Популярные темы

жол апаты: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Абай облысында көлік басқарып келген жүргізуші жолда ұйықтап қалған

Arna Press, 10 января 2024 в 12:28

Абай облысында көлік басқарып келген жүргізуші жолда ұйықтап қалған
Абай облысында көлік жүргізушісі рульде ұйықтап қалған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жол апаты 9 қаңтар күні кешке Омбы-Майқапшағай автожолының 659 шақырымында орын алды. Болжам бойынша, 30 жастағы Lada Granta жүргізушісі шаршағандықтан рульде ұйықтап қалған. Қарама қарсы фураға соғылмайын деп, басқаруды жоғалтқан жеңіл көлік кюветке ұшып, аударылды.Абырой болғанда, ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ.Сурет: Абай облысы ПД

«Әкімдіктің көлігі оқушыны қағып кетті»: Полиция мен әкімдік не дейді

Arna Press, 07 ноября 2023 в 17:48

6 қараша күні әлеуметтік желіде мектеп оқушысы Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкіміне тиесілі делінген көліктің астына түсіп қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Instagram-дағы пабликтің бірінде жарияланған ақпаратқа сай, адам өлімімен аяқталған жол апаты өткен бейсенбі, 2 қарашада болған.«Жетісу облысында мектеп оқушысы әкімнің көлігінің астына түсіп, қаза тапты.

Ақтөбе облысында бір айда 33 жол апаты тіркелген

Arna Press, 01 августа 2023 в 11:38

Ақтөбе облысында бір айда 33 жол апаты тіркелген
Шілде айында Ақтөбе өңірінде 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 11 адам қаза тауып, 49 адам түрлі жарақат алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Апаттардың негізгі себептері – жүргізушілердің жылдамдықты асыруы, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуы, жүру бөлігінде қауіпсіз қашықтықты сақтамау, қарсы бағыттағы жолаққа шығу.27 шілде сағат 14:30-да Toyota Ipsum автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласынан Ырғыз ауылына қарай келе жатып, Самара – Шымкент автожолының 994-километрінде көліктің аударылуына жол берген.

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: көлікте мұғалімдер отырған

Arna Press, 02 июня 2023 в 13:28

Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апаты болды: көлікте мұғалімдер отырған
Ақтөбе облысындағы 4 адам мерт болған жантүршігерлік жол апатына қатысты жаңа деректер белгілі болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Қайғылы оқиға 1 маусымда Самара – Шымкент тасжолында болған. Lada Largus-тың 27 жастағы жүргізушісі DAF жүк көлігімен соқтығысқан.

Депутат жүргізуші куәлігін емтиханды тапсырмай-ақ оп-оңай алу мүмкіндігін шектеуді сұрады

Arna Press, 20 апреля 2023 в 17:08

Депутат жүргізуші куәлігін емтиханды тапсырмай-ақ оп-оңай алу мүмкіндігін шектеуді сұрады
Respublica партиясы фракциясының депутаты Олжас Құспеков мәжіліс отырысында үкімет басшысына сауал жолдады. Ол жол-көлік оқиғалары салдарынан қаза тапқандардың саны жыл сайын көбейіп келе жатқанына қатты алаңдайтынын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Депутаттың сөзінше, елде жыл сайын 10-15 мың жол-көлік оқиғалары тіркелсе, салдарынан 2 мыңға жуық адамдар қаза табады.

БҚО-да есірткіге еліткен Hyundai жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

Arna Press, 11 апреля 2023 в 09:08

БҚО-да есірткіге еліткен Hyundai жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды
БҚО-да мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қайғылы оқиға 8 сәуірде сағат 23:18 уақыт шамасында Атырау-Орал тас жолындағы Круглоозерное ауылының маңында орын алды.«33 жастағы Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жолдың белгіленбеген жерінен өткен 33 жастағы ер адамды қағып кетті.

«Сау-тамтығы жоқ». Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Arna Press, 01 апреля 2023 в 22:48

Полиция мәліметінше, Audi 100 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі Алматы-Көкпек–Көктал тас жолының 196 шақырымында жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, 1964 жылғы азамат тізгіндеген Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның үш жолаушысы (біреуі — бала), сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Әртүрлі дене жарақаттары бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Павлодарда жол апатынан бір адам көз жұмды

Arna Press, 01 апреля 2023 в 22:48

Павлодарда жол апатынан бір адам көз жұмды
Павлодар облыстық ПД қаза тапқан адамның жол апатына түрткі көліктің жолаушысы болғанын нақтылайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Полиция мәліметінше, 1 сәуірде сағат 12:45 шамасында Аudi автокөлігінің жүргізушісі кіші айналма көшесі бойында жол беру белгісін елемей, Hennigdorf тіркемесі бар Man автокөлігімен соқтығысты.Audi көлігінде болған жолаушы оқиға орнында мерт болды.«Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр.

Жетісу облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алды

Arna Press, 27 марта 2023 в 22:58

Жетісу облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алды
Алматы-Өскемен тас жолының 406-шақырымында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты. Тағы екі адам түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жол апаты 27 наурызда Ақсу ауданы маңында орын алған.Соқтығысқан Toyota Camry-дің тізгінінде 39 жастағы ер адам және Kia Rio көлігінің тізгінінде 40 жастағы әйел адам болған. Қос жеңіл көлік Алматы-Өскемен тас жолының 406-шақырымында соқтығысқан, жүргізушілердің бірі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен.«Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы бойынша тергеу барысында жол апатына кінәлі адам анықталады.

Кәмелетке толмаған бала көлік ұрлап, жол апатына түсті

Arna Press, 25 марта 2023 в 21:38

Кәмелетке толмаған бала көлік ұрлап, жол апатына түсті
Таразда мейрам күндері жантүршігерлік жол апаты болды. Кәмелет жасына толмаған тұрғын мінген Toyota көлігі негізгі жолда келе жатқан LADA автокөлігін соққан. Апаттан бір адам көз жұмған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ге сілтеме жасап.«Мен жақын маңда тұрамын, жұмысқа кетіп бара жатқан кезде бір дауыс естідім.

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды

Arna Press, 17 марта 2023 в 21:08

Алматыда жантүршігерлік жол апаты орын алды
Алматы іргесіндегі Үлкен Алматы айналма автомобиль жолындағы (ҮАААЖ) алғашқы ірі жол апат видеоға түсіп қалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Оқыс оқиға салдарынан жеңіл көліктің алдыңғы бөлігі түгелдей қираған. Алматы облысының полицейлері бұл жол-көлік оқиғасы шынымен де, салынып жатқан ҮАААЖ тасжолында болғанын растады.«2023 жылғы 15 наурызда сағат 15:00 шамасында 35 жастағы жүргізуші BMW автокөлігімен ҮАААЖ тасжолында оңтүстік бағытта, 17-шақырымда келе жатып, рөлге ие бола алмай кедергіге соғылды.

Алматы — Қорғас тасжолында ірі жол апаты болды

Arna Press, 27 февраля 2023 в 11:18

Алматы - Қорғас тасжолында ірі жол апаты болды
Әлеуметтік желіде Алматы-Қорғас тасжолында болған ірі жол апатының видеосы пайда болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Кадрларда аударылып қалған жүк тиелген тіркеме мен қираған көліктер көрінеді.Алматы облысының полицейлері жол апаты 26 ​​ақпанда сағат 11:00-де Алматы-Шелек-Қорғас тасжолының 42-шақырымында болғанын хабарлады.MAN жүк көлігінің артқы жартылай тіркемесі шығып кетіп, DAF автотасығышына соғылып, соққы инерциясынан ол Mercedes-Benz автотасымалдаушысымен соқтығысқан.MAN жүк көлігі бүйіріне аударылып қалған.

Алматы облысында екі адам көлікте жанып кетті

Arna Press, 31 января 2023 в 12:58

Алматы облысында екі адам көлікте жанып кетті
Алматы облысында жол апатынан екі адам мерт болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.30 қаңтарда Алматы мен Қонаев қалаларының ортасындағы тасжолда жол апаты болды. Mercedes-Benz автокөлігін тізгіндеген жүргізуші аса жоғары жылдамдықпен келе жатып Ford автокөлігіне соғысқан.Ford автокөлігі жолдың сыртына шығып кетіп, ізінше көліктен өрт те шыққан.

БҚО-да көлік су арнасына түсіп кетіп, 2 адам қаза болды

Arna Press, 04 января 2023 в 11:38

БҚО-да көлік су арнасына түсіп кетіп, 2 адам қаза болды
Батыс Қазақстан облысында автокөлік су арнасына түсіп кетіп, екі адам қаза болды, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Басылым мәліметінше, оқиға 2 қаңтарда Ақжайық ауданы Алғабас ауылдық округі аумағында болған.«Сағат шамамен 15.30-да Тоған ауылынан 3 шақырым жерде 1962 жылғы жүргізуші көктайғаққа байланысты Lada Vesta көлігінің тізгініне ие бола алмай, Бударин арнасына түсіп кетті.

«Жанболатқа тұрмысқа шықпағанда, қазір пәтер жалдап жүрер едім». Жұлдыздың жары» жобасында — Жазира Байырбекова 30 октября 2021, 18:29

Tengrinews, 30 октября 2021 в 18:33

Әнші, эстрада жұлдызы Жанболат Ербатыровтың жары Жазира Байырбекова «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында өнер жолындағы алғашқы қиындықтар, жол апаты, неге емделіп жүргені, отбасылық өмірі туралы сыр шертті.

Әнші Тамара Асар екінші баласын дүниеге әкелді 02 сентября 2021, 19:11

Tengrinews, 02 сентября 2021 в 19:23

Әнші Тамара Асар екінші баласын дүниеге әкелді
                02 сентября 2021, 19:11
Танымал әнші Тамара Асар екінші баласын дүниеге әкелді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өнер иесі қуанышты хабарын Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Тамара Асар бүгін қыз босанды. «Өмерге бұйырса бүгін Ажар Жұмашқызы келді… шүкір Аллаға», — деп жазды әнші. Посмотреть эту публикацию в Instagram.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 16 новостей из 16