Новости по теме "жамбыл ауданы"

Алматы түбінде 500 сиыр мен 500 жылқы бағып отырған бизнесмен тұрады

Источник: TengriNews Дата: 01 октября 2019 в 15:03

Алматы түбінде 500 сиыр мен 500 жылқы бағып отырған бизнесмен тұрады Ол 1992 жылы Моңғолиядан атамекенге қоныс аударған. Бүгінде Алматы облысы Жамбыл ауданы бұрынғы Айдарлы кеңшарының аумағында орналасқан «Машан» шаруа қожалығының басшысы. Tengrinews.kz тілшісі ауыл шаруашылығының дамуына өз үлесін қосып жүрген Қалан Қадиранұлымен тілдесіп қайтты. Қалан Қадиранұлы — Ұзынағаш ауылдық округінің құрметті азаматы.

Көженің дәмі әр өңірде неге әртүрлі — қазақстандықтар Наурызды қалай тойлайды

Источник: TengriNews Дата: 22 марта 2019 в 17:53

Көженің дәмі әр өңірде неге әртүрлі - қазақстандықтар Наурызды қалай тойлайды Қалың қыстан аман шыққан халық күн жылып, табиғат оянғанда Наурыз мейрамын тойлайды. Әлбетте, 22 наурыз — күн мен түннің теңелген уақыты болғандықтан, барша шығыс халықтары оны жыл басы деп санайды. Ұлыстың ұлы күні халық таза, жаңа киімдерін киіп, бір-бірімен қол алысып амандасып, төс қағыстырып, жақсы тілектер айтады, ауыл-ауыл болып дүркіретіп тойлайды.

Алматылық қыз енді босанатын баласын 500 мың теңгеге сатпақшы болған

Источник: TengriNews Дата: 01 июня 2018 в 01:13

Алматылық қыз енді босанатын баласын 500 мың теңгеге сатпақшы болған Бүгін 7 арнада «Өз ойым» бағдарламасына тумай жатып баласын саудалаған 22 жастағы Гүлмира есімді келіншек қонақ болды. Бастапқыда бағдарламаға қатыспаймын деп ашуланған ол ток-шоу жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызының өтінішіне құлақ асып, орамал жамылып, өз әңгімесін баяндады. Тағдырдың бұл сынына шыдамаған бойжеткен құрсағымдағы нəрестені 500 000 теңге несиесін жабу үшін сатпақ болған екен.

Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысындағы мұнай өнеркәсібі қызметкерін марапаттады

Источник: Zakon.kz Дата: 15 декабря 2017 в 13:09

Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысындағы мұнай өнеркәсібі қызметкерін марапаттады Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Атырау облысындағы «Теңізшевройл» ЖШС-нің менеджері Руслан Қуатовты «Қазақстаның Еңбек Ері» атағымен марапаттады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі Ақорда сайтына сілтеме жасап.«Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік және гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін:жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін: Қуатов Руслан Тұржанұлы — «Теңізшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы, — деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.Сонымен қатар, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімовке, «Жақсылық» ШҚ басшысы Жақсылық Үшкемпіровке (Алматы облысы, Жамбыл ауданы) берілді.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.Қуатов Руслан Тұржанұлы 1962 жылы 22 ақпанда Атырау облысында дүниеге келген. «Теңізшевройл» ЖШС-нің мұнай өндіру технологиясы бөлімінің менеджері, мұнай-газ саласында 33 жылдық тәжірибесі бар.

Елбасы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды

Источник: Zakon.kz Дата: 15 декабря 2017 в 09:39

Елбасы «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды Елбасы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1. Қазақстан Республикасын экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін:Есімов Ахметжан Смағұлұлы — «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы;Қуатов Руслан Тұржанұлы — «Тенгизшевройл» ЖШС менеджері, Атырау облысы;Үшкемпіров Жақсылық — «Жақсылық» ШҚ басшысы, Алматы облысының Жамбыл ауданы.2.

Қайрат Мәми Конституциялық кеңес төрағасы болып тағайындалды

Источник: Zakon.kz Дата: 11 декабря 2017 в 17:29

Қайрат Мәми Конституциялық кеңес төрағасы болып тағайындалды Қайрат Әбдіразақұлы Мәми Конституциялық кеңес төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Zakon.kz.Қайрат Әбдіразақұлы Мәми — Алматы облысы,Жамбыл ауданы,Жамбыл ауылында 1954 жылы 9 мамырда туған. Отбасылы, екі қыз, бір ұлы бар. С.М. Киров атындағы ҚазМУ-дің заң факультетін бітірген (1981). Құқықтанушы, з.ғ.д., профессор.Гурьев (Атырау) облыстық сотының, Алматы қалалық сотының төрағасы болып жұмыс істеді.1990 ж. – Қазақ КСР Жоғарғы Сотының мүшесі.1995 ж. ҚР Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер алқасын басқарды.1999-2000 жылдары ҚР Әділет вице-министрі, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.2000 жылдан бастап ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы, 2009 жылдан бастап – ҚР Бас прокуроры, 2011 жылдан бастап ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы болып жұмыс істеді.ТМД-ның жоғары төрелік соты мен жалпы соттары төрағалары кеңесінің тең төрағасы, ТМД Экономикалық Соты Пленумының мүшесі, Халықаралық заңгерлер одағы (Мәскеу қ.)төрағасының орынбасары болып табылады. Қазіргі кезде Дүниежүзілік заңгерлер қауымдастығының мүшесі, ЕурАзЭҚ ПАА төрағасы.Оның жетекшілігімен «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы», «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы», «Аралық соттар туралы», «Прокуратура туралы», «Құқық қорғау қызметі туралы» заңдар және соттардың құқық қолдану тәжірибесіндегі өзекті мәселелер жөніндегі Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары әзірленді.Сот санкциясы бойынша қамауға алу, сондай-ақ арнаулы экономикалық және ювеналды соттар мен алқа билер сотын құруға байланысты заңнамалық актілерді әзірлеуге және тәжірибеге енгізуге тікелей қатысты.ҚР Бас прокуроры болған кезде құқық қорғау жүйесі қызметінің сапасын арттыруды, құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылын үйлестіруді жақсартуды қамтамасыз етті. Қазақстан прокурорлары қауымдастығын құру туралы бастама көтерді. Қазіргі кезде Бас прокуратура Халықаралық прокурорлар қауымдастығының толыққанды мүшесі болып табылады.Қ.

МАЛ ҰРЛАЙТЫН ӘУЕСҚОЙЛАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Источник: Матрица.kz Дата: 18 июля 2017 в 09:53

МАЛ ҰРЛАЙТЫН ӘУЕСҚОЙЛАР ҚҰРЫҚТАЛДЫ Жамбыл ауданы азаматының 14 бас мүйізді қарасы жоғалды. Мал санының жетпейтінін ол жайылымда мүйізді қараларды санау барысында білген. Бұл туралы Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлайды.2017 жылдың 10 маусымы күні азамат Жамбыл облыстық ішкі істер бөліміне хабарласқан. Аталған факт 10.06.2017 жылғы Сот алды тергеудің бірыңғай реестрінде 188 баптың 3 бөлімі – ірі көлемдегі ұрлық ретінде тіркелді.Жамбылдық АІІБ-нің қылмыстық іс полицейлерінің жедел іздестіру шаралары барысында Жамбыл ауданы Октябрь-Жеміс ауылының тұрғындары болып келетін үш қылмыскер анықталып, ұсталды.Қаскүнемдердің өздері 14 бас сиырды ұрлағандарын мойындады.

Алматы облысында 14 мемлекеттік қызметші жұмыстан кетті

Источник: Zakon.kz Дата: 12 июня 2017 в 14:19

Алматы облысында 14 мемлекеттік қызметші жұмыстан кетті Алматы облысында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін аттестаттау жұмыстары аяқталды. Облыс бойынша осы сынақты жалпы 5514 тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аттестаттау қорытындысы бойынша жергілікті және орталық атқарушы органдардан 14 маман жұмыстан шығарылды. 71 қызметші өз лауазымынан төмендетілді.

Таразда күйші, сазгер Аман Малдыбаевтың шығармашылық кеші өтті

Источник: Zakon.kz Дата: 10 апреля 2017 в 15:19

Таразда күйші, сазгер Аман Малдыбаевтың шығармашылық кеші өтті Таразда Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, күйші, сазгер Аман Малдыбаевтың шығармашылық кеші өтті. ТарМПИ-дың 50 жылдығына арналған концерттің ашылу рәсімінде оқу орнының ректоры Дария Қожамжарова ұлттық музыканың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталып, төл өнерімізді дәріптеп жүрген сазгерге ыстық ілтипатын жеткізді, Бұл туралы zakon.kz, оқу орнының Ақпараттық-имидждік қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.– Музыка өнерінің мақсаты – өскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазыналарына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген орнықты қатынасын орнату.

Алматы облысында тағы бір азамат өз әйелін пышақтап өлтірді

Источник: Zakon.kz Дата: 22 февраля 2017 в 10:39

Алматы облысында тағы бір азамат өз әйелін пышақтап өлтірді Жантүршігерлік оқиға. Алматы облысында бір азамат 13 жыл бойы отасқан әйелін жұмысына барып, бірнеше жерінен пышақтап өлтірген. Бұл туралы 31 телеарна жазады. 33 жасында үзілген Жанар Насырованың денесін бүгін туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Ал күдіктіні полицейлер қылмыс болған күні ұстаған.

Алматы облысында қарақшылықпен айналысқан 9 қылмыстық топ анықталды

Источник: Zakon.kz Дата: 03 февраля 2017 в 13:09

Алматы облысында қарақшылықпен айналысқан 9 қылмыстық топ анықталды Алматы облысында пәтерді тонау жиілеген. Мұндай келеңсіз жағдайлар негізінен Алматыға іргелес орналасқан аудандарда көп кездеседі, деп жазады Хабар 24 арнасы. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары ұрыларды ұстауға мықтап кіріскен сыңайлы. Мәселен, Жамбыл ауданында өткен шұғыл-профилактикалық шара барысында апта ішінде қарақшылықпен айналысқан 9 қылмыстық топ анықталды.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 11 новостей из 11