Популярные темы

оныс: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Өмір өткелдері

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 10:42

Өмір өткелдері
Өзгерістер кезеңі1962 жылы елдің әкімшілік аумақтық құрылымында өзгерістер болды. Қазақстанда үш өлке құрылды. Ақтөбе, Орал, Гурьев, Маңғыстау облыстары бірігіп, Батыс Қазақстан өлкесі аталынды. Осы жылдарда аумақтарда кадрлардың ауыс-түйісі де көп болды. Мәселен, сол кезде Гурьев (қазіргі Атырау) облысының ішкі істер басқармасында жауапты қызмет атқарған Нығмет Серікбайұлы Ақтөбеге, өлкелік ішкі істер басқармасына ауысты.

Абайдың аналары

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 10:12

Абайдың аналары
Жидебайдағы Абай кесенесіне барған ел алдымен жолдан қиғаштау тұрған ақынның аналары Зере мен Ұлжанның басына барып бет сипағанды әдетке айналдырған…Күллі қазақ 175 жылдығын айрықша атап өтеміз деп жатқан жылдың әлқиссасын ақынды дүниеге әкелген анасы Ұлжан мен бауырына салып, әлдилеген Зере әжеден бастағанды жөн көрдік.Абай туралы алғаш классикалық ғылыми мақала жазған ғалым Құдайберген Жұбановтың мына бір пікіріне құлақ аспаса болмайды: «Бірі емшек сүтімен қатар құлағына кіріп, сүйегіне сіңген ананың «әлди, әлди, ақ бөпем», атаның «сал-сал білегі», қойшының әні, қыздың сыңсуы, қаралы қатынның жоқтауынан бастап көркемдік сезімін шырбыдай шырмаған халық әдебиеті», — деген пікірі («Абай — қазақ әдебиетінің классигі» мақаласы) кеңірек сөз қозғауды қажет етеді.Абайдың өлең-жырға әуестігін шыңдаған — оның әжесі Зере.

Аяз атаға хат: ақтөбеліктердің жаңа жылда күтетін сыйлығы қандай?

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 12:12

Аяз атаға хат: ақтөбеліктердің жаңа жылда күтетін сыйлығы қандай?
Жаңа жылды қанша жерден балалардың мерекесі десек те, әрқайсысымыз әлі күнге дейін осы атаулы күнді үлкен үмітпен күтетініміз рас… Белгілі әнде айтылатындай, «әне-міне бақ қонардай боп», әлдебір ғажайыпты күтіп, тосыннан біреу тарту-таралғы жасайтындай сезімде жүретініміз және бар. Сонысымен-ақ жыл соңындағы мейрам ерекше һәм сиқырға толы шығар?.. Әйтпесе, Аяз атаға хат жазып, арман-тілегін параққа тізіп бергендер арамызда аз емес.

Адамның тағдыры есіміне байланысты ма? Этнограф қазақтың ат қою ырымдарын айтты

Tengrinews, 05 декабря 2019 в 17:23

Адамның тағдыры есіміне байланысты ма? Этнограф қазақтың ат қою ырымдарын айтты
Халқымыз сәбиге ат қою дәстүріне атам заманнан аса жауапкершілікпен қараған. Балаға мағынасы дұрыс, құлаққа жағымды, көркем ат қоюға тырысқан. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне қазақтың балаға ат қоюдағы ерекшеліктерін айтып берлі. Бала есімін кімге қойғызған? Болат Бопайұлы балаға ат қою әкесінің жауапкершілігі екенін айтады.

Мойынқұмдағы сұмдық. Атақты әнші 21 жыл бұрын жоғалған ағасын өлтіргендерді тапты

Tengrinews, 19 ноября 2019 в 16:13

Мойынқұмдағы сұмдық. Атақты әнші 21 жыл бұрын жоғалған ағасын өлтіргендерді тапты
«Тараз» триосының мүшесі Асылхан Шүңіреков ағасы Кеңесхан Мәдіхановты іздеп жүргеніне 21 жыл болған. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының тұрғыны, 1950 жылғы ағасы 1998 жылы белгісіз жағдайда жоғалып, хабар-ошарсыз кеткен. Сол кезде полиция із-түссіз жоғалу дерегі бойынша тіркеуге алған. Бес жыл өткен соң айғақтардың болмауына және мерзіміне байланысты іс қысқарған.

«Сағиды тазару үшiн, арылу үшiн оқу керек»

Ақтөбе газеті, 14 ноября 2019 в 10:22

«Сағиды тазару үшiн, арылу үшiн оқу керек»
Биыл қазақтың көрнекті ақыны Сағи Жиенбаевтың туғанына 85 жыл толды. Қазақстан Жазушылар Одағының 85 жылдығына орай Ақтөбеде өтетін «Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық форумының аясында ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Тобық Жармағамбетовтің туғанына 85 жыл толуына арналған шаралар да жоспарланған.Біз әр жылдары жазылған мақалалардан қазақ қаламгерлерінің Сағи Жиенбаев туралы жүрекжарды ой-пікірлерін ұсынып отырмыз:Сағи ағамызға бiр­ауыздан қойған атымызды ұмытқан емеспiн, ұмытпайтын да шығармын.

«Енесін жамандайды». Қазақстандықтар психологқа қандай шағыммен жиі келеді?

Tengrinews, 14 августа 2019 в 08:43

Көбіне психологқа жанын жеген күйзелістен арылып, мазасын алған проблеманы шешу үшін барамыз. Бірақ, өкінішке қарай, халық арасында психологқа психикалық ауытқулары бар адамдар ғана барады деген түсінік қалыптасқан. Дегенмен өз проблемаларын мамандарға сеніп, ашылып айтып жүрген қазақстандықтар аз емес көрінеді.

Асылбек екі ауру баласын жалғыз өзі бағып отыр…

Ақтөбе газеті, 01 августа 2019 в 11:02

Асылбек екі ауру баласын жалғыз өзі бағып отыр…
Ақтөбе қаласының тұрғыны, 37 жастағы Асылбек Оспанов сегіз-тоғыз жастағы екі баласын бір өзі бағып отыр. Екі баласының да мүмкіндігі шектеулі, кенжесі Рахат сал боп туса, тұңғышы Жанатбекке дәрігерлер «микроцефалия» (ақыл-ой кемістігінің ең ауыр түріне жататын дерт) деген диагноз қойған.Осыдан төрт жыл бұрын әйелінен ажырасқан ол кенже баланы өзі алып қалады да, үлкен ұлы анасымен бірге кетеді.

Қазақ кіндік ана міндетін қалай атқарған?

Tengrinews, 17 июля 2019 в 18:13

Қазақ кіндік ана міндетін қалай атқарған?
Қазақ бала мінезі кіндік кескен «кіндік анасына» тартады деп ырым етеді. Жаңа туған сәбиді кіндік бауымен жерден кім көтеріп алса, аялы алақанына салса, кіндігін киелі қолымен кессе, жөргегінен көтерсе, бала сол адамға тартады дейді. Кіндік анасының бойындағы барлық қасиет сол балаға жұғады. Кіндік ананың мінезіндегі артықшылықтар мен кемістіктер бала есейгенде бойынан көрініс табады.

Жақынына алып берген несиесін төлей алмай жүргендер көп — Заңгер

Tengrinews, 29 мая 2019 в 20:23

Жақынына алып берген несиесін төлей алмай жүргендер көп - Заңгер
«Досыңа қарыз берме, берсең ақшаңнан да, досыңнан да айырыласың» деген сөз бар. Тағы бірде «арада ақша жүрмей-ақ қойсын» деген де өзара жазылмаған келісімдер болады. Расында, ақша үшін қаншама адам қарым-қатынасын бұзып жатады. Заңгерлер мұндай жағдайлардың қоғамда көп екенін, тіпті сотқа жетіп тынатынын айтады.

Қолхатсыз берген қарызды қалай қайтаруға болады

Tengrinews, 13 мая 2019 в 18:33

Қолхатсыз берген қарызды қалай қайтаруға болады
Көп жағдайда қарыз беруші ақшасын қайтара алмай жүреді. Оның басты себебі қарыз бергені туралы қолхаттың болмауы. Осыған байланысты қарыз бергендер ақшаны қайтару мүмкін емес деп ойлайды. Tengrinews.kz тілшісі қолхатсыз берілген ақшаны қайтарудың жолдарын заңгерден сұрады.Заңгер Ербол Ерболатұлы адамдардың қарыз беретін кезде көп мәселені есткермейтінін айтады.«Құжатсыз қарыз рәсімдеу тәжірибесі біздің елде көп тараған.

Болгарка ауылы

Ақтөбе газеті, 01 мая 2019 в 10:42

Болгарка ауылы
«Ақтөбе аймағы — көп ұлттардың мекені» деп тегін айтылып жүрген жоқ. Оның кей өңірінде тіпті тұтас ұлттар, халықтар қоныс теуіп отырған. Кезінде Бөгетсайды кәрістер, Темір ауданының «Достық» ауылын чехтар жайлағаны белгілі. Ал Алғаның Болгарка ауылын ақтөбеліктердің білмейтіні кемде-кем. Аталған ауданының Сарықобда ауылдық округі құрамындағы бұл мекен аудан орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 63 шақырым жерде.

Ақтөбе — «Шренк қызғалдағының» отаны

Ақтөбе газеті, 25 января 2019 в 09:52

Ақтөбе — «Шренк қызғалдағының» отаны
«Қазақстан аумағындағы Шу, Іле тау­ла­рының етегінен әлі күнге дейін жергілікті өсімдіктер әлемінің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын бас­тап­қы күйінде кездестіруге болады. Бұл әсем өсім­діктер біздің жерімізде Тянь-Шань тау­ларының етегі мен шөлейт даланың түйі­сер тұсында пайда болған. Қазақ то­пырағындағы осынау қарапайым, сон­дай-ақ, ерекше гүлдер өз әдемілігімен көп­теген халықтың жүрегін жаулап, бір­­­тіндеп бүкіл әлемге тарады.

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Төркіндеу

Tengrinews, 05 декабря 2018 в 13:03

Қазақтың ұмытылған дәстүрлері: Төркіндеу
Tengrinews.kz «Қазақтың ұмытылған дәстүрлері» атты мақалалар топтамасын қолға алған болатын. Бұл жолғы дәстүр — Төркіндеу.Жалпы, төркіндеуді түбегейлі ұмытылды деп айтуға да келмейтін болар, десек те ертедегі қазақ қыздарының төркіндеуі өзгеше болған. Олай дейтініміз, қазіргі заманда ұзатылған қыздардың арада жыл салып қана өз жұртына баратыны сирек.Тарих тармақтарына көз жүгіртер болсақ, төркіндеу — қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі.«Төркіндеу» дәстүрінің атауы «төркін» сөзінен шыққан.

Игілікті істің адамы еді…

Ақтөбе газеті, 29 ноября 2018 в 10:22

Игілікті істің адамы еді…
Тіршілікте кейде адамдар бір-біріне қатар жүргенде қадірімізді білмейміз-ау деп көңіл білдіріп жатады. Былай қарағанда, осының өзі салыстырмалы нәрсе. Өмір болған соң қуанып жүретін де, ренжісіп қалатын да сәттер болады. Ал соның бәріне кеңшілікпен қарап, жақсыға жаның жадырап, жаманды ойға сақтамай өткізіп жіберіп жатсаң, қанеки.Кейде бір осындай сәттерде күні кеше ғана арамызда жүрген азаматтардың асыл бейнесі көз алдымызға келе қалады.

«Әлем дәрігерінің» анасы

Ақтөбе газеті, 30 августа 2018 в 14:42

«Әлем дәрігерінің» анасы
«Алып анадан туады» дейді халық даналығы. Сондай аналардың бірі — Сағынай Жалмұратқызы. Шалқардағы батагөй кейуана қазір 92 жаста. Ол жанына шипа іздеп алдына барған талай науқастарға ем жасап, алғысына бөленген есімі әлемге әйгілі нейрохирург-дәрігер, Қазақстанның Еңбек Ері Серік Ақшолақовтай азаматты өмірге әкелді. Қолы шипалы абзал жанның аяулы анасы қарттықтың биік шыңына шықса да, әлі де тың, айтары нық, сөзге ұста, мінезге жомарт екен.Сонау 60-жылдары марқұм, қосағы Қуандық атаның өз қолымен салған аудан орталығындағы үлкен үй — осы әулеттің киелі қарашаңырағы.

Еліміздегі халал шұжықтардан тағы да шошқаның днк-сы табылды

Zakon.kz, 02 февраля 2018 в 14:39

Еліміздегі халал шұжықтардан тағы да шошқаның днк-сы табылды
Еліміздегі шұжық өнімдерінің 68 пайызынан шошқаның ДНК-сы табылған. Құжат жүзінде онысы көрсетілмесе де, саудаға еркін шығыпты. Тіпті «Халал» деген мөрі басылған өнімдердің өзінен де рұқсат етілмеген заттар анықталып отыр, деп хабарлайды Sn.kz «Еуразия» арнасына сілтеме жасап.Таза сиыр не жылқы етінен дайындалды деген тағам өнімдерінен шошқаның майы да анықталды.

ҚОСТАНАЙДЫҢ ДІНИ ҰЙЫМҒА МҮШЕ ДӘРІГЕРЛЕРІ НЕ ІСТЕП ЖҮР?

Матрица.kz, 22 ноября 2017 в 11:13

ҚОСТАНАЙДЫҢ ДІНИ ҰЙЫМҒА МҮШЕ ДӘРІГЕРЛЕРІ НЕ ІСТЕП ЖҮР?
Қостанайда «Свидетели Иеговы» деген атақты аты-шулы діни ұйымның екпіні тау жығарлықтай өктем болып келеді. Ешкім де ешқашан да оған қарсы қатты сөз айта алмайды. Қит етсе «біз Қазақстанда заңды түрде тіркелген ұйымбыз. Жұрт қатарлы жұмыс істеуге толық құқымыз бар. Ал оны шектейміз десеңіздер, сотқа беріп әкелеріңді танытамыз» дегендей доқ көрсетіп қояды.

ТАРИХИ САНАДАН — «ТАРИФИ» БОЛМЫСҚА?!

Матрица.kz, 08 сентября 2017 в 15:33

ТАРИХИ САНАДАН -
Президент парламенттің күзгі сессиясының ашылуында сөйледі. Біраз мәселенің басын шалды. Бір қызығы, Ақорданың ресми сайтында жарияланған қысқа ғана мәтіннің аясынан асып, экспромт жанрына да ойысып кетіп тұрды. Сол тұста айтқан ойлары ерекше әсерлі болды. Өйткені көмекшілері әзірлеп берген тезистерді емес, өзінің көкейінде жүрген ащы жайттарға тоқталды.

Желке неге қышиды? Мусрепов-римейк! Типа...

Матрица.kz, 27 августа 2017 в 18:03

Желке неге қышиды? Мусрепов-римейк! Типа...
«Әр желке әр себептен қышиды, оның үстіне әр кезде қышиды. Кейде бір желке қыши бастағанда, екінші бір желке күдірейе бастайтын да әдеті бар. Кейде көп желкелер кәдуілгідей үн қосып қышып кетеді. Қысқасы, әр желке өз жайын оңаша баяндауды керек ететін сияқты».Құдайым ау, мынаған не болды деп интернеттегі саяхатшылар мен Фэйсбук (тағы басқа әлжелілердің) тұрғындары таң қалып отырған болар.

МЕДСАҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМСІЗДІГІ: ОШАҚБАЕВТЫҢ 12 УӘЖІ

Матрица.kz, 03 августа 2017 в 15:33

МЕДСАҚТАНДЫРУДЫҢ ТИІМСІЗДІГІ: ОШАҚБАЕВТЫҢ 12 УӘЖІ
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің іске қосылғанына бір ай өтті. Бұл сақтандыру қорына ай сайын ақша салып тұрмасаңыз, жедел жәрдемнен өзге, ешқандай дәрігерлік көмек ала алмайсыз. Сарапшы, экономист Рахым Ошақбаев денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен жуырда теледебатқа шығып, жаңа жүйеге қарсы 12 уәжін алған тартқан еді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі халыққа не береді?

Ақтөбе газеті, 04 июля 2017 в 20:42

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі халыққа не береді?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі — халықтың денсаулығын қорғайтын мемлекеттік жүйе. Бұл жүйе Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жерiне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді.Бүгінгі таңда көптеген дамыған елдер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін таңдаған.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 22 новости из 22