Популярные темы

зерттеу: новости

Алматыдағы жер сілкінісі: ғимараттардың зақымдалғаны туралы қайда хабарласу керек

Крыша, 04 марта 2024 в 18:07

Алматыдағы жер сілкінісі: ғимараттардың зақымдалғаны туралы қайда хабарласу керек
Алматыда жер сілкінісінен кейін жедел желі жұмыс істеп тұр. Жедел штаб жасалды. Сұрақтар және ғимараттардың зақымданғаны бойынша қала тұрғындары мен қонақтары 8 (727) 278 20 83, 278 20 84 телефоны арқылы хабарласа алады.Жер сілкінісі 4 наурызда сағат 11:20-да болды. Эпицентрі Алматыдан 31 шақырымда Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасты.

Елордалық ғалым қант диабетін ерте анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты

Arna Press, 13 февраля 2024 в 10:18

Елордалық ғалым қант диабетін ерте анықтаудың жаңа тәсілін ойлап тапты
Қант диабетін адамның тыныс алуы арқылы білуге болады. Аманжол Тұрлыбекұлы бұл ғылыми жоба жылдың соңына қарай аяқталады деп отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Аманжол Тұрлыбектің айтуынша, диабетке шалдыққан азаматтардың ас қорыту жүйесі бұзылады. Тиісті гармондар бөлінбейді.Салдарынан адамның дем алысы өзгереді, аузынан ацетон иісі шығады.

ҰҚК асқазанында есірткі тасымалдаған курьерлерді ұстады

Arna Press, 08 февраля 2024 в 13:08

ҰҚК асқазанында есірткі тасымалдаған курьерлерді ұстады
ҰҚК «жұтқыш» есірткі курьерлерін ұстады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2024 жылғы 24 қаңтарда Ақтау қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаментінің жедел қызметкерлері мен шекарашылар есірткі тасымалдады деген күдікпен екі шетелдік азаматты ұстады.Осы жолаушылардың іш қуысына рентгеноскопиялық зерттеу бөгде заттардың бар екенін көрсетті.

Сарапшы: Қазақстандағы әрбір алтыншы бала зорлық-зомбылықтың куәгері

Arna Press, 25 января 2024 в 16:38

Сарапшы: Қазақстандағы әрбір алтыншы бала зорлық-зомбылықтың куәгері
Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбы жылдан жылға өзекті болып келеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Дағдарыс орталықтары одағының басшысы Зульфия Байсақованың айтуынша, Қазақстан 1998 жылы Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны ратификациялағанымен, сол арқылы отбасының барлық мүшелері үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасау жөніндегі міндеттемелерді мойнына алғанымен, елімізде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, бұл мәселе толығымен шешілмей отыр, себебі заң және профилактикалық жұмыстар әлі де өз деңгейінде емес.«Қазақстандағы әрбір үшінші отбасы дерлік зорлық-зомбылықтың бір түріне ұшырайды – физикалық, психологиялық, экономикалық, жыныстық.

Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?

Arna Press, 10 января 2024 в 14:18

Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?
Ұлттық банк Қазақстанда айналымда қанша қолма-қол теңге бар екенін және азаматтар тауарлар мен қызметтерді төлеу кезінде банкноттарды қаншалықты жиі пайдаланатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық банк Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында, 2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша айналыстағы қолма-қол теңге көлемі 3,5 триллион теңге болғанын хабарлады.Ұлттық банк мәліметінше, қолма-қол ақшасыз төлем инфрақұрылымының белсенді дамуына қарамастан, айналыстағы қолма-қол ақшаның динамикасы тұрақты өсімді көрсетіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек

Arna Press, 03 января 2024 в 13:28

Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек
Президент «Egemen Qazaqstan» газетіне көлемді сұхбат берді. Оның толық нұсқасын төменде келтіреміз.Өткен жыл несімен есіңізде қалды?– Осы мүмкіндікті пайдаланып, барша отандасымды тағы да Жаңа жыл мей­рамымен құттықтаймын!2023 жыл еліміз үшін маңызды оқиғаларға толы жыл болды. Біз негізгі саяси реформаларды аяқтап қалдық.

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы «Қазреестр» ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасын жариялады

kapital.kz, 11 декабря 2023 в 15:16

Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы «Қазреестр» ақпараттық жүйесінің жаңа нұсқасын жариялады
2023 жылғы 8 желтоқсанда Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы (ҚТК) үлестік тұрғын үй құрылысы нарығын цифрландыруға арналған презентациясын өткізді.Құрылыс компанияларына тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттарды (ҮҚШ) мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын «Қазреестр» тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай ақпараттық жүйесінің жаңартылған нұсқасы көрсетілді.Қазреестрдің жаңалықтарының бірі eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн режимде ЭЦҚ немесе QR-код көмегімен электрондық ҮҚШ жасау, сондай-ақ оларды автоматты түрде тіркеу жөніндегі функционал болып табылады.

«Тачэн-Семей» тікелей әуерейсі ашылуы мүмкін

Arna Press, 29 ноября 2023 в 15:38

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев бастаған Абай облысының делегациясы ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялы ауданының ірі өнеркәсіп орталығы – Үрімжі қаласына келді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сапар барысында кәсіпкерлер, бизнес өкілдері мен басқарма басшылары өңірлер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.«Қытай – біздің аймақтың негізгі сауда-экономикалық серіктесі.

«Ән айтып ақша тауып жүрмін». Ерте қартайған Нұржан Өркешбаев қазір қайда жүр? 15 ноября 2023, 09:22

Tengrinews, 15 ноября 2023 в 09:33

Прогерия ауруына шалдыққан Қазақстандағы жалғыз адам Нұржан Өркешбаев емделуге ниеті болса да, ешқандай жеңілдіктер жоқтығына налиды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыз. «Жағдайымды кімге барып, айта берейін? Мейлі облыстың дәрігерлері болсын, шенділері болсын, ешқайсысы денсаулық жағдайымды сұрап жатқан жоқ.

Мобилограф Шахназ Жылқайдардың қазасы: алдын ала себебі аталды

Arna Press, 16 октября 2023 в 16:18

Мобилограф Шахназ Жылқайдардың қазасы: алдын ала себебі аталды
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері мобилограф Шахназ Жылқайдардың қазасына қатысты пікір білдірді.14 қазанда Жылқайдар Шахназдың денесі сот-медициналық сараптама жұмыстарын жүргізу үшін Сот сараптама институтына жеткізілген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Өлімнің алдын — ала себебі — жедел геморрагиялық панкреонекроз.Өлімнің нақты себебі токсикологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады.

Батыс Қазақстандағы университет қызметкерлері бюджеттің 55 миллион теңгесін ысырап еткен

Arna Press, 16 октября 2023 в 10:48

Батыс Қазақстандағы университет қызметкерлері бюджеттің 55 миллион теңгесін ысырап еткен
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерімен қаражат жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның айтуынша Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуы тақырыбында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін аталған университетке 55 млн теңге бөлген.«Зерттеу нәтижелері халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді.

«Взгляд сквозь время»: В Темиртауском музее представят исследовательский фотопроект

EKaraganda.kz, 05 октября 2023 в 20:55

«Взгляд сквозь время»: В Темиртауском музее представят исследовательский фотопроект
Зрителям предлагают фотопогружение в историю строительства Темиртау. Будут представлены уникальные фотовиды города металлургов с 50-х до 70-х годов. Для этого музей провёл большую исследовательскую работу в государственных архивах Карагандинской области и Темиртау, фотоархиве АО «АрселорМиттал Темиртау».Для определения «точки погружения» фотоклубом представлены современные виды города, снятые в 2023 году с того же ракурса, что и старые снимки.Посетители смогут увидеть, как изменился Темиртау за последние полвека, узнать, как возводились улицы, менялся городской облик.

Жителей Темиртау приглашают на выставку художника Владимира Проценко

EKaraganda.kz, 14 сентября 2023 в 20:05

Жителей Темиртау приглашают на выставку художника Владимира Проценко
Справки можно получить по телефонам: (8-7213) 93-19-05, 8-747-185-58-02. Теміртау тұрғындарын Владимир Проценконың көрмесіне шақырадыВладимир Проценконың «Калейдоскоп» атты жеке көрмесінің ашылуы 15 қыркүйекте сағат 16:00-де Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында өтеді. Қарағанды суретшісінің көркем коллекциясынан 30 жұмыс ұсынылады.

Шымкентте энергетик шығаратын цехтың қызметі тоқтады

Arna Press, 11 сентября 2023 в 12:28

Шымкентте энергетик шығаратын цехтың қызметі тоқтады
Оны Бизнес құқықтарын қорғау және көлеңкелі экономикамен күрес бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс аясында ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті тоқтатты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.ҚМА баспасөз қызметіне таратқан ақпарат бойынша, жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 мыңнан астам құты контрафактілік сусынның дайын өнімдері, тауар белгісі бар 54 мың данадан астам бос банкалар энергетикалық сусынды құюға арналған жабдық, сия бүріккіш жапсырма, орау құрылғылары, қақпақтар, құрғақ қоспалар тәркіленді.

Түркістан мен Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюпов үшін прокуратура 13 жыл сұрады

Vera.kz, 31 августа 2023 в 12:19

Түркістан мен Кентаудың бұрынғы әкімі Рашид Аюпов үшін прокуратура 13 жыл сұрады
Прокуратура Рашидті кінәлі деп тануды сотта сұрады, деп хабарлайды vera.kzМемлекеттік айыптаушы бұрынғы шенеунік Рашид Аюповқа тағылған айыпты дәлелденген деп санады.«Сараптамалардың қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттерімен құқық бұзушылықтар жиынтығы фактісі анықталды. Өрескел процедуралық бұзушылықтар болған жоқ.

Семейде ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерді еске алды

Arna Press, 29 августа 2023 в 20:08

Семейде ядролық сынақ полигонынан зардап шеккендерді еске алды
Бүгін Семейдің Бейбітшілік аралында полигонның жабылуына орай көпшілік «Өлімнен де күшті» монументіне гүл шоқтарын қойып, ядролық сынақ құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Шараға өңір тұрғындары, қоғам белсенділері мен Жапониядан арнайы келген делегация қатысты.«Мен Семейге алғаш рет 20 жыл бұрын арнайы Семей ядролық полигонын зерттеу үшін келдім.

Шәкәрім ұрпақтары Семейге жиналды

Arna Press, 11 июля 2023 в 15:58

Шәкәрім ұрпақтары Семейге жиналды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдығына орай ақын рухына тағзым етіліп, ескерткішіне гүл шоқтары қойылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жиынға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, зиялы қауым өкілдері, қала тұрғындары, жастар, әр саланың өкілдері, ақынның ұрпақтары да қатысты.

Алтын Орда дәуірінен қалған жалғыз ту бізге қалай жетті? Белгілі ғалым әңгімелеп берді 23 июня 2023, 08:57

Tengrinews, 23 июня 2023 в 09:03

Алтын Орда дәуірінен қалған жалғыз ту бізге қалай жетті? Белгілі ғалым әңгімелеп берді
                23 июня 2023, 08:57
Орал тұрғыны Анаргүл Әмірова аталарынан аманаттап Алтын Орда туын осы кезге дейін сақтап келгені туралы Massaget.kz тілшілері сұхбат жазған еді. Аталмыш мақала әлеуметтік желіде біраз пікірталас туғасын Massaget.kz порталының тілшілері ту туралы арнайы фоторепортаж дайындады. Анаргүлдің туды мемлекет қорғауына алсын деп бармаған жері, қақпаған есігі қалмаған.

Биыл шетелдегі ең мықты университеттер елімізден филиалын ашады — министр

Arna Press, 08 июня 2023 в 21:08

Биыл шетелдегі ең мықты университеттер елімізден филиалын ашады - министр
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек биыл Қазақстанда қандай шетелдік университеттер өз филиалдарын ашатынын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Биыл біз алты филиалды ашамыз. Ең жоғары көрсеткіште — Ақтөбедегі Жұбанов жоғары оқу орнының базасында орналасқан Heriot-Watt университетінің филиалы.

Алматы облысында әкесі мен төрт баласы белгісіз заттан уланып қаза болды

Arna Press, 10 мая 2023 в 10:48

Алматы облысында әкесі мен төрт баласы белгісіз заттан уланып қаза болды
Алматы облысында көп балалы отбасы белгісіз заттан уланып, бес адам қаза тапты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Қайғылы оқиға 4 мамырда Көліащы ауылында болған. Сағат 16:04-те Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Қарасай ауданы, Елтай ауылдық округіне қарасты Көліащы ауылындағы жеке тұрғын үйде алты адам (екі ересек және төрт бала) алдын ала белгісіз заттан уланғаны туралы хабарлама келіп түсті, — делінген Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.«Нәтижесінде 1984 жылы туған ер адам (әкесі) және төрт бала (2010 жылы туған қызы және 2008, 2013, 2018 жылы туған ұлдары) қаза болды.

Сарапшы су ресурстарын тиімдірек пайдалану үшін жаңа технологияларды енгізуді ұсынды

Arna Press, 24 апреля 2023 в 20:18

Сарапшы су ресурстарын тиімдірек пайдалану үшін  жаңа технологияларды енгізуді ұсынды
Су тапшылығы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ең өткір экологиялық мәселелердің бірі. Жыл өткен сайын жағдай қиындап, ел билігі бұл мәселемен күресу үшін түрлі шараларды қолға алуда.Дүниежүзілік банк деректерінде Қазақстанда су ресурстарының шамамен 60%-ы ірі өзендер орналасқан елдің батыс Іле, Ертіс және т.б. бөлігінде екенін көрсетеді.

Қызылордалық күріш компаниясы өзге елдердің нарығына қалай шыға алды

kapital.kz, 27 марта 2023 в 08:36

Қызылордалық күріш компаниясы өзге елдердің нарығына қалай шыға алды
QazTrade сауда саясаты орталығы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің көмегімен төртінші жыл қатарынан «Экспортты жеделдету» бағдарламасын жүзеге асырып келеді.Осы уақыт ішінде бағдарламаға 300-ден астам отандық тамақ, жеңіл, химия өнеркәсібі, машина жасау және қызмет көрсету саласы қатысты. «Асыл дән LTD» компаниясы сату бөлімінің жетекшісі Ақнұр Дархан экспорттаушыларды қолдау жөніндегі мемлекеттік шаралардың бизнес көкжиегін кеңейтуге қалай көмектесетіні туралы әңгімелеп берген еді.– Ақнұр, компанияның даму кезеңі туралы қысқаша айтып берсеңіз.

Семейлік оқушы қымыз алуға арналған құрылғыны патенттеді

Arna Press, 09 марта 2023 в 18:58

Семейлік оқушы қымыз алуға арналған құрылғыны патенттеді
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10 сынып оқушысы Арыстан Нұрғалеев Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының ХІІІ Халықаралық конкурсында жүлделі ІІ орынға ие болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дәстүрлі сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекеттерінен түрлі тақырыптардағы 112 жобамен 150 оқушы қатысқан.

Қарағандыда оқушылар мен студенттерге арналған «Бизнес старт» байқауы өтті

EKaraganda.kz, 04 марта 2023 в 15:35

Қарағандыда оқушылар мен студенттерге арналған «Бизнес старт» байқауы өтті
Колледждер мен жоғары оқу орындарының кәсіпкерлері мен оқытушыларынан құралған қазылар алқасы барлығы 29 жобаны байқады. «Бизнес бастау» байқауының ұйымдастырушылары — Қарағанды облысының білім басқармасы мен облыстық «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру ғылыми-тәжірибелік орталығы. Осындай байқаудың көмегімен кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін әлеуметтік маңызы бар және ғылыми-зерттеу қызметтер саласында дарынды жастар анықталып, оларға қолдау көрсетіледі.Байқаудың облыстық кезеңінің алдында іріктеу кезеңі өтті, олар – көрмедегі жобалардың электронды тұсаукесері мен оларды қорғаудан тұрды, содан кейін әділқазылар жеңімпаздарды анықтады.

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды автобус қағып кетті

Arna Press, 22 февраля 2023 в 18:58

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды автобус қағып кетті
Оңтүстік шаһарда қоғамдық көлік кәмелетке толмаған қызды қағып кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оқиға 22 ақпанда сағат 10:30-да Байтұрсынов көшесінде болған. Апат салдарынан қыз көптеген дене жарақатын алған. Бұл туралы мегаполистің Денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Шетелге ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды

Arna Press, 21 декабря 2022 в 17:48

Шетелге ғылыми тағылымдамадан өтуге өтінім қабылдау басталды
Шетелде ғылыми тағылымдамадан өту үшін конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім қабылдау басталды, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол 2023 жылғы 15 наурызға дейін жалғасады. Республикалық комиссия грант тағайындауды мамыр айына дейін жүзеге асырады. Әлемнің ең үздік оқу орындары мен орталықтарында тағылымдамадан өтуге ниет білдірген ғалымдарды «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ іріктеуден өткізеді.«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жыл сайын 500 отандық ғалымға мемлекет есебінен ғылыми тағылымдамадан өтіп, әлемнің жетекші зертханаларында зерттеу жүргізуге мүмкіндік беріледі.

Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл

EKaraganda.kz, 14 ноября 2022 в 15:35

Ұлттың ұлы ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл
Тіл — мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Қазақ тілінің заман қысымына қарамастан осы күнге дейін жойылып кетпей , қолданыста болуы. Әрине Ұлт көсемдерімен, зиялыларының , жанашырларынын ерең еңбегі. Бірі де бірегейі болып есімізіге бірден Ахмет Байтұрсынұлының есімі келеді. Ұшан-теңіз атқарған жұмыстары ғасырдан ғасырға айырықша аталып, жоғары бағаланып келеді.Қазақ тілінің ғылым ретінде дүниеге келуіне «Алаш» зиялы қауым өкілдері тікелей әсер еткені бәрімізге белгілі.

Семейлік оқушылар өлке тарихын зерттейді

Arna Press, 21 июня 2022 в 16:38

Семейлік оқушылар өлке тарихын зерттейді
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің бір топ оқушысы дәстүрлі желілік «Туған елге тағзым» танымдық-өлкетану экспедициясына қатысу үшін бас қосты, деп хабарлайды Arnapress.kz мектептің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Апта бойы қаламыз бен облысымыздағы түрлі тарихи-мәдени орындарды аралап, оның тарихын, географиялық, биологиялық ерекшеліктерін зерттейтін шәкірттеріміз ғылымға тың жаңалықтар енгізуді көздейді.«Бұл жоба көпшілікке жақсы таныс.
Показано 30 новостей из 88