Популярные темы

Новости по теме "нұрсұлтан назарбаевтың"

Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады

Источник: Akorda.kz (KZ) Дата: 05 марта 2020 в 16:44

Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады Мемлекет басшысы Еуразия экономикалық комиссия Алқасының жаңа төрағасы Михаил Мясниковичті қабылдады.Тараптар Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жағдайы мен оның даму перспективалары жайында, оның ішінде Қазақстанмен одақ арасындағы ықпалдастық туралы сөйлесті.Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Мясниковичті жаңа қызметімен құттықтап, ол жетекшілік ететін Комиссия еуразиялық интеграцияны одан әрі тереңдетуде үлкен үлес қосатынына сенім білдірді.– Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі маңызды орган саналатын ұйымның жұмысын жетілдіруде Беларусь Үкіметі мен Парламентінің жетекшісі, Ғылым академиясының президенті болған мол тәжірибеңізді, біліміңіз бен құзыретіңізді пайдаланатыныңызға еш күмәнданбаймыз, – деді Қазақстан Президенті.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен Еуразиялық экономикалық одақ құру жөніндегі Келісімнің осыдан 5 жыл бұрын Елордада жүзеге асқанын атап өтті.– Одақ өз дамуында үлкен жолды артта қалдырды. Әрине, оны даңғыл жол дей алмаймыз.

Мемлекет басшысы Қаракемер ауылының жұртшылығымен кездесті

Источник: Akorda.kz (KZ) Дата: 05 марта 2020 в 16:43

Мемлекет басшысы Қаракемер ауылының жұртшылығымен кездесті Қасым-Жомарт Тоқаев кездесуде 1 наурыз Алғыс айту күні Жамбыл облысының Қордай ауданына жұмыс сапарымен арнайы келгенін айтты. Президент бұл күні тойлаудан гөрі, ауыл тұрғындарымен өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасуды жөн көрген.– Қордайда болған оқиға халқымызды дүр сілкіндірді, бүкіл әлемді елең еткізді.

Бауыржан Байбек Атырау облысындағы үкіметтік емес ұйым белсенділерімен кездесті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 января 2020 в 17:42

Бауыржан Байбек Атырау облысындағы үкіметтік емес ұйым белсенділерімен кездесті «Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің еліміздің мұнайлы астанасына жасаған жұмыс сапарының екінші күні Атырау қаласында жалғасып, партияның облыстық филиалы мен бастауыш ұйымдары өкілдерімен, өңірдің зиялы тұлғаларымен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен және облыстың жастар ұйымдарымен болған кездесулердегі келелі әңгімелермен жалғасты.Дәрігерлер қауымымен еркін пікір алысуға жол ашқан партия төрағасының Бірінші орынбасары өз сөзінде партия мүшелерінің елеулі бөлігін әлеуметтік сала қызметкерлері құрайтынын атап өтіп, қарапайым дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту, дәрігерлердің еңбегін орынды бағалау жайына егжей-тегжейлі тоқталды.– Біз дәрігерлер еңбегін, осы саладағы жасалып жатқан жұмыстарды халыққа насихаттап түсіндіруіміз қажет.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа экономикалық бағыт қажет»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 января 2020 в 11:22

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жаңа экономикалық бағыт қажет» Кеңейтілген отырысқа Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Үкімет мүшелері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың басшылары қатысты.Жиынды ашқан Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарлама мен Қазақстан халқына арналған Жолдауды жүзеге асыру барысында Үкімет пен Парламент бірлесіп үлкен жұмыс атқарғанын атап өтті.

Абай тойы басталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 января 2020 в 13:22

Абай тойы басталды Күллі қазаққа ортақ алқалы той Арқа төріндегі Алаш астанасы­нан бастау алды. «Астана Опера» мем­лекеттік опера және балет театрында өткен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты салтанатты кешке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді.Абай әлемі – қазақ әлемі.

Үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешіледі?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 января 2020 в 12:02

Үш ауысымды мектептер мәселесі қалай шешіледі? Үш ауысымды мектептерді жою — еліміздің білім саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауларында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінген. Мысалы, Тұңғыш Президент өткен жылғы Жолдауында: «Білім алудың қолжетімділігін арттыру мақсатымен оқушыларға орын жетіспейтіні, мектептердің үш ауысымда оқыту және апат жағдайында болу проблемалары мейлінше сезіліп отырған өңірлер үшін Үкіметке 2019-2021 жылдарға арналған бюджеттен қосымша 50 миллиард теңге қарастыруды тапсырамын» деген болатын.

Жаңа заң: педагог мәртебесі — ел мерейі  

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 января 2020 в 11:23

Жаңа заң: педагог мәртебесі — ел мерейі    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында берілген тапсырма жүзеге асты. Өткен жылдың аяғында, 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды. Жалпы 21 баптан тұратын құжат еліміздегі жарты миллионнан астам педагогтің құқығын қорғап, абыройын арттыра түспек.

Өндіріс көлемі өсті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 января 2020 в 10:32

Өндіріс көлемі өсті Жылдағы үрдіс бойынша аудан тұрғындарына Мұғалжардың өткен жылғы әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындысы мен биылғы жылға межеленген міндеттері туралы есеп беру басталды. Аудан әкімі Асқар Шерияздановтың тұрғындармен есептік кездесуі Батпақкөл, Құмжарған ауылдық округтері мен Жем, Ембі қалаларында өтті.

12 мыңыншы жәдігер тапсырылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 января 2020 в 10:42

12 мыңыншы жәдігер тапсырылды Акция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында ұлттық құндылықтарымыз, еліміздің тарихи мұралары туралы, инновациялық жаңашылдықты жүзеге асыру, қор құндылықтарын жарнамалау, аудан тұрғындарын экспонат тапсырып, музей қорын толықтыруға шақыру мақсатында аудандық тарихи-өлкетану музейінде өткен акция «Рухани құндылықтар және 12 мыңыншы жәдігер» деп аталды.

Құрметті ақтөбеліктер!  

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 декабря 2019 в 15:02

Құрметті ақтөбеліктер!   Міне, Жаңа — 2020 жылды қарсы алып отырмыз.Өткен жыл ел тарихындағы елеулі оқиғаларымен есте қалды.Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ел билігін тапсырып, мемлекет басшылығын қолына алған Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі және сыртқы саясаттың тұрақтылығын, республиканың әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын сақтап, ел үмітін ақтады.Тарихқа енген Доңыз жылының Ақтөбе өңірі үшін де бергені мол, берекелі кезең болды.Жаңа зауыттар мен кәсіпорындар салынып, жаңа мектептер мен ауруханалар, балабақшалар, мәдениет үйлері, спорт нысандары мен тұрғын үйлер пайдалануға берілді.Бірқатар елді мекендерімізге газ тартылып, сумен қамтамасыз етілді.Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойы да абыроймен атқарылды.

Қазақстанда соңғы онжылдықта болған ірі әуе апаттары

Источник: TengriNews Дата: 27 декабря 2019 в 17:33

Қазақстанда соңғы онжылдықта болған ірі әуе апаттары Бүгін таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 93 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған. Соңғы мәліметтер бойынша, барлығы 12 адам қаза тапқан. Бұл — биыл елімізде болған жалғыз әуе апаты емес. Соңғы жылдары елімізде болған ұшақ апаттарының хронологиясы Tengrinews.kz тілшісі материалында.2009 жылғы тікұшақ апаты2009 жылы 8 қыркүйекте Қазақстанның ҰҚК Шекара қызметінің «Оңтүстік» өңірлік басқармасының «Арлан» барлау-іздеу тобының Ми-8 ұшағы қазақ-өзбек шекарасының маңындағы Өгем шатқалында апатқа ұшыраған.Тікұшақта экипажды қоса есептегенде 13 адам болған.

Алик ШПЕКБАЕВ: Ақтөбе облысының қарқынды дамып келе жатқанын өз көзіммен көрдім

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 декабря 2019 в 10:12

Алик ШПЕКБАЕВ: Ақтөбе облысының қарқынды дамып келе жатқанын өз көзіммен көрдім Кеше облыс әкімдігінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев облыс активімен және қоғам белсенділерімен кездесті. Жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері, сондай-ақ селекторлық режимде аудан әкімдері қатысты.

«Дала фольклорының антологиясы»: алғашқы бес том жарыққа шықты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 декабря 2019 в 17:12

«Дала фольклорының антологиясы»: алғашқы бес том жарыққа шықты Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорындағы мұралар арқылы 10 томнан тұратын «Дала фольклорының антологиясын» шығару көзделген. Бүгінгі күні оның 5 томы жарық көрді. Сәрсенбі күні Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде осы кітаптардың өңірлік тұсаукесері өтті.

«Бәйтерек» зымыран кешенінің экологияға зияны жоқ — вице-министр

Источник: TengriNews Дата: 18 декабря 2019 в 13:33

«Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» зымыран кешені экологияға еш әсер етпейді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Прімқұлов Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Прімқұловтың айтуынша, «Бәйтерек» жобасы «Зенит» зымыран нысанының жерүсті инфрақұрылымы базасы негізінде жасалады.

«Төрелескенде де ренжитін ретіміз жоқ»: 1991 жылы қазақ басылымдары не жазды?

Источник: TengriNews Дата: 17 декабря 2019 в 11:13

Тіл мәселесі, егемендік, тәуелсіз ел Президентінің жарлықтары. Бұл — тәуелсіздіктің алғашқы жылдары БАҚ беттерінде көтерілген негізгі мәселелер. Tengrinews.kz тілшісі Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханаға барып, егемендік алған алғашқы жылдары қазақстандық басылымдар тағы қандай мәселе көтергенін анықтап көрді.

«Анаға тағзым» орталығы ашылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 декабря 2019 в 13:22

«Анаға тағзым» орталығы ашылды Шалқар қаласындағы Әйтеке би көшесінің бойынан «Анаға тағзым» орталығы ашылды. Жаңа ғимараттың ішінде аталған орталықтың дәстүр залы, жастар ресурстық орталығы, жұмыспен қамту орталығы, Шалқар ауданының қоғамдық даму қоры, салтанатты неке қию залы, азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі, «Құралай» қыз жасауы тігін шеберханасы, «Озат» оқу орталығы, сұлулық салоны, фотостудия орналасты.Салтанатты сәтке қатысқан облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалин жаңадан ашылған ғимараттың аналарға деген құрметіміздің, сүйіспеншілігіміздің белгісі екенін әңгімеледі және болашақ ұрпаққа үлкен тәрбие көрсететін орталық болатынына тоқталды.

Ипотека бағдарламалары: Несиені есептеу калькуляторы

Источник: TengriNews Дата: 13 декабря 2019 в 16:43

Ипотека бағдарламалары: Несиені есептеу калькуляторы Елімізде баспаналы болғысы келетін қазақстандықтар үшін әртүрлі ипотекалық бағдарламалар бар. Ал мемлекеттік бір ғана бағдарлама бар. Ол — «Нұрлы жер» бағдарламасы. Ипотекалық бағдарламалардан қалай пәтер алуға болады? Олардың есептеу жүйесі қандай? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісінің материалында.«Нұрлы жер» бағдарламасы «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленді.

Басты ұстаным — әділдік, парасаттылық және сенім

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 декабря 2019 в 11:02

Басты ұстаным — әділдік, парасаттылық және сенім — Алик Жатқамбайұлы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мем­лекет­тік органдардың қызметі қоғам­ның сені­мін арттыруға бағытталғаны бел­гілі. Жалпы, бұл жөнінде не айтасыз?— Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қар­сы күрес халықтың әл-ауқатын жақ­сартуға ба­ғат­талған мемлекеттік саясаттың ма­ңыз­ды стратегиялық басымдығы болып саналады.

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Саннан бұрын сапаға мән беретін кез жетті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2019 в 12:02

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Саннан бұрын сапаға мән беретін кез жетті Жұма күні Nur Otan партиясы облыстық филиалының актив отырысы өтті. Жиын аталған партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 25 қараша күнгі партияның аймақтық филиалдары өкілдерімен кездесуінде берген тапсырмаларын талқылауға арналды. Өңір басшысы Оңдасын Оразалин төрағалық еткен басқосуға партияның облыстық және қалалық филиалдарының өкілдері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, ардагерлер мен белсенді жастар, сондай-ақ журналистер қатысты.

Жалпы республикалық ашық сабақ: «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтастары»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2019 в 11:52

Жалпы республикалық ашық сабақ: «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтастары» ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ САБАҚ М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында өткен ашық сабаққа ардагер-ұстаз, мектептің бұрынғы басшысы Данағали Кенжебаев, 7 және 9-сынып оқушылары қатысты.Мектеп кітапханашысы Жұлдыз Боранқұлова оқушыларды Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайтын Елбасының кітаптарымен таныстырып, «Елін сүйген Елбасы» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырды.

Мақтанышты мезеттер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2019 в 11:22

Мақтанышты мезеттер Жеңіскүл МҰХАМБЕТПАЙЫЗОВА, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің директоры:— Елбасымен екі рет кездесудің сәті түсті. Мұны мақтанышпен айтамын. Елбасымен жүздесулерім — мен үшін үлкен абырой.Ең бірінші рет 2009 жылы кездестім. Сол жылы Тұңғыш Президентіміз облысымызға іссапармен келген болатын.

Дағдарысты дамытумен алмастырды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2019 в 11:22

Дағдарысты дамытумен алмастырды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақ халқының тарихы, кейбіреулер айтып жүргендей, кешегі Қазақ хандығы шаңырақ көтерген ХV ғасырдан басталмайды. Хандықтың құрылуы бір басқа, бүгінгі қазақ халқы — сонау есте жоқ ескі замандардан-ақ тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі ғұндардың, байырғы түріктердің ұрпағы, үлкен үйдің қара шаңырағын атажұртта сақтаған халық», — деп атап көрсеткен еді. Ұлы дала халқының өз мемлекеттігін қайта қалпына келтіріп, өз тәуелсіздігін қайта жаңғыртуы аса бір ауыр дағдарыстар уақытына тап келгенін бүгінгі аға буын мен орта буын жақсы біледі.Әлемдегі ең мықты екі елдің бірі саналған алып держава — КСРО айналасы аз жылдың ішінде экономикасы құлдырап, ынтымақ-бірлігінен де айырылып, ыдырап тынды.

ҚР Тұңғыш Президентінің музейі: құнды құжаттар, жәдігерлер мен сыйлықтар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2019 в 11:12

ҚР Тұңғыш Президентінің музейі: құнды құжаттар, жәдігерлер мен сыйлықтар Тұңғыш Президент күні қарсаңында ел астанасы — Нұр-Сұлтан қаласындағы сәулетті кешендердің бірі — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейіне экскурсияға баратындардың саны артады. Өйткені баламасы жоқ орталықта Елбасының алғашқы жұмыс кабинетін қаз-қалпында көруге, Нұрсұлтан Назарбаевқа тарту етілген сыйлықтармен танысуға мүмкіндік бар.

Шуақты сәттер есте қалады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2019 в 10:52

Шуақты сәттер есте қалады Автомобиль жолдары комитеті Ақтөбе облыстық департаментінің бұрынғы басшысы, бүгінде құрметті демалыстағы зейнеткер Бағлан Баймағамбетов өзінің Елбасымен кездескенін күні бүгінгі оқиғадай ерекше ықыласпен әңгімелеп берді.— 1998 жылдың қазан айында еліміздің бірқатар облыстарындағы ірі кәсіпорындардың басшылары сол кездегі Ақтөбе облысының әкімі Аслан Мусинге Ақтөбе қаласында Қазақстан Азаматтық партиясының құрылтай съезін өткізу туралы ұсыныс жасап, бұл ұсыныс қабылданған болатын.

21 жасында әнұран сөзін жазып берген ақын — Жұмекен Нәжімеденов

Источник: TengriNews Дата: 29 ноября 2019 в 13:43

21 жасында әнұран сөзін жазып берген ақын - Жұмекен Нәжімеденов Күні кеше ақын Жұмекен Нәжімеденовтің туған күні болды. Ол — Мемлекеттік әнұранның авторларының бірі, көрнекті қаламгер. Алайда «Менің Қазақстаным» әнін шығару кезінде біраз қиындық болған көрінеді. Жұмекен Нәжімеденов шығармашылығы, еңбек жолы және «Менің Қазақстаным» әнінің шығуы жайлы Tengrinews.kz тілшісі материалынан оқыңыз.Ақын, күйші әрі прозаикЖұмекен Нәжімеденов 1935 жылы 28 қарашада Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Қошалақ құмының Ашақ деген жерінде дүниеге келген.

Этносаралық татулықтан — жалпыұлттық бірлікке

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 ноября 2019 в 11:12

Этносаралық татулықтан — жалпыұлттық бірлікке Кеше Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХІІІ сессиясы өтті. «Этносаралық татулықтан — жалпыұлттық бірлікке» деп аталған шараға облыс әкімі, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Оңдасын Оразалин, мемлекеттік қызметкерлер, Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ақтөбе облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы барлық кеңестер құрылымдары, студенттер қатысты. — Бүгінгі шара еліміз үшін маңызды екі мереке тұсында өткізіліп отыр: оның бірі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні болса, екіншісі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні.

«Сізді Нұрсұлтан Әбішұлы елге шақырып жатыр». Елбасының көзіне жас алдырған әнші

Источник: TengriNews Дата: 21 ноября 2019 в 13:13

Меруеш Башайқызы — Қазақстан мен Моңғолияның мәдениет қайраткері. Ол 2007 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртуымен атажұртқа оралған. Бүгінде дәстүрлі әнді халыққа насихаттап жүрген әнші Tengrinews.kz тілшісіне Елбасымен алғашқы кездесуі, атажұртқа қалай келгені жайлы әңгімелеп берді. Меруеш Башайқызы 1974 жылы Моңғолияның Баян-Өлгей аймағында дүниеге келген.

Режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды

Источник: TengriNews Дата: 12 ноября 2019 в 13:23

Режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды Режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдірашевке және оның отбасына ұлы Ақназардың оқыс жағдайда қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

Қытай елшісімен кездесті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 ноября 2019 в 11:02

Қытай елшісімен кездесті Дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Кездесу барысында екіжақты әлеуметтік-экономикалық, білім, мәдени қарым-қатынастар жайы сөз болып, аймақ басшысы Ақтөбеге алғаш рет келіп отырған Чжан Сяоға облыстың қарқынды дамушы өңірекендігін жеткізді.— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің алтыншы отырысының ашылуында Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда және экономикалық әріптестерінің бірі екендігін айтты.Мәселен, тек биылғы жылдың 8 айының өзінде Ақтөбе облысы мен Қытай арасындағытауар айналымы 664,6 миллион АҚШ долларын құрап отыр.

Бағыт — жемқорлықтан ада қоғам құру

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 10:02

Бағыт — жемқорлықтан ада қоғам құру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы өз мазмұнымен азаматтар өмірінің барлық салаларын қамти отырып, қоғамның өзекті деген мәселелерін қозғады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимыл негізгі мәселе ретінде күн тәртібінен түскен жоқ.Сыбайлас жемқорлық туралы айтылған кезде, қандай да бір моральдық-рухани қағидалардан аттап, өз өкілеттіліктері мен лауазымдық мүмкіндіктерін теріс пайдаланатын шенеуніктер еріксіз ойға келеді.
Показано 30 новостей из 645