Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "мемлекеттік қызмет туралы"

Ант қабылдады, алғыс хат алды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 июня 2018 в 13:12

Ант қабылдады, алғыс хат алды Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының 20 жылдығын атап өту қарсаңында Ақтөбе қалалық әкімдігінде әкімшілік мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған екі мемлекеттік қызметшінің ант қабылдау рәсімі өтті.Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдауы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі.

Шешім мен талап

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 мая 2018 в 11:02

Шешім мен талап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінде Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.Аталған департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Расул Медетовтің төрағалығымен өткен отырыста бес мәселе қаралды.Алдымен кеңес мүшелері биылғы жылдың 27 сәуірінде өткізілген Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қабылданған шешімдердің орындалуы туралы хабарламаны тыңдады.Екінші мәселе бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Илья Пактың биылғы атқарылған жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалып, тиісті ұсынымдар енгізілді.Хромтау ауданының әкімі Аманғали Бердалин мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарының сақталуы турасында баяндады.— 2018 жылдың төрт айында аудан көлемінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 108 түрі бойынша барлығы 17 316 қызмет көрсетілді.Электрондық мемлекеттік қызметтерді тұтынушыларының үлесі 92,3 пайызды құрап отыр.

Қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндіктері

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 мая 2018 в 10:42

Қызметтерді электронды түрде алу мүмкіндіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент өкілдері мен өңірімізге жұмыс сапарымен келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуына сыртқы талдау және бағалау бойынша республикалық мониторингтік топ мүшелері мүмкіндігі шектеулі тұрғындармен кездесу өткізді.

Әдепсіз қызметкерлер жаза алды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 апреля 2018 в 10:52

Әдепсіз қызметкерлер жаза алды Сейсенбі күні өткен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысында бес мәселе қаралды.Алғашқы кезекте осы Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мирамкүл Бибітова үстіміздегі жылдың 7 ақпанында өткізілген отырыста қабылданған шешімдердің орындалуы туралы хабарлама жасады.

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты әкімшілік құқық

Источник: Zakon.kz Дата: 28 марта 2018 в 11:59

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты әкімшілік құқық Сыбайлас жемқорлықпен байланысты әкімшілік құқық Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Б.М. Шалгимбаев Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы қазіргі таңда халыққа кеңінен түсіндіріліп, оны орындау бағытында ауданда елеулі жұмыстар жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлық: алғышарттары мен алдын-алу ерекшеліктері

Источник: Zakon.kz Дата: 15 марта 2018 в 15:59

Сыбайлас жемқорлық: алғышарттары мен алдын-алу ерекшеліктері Сыбайлас жемқорлық: алғышарттары мен алдын-алу ерекшеліктері Ақтөбе облысы №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы, заң ғылымдарының магистрі. Д.М.Гильманова Тарихи, күрделі және өзгермелі әлеуметтік құбылыс болып табылатын сыбайлас жемқорлық адамзат өркениеті дамуының ерте кезеңдерінде пайда болғаны мәлім.

Ақмолада желіге әдепсіз суреттерін жариялаған мемқызметшілер жауапкершілікке тартылды

Источник: Zakon.kz Дата: 26 января 2018 в 12:29

Ақмолада желіге әдепсіз суреттерін жариялаған мемқызметшілер жауапкершілікке тартылды Ақмола облысында әлеуметтік желіге талапқа сай емес суреттерін жариялаған мемлекеттік қызметшілер жуапкершілікке тартылды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ақмола облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Дархан Хайруллин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның айтуынша, мемлекеттік қызметшілердің әдебіне қатысты 2017 жылы 14 отырыс өтіп, онда 86 мәселе қаралған.

Елбасының саясатына қолдау көрсету басты парыз

Источник: Zakon.kz Дата: 26 декабря 2017 в 16:39

Елбасының саясатына қолдау көрсету басты парыз 2017 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мен Бостандық ауданының әкімі аппараты бірлесе отырып, аудан әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы мен Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру мақаласы және Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша Бостандық ауданының еңбек ұжымдарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.Жиынға Бостандық ауданы әкімі аппаратының, жергілікті өзін-өзі басқару комитеттерінің, Халыққа қызмет көрсету орталығының, Бостандық аудандық мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының, білім, денсаулық, әлеуметтік сала, ПИК (пәтер иелері коперативі) қызметкерлері мен аудан тұрғындары (720 адам ) қатысты.Жиынды Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Маржан Балбаева алғы сөзбен ашып, Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымдығындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің негізгі міндеттері мен бағыттарына және Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламалық мақаласы аясында аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Елнар Игіліков Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Этикалық кодекс», «Қоғамдық кеңестер туралы», «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заңдары мен ҚР 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі бағыттарындағы мемлекеттік биліктің беделін нығайту, кәсіби мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызмет саласы мен мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуде мемлекеттік тәртіпті күшейту, мемлекеттік қызметтің сапалы кадр құрамын жақсарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарды ескерту мен алдын алу бағыттары жан-жақты түсіндірді.Сонымен қатар, Қалалық студенттер емханасының бас дәрігері Жәмила Әбеуова «Міндетті медициналық сақтандыру мәселелері», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы қаласы бойынша филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаментінің Бостандық ауданы бөлімшесінің басшысы Қымбат Рахымбаева «Зейнетақы төлеудің жаңа реформалары», Қоғамдық жоба — Общественный проект» қоғамдық ұйымның жетекшісі Александр Братенков «Сыбайлас жемқорлықпен күресудің әдемдік тәжірибелері», аудандық білім бөлімінің басшысы Қайрат Ізбасарұлы Жұманов «Білім саласындағы жемқорлықтың алдын алудың өзекті мәселелері», Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы Ербол Какімсейітов «Діни ұйымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыптарда баяндамалар жасады.

Азаматтардың белсенділігі артты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 ноября 2017 в 22:32

Азаматтардың белсенділігі артты Мемлекеттік қызметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің маңызды әлеуметтік мәселені талдау қорытындысы бойынша, облыс тұрғындарының 71 пайызы еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық жұмыстарының тиімділігіне сенеді. Олардың сенімділігі сандармен расталды: егер 2016 жылы 48 адам қылмыстық сыбайластық жасаса, ал биыл 10 айдың қорытындысында тіркелген қылмыстардың саны — 22.Қылмыстық сыбайластық деректердің нақты қысқартылуына қол жеткізілуі Мемлекеттік қызметтер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің директоры — Әдеп жөніндегі кеңестің жетекшісі Қайыржан Тоқышевтың басшылығымен құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық түсіндіру жөніндегі мобильді топтың жұмысының нәтижесі деуге толық негіз бар.Құрамына «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры Раукен Отыншин да кіретін топ мүшелері облыс және қаладағы еңбек ұжымдарына Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиялық нормаларын түсіндіреді.

Сенім телефондары жұмыс жасайды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июля 2017 в 03:12

Сенім телефондары жұмыс жасайды Ақтөбе қаласы әкімі аппаратында, Ақтөбе қаласына қарасты ауылдық округ әкімдерінің аппаратында, сондай-ақ қалалық мемлекеттік мекемелерде мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қызмет этикасы нормаларының мемлекеттік қызмет туралы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарды бұзу деректері бойынша хабарлау үшін мына сенім телефондары жұмыс жасайды: нөмірі:

Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық қалай дамып келеді? (Татьяна Зинович, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) директорының орынбасары)

Источник: Zakon.kz Дата: 19 июля 2017 в 16:49

Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық қалай дамып келеді? (Татьяна Зинович, Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) директорының орынбасары) Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы ынтымақтастық қалай дамып келеді? Татьяна. Зинович,Құқықтық саясатты зерттеу орталығы (LPRC) директорының орынбасары Қазақстан әлемдік элита ортасы ретінде танылған, дүние жүзінің недәуір дамыған және демократиялық елінен құралатын, әлемдік ішкі жалпы өнімнің 60% жуығын бақылап отырған Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына толық мүше болуға ұмтылып келеді.

Шаралар мен шешімдер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 июня 2017 в 20:22

Шаралар мен шешімдер Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырысқа агенттіктің мемлекеттік қызметтер департаментінің басшысы Әділбек Мұқашев, сондай-ақ, облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова мен кеңес мүшелері қатысты.

Аттестациядан өтпеген мектептер көбейіп кетті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 мая 2017 в 21:32

Аттестациядан өтпеген мектептер көбейіп кетті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында алты мәселе қаралды. Кеңес отырысында қабылданған шешімдердің орындалуы туралы хабарлама тыңдалғаннан кейін облыстың білім саласындағы бақылау департаментінде 2015-2017 жылдары ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», сондай-ақ, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдар мен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексі талаптарының сақталуы жөніндегі жүргізіліп отырған жұмыстары баяндалды.

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандартын сақтауы

Источник: Zakon.kz Дата: 25 ноября 2016 в 17:39

Мемлекеттік қызметшілердің әдеп стандартын сақтауы Мемлекет басшысының «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспары орындаудың бірінші реформасы Мемлекетті кәсібилендіру яғни, «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Осы реформаның жеті бағыты мемлкеттік қызметке орналсу тәртіптерімен мемлеекттік қызметшілердің жүріс-тұрыс барысы, тұтастай алғанда, мемлекеттік қызметті жаңғыртудың негізгі қырлары нақтыланып жоспарланғандығын айқындайды.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 14 новостей из 14