Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "ктк арнасы"

МС Сайлаубекті сынақ кітабына енгізген автор жұрттан кешірім сұрады

Источник: Zakon.kz Дата: 21 февраля 2018 в 10:29

МС Сайлаубекті сынақ кітабына енгізген автор жұрттан кешірім сұрады Дегенмен, қазір Сауд Арабиясында білімін жетілдіріп жатқан Серікболсын Дүйсенбайдың айтуынша, үлкен еңбектің ішіндегі титтей қателік үшін өзектен тепкен елге қайтқысы да келмейді екен. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.Даулы видео ғаламторда тараған болатын. Онда оқулықтың 75-бетінде жүрген тапсырма көптің көңіліне жақпай қалыпты.

Ақтөбеде мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен лауазымды полицей қамауға алынды

Источник: Zakon.kz Дата: 11 января 2018 в 11:29

Ақтөбеде мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен лауазымды полицей қамауға алынды Ақтөбеде Мәртөк аудандық Ішкі істер бөлімінің бастығы мемлекеттік құпияны жариялады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды КТК арнасы.Лауазымды қызметкердің былығын оның бұрынғы әйелі ашып отыр.Келіншек үйді жинап жүріп «аса құпия» деген жазуы бар құжаттарды тауып алған. Ол бірден адвокатына хабарласып, бұрынғы жары Евгений Лазаревтің үстінен арыз жазыпты.Ашулы әйел бағалы мәліметтермен бірге жатқан алпысқа жуық автоматтың оғын да тәртіп сақшыларына санап берген.

Көкшетауда күйеуі өз әйелін көлігімен басып өлтірді

Источник: Zakon.kz Дата: 26 декабря 2017 в 10:09

Көкшетауда күйеуі өз әйелін көлігімен басып өлтірді Келіншегін таңертең жұмысқа алып келіп, машинасынан түскен әйелді кеңсе қабырғасына жапырып соғып кеткен, деп хабарлайды КТК арнасы.Марқұм Көкшетауда құрылыс материалдарын шығаратын ірі кәсіпорынның бас есепшісі болған. Қатты соққы алған 37 жастағы әйел сол жерде тіл тартпай кетті. Баспалдақтарда қансырап жатқан бас есепшіні осы серіктестіктің жұмысшылары көрген.

Роза Рымбаеваны Семей әкімі бес жыл бойы қалаға кіргізбей қойған

Источник: Zakon.kz Дата: 30 ноября 2017 в 12:09

Роза Рымбаеваны Семей әкімі бес жыл бойы қалаға кіргізбей қойған Қазақтың атын әлемге танытқан әйгілі әнші Роза Рымбаева бес жыл бойы Семей әкімінен қысым көргенін айтып берді, — деп хабарлайды КТК арнасы.Туған жері Семейге концерт қоюға барған Роза Қуанышқызы рояльдің жоқтығын сынаймын деп басы бәлеге қалған.«Осыны сахнада айтамын деп бәлеге қалдым! 5 жыл қалаға кіргізбеді», — деп ағынан жарылды әнші.Сахнада айтылған сынға шыдай алмаған шенеунік Халық әртісін қалаға келтірмей қойыпты.

Алматы облысында төрт баласын тастап кеткен безбүйрек ана табылды

Источник: Zakon.kz Дата: 30 ноября 2017 в 09:19

Алматы облысында төрт баласын тастап кеткен безбүйрек ана табылды Жалдамалы пәтерде көздері жәутеңдеп қалған кішкентайларды көршілері ғана байқаған екен. Құзырлы орын өкілдері болса, қарындары ашқан бүлдіршіндердің пеш жағылмаған үйде қатты тоңып қалғандарын айтады. Олардың үлкені 7-де болса, ең кішкентайы 10 айлық. Ал, балаларын қараусыз қалдырған 26 жастағы ана, өзінің Шелек ауылына кетіп қалғанын сылтауратқан көрінеді, — деп хабарлайды КТК арнасы.Көздері жәутең қаққан бүлдіршіндер бір күннен астам қараусыз қалыпты.

Ақтау тұрғынын 50 рет пышақтап өлтірді деген күдікпен қырғыз азаматы ұсталды

Источник: Zakon.kz Дата: 23 ноября 2017 в 09:29

Ақтау тұрғынын 50 рет пышақтап өлтірді деген күдікпен қырғыз азаматы ұсталды Ақтау тұрғынын 50 жерден пышақтаған қаскөйдің ақыл-есінің дұрыстығы тексеріліп жатыр, — деп хабарлайды КТК арнасы.Атырауда ақтаулық азамат 50 жерден пышақталып, қаза тапты. 39 жастағы Иван Грабовты о дүниеге аттандырған қырғыз елінің азаматы екен. Астрахандағы оқуының сессиясын ойдағыдай тапсырып, Атырауға жеткен Иван Грабов досы екеуі жүрек жалғамақ болып, вокзал маңындағы асханалардың біріне кірген.

Таразда мектеп жанынан төртінші сынып оқушысының мәйіті табылды

Источник: Zakon.kz Дата: 21 ноября 2017 в 10:39

Таразда мектеп жанынан төртінші сынып оқушысының мәйіті табылды Таразда із-түзсіз жоғалып кеткен №6 мектептің 4-ші сынып оқушысының мәйіті табылды, — деп хабарлайды КТК арнасы.Бұл жағдай тараздықтардың төбе шашын тік тұрғызды. Өткен сенбі күні кешке үйінен шығып кеткен 10 жастағы бала сол күйі қайта оралмаған. Туыстары мен мектеп ұжымы оны жатпай-тұрмай іздегенімен нәтиже болмаған.Оқушының өлі денесін мына балабақша маңындағы топ ағаштың арасынан тәртіп сақшылары бір күннен кейін тауып алған.

БАСТАУЫШ СЫНЫПҚА МҰҒАЛІМ БОЛУ ҮШІН МАҒАН 2200 ДОЛЛАР ӘКЕЛЕСІҢ ДЕДІ — АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 13 ноября 2017 в 15:13

БАСТАУЫШ СЫНЫПҚА МҰҒАЛІМ БОЛУ ҮШІН МАҒАН 2200 ДОЛЛАР ӘКЕЛЕСІҢ ДЕДІ - АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Қыпшақ ауылы. Жұмыссыз ауыл. Мұнда еті тірі жанға жұмыс жоқ. Әр мәселенің артында дау бар. Мектеп директорынан заңсыз запа шеккен мұғалім. Оқу жылына дайын емес мектептер. Клубта білім алып жатқан оқушылар. Мұғалім боп жұмысқа тұру үшін жиған-тергенін беріп, ақыры жұмыссыз қалған келіншек.

МЕКТЕПТЕ ҚЫЗДАРЫНЫҢ ОРАМАЛ ТАҒУЫН ТАЛАП ЕТКЕНДЕР АТА-АНАЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛАДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 28 октября 2017 в 10:13

МЕКТЕПТЕ ҚЫЗДАРЫНЫҢ ОРАМАЛ ТАҒУЫН ТАЛАП ЕТКЕНДЕР АТА-АНАЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫНАН АЙЫРЫЛАДЫ Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері мектепте қыздарының орамал тағуын талап еткендер ата-аналық құқығынан айырылады деп отыр, деп хабарлайды «КТК» арнасы.Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өкілдері осылай деп отыр. Әйтсе де, әлі күнге дейін сабаққа баласының бетін бүркемелеп жіберетіндер азаяр емес.

АЛМАТЫДА АЙЛЫҚ ОРНЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК АЛҒАН ЖҰМЫСШЫЛАР ШУ ШЫҒАРДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 27 октября 2017 в 14:23

АЛМАТЫДА АЙЛЫҚ ОРНЫНА АЗЫҚ-ТҮЛІК АЛҒАН ЖҰМЫСШЫЛАР ШУ ШЫҒАРДЫ Алматыдағы «Hi Tech logistics» компаниясының қызметкерлері жалақыларының жырымдалып қана қоймай, соңғы кезде азық-түлікпен берілетінін айтып наразылық білдіруде. Тіпті, соңғы үлестірген өнімнің жарамдылық мерзімі әлдеқашан өтіп кетіпті. Компания өкілдері болса, жаланы керісінше жұмыскерлердің өзіне жауып отыр.

Елімізде әкім болғысы келген шенеуніктер жаппай емтиханнан құлап қалды

Источник: Zakon.kz Дата: 10 октября 2017 в 10:19

Елімізде әкім болғысы келген шенеуніктер жаппай емтиханнан құлап қалды Екі күн бұрын «А» корпусына тестілеу кезінде кандидаттардың 85 пайызы тіпті, төменгі межеден өте алмай қалған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды. «Біз зерттеп көрдік. Сынақтан өте алмаудың бірнеше себебі болуы мүмкін. Яғни, бұрын шенеуніктер 7 заң бойынша тест тапсырса, қазір күрделене түсіп, 11 заң бойынша тапсырады.

МИРЗОЯН ЕСКЕРТКІШІН АЛЫП ТАСТАУҒА АРМЯН ДИАСПОРАСЫ ҚАРСЫ ШЫҚТЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 27 сентября 2017 в 14:43

МИРЗОЯН ЕСКЕРТКІШІН АЛЫП ТАСТАУҒА АРМЯН ДИАСПОРАСЫ ҚАРСЫ ШЫҚТЫ Ақтөбеліктер Левон Мирзоянның ескерткішін алып тастауды талап етуде. Талай қазақтың өліміне себепші болған адамды ұлықтаудың қажеті жоқ деп санайды жұрт. Бірақ мұнымен армян диаспорасының өкілдері келіспейді. Армяндар Мирзоянның күнәсі әлі анықталмады деген пікірде. Десе де мемлекеттік инспекторлар қаланың қақ ортасындағы көктастың заңсыз орнатылғанын мәлімдеді.

ҚАЗАҚСТАН СИРИЯҒА ӘСКЕР АТТАНДЫРУЫ МҮМКІН

Источник: Матрица.kz Дата: 15 сентября 2017 в 12:53

ҚАЗАҚСТАН СИРИЯҒА ӘСКЕР АТТАНДЫРУЫ МҮМКІН Егер БҰҰ-нан ұсыныс түссе, деэскалация аймақтарына жауынгерлерді жібереміз деді бүгін Нұрсұлтан Назарбаев. Яғни, «Қазбат» сарбаздары Идлиб, Хомас, Шығыс Гуте мен Сирияның оңтүстігіндегі қауіпсіздікті бақылауға баруы ықтимал.Бұл туралы «КТК» арнасы хабарлайды.Бүгін сол Сириядағы соғысты бейбіт жолмен шешуге бағытталған алтыншы кездесу Астанада өтіп жатыр.

АЛМАТЫ КӨШЕЛЕРІНДЕ ТЕГІН ТАМАҚПЕН ТОЛТЫРЫЛҒАН ТОҢАЗЫТҚЫШТАР ПАЙДА БОЛДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 13 сентября 2017 в 11:03

АЛМАТЫ КӨШЕЛЕРІНДЕ ТЕГІН ТАМАҚПЕН ТОЛТЫРЫЛҒАН ТОҢАЗЫТҚЫШТАР ПАЙДА БОЛДЫ Алматыда тегін тамақпен толтырылған қоғамдық тоңазытқыштар пайда болды. Енді азық-түлікке мұқтаж жандар керегін содан ала алады, деп хабарлайды «КТК» арнасы.Бірнеше жыл бұрын мұндай қайырымдылық жоба шетелде іске қосылған еді. Қазақстанда енді ғана таныла бастады. Бұл елімізде фудшерингті немесе азық-түлікпен алмасуды дамытудың бірінші кезеңі.

САЙРАМНАН ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА ТАБЫЛДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 04 сентября 2017 в 17:03

САЙРАМНАН ҚЫМБАТ ҚАЗЫНА ТАБЫЛДЫ «Оңтүстік Қазақстанда археологтар 2 мың жылдық тарихы бар жәдігерлерді анықтады», — деп хабарлайды КТК арнасы. — Қаңлы мәдениетіне тиесілі көне тиын, жебе мен керамика Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағынан табылып отыр. Археологтар бұл жәдігерлер көне Қаңлы мемлекетінің экономикалық байланыстарынан көп мәлімет береді деп есептейді.Сан ғасыр жердің астында жатып тат басқан бұл бұйымдарды археологтар қымбат қазынаға балайды.

ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ШОШЫТҚАН НАЗАРБАЕВ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ АВТОТҰРАҚ БАҒАСЫ ӨЗГЕРМЕЙТІН БОЛДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 15 августа 2017 в 17:03

ЖҮРГІЗУШІЛЕРДІ ШОШЫТҚАН НАЗАРБАЕВ ӘУЕЖАЙЫНЫҢ АВТОТҰРАҚ БАҒАСЫ ӨЗГЕРМЕЙТІН БОЛДЫ Екі күн ішінде жүз мыңдап шот алған азаматтардың оқиғасы, қалғандарына сабақ дейді Астана әкімдігі. Ал қомақты төлеммен келіспей, дау шығарған әнші-әртістер болса жауаптан оңай құтылды, – деп жазды КТК арнасы.Олардың танымалдылығын ескеріп, елордалық шенеуніктер жеңілдік жасапты. Бірақ онсыз да қалтасы тайыз басқа жүргізушіге әкімдік бұлай жұмсара бермейді.Бұл соманы көргенде өз көзіне өзі сенбеген әнші Қайрат Баекенов естен тана жаздады. Өйткені темір тұлпарын 1 жарым тәулік тұраққа қалдырғаны үшін 57 мың төлеуі керек.Тойларда ең сұранысқа ие танымал актер Нұрлан Әлімжан да, паркоматтағы бағаны көргенде шошып кетті.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АЖЫРАСУДАН КӨШ БАСТАП ТҰР

Источник: Матрица.kz Дата: 04 августа 2017 в 09:33

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АЖЫРАСУДАН КӨШ БАСТАП ТҰР Елімізде тіркелген некелер мен ажырасқан отбасылардың саны белгілі болды,-деп жазды КТК арнасы.Әділет министірлігінің мәліметі бойынша, осы жылдың басынан 1 тамызға дейін 76 мыңғы жуық жұп үйленсе, 31 мың 500-ге тарта ажырасу актісі толтырылған. Некеге тұру дерегі бойынша Онтүстік Қазақстан облысы алда тұр.Бұл аймақта 11 мың 300-ге жуық шаңырақ көтерілсе, Алматыда 9 мың 200-ден аса жүп некеге отырыпты.

Алматыда гайморитін емдеуге барған жігіт медициналық орталықта көз жұмды

Источник: Zakon.kz Дата: 11 апреля 2017 в 10:19

Алматыда гайморитін емдеуге барған жігіт медициналық орталықта көз жұмды Марқұм болған Алексей Губенконың 26 жастағы жары оның гайморит дертін емдеуге кеткенін, алайда бірнеше сағаттан соң оның көз жұмғаны жайлы хабар алғанын айтады. Бұл туралы stan.kz, КТК арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап жазды. «Күйеуіммен бірге оның досы болған. Ол емдеу кезінде кабинетке кірмеген.

Оралда қоқыс арасында жалғыз тұрып келген әжейдің бармақтарын кесуі мүмкін

Источник: Zakon.kz Дата: 16 февраля 2017 в 10:19

Оралда қоқыс арасында жалғыз тұрып келген әжейдің бармақтарын кесуі мүмкін Оралда жылу мен жарығы жоқ, қоқысқа айналған үйде жалғыз тұрып келген 83 жастағы Валентина Дубовскаяның аяғының бір бөлігі үсіп қалған. Енді оған ампутация жасау қаупі төніп тұр, деп хабарлайды stan.kz, КТК арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме беріп.Еріктілер әжейдің аман қалуына үй хайуанаттары көмектескенін айтады.«Терезе әйнектері жоқ, үй іші суық. Үйіндегі мысықтары мен иті қасында бірге жатқандықтан, әжейдің денесінің бар бөлігі үсіп кетпегенге ұқсайды», – дейді ерікті Марина Киловатт.Еріктілер үйдегі қоқысты екі күн бойы тазалады.

Таразда 8 жасар туған қызын зорлаған әке сотталды

Источник: Zakon.kz Дата: 20 января 2017 в 14:49

Таразда 8 жасар туған қызын зорлаған әке сотталды 45 жастағы азаматтың 8 жасар перзентіне жәбір көрсеткені дәлелденіп, азғын енді 17 жылын түрмеде өткізетін болды, – деп хабарлайды КТК арнасы.«Сот барысында азаматтық талап берілді. Әйелінен менің қызыма жанкүйзеліс жағдайға ұшыратты деген талаппен берілді. 2 млн. талап қойылды, оның 1,5 млн. ішінара қанағаттандырылды», – судья Айгүл Мәлікова.Сұмдық оқиға өткен жылы қыркүйекте болған. Үйде төрт баласымен қалған педофил, үшеуін далаға қуып жіберіп, 8 жастағы қызын өзімен алып қалады.

Халыққа қызмет көрсету орталығында қаза болған ер адамның өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Источник: Zakon.kz Дата: 12 января 2017 в 10:19

Халыққа қызмет көрсету орталығында қаза болған ер адамның өліміне қатысты жаңа деректер шықты Алматы облысындағы Іле аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына құжат рәсімдеуге келген тұрғын оқыстан қайтыс болған, деп хабарлайды КТК арнасы.60 жастағы азаматтың ұзын-сонар кезекте тұрған сәтте жүрегі сыр беріпті. Алайда дереу жедел жәрдем шақыртылғанымен, марқұмды ажал аузынан арашалап қалу мүмкін болмаған.

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус төңкеріліп қалды

Источник: Zakon.kz Дата: 08 декабря 2016 в 12:59

ШҚО-да жолаушыға лық толы автобус төңкеріліп қалды Шығыс Қазақстан жұртын қытымыр қыс шырғалаңға салуда. Өңірде апта бойы сақталған сары шұнақ аяздың соңы жаңбырға ұласып, маңызды жолдардың барлығы мұз айдынына айналған. Енді күре жолдарда көлік қозғалысы қиындап кетті, деп хабарлайды КТК арнасы.Көктайғақтың кесерінен Зайсан-Алматы бағытына шыққан автобус 28 жолаушысымен төңкеріліп қалған.

«Бәйтеректі» жөндеуге 400 миллион теңге бөлінбек

Источник: Zakon.kz Дата: 25 ноября 2016 в 14:19

«Бәйтеректі» жөндеуге 400 миллион теңге бөлінбек Қыруар қаржы әйгілі монументті бастан аяқ жөндеуге жұмсалмақ. Өйткені, ашылғалы жөндеу көрмеген «Бәйтеректің» шынылары шытынап кеткен. Ал, осы әйнектер бюджеттің миллиондарына тағы Италиядан алдырылмақ. Сондықтан Астананың басты символы қаңтар айынан бастап үш айға жабылатын болды, деп хабарлайды Baq.kz, КТК арнасы жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 23 новости из 23