдай Оразалина жасы 73-те. Ақтау қаласының тумасы. Балалық шағы Атырау облысының Сарайшық деген жерінде өткен. Балалық шағын өзге балалар секілді асыр салып ойнамай, шахматпен айналысқан. Шахматты кейіпкеріміздің әкесі, анасы, ағасы ойнаған. Балалық шағында кішкентай Ұлдай үйіндегілермен шахмат ойнап жарысқан.«Менің балалық шағымда жарық 12-ден кейін сөніп қалатын.

Аты қандай, заты қандай: Леңгір мен Қазығұрт атаулары қайдан шыққан?

Tengrinews, 15 ноября 2019 в 15:33

Аты қандай, заты қандай: Леңгір мен Қазығұрт атаулары қайдан шыққан?
Тengrinews.kz еліміздегі атауы ерекше елді мекендерге арналған циклдық материалдарын жалғастырады. Бұл жолы Түркістан облысындағы екі аудан — Леңгір мен Қазығұрт атауларының қайдан шыққанына, оның аңызы мен қызық деректеріне тоқталамыз.Otyrar.kz мәліметінше, Леңгір — бүгінде Түркістан облысы Төле би ауданының орталығы. Қазіргі Төле би ауданы алғашында, яғни 1931 жылы Бадам ауданы аталып, арада екі ай өткен соң 1932 жылы Ленгер атауына алмастырылған.

«50 доллар жәрдемақы беріп отырды». Террористердің аудармашысы болған жігіттің оқиғасы

Tengrinews, 15 ноября 2019 в 12:53

Дәурен Сәбитұлы Сирияда террористік ұйымда аудармашы болып жұмыс істеген. Медреседе балаларға ислам дінін радикал тұрғыда түсіндірген. Кейін тұтқынға түскен ол елге «Жусан» операциясы аясында оралған. Бұл туралы ол Adil Ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтқан. Тengrinews.kz тілшісі Дәуреннің Сириядағы өмірі жайлы баяндаған сұхбатын ұсынады.Дәурен Сәбитұлы — Ақтөбе қаласының тумасы.

Халқына қалтқысыз қызмет еткен сұлтан

Ақтөбе газеті, 07 ноября 2019 в 09:52

Халқына қалтқысыз қызмет еткен сұлтан
Қалың қазақ арасында «Тұңғыш заңгер», «Қазақ халқының адвокаты» деген атпен белгілі болған Бақытжан сұлтан Қаратаев — өз ел-жұртының қамын жеген біртуар нар тұлға. Келесі жылы оның туғанына 120 жыл толғалы отыр.Бақытжан Қаратаевтың студент кезіндегі суреті (1886-1890 жылдар аралығы).Бақытжан Бисалыұлы Қаратаев 1860 жылы 10 мамырда дүниеге келген.

Қазақша және орысша КВН неге екі әлем? Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек «The Эфир» қонағы болды

Tengrinews, 27 октября 2019 в 09:23

Қазақша және орысша КВН неге екі әлем? Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек
КВН-нен шығып, ал бүгінде «Хабар» арнасындағы «ҚызықTimes» бағдарламасының танымал жүргізушілері Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін «The Эфир» жобасына қонақ болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Сұхбатта тележүргізушілер әлеуметтік желілердегі хейтерлер, қазақ КВН-ы мен орыс тіліндегі КВН ойындарының айырмашылығы және қазіргі қазақ телевизиясындағы сериалдардың бір типті болуы мәселелері аясында сөйледі.

Саптағы сардар

Ақтөбе газеті, 19 октября 2019 в 12:42

Саптағы сардар
Біз бүгінгі әңгімеміз қауіпсіздік саласында отыз жылға жуық еңбек етіп, сан қилы сынақтардан сүрінбей өткен запастағы полковник Асан Есмаханов жайында болмақ.Асан Бималиұлының қызметтік парағына көз жүгіртсек, 1974 жылы облыстық комсомол комитетінің жолдамасымен мемлекеттік қауіпсіздік органына қызметке келгендігі, 1975 және 1977 жылдары Киев қаласындағы жедел қызметкерлер мен арнайы қызмет органдарының жоғарғы курстарын тәмамдағаны және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе, Қызылорда облыстары бойынша басқармалары басшысының бірінші орынбасары, орталық аппаратта департамент басшысының бірінші орынбасары болғандығы айтылады.Арнаулы қызмет деп аты айтып тұрғандай, бұл сала қызметшілерінің жетістіктері, ерекше нәтижелері, марапаттары көп жағдайда жария бола бермейді. Әйтпесе, Асекеңнің де өз өмірін тәуекелге байлаған қажетті сәттегі жанқиярлық ерлігі үшін мемлекеттік қауіпсіздік комитеті тарапынан алған бағалы сыйлықтары, алғыстары жетерлік.Қызылорда облысы қауіпсіздік басқармасы басшысының бірінші орынбасары болып жүргенде де талай ұйқысыз түндер мен мазасыз сәттер аз болған жоқ.

Үлгілі жолдағы іздер

Ақтөбе газеті, 12 октября 2019 в 11:02

Үлгілі жолдағы іздер
«… Өміріне кегі кеткен өлмеген,Жалған айып тағылғанда көлденең,Ақиқаттың аппақ туын бермеген».М.Мақатаев. Қамшының сабындай қысқа ғұмыр… Туды, өсті, толды, өлді. Өлген жоқ, өлтірілді. Бар-жоғы 39 жас. Қырыққа жетпеген ғұмырында адам ретінде де, маман ретінде де, ғалым ретінде де қалыптасып, рухани толысып, халқына қалтқысыз қызмет етті.

«Көне ғұндардың салт-дәстүрлерін біздің заманға қазақтар жеткізді»

Ақтөбе газеті, 10 октября 2019 в 11:22

«Көне ғұндардың салт-дәстүрлерін біздің заманға қазақтар жеткізді»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында: «Көне жылнамалар бүгінгі қазақтардың арғы бабалары ұлан-ғайыр Еуразия құрлығындағы саяси және экономикалық тарихтың беталысын талай рет түбегейлі өзгерткені туралы сыр шертеді», — деп жазған еді. Бұл сөздің, әсіресе, ежелгі ғұндар тарихына қатысты екені бүгінде көзі ашық әр адамға аян. Ғұндар тарихын зерттеу ісімен 40 жылға жуық уақыт бойы айналысып келе жатқан ғалым, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Мадрид университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Самат Өтениязовпен жуырда Ақтөбеге келген сапарында сұхбаттасудың сәті түскен еді:— Самат Көшенұлы, біз оқып жүрген орыс тіліндегі еңбектерде хун да, гун да бар.

Рабиға СЫЗДЫҚ: Әуезов өлең оқығанда, Абайдың өзі оқып тұрғандай болды

Ақтөбе газеті, 10 октября 2019 в 11:22

Рабиға СЫЗДЫҚ: Әуезов өлең оқығанда, Абайдың өзі оқып тұрғандай болды
Қазақ тіл біліміне ұшан-теңіз еңбек сіңірген көрнекті ғалым, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, профессор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Ақтөбе өңірінде туып-өскен жерлес апамыз Рабиға Сыздық биыл мерейлі 95 жасқа толды, І дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. «Бұған дейін де қаншама сый-сияпатқа, талай марапатқа ие болдым, мына жасымда анау-мынауға елпілдеп, елең ете қоюым да қиын, дегенмен еңбегінің еленгені кім-кімге де қуаныш, кім-кімге де зор мәртебе екені рас!», — дейді мерейтой иесі. Ғылым дүниесінде есімі зор құрметпен аталатын осы бір абыройлы алып тұлғаның ғасырға жуық жасап келе жатқан ғұмырында көргені де, көкейге түйгені де көп екеніне дау жоқ. Қазақтың көркем әдеби тілін, оның ішінде Абай тілін зерттеуде тындырған ісі бір төбе.

Тізерлеп алғыс айту, террорист-шыбындар мен жезөкше. Божконың қызу талқыланған мәлімдемелері

Tengrinews, 08 октября 2019 в 18:33

Тізерлеп алғыс айту, террорист-шыбындар мен жезөкше. Божконың қызу талқыланған мәлімдемелері
Таяуда Мәжіліс төрағасының орынбасары Владимир Божко үй кезегінде тұрған жетім балалардың көшеге шықпайтынын айтып, оларға пәтердің аз беріліп жатқанын сөз еткен. Бұл сөзін қазақстандықтар қызу талқылады. Шенеунік бұған дейін де мәлімдемелерімен ел талқысына түскен. Tengrinews.kz тілшісі Владимир Божконың бүгінге дейін айтқан мәлімдемелерін еске түсірді.«Жетім балалар алаңға шықпайды«Кеше Божко жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету туралы пікірін айта отырып, олардың алаңға, көшеге шықпайтынын үлгі етті.«2019 жылы пәтерлердің басым бөлігі көпбалалы аналарға берілді.

Бірдей мүмкіндік жасалады

Ақтөбе газеті, 05 октября 2019 в 10:52

Бірдей мүмкіндік жасалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған алғашқы Жолдауындағы «Әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі» атты бағытында денсаулық сақтау саласына, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бірдей мүмкіндік жасалатындығын айтты.Президент өз сөзінде: «Қамқорлығында мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға ерекше көңіл бөлінуі тиіс.

«Мұнда шайқор қазақтар қиналады». Жергілікті тілді білмейтін қазақ студенті Франциядағы өмірін айтты

Tengrinews, 01 октября 2019 в 12:03

Қазақстанда университет тәмамдап, кейін білімін тереңдетіп, тәжірибе алмасу үшін өзге елге баратын студенттер көп. Солардың бірі Францияның Нанси қаласына магистратураға түскен Абунасыр Сырманов Tengrinews.kz тілшісіне ондағы өмірі мен университеті, жатақхана және тіл білмеудің қиындықтары, француз халқы жайлы айтып берді.Алматылық студент жат жерде де бойына өзі сіңірген әдетін тастамаған.

9-сыныптан сабақ беріп, 19 жасында мектеп ашқан мұғалім

Tengrinews, 25 сентября 2019 в 15:33

9-сыныптан сабақ беріп, 19 жасында мектеп ашқан мұғалім
Ұстаз — ұлы тұлға. Бүгінде өмірін бала тәрбиесіне, мұғалімдік қызметке арнаған ұстаздар жетерлік. Сол мұғалімдерді бүкіл елге таныту мақсатында Tengrinews.kz редакциясы «Қазақстанның ұлағатты ұстаздары» жобасын қолға алған еді. Бұл жолы қосымша білім беру мектебінің негізін қалаған жас маман Асан Жолдасов жайлы материал ұсынамыз.Асан Жолдасов — Алматы қаласының тумасы.

Олжалы отыз жыл

Ақтөбе газеті, 21 сентября 2019 в 12:22

Олжалы отыз жыл
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы өз топырағында өгейлік көрген қазақ тілінің мәртебесін көтеру, қазақтарға балаларын туған тіліндегі балабақшалар мен мектептерге беруге мүмкіндік әперу мақсатында құрылған болатын. Биыл бұл ұйымның құрылғанына 30 жыл толып отыр. Бейсенбі күні Ақтөбедегі Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратында осы мерейтойға арналған салтанатты жиын өтіп, отыз жылда қоғам жұмысына, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге белсене атсалысқан бір топ тіл жанашырларына марапаттар табысталды.Алдымен мінбеге халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымы төрағасының орынбасары Жанғабыл Қабақбаев көтеріліп, қоғамның құрылуы, отыз жылдық тарихы, атқарылған істер және алға қойылып отырған мақсат-міндеттер туралы баяндама жасады.— Отыз жылда қыруар істер атқарылды.

Ем іздеп барған неміс дәрігерім қазақтың саумалын іш деді — Уәлихан Әбдірайымов

Tengrinews, 20 сентября 2019 в 12:53

Ем іздеп барған неміс дәрігерім қазақтың саумалын іш деді - Уәлихан Әбдірайымов
«Шаншар» әзіл-оспақ театрының негізін қалаған белгілі актер Уәлихан Әбдірайымов денсаулығы сыр беріп, Германияға барғанда неміс дәрігерінің айтқан кеңестерін әңгімеледі. Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» жобасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Сұхбат басында жүргізушінің «Мал-жан аман ба?» деген сұрағына қатысты сөз айтқан актер денсаулығының сыр бергенін, кейін Германияға барып емделгенін баяндайды.«Кезінде оқып жүргенімізде мұғалімдеріміз «мал-жан аман ба?» дегенде жанын сұрамай, бірінші малын сұрағаны несі деуші еді.
Показано 30 новостей из 154