Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "еске алу"

Берсиевті әлемге танымал еткен тары Ақтөбеде неліктен таңсық асқа айналды?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 11:12

Берсиевті әлемге танымал еткен тары Ақтөбеде неліктен таңсық асқа айналды? Тары өсіруден әлемдік рекорд орнатқан Шығанақ Берсиев — осы өңірдің перзенті екені, тиісінше Ақтөбенің брендінің қатарына аталған дақылды қосатынымыз белгілі. Сонау 1943 жылы 1 гектардан 201 центнер (!) өнім жинаған даңқты диқанның мол табысын қайталай алғандардың әлі күнге кездеспегенін де мойындамасқа лаж жоқ.

Аңыз адам

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 августа 2019 в 11:22

Аңыз адам ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт тарауының екінші бөлімінде ұлы даланың ежелгі металлургия: «металл өңдірудің амал-тәсілдерін табу, тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті… Ата-бабаларымыз жаңа неғұрлым берік металлдар өңдіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты» дейді.Сонау бабаларымыздан келе жатқан атакәсібімізді Кеңес үкіметі кезінде қолына алып, еліміздің металлургия саласында қажырлы қызмет істеп, осы саланың Қазақстан жерінде өсіп, өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан жерлесіміз Нәби Құлшаманұлы Жақсыбаевтың сіңірген еңбегі ұшан-теңіз. Қазақ елінің бүгінгі металлургиясының жетістіктеріне қосқан үлесі зор, қомақты.Социалистік Еңбек Ері, Зырян қаласының құрметті азаматы Нәби Жақсыбаев есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында сол шаһардағы өзі тұрған үйге мемориалдық тақта орнатылды.

Барлық кезең ағылшын тілінде

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 июня 2019 в 15:02

Барлық кезең ағылшын тілінде «Ақбөбек» мектеп жанындағы лагеріЖаз – балалардың ең сүйікті мезгілі. Демалыс уақыттарын жазғы лагерьде өткізген балалар естен кетпес қызықты сәттерді бастан өткізері анық.«Ақбөбек» мектеп жанындағы лагерінде балалардың жазғы демалысы жыл сайын жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді. Демалыс 8 кезеңнен тұрады.

Лаңкестік шабуылда қаза тапқандарды еске алды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июня 2019 в 15:02

Лаңкестік шабуылда қаза тапқандарды еске алды Ақтөбедегі №66/55 әскери бөлімде 2016 жылы 5 маусым күні лаңкестік шабуылда қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алу шарасы өтті. Жиынға облыс әкімі Оңдасын Оразалин және құқық қорғау, қауіпсіздік органдарының басшылары қатысты.Сол кезде қайғылы оқиға барлығын есеңгіретті. Қылмыскерлердің қолынан полиция және әскери қызметкерлермен бірге тұрғындар да қаза тапты.

Қандысай. Айтылмаған ақиқаттың беті қалай ашылды

Источник: TengriNews Дата: 31 мая 2019 в 20:43

Қандысай. Айтылмаған ақиқаттың беті қалай ашылды 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Алматының маңындағы Боралдай елді мекенінде саяси қуғын-сүргін құрбандарының құрметіне Қандысай белгітасы қойылған. Тengrinews.kz тілшісі тарихшы мамандардан бұл жердің тарихы жайлы сұрап-білді.Қазақстан саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар қауымдастығының төрағасы Жұмабек Ашуұлының айтуынша, 1938 жылдың 25 ақпанында Алматыда 39 адам атылып, денелері Боралдайдағы сайлардың біріне тасталған.

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жолында жұбайлары қандай хаттар жазған — Архив құжаттары

Источник: TengriNews Дата: 31 мая 2019 в 10:53

Қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жолында жұбайлары қандай хаттар жазған - Архив құжаттары Қазақстанда 31 мамыр — Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні. Ақтаңдақ жылдардың құпиясы уақыт өте келе ашылып, ел жадында сақтаулы. Міне, бұл мақсатта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Орталық мемлекеттік архив» республикалық мемлекеттік мекемесі еліміздің мәдениеті мен ғылымын дамыту, жоғарғы мемлекет ұйымдардың заңдық және ақпараттық негіздерін орындау, Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауларында көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыру жолында өзіне міндетті жұмыстарын атқарып келеді.

Тоқсан бес жылдық жол

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 мая 2019 в 16:12

Тоқсан бес жылдық жол Шалқар өңіріндегі білім ошағы — орта білім беретін мектептердің алғашқы ордасына айналған №1 мектеп-гимназиясы өзінің 95 жылдық белесіне қадам басып отыр. Бұл кезеңді лайықты атап өту үшін мектептің барлық түлектеріне арналып үндеу жарияланды. «95 жылға — 95 шара» атауымен ауқымды жоба жасақталды. Мұнда мектеп тарихының бастан өткерген сатылары қамтылады, тәрбиелік мәні зор, рухани, мәдени, спорттық бағыттағы әртүрлі жиындар, жарыстар, басқа да іс-шараларды өткізу белгіленген.Тоқсан бес жыл ауқымында мектебімізден жүздеген түлектер ұшып шықты.

Шарап стиліндегі той

Источник: Уральская Неделя Дата: 21 мая 2019 в 12:03

Шарап стиліндегі той Той тұжырымдамасы үшін ерекше және есте қаларлық нәрсе іздейсіз бе? Бордо терең реңктеріндегі шарап тақырыбы мен түс шешімі – бұл әсемдік, ақсүйектілік, мәңгілік құндылықтар, ұмытылмас әсерлер мен жарқын естеліктердің КЕПІЛІ. Америкада және Еуропа елдерінде танымал бола отырып, шарап үйлену тойлары әдемі және ерекше бағалай білетін жас жұбайларымыздың да жаулап алады.Шарап тойын безендіру үшін бордо мен марсалдың реңктері, сондай – ақ жидек түстері-шие, жүзім, итмұрын.

Инъекция арқылы жұқпа жұқтырушылар жоқ

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 мая 2019 в 11:22

Инъекция арқылы жұқпа жұқтырушылар жоқ Жыл сайын мамыр айының үшінші жексенбісінде Дүниежүзілік жұқпалы иммун тапшылығы синдромынан қайтыс болғандарды (ЖИТС) еске алу күні атап өтіледі. Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз жиынында АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) жұқпасының алдын алу және онымен күрес жұмыстары туралы сөз болды.

Әлия музейі: 10 мың жәдігер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 мая 2019 в 04:02

Әлия музейі: 10 мың жәдігер Биыл Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқанына 75 жыл. Ал келер жылы жерлес батыр қызымыз тірі болса 95 жасқа толар еді Осы екі атаулы датаға орай Ақтөбе қаласындағы Әлияның музейіне ол туралы білуге ұмтылып, мәдениет мекемесіне арнайы келетіндердің саны артқан.

Батырларға тағзым

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 мая 2019 в 17:52

Батырларға тағзым 9 мамыр күні Ақтөбеде «Батырларға тағзым» акциясы өтеді. Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін еске алу биыл басқаша форматта ұйымдастырылмақ. Сағат 10.30-да ҚР Тұңғыш Президенті атындағы мәдениет және демалыс саябағына қала тұрғындары соғысқа қатысқан ата-әжелерінің портреттерін алып шығуына болады. «Батырларға тағзым» акциясы аясында ардагерлердің тума-туыстары Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлерін бір минут үнсіздікпен еске алып, ардагерлер ерлігі туралы естеліктер айтып, боздақтардың рухына құрмет көрсетіледі.

Чернобыль құрбандарын еске алды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 апреля 2019 в 10:22

Чернобыль құрбандарын еске алды Биыл Украинадағы Чернобыль апатына 33 жыл толды. Өткен ғасырдағы ең ірі техногендік атом электр станциясында болған апатты жоюға Ақтөбе облысынан 2000 адам қатысқан болатын. Кеше апатта қаза болған азаматтарды еске алуға арналған шара Тұрғындар қалашығы ауданында орналасқан «Чернобль құрбандары» ескерткішінің алдында болды.

Қасым Қайсеновтің қазақтың батыр жауынгерлері жайлы естеліктерінен

Источник: TengriNews Дата: 23 апреля 2019 в 12:43

Қасым Қайсеновтің қазақтың батыр жауынгерлері жайлы естеліктерінен Ұлы Отан соғысы — бүкіл кеңес халқымен бірге қазақ ұлтының қаһармандық күресінің отты шежіресі. Осы соғыстағы қазақ халқының шежірелі ерлігі қаншама шығармаға арқау болып келді, әлі де жазыла бермек.Ұлы Отан соғысының даңқты партизаны, Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы, жазушы, публицист Қасым Қайсенов те өзіндік келбетімен танылған бірегей қаламгер.

Әмір-ғұмыр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 апреля 2019 в 10:42

Әмір-ғұмыр Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың облыстық мемориалдық музейінде белгілі журналист Әмір Оралбайды (1959-2008) еске алу кеші өтті. Ол тірі болғанда 21 сәуірде 60 жасқа толар еді. Бар-жоғы 49 жасында өмірден өткен Әмір Оралбайдың 28 жылға созылған журналистік ғұмыры Ақтөбе топырағында өтті. 1959 жылы Арал ауданындағы Аманөткел ауылында дүниеге келіп, 1976-1981 жж. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген бойы Октябрь аудандық (қазіргі Мұғалжар ауданы) «Октябрь туы» –«Знамя Октября» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактор, «Лениншіл жас», «Егемен Қазақстан» басылымдарының Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі, «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде басшылық қызметте болды. Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасында оқытушылық қызметінде жүріп, 2000 жылы «Құдайберген Жұбанов» деректі ғұмырнамалық анықтамалығын жарыққа шығарды. Қазақ тіл білімінің негізін салған полиглот лингвист, 1937 жылы жазықсыз атылғанҚ.Жұбановтың өмірбаяндық деректері мен ғылыми мақалалары тұңғыш рет осы жинаққа топтастырылды.

6655 әскери бөлімінде болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 апреля 2019 в 10:42

6655 әскери бөлімінде болды Облыс әкімі Оңдасын Оразалин 6655 әскери бөлімнің Ұлттық гвардия әскери қызметкерлерімен кездесті.6655 әскери бөлім қаруландыру қызметінің бастығы капитан Станислав Вдовкин облыс басшысын бөлімшенің жарақтандырылуымен, өздеріне жүктелген міндетті орындауға әзірліктерімен таныстырды.Оңдасын Сейілұлы Ұлттық гвардияның жаттығуларын көріп, бөлімнің жеке құрамының жауынгерлік дайындығы деңгейін бағалады.Әскери бөлім командирі, подполковник Мирас Тұрдалин атап көрсеткендей, мерзімді және келісімшарттық әскери қызметкерлер қажет болған жағдайда азаматтардың қауіпсіздігі мен тәртіпті қорғау бойынша әскери борыштарын абыроймен орындауға әзір.— 2016 жылғы маусым оқиғасын біз ұмытқанымыз жоқ.

Ыбырай мектептерінің бірі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 марта 2019 в 11:02

Ыбырай мектептерінің бірі Ақтөбе қаласының 150 жылдығы қарсаңында еш ұмытуға болмайтын көрнекті тұлғалардың бірі — Ыбырай Алтынсарин. Небәрі 48 жасында (1841-1889) аяқ астынан асқынған дерттен опат болған қазақ ағартушысы туралы орыс миссионері Н.И.Ильминский іле-шала дерлік (1891 ж.) Қазан қаласынан ыстық ықыласқа толы естеліктер жинағын шығарыпты.

Жас балуандар бақ сынады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 февраля 2019 в 10:22

Жас балуандар бақ сынады Қазіргі жас буын қазақ спортшыларының әлемдік деңгейдегі табыстарына қарап өсіп келеді. Балалар арасында спортқа деген қызығушылық жоғары. Олардың осы ынта-ықыласына қолдау көрсету үшін түрлі деңгейдегі жарыстардың жиі ұйымдастырылуы — құптарлық іс.23-24 ақпан күндері Ақтөбеде «Ер Бақыт» спорттық-патриоттық клубының жүлдесі үшінХІІІ республикалық ашық турнир өтті.

Ұмытылмайтын ерлік ұлықталды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 января 2019 в 10:02

Ұмытылмайтын ерлік ұлықталды 14 қаңтар — Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлікпен қаза тапқан күні. Биыл — батыр қыздың қайтыс болғанына 75 жыл. Осыған орай Ақтөбе қалалық Мәдениет үйі жанынан құрылған «Әлия-Мәншүк-Хиуаз» әскери-патриоттық клубының мүшелері Әлия ескерткішінің алдына жиналып, гүл шоқтарын қойды.Батыр қызды еске алу шарасында сөз алған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алтынай Юнисова тағылымды шараның жастар үшін маңызы зор екендігін айтып, патриоттық рух берер шараны ұйымдастырған клуб мүшелеріне алғысын білдірді. Әлияның өшпейтін ерлігі өскелең ұрпақ жадында мәңгі сақталатындығын айтқан «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес жастарды отаншылдыққа тәрбиелейтін шараны ұйымдастырушыларға өз алғысын жеткізді.Сондай-ақ жиын барысында батыр қыздардың ерлігіне қанық болған клубтың жас мүшелері ант қабылдады.Шара соңында түрлі патриоттық әндер шырқалып, «Әлия гүлі» қазақ би ансамблі би биледі.А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Осыдан 75 жыл бұрын…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 января 2019 в 10:12

Осыдан 75 жыл бұрын… Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова 1944 жылы 14 қаңтарда шайқас үстінде қаза болды. Содан бері бұл күнді халқымыз атаусыз қалдырмай, аяулы қыздарын еске алуды дағдыға айналдырып келеді. Бұл шара биылғы жылы 75-мәрте өткелі отыр. Әлияның өмірден өткеніне де осынша жыл толғаны ғой… «Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербеспен біз осы тақырыпта әңгіме өрбіткен едік. — Халқымыздың мақтанышы Әлияның тағдырын ұзақ жылдардан бері зерделеп-зерттеуден, майдан жолдарын айқындап, ерлігін елге жеткізуден танбай келесіз.

Түлектер өткізген турнир

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 января 2019 в 10:42

Түлектер өткізген турнир Жуырда №6 Хромтау гимназиясында шағын футболдан Нұрланбек Сауановты еске алуға арналған турнир өтті. Жарыстың ашылу салтанатына Нұрланбек Сауановтың анасы, бауырлары және достары қатысты. Аталған жарыс Бөгетсай ауылының әр жылғы түлектері арасында өтті. Оған барлығы 8 команда қатысты.Жарыстың басты мақсаты — Нұрланбек Азизұлын еске алу және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Өзгеше өнеге иесі еді…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 декабря 2018 в 15:32

Өзгеше өнеге иесі еді… Бар ғұмырын, ақылы мен парасатын, терең білімі мен білігін еліне қызмет етуге арнаған Нұрман Қорбин ұлағатты да ардақты адам болатын. Оны тебіренбей еске алу мүмкін емес. Осыдан алпыс жыл бұрын Қарауылкелдіде мектеп директоры болып, алдында басталған ұстаздық еңбек жолын жалғастырған-ды. Сол ұжымды тура отыз жыл басқарды.

Тәуелсіздік күніне тарту

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 декабря 2018 в 12:12

Тәуелсіздік күніне тарту Биыл Тәуелсіздік күніне орай облыстың барлық аудандарында әлеуметтік нысандар, спорт алаңдары пайдалануға беріліп, елді мекендерде газ, ауызсу құбырлары іске қосылады. Сондай-ақ мереке қарсаңында облыста көптеген мәдени-көпшілік, спорттық іс-шаралар өткізіледі. Алға ауданына қарасты Үшқұдық ауылдық округінде 20 жылға жуық уақыттан бері пайдаланусыз тұрған Мәдениет үйі 78 миллион теңгеге күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда ішкі және сыртқы жұмыстары толық аяқталып, газбен жылытатын жылу қазандықтары орнатылды.

Соқадан басталған жол

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 декабря 2018 в 10:02

Соқадан басталған жол Өткен сенбіде ауыл шаруашылығы өндірісінің белгілі ұйымдастырушы және кеңес заманында облыс басшыларының бірі болған Николай Лавровтың туғанына жүз жыл толу құрметіне арналған еске алу кеші өтті. Кешке марқұмның замандастары шақырылды. Іс-шараның бастамашылары — «Ардагер» ардагерлер қоғамдық кеңесі мен жақында ғана белсенді өмір сапасын жақсарту және зейнеткерлерді қоғамдық өмірге тарту мақсатында құрылған «Ізгілік шуағы» қоғамдық бірлестігі.— Біз соғыстан кейін жоғары оқу орнын бітіріп, осында келген және өмірінің соңғы күніне дейін облыстың өркендеуіне өз үлесін қосқан адамға құрмет көрсетуді жөн көрдік.

Ақтөбенің киелі орындары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 ноября 2018 в 10:12

Ақтөбенің киелі орындары Ақтөбе қаласының 1869 жылдан бергі тарихы бізге белгілі. Нақ осы жылдың мамырында патша армиясының полковнигі Ю.Борх бастаған әскери отряд Елек және Қарғалы өзендерінің түйісер жеріндегі төбе үстіне болашақ бекіністің іргетасын қалаған.Дегенмен суы мол, шөбі шүйгін, табиғаты ерекше сұлу бұл жердің 1869 жылдың арғы жағында да бос жатпағаны түсінікті.

Өзекті өнеге — ерлік пен елдік

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 октября 2018 в 10:52

Өзекті өнеге — ерлік пен елдік Облыстық ауған соғысы жауынгер-интернационалистері қоғамдық бірлестігі 2009 жылы құрылды. Бүгінде аталған бірлестік өңірдің қоғамдық шараларына белсене атсалысып, жас ұрпақтың бойына патриотттық тәрбие беруде өз үлестерін қосып жүр. Облыстық ауған соғысы жауынгер-интернационалистері қоғамдық бірлестігінің төрағасы Аслан Балқасыновтың айтуынша, бүгінде облыста 1000-ға жуық ауған соғысының ардагері бар.

Сағынышқа толы сазды кеш

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 октября 2018 в 10:52

Сағынышқа толы сазды кеш Бейсенбі күні Ақтөбе қалалық Мәдениет үйінде әнші, музыкант, композитор Батырхан Шүкеновті еске алу кеші өтті. «Ақтөбе» вокалды-аспаптар ансаблінің ұйымдастыруымен өткен кеште әншінің «халық әндеріне» айналып кеткен туындылары орындалды.— Бүгінгі кешті өткізу менің идеяма жатпайды. Бұл өткен жылы ғана өмірден өткен өнердегі ұстазымыз — Қази Жасекенов ағамыздың ойы болатын. Өкінішке қарай, ол өзінің бұл мақсатын жүзеге асырып үлгермеді.

Ескірмейтін ерлік

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 октября 2018 в 10:22

Ескірмейтін ерлік Өткен аптада Әйтеке би ауданының орталығында Ұлы Отан соғысының ардагері, «Қызыл Жұлдыз», «Отан соғысы» ордендерінің иегері Арықбай Телібекұлының құрметіне ескерткіш-тақтаның салтанатты ашылу рәсімі өтіп, майдангерді еске алу шаралары ұйымдастырылды. Алдымен Комсомол ауылындағы М.Жұмабаев атындағы орта мектепте «Арықбай Телібековтың тарихи тұлғасы» атты ерлік сағаты ұйымдастырылып, оған майдангердің ұлы, аталған шаруаның басы-қасында жүрген Бақытбек Телібеков, Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Мүлкаев, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы Сейіткерім Арапбаев, ауған соғысының ардагері Марат Қойлыбаев, С.Бәйішев атындағы университеттің проректоры Анатолий Усов, сондай-ақ, жастар мен оқушылар жиналды.

«Енемнің арқасы!»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 сентября 2018 в 10:12

«Енемнің арқасы!» Өмір мен өнерде қол ұстасқан, Ақтөбеден шыққан жұлдызды жұп Мирас-Құралай Бекжановтарды көпшілік жақсы біледі. Осы орайда өмірге 4 бала әкеліп, көпбалалы ана атанып отырған Құралай — Аналар слетіне келетін қонақтардың бірі. Ол «біздің сахнада жарқырап, бәріне үлгеріп жүргеніміз алдымен үйдегі енемнің арқасында» дейді. — Өзім келін боп түскен, бағымды ашқан Ақтөбедей мекенде Аналар слетінің ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымын. «Жұмақтың кілті ананың табанының астында» деп бекер айтылмаған ғой, тіршіліктің бастаушысына құрметтің қай-қайсысын жасасақ та жарасады.

Отар ағаның өркенді жылдары

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 сентября 2018 в 09:52

Отар ағаның өркенді жылдары Халық қоян атаған 1964 жылдың қысы сұмдық жайсыз болды. Күндіз-түні боран соғып, арасында ақшұнақ аяз көтеріліп, қар мол түсіп, жолды жауып тастады. Ол кезде Ойыл ауданының ауылдарында орта мектеп жоқ. Сегізжылдықтан соң, орта білім аламын деген бала ауданның орталығында жалғастыратын. Сол ретпен тоқсан шақырым жердегі Қараой ауылынан да бірталай бала оқитын едік. Қысқы каникул кезінде керуен тартып қатынайтын көліктерге ілесіп, жолда үш күн, үш түн жүріп, ауылымызға біраз азап көріп барып қайтқанбыз.Енді, міне, тағы да көктемгі каникулға шығып, «С-100» шынжыр табанды тракторына тіркелген шананың үстіне отырып жолға шықтық.

Қайраткердің рухына тағзым етті, қайырымдылық жасады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 августа 2018 в 11:02

Қайраткердің рухына тағзым етті, қайырымдылық жасады «Туған жерім — нұрлы елім» облыстық акциясы аясында өткен Ырғыз ауданының күндері Ақтөбе қаласындағы №64 мектептің алаңында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюмен басталды.Жиында Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Күлпаршын Айдарханова Ырғыз өңірінен шыққан ұлы тұлға Ұзақбай Құлымбетовтің ерен еңбегін сөз етіп, аудан күндері аясындағы шараларға сәттілік тіледі.— Ақтөбе қаласында облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Туған жерім — нұрлы елім» акциясы биылғы жылы маусым айында бастау алды.
Показано 30 новостей из 110