Популярные темы

коммунизм жолы: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Қадірлі әріптестер!

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 14:32

Қадірлі әріптестер!
Сіздерді ұлттық баспасөздің байырғы басылымдарының бірі — «Ақтөбе» газетінің 95 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!1924 жылдан бері «Кедей», «Алға», «Социалды жол», «Социалистік жол», «Батыс Қазақстан», «Коммунизм жолы» сияқты түрлі атаулармен жарық көрген шежірелі газет еліміз егемендік алғаннан кейін «Ақтөбе» болып өзгерді.Газеттің кемеліне келіп, қазақ баспасөзінің іргелі басылымдарының біріне айналуына Ж.Тілепбергенов, Қ.Қожамұратов, С.Мұқашев және басқа да аға буын өкілдері зор еңбек сіңірді.

«Ақтөбе» газеті — батырлар мекенінде

Ақтөбе газеті, 14 ноября 2019 в 10:02

«Ақтөбе» газеті — батырлар мекенінде
Сәрсенбі күні «Ақтөбе» облыстық қоғамдық-саяси газеті 95 жылдық мерейтойы аясында Қобда ауданына барып, оқырмандарымен кездесіп қайтты. Жуырда ғана өзінің 90 жылдық тойын тойлаған батырлар мекені ғасырға жуық тарихы бар газет ұжымын зор ықыласпен қарсы алды.1929 жылы шілде айында құрылған елдік пен ерліктің мекені — Қобда ауданында бүгінде 20 мыңға жуық халық тұрады.

«Ақтөбе» тәуелсіздікті айта келді

Ақтөбе газеті, 10 октября 2019 в 11:12

«Ақтөбе» тәуелсіздікті айта келді
Ширек ғасырға жуық «Коммунизм жолы» аталған газеттің аты өзгеріп,1990 жылғы 6 қазанда оқырманның қолына «Ақтөбе» болып тиді. Газеттің осы күнгі қалың оқырманға арналған беташар сөзінде айтылғандай, басылымды жаңа атаумен шығару,ең әуелі, осыгазет оқырмандарының ұсыныстары, пікірлері мен тілектеріне орай ұйғарылды.Соның өзінде бірден болмай, бұл мәселе газеттің беттерінде жарты жылдан астам уақыт талқыланды.

«Ақтөбе» газеті — Темір ауданында!

Ақтөбе газеті, 03 октября 2019 в 11:22

«Ақтөбе» газеті — Темір ауданында!
Облыстық «Ақтөбе» газетінің 95 жылдығы Темір ауданында «Ауылым — алтын бесігім» шарасы аясында кең көлемде аталып өтті. Темір ауданының газет тарихында алар орны ерекше. Облыстық газет алғашында «Кедей» деген атпен 1924 жылдың 7 маусымында жарық көрді. Ал 1930 жылдың 19 тамызында «Кедей» Темір ауданының газетіне айналып, орнына «Алға» газеті шықты.

«Коммунизм жолы»—өз тұсының шындығы

Ақтөбе газеті, 26 сентября 2019 в 10:22

«Коммунизм жолы»—өз тұсының шындығы
«Еуропаны коммунизм елесі кезіп жүр» деген данышпанның сөзі ақыры елес болып қалды. Бірақ соны елуінші жылдардың басында КСРО-ның билік басына келген Н.С.Хрущев алдағы жиырма жылда орнатамыз деп, әлемге жар салды. Сол-ақ екен, бұрын «Сталин туы», «Еңбек туы», «Стахановшы», «Октябрь туы», «Социализм жолы», тағы басқа атанып келген мерзімдік басылымдар «Коммунизм үшін», «Коммунизм туы», «Коммунизм таңы», «Коммунизм жолы» деп, аттың басын қиялдағы коммунизмге қарай бұрды.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 5 новостей из 5