Популярные темы

органдар: новости — страница 2

Рашид Аюповтың ісі. Сотталушы 100 мың доллар алды деп сотта талқылауда

Vera.kz, 24 августа 2023 в 15:09

Рашид Аюповтың ісі. Сотталушы 100 мың доллар алды деп сотта талқылауда
Жалған айғақтарбергені үшін адвокаттар өтініш беруші – олигарх пен оның ұлын қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрайды, деп хабарлайды vera.kzАстана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотында жасырын тергеу әрекеттерін зерделеу шеңберінде Рашид Аюпов пен Еркебұлан Ілиясовтың (олигарх – арызданушы Қожабаевтың ұлы) арасындағы әңгіменің аудиожазбасы тыңдалды. Әңгімелесудің бірі 2022 жылдың жазында Шымкент қаласының караоке барларының бірінде өтті.Жазбада Ілиясов пен Аюпов Қожабаевтың 2022 жылдың сәуір айында Аюпов пен Әбдірахымов Ғабидоллаға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке берген өтінішін талқылап жатқаны естілді.

«Әкімдіктің де қауқары жетер емес»: Астананың іргесіндегі ауылдар жарықсыз отыр 04 августа 2023, 06:33

Tengrinews, 04 августа 2023 в 06:43

Елорданың іргесіндегі Целиноград ауданына қарасты Қажымұқан, Қаражал, Талапкер ауылдары бірнеше жылдан бері жарықтың зардабын тартып келеді. Электр желілері жерге дейін салбырап, сәл жел соқса болды үзіліп кетеді. Бірақ жекеменшік иелеріне жергілікті әкімдіктің де, басқа да құзырлы органдардың да тісі батпай тұр, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Семейде Бобровка мен Мұрат кооперативтеріне қатысты іс сотта қаралатын болады

Arna Press, 03 августа 2023 в 14:58

Семейде Бобровка мен Мұрат кооперативтеріне қатысты іс сотта қаралатын болады
Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев Бобровка және Мұрат саяжайларының тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Бобровка және Мұрат аудандарында түйткілді мәселелерді шешу үшін тұрақты жиындар өткізуде. Осы мақсатта әкімдік арнайы Жол картасын әзірледі.«Жол картасы аясында бірқатар жұмыстар атқарылды, атап айтқанда, жол белгілері мен 11 аялдама, 4 «Сергек» бейнебақылау камерасы мен қоқыс контейнерлері орнатылды, 70-тен астам рұқсат етілмеген үйінділер жойылды.

Смайылов жоғары білім саласындағы келісімшарттарды тексеруді тапсырды

Arna Press, 17 июля 2023 в 15:38

Смайылов жоғары білім саласындағы келісімшарттарды тексеруді тапсырды
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қатысушылар жоғары білім саласындағы бұрын жеке меншікке өткен кейбір активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін талқылады, делінген Үкіметтің телеграм-арнасына «Бұл ретте Әлихан Смайылов аталған оқу орындарындағы оқу процесінің толық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне тоқталды, өйткені басталған тексеру студенттерге де, университет қызметкерлеріне де қатысты емес», — делінген хабарламада.Фото: t.me/KZgovernment

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сотта 2,8 млн доллар пара алу туралы жауап берді

Vera.kz, 01 июля 2023 в 23:59

Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов сотта 2,8 млн доллар пара алу туралы жауап берді
Бұрынғы шенеунік Аюповтың ісі бойынша сотта болып жатқан оқиғалар оның беделін түсіруге және одан ақша алуға тырысу деп мәлімдеді vera.kzРашид Аюповқа қатысты айыптау актісінің алты парағында Әбдірахымовтың тегі 10 рет айтылады. Шымкент қаласының экс-әкімі, ал қазір бір компанияның бас директоры сотқа жәбірленуші бизнесменмен қалай танысқаны туралы айтып берді.

Шымкент әкімі жануарларды аулау орнындағы жантүршігерлік кадрларға назар аударды

Arna Press, 19 июня 2023 в 14:28

Шымкент әкімі жануарларды аулау орнындағы жантүршігерлік кадрларға назар аударды
Шымкент билігі оқиғаға назар аударды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Еске салайық, Қазақстандағы жануарларды қорғау қауымдастығы Instagram-парақшасында жануарларды алау қызметі орнынан жантүршігерлік кадрларды жариялаған болатын – еденде тізілген ондаған мысықтың денесі, басы мен табаны кесілген мысық.Мемлекеттік мекемедегі қатыгездік Қазнетті ашуландырды.

Елімізде 2024-тен бизнесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылады

Arna Press, 19 июня 2023 в 12:38

Елімізде 2024-тен бизнесті басқарудың автоматтандырылған жүйесі іске қосылады
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте мемлекеттік органдар «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, бизнесті реттеудің 44 саласына талдау жасағаны айтылды. Нәтижесінде жаңа реттеу саясатының шарттарына сәйкес келмейтін 10 108 талап анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Күн тәртібіндегі екінші мәселе аясында былтыр бизнесті мемлекеттік бақылаудың 35 бағытын автоматтандыру ісі аяқталып, қазір тағы 35 бағыт бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды.

Шымкентте мешіттегі ұстаз балаларды ұрған

Arna Press, 16 июня 2023 в 13:58

Шымкентте мешіттегі ұстаз балаларды ұрған
Видеода балалардың арқаларында соққы іздері, көгерген және қан бар екені көрінеді. Кәмелетке толмағандар аят пен хадис жаттамағандықтан дін қызметкерінен таяқ жеген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Алайда бұл нұсқаны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жоққа шығарды.

ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі

Arna Press, 13 июня 2023 в 15:18

ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәжіліс кулуарында құқық қорғау органдары бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізетінін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілеме жасап.Атап айтқанда, журналистер ІІМ басшысынан Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізу туралы сұрады.«Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт дерегінің өзі төтенше жағдай, адамдар қаза болды, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады.

Сырым Шәріпханов ТЖ орнындағы күштер мен құралдардың жұмысы туралы айтты

Arna Press, 12 июня 2023 в 15:48

Сырым Шәріпханов ТЖ орнындағы күштер мен құралдардың жұмысы туралы айтты
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт жағдайы туралы айтып берді– деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда.«Температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрттің таралуының қаупі бар, алайда бізде өртті оқшаулау үшін күштер мен құралдардың тобы жеткілікті», — деді министр.Естеріңізге сала кетсек, орман өртін сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі мен ІІМ-нен 1500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылды.

Касым-Жомарт Тоқаев: «Осы қайғылы жағдайға кінәлілердің бәрі заң бойынша жауапқа тартылады»

Arna Press, 11 июня 2023 в 14:38

Касым-Жомарт Тоқаев:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Семей орманы» табиғи резерватындағы алапат өрт салдарынан қаза тапқан орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасы мүшелері мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап. – Көңіл айтуға арнайы келіп отырмын. Бұл – бүкіл халқымыз үшін үлкен қасірет.

Бородулиха ауданындағы өрттің аумағы 2000 га жетті

Arna Press, 09 июня 2023 в 10:58

Бородулиха ауданындағы өрттің аумағы 2000 га жетті
Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдары орман шаруашылығына өртті жоюға жәрдемдесуде, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, ЖАО және Қорғаныс министрлігінің 300 астам адамы, 70 техникасы жұмылдырылды. 4 тікұшақ тартылды, өрт аумағын аэровизуалды тексеру және өрт ошақтарына су ағызу жүзеге асырылуда.

Меморгандардағы тексеріс: жүздеген миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар анықталды

Arna Press, 07 июня 2023 в 15:48

Меморгандардағы тексеріс: жүздеген миллиард теңге болатын заңбұзушылықтар анықталды
Жоғары аудиторлық палатасы мен мемлекеттік аудит органдары тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын пайдаланудағы заңбұзушылықтарды анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Аудиторлар дерегіне сәйкес, былтыр қаржылық заңбұзушылықтардың ең көп көлемі әкімдіктердің республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттерді республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерде, сондай-ақ республикалық бағыныстағы квазимемлекеттік сектор субъектілерінде пайдалану кезіндегі заңбұзушылықтар болған.

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 1,3 миллиард теңгеден аса жәрдемақы төленеді

Arna Press, 31 мая 2023 в 12:48

Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарына 1,3 миллиард теңгеден аса жәрдемақы төленеді
31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. 2003 жылдан бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы ретінде 18,4 миллиард теңге төленді. Биыл бұл мақсатқа 1,3 миллиард теңгеден аса қаражат қарастырылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Еңбек министрлігі мәліметінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес саяси қуғын-сүргін құрбандарына және саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен деп танылған азаматтарға 2003 жылдан бастап біржолғы ақшалай өтемақы төленеді.«2003-2022 жылдар аралығында республикалық бюджеттен 2,9 миллиард теңге сомасында біржолғы ақшалай өтемақы төленді. Өтемақы мөлшері 2 588 теңге мен (3/4 АЕК) 345 000 теңге (100 АЕК) аралығында.

Алматы облысында энергетикалық сусын ішкен адам жансақтау бөліміне түсті

Arna Press, 31 мая 2023 в 11:08

Алматы облысында энергетикалық сусын ішкен адам жансақтау бөліміне түсті
Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына келіп, кеудесі ауыратынын айтқан науқас шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.Науқастың туыстарының айтуынша, ол соңғы төрт жылда күн сайын энергетикалық сусындар ішкен.«Толық тексеруден кейін дәрігерлер науқасқа созылмалы жүрек жеткіліксіздігі диагнозын қойды.

Смайылов екі облыстың әкімін сынға алды

Arna Press, 29 мая 2023 в 13:38

Смайылов екі облыстың әкімін сынға алды
Сенбі, 27 мамырда, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді, онда негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) және тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту барысы қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биылғы қаңтар-сәуір айларында НКИ-дың жалпы көлемі 3,8 трлн теңге болды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артық, деп жазды ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.

Семейде полиция қызметкерлері шын мәнінде жоқ қылмыскерді іздеген

Arna Press, 23 мая 2023 в 11:38

Семейде полиция қызметкерлері шын мәнінде жоқ қылмыскерді іздеген
Семей қаласының тұрғыны әйелінің ақшасын ставқаға тігіп, 30 мың тенгеден айрылып қалғаннан кейін, өз-өзін пышақпен ұрып, қылмыскерлерден жапа шектім, деп полицияға арызданғанын хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол ҚР ҚК 419-бабында көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.

Абай облысында орман өртенуде

Arna Press, 23 мая 2023 в 10:48

Абай облысында орман өртенуде
22 мамыр күні «Семей орманы» резерватында құрғақ шөптің өртенуі орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.22 мамыр сағат 23:07-де Семей қаласынан Ауыл станциясына ҚТЖ өрт сөндіру пойызы және 10 адам келді.23 мамырдың таңғы сағат 05:50-дегі жағдай бойынша өрттің алдын ала ауданы 1100 га құрайды.

Өскеменде қылмыскерді қолға түсіру бойынша операция өтті

Arna Press, 19 мая 2023 в 14:18

Өскеменде қылмыскерді қолға түсіру бойынша операция өтті
Өскемен қаласының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері облыс орталығында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 30 жастағы іздестірудегі қылмыскерді ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ұсталған адам бұған дейін ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен сотталған болатын.

1 шілдеден бастап Қазақстанда такси жүргізушілері салық төлей бастайды

Arna Press, 17 мая 2023 в 17:18

1 шілдеден бастап Қазақстанда такси жүргізушілері салық төлей бастайды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен бірлесіп интернет-платформаны пайдалана отырып қызмет көрсететін тұлғаларды салықтық әкімшілендірудің өзгеше тәртібін қолдану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыруға кірісті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Яндекс» интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілері пилоттық жобаға ерікті түрде қатыса алады.«Ол үшін Азаматтарға «e-salyq Business» мобильдік қосымшасын пайдаланып, арнайы салық режимін қолдана отырып, жеке кәсіпкер ретінде тіркелу қажет», – деп мәлімдеді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.Пилоттық жоба шеңберінде жеке табыс салығын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті зейнетақы жарналарын және такси жүргізушілерінің табысынан медициналық сақтандыру жарналарын төлеу жөніндегі міндеттемелер интернет-платформа операторына («Яндекс.Такси») жүктеледі.«Интернет-платформа операторынан алынатын орындаушылардың табыстары туралы мәліметтер негізінде салық пен әлеуметтік төлемдер сомаларын есептеуді мемлекеттік кірістер органдары жүзеге асырады әрі операторға такси жүргізушілерінің табыстары бойынша есептелген салық және әлеуметтік төлемдер сомалары туралы мәліметтерді береді», – делінген хабарламада.Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, интернет-платформа операторы салық пен әлеуметтік төлемдерді ұстап қалуды және төлеуді кейіннен тиісті қорлар арасында бөлу әрі аудару үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының банк шотына әрбір әлеуметтік төлемге жеке төлем тапсырмалары арқылы жүргізетін болады.Сурет: pixabay

Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?

Arna Press, 06 мая 2023 в 00:18

Қазақстанда қанша ҰОС ардагері қалды?
1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 222 қатысушысы тұрады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Жеңіс күні қарсаңында жергілікті атқарушы органдар 4,6 миллиард теңге сомасында біржолғы көмек көрсетуді көздеп отыр.

Сот орындаушылар онлайн форматта автокөлік құралдарына тыйым салып немесе оны алып тастай алады

Arna Press, 02 мая 2023 в 17:38

Сот орындаушылар онлайн форматта автокөлік құралдарына тыйым салып немесе оны алып тастай алады
2023 жылдың 2 мамырынан бастап сот орындаушылары автокөлік құралдарына бірнеше минут ішінде электрондық тәсілмен тыйым салып немесе оны алып тастай алатын болды. Бұл туралы ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады, — дейді Arnapress.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жобаны Әділет министрлігі, Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы, Ішкі істер министрлігі, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті бірлесіп әзірледі.Талғат Уәлидің айтуынша, осы жобаны енгізудің арқасында сот орындаушылары мен ішкі істер органдары арасындағы қағаз құжат айналымы қысқартылды.«Автокөлік құралдарынан тыйым салуды алу онлайн төлемнен кейін автоматты түрде жүргізіледі.

Абай облысында қылмыс деңгейі төмендеді

Arna Press, 25 апреля 2023 в 12:18

Абай облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Абай облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан жеке құрамның қатысуымен 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша жедел кеңесі кезінде, облыс бойынша алдын алу шараларын күшейту нәтижесінде қылмыс деңгейі төмендегенін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Полиция департаменті бастығының айтуынша, өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты.

Қазақстан Үкіметі бірқатар функциясынан айырылды

Arna Press, 20 апреля 2023 в 04:48

Қазақстан Үкіметі бірқатар функциясынан айырылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасындағы әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Қазақстаннан 33 миллион рубль алып кетпек болғандар ұсталды

Arna Press, 18 апреля 2023 в 21:38

Қазақстаннан 33 миллион рубль алып кетпек болғандар ұсталды
Қазақстаннан 33 миллион рубль қолма-қол ақша алып кетпек болғандар ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҰҚК Шекара қызметінің Қостанай облысы бойынша департаментінің мәліметінше, 17 сәуірде «Қайрақ» автомобиль өткізу пунктінде қазақстандықтың басқаруындағы Toyota Land Cruiser 200 автокөлігін тексеру іс-шаралары барысында 33 миллион рубль мөлшерінде 404 858 долларға тең ақшалай қаражат табылған.«ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Жарлығына сәйкес шетел валютасын, алтын құймалар мен монеталарды Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынды.

Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, 11 адам зардап шекті

Arna Press, 17 апреля 2023 в 11:08

Жаңаөзендегі тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, 11 адам зардап шекті
Жаңаөзен қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде газ жарылып, салдарынан 11 адам зардап шекті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап. Оқиға 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-шағынауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде болған.

Абай облысында қоғамдық көліктердегі мемлекеттік тілде жазылған қате жарнамалар мәселесі талқыланды

Arna Press, 14 апреля 2023 в 00:28

Абай облысында қоғамдық көліктердегі мемлекеттік тілде жазылған қате жарнамалар мәселесі талқыланды
«Сыртқа ілсең жарнама, ана тілін қорлама!». Осындай атаумен облыста айлық өтуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның аясында Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптары мен нормалары» атты облыстық семинар-кеңес өткізді.Семинардың негізгі мақсаты Тілдік негізде кемсітушіліктің кез келген түрлерінің алдын алу мақсатында деректемелер мен көрнекі ақпараттағы мемлекеттік тілдің сауатсыз жазылуына жол бермеу.Семинар-кеңес барысында «Тіл туралы» және тіл саясатына қатысты басқа да Заңдардың талаптары түсіндіріліп, ақпарат берілді.

Жаңаөзен әкімі алаңға жиналған тұрғындарға үндеу жасады

Arna Press, 12 апреля 2023 в 09:18

Жаңаөзен әкімі алаңға жиналған тұрғындарға үндеу жасады
Жаңаөзен қаласының әкімі Айбек Қосуақов алаңға жиналған тұрғындарға үндеу жасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz.сайтына сілтеме жасап.«Бүгін, 11 сәуірде Жаңаөзен қаласының әкімдігі алдындағы алаңға жиналған Жаңаөзен қаласының тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізді. Сондай-ақ Жаңаөзен қаласының әкімі жиналғандарға бейне өтініш жасады. Құрметті Жаңаөзен қаласының тұрғындары, қадірлі жерлестер!

Семей қаласының әкімдігі қалалықтарды сенбілікке шақыруда

Arna Press, 31 марта 2023 в 10:48

Семей қаласының әкімдігі қалалықтарды сенбілікке шақыруда
1 сәуір күні Семейде жалпықалалық сенбілік өтеді. Бұл жылы бұл алғашқы үлкен көлемді тазалық акциясы болмақ. Әкімшіліктің хабарламасында барлық қалалық шағын және орта бизнес нысандарының қатысуы міндетті, деп жазылған.«Осы сенбі, 1 сәуірде баршаңызды қаламыздың тазалығына үлес қосуға шақырамыз! Сенбілік сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін өтеді.

Риддер тұрғындарына жылуды тиісінше жеткізілмегені үшін 63 млн теңге өтелді

Arna Press, 24 марта 2023 в 12:58

Риддер тұрғындарына жылуды тиісінше жеткізілмегені үшін 63 млн теңге өтелді
2022 жылдың қараша айында Риддер қаласында апат орын алды, бұл қала тұтынушыларына жылу берудің төмендеуіне алып келді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аталған жағдайдың себептерін анықтау үшін Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдардың мамандарымен бірлесіп, кәсіпорын қызметінде тексеру жүргізді.«Оның нәтижелері «Риддер ЖЭО» АҚ — ның қанағаттанарлықсыз техникалық жай-күйін көрсетті.
Показано 30 новостей из 115