Популярные темы

еска: новости — страница 9

1-сынып оқушыларына «Өл», «Си» сөздерін жазу тапсырылған: сараптама жүріп жатыр 11 ноября 2021, 11:27

Tengrinews, 11 ноября 2021 в 11:33

1-сынып оқушыларына
Әлеуметтік желіде 1-сыныпқа арналған көмекші құралдағы «Өл» және «Си» сөздеріне байланысты дау шыққан болатын. Tengrinews.kz тілшісі «Менің алтын жазу үлгім» дәптерін шығаратын 8&8 басылымына сауал жолдады. Компания өкілдері жауабында филологиялық сараптама жүріп жатқанын айтты. «Жақын арада филологиялық сараптама нәтижелерін аламыз.

«Елге бекер оралған жоқ». Саакашвилидің ресми өкілімен сұхбат 10 ноября 2021, 14:37

Tengrinews, 10 ноября 2021 в 14:43

Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилидің ресми өкілі Ираклий Имнадзе Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат беріп, Саакашвилидің көздегені не екенін айтып берді. Ираклий Имнадзе ұзақ жылдар бойы Михаил Саакашвилидің жанында болып, тұтқынға алынған экс-президенттің «Движение новых сил» партиясының беделді мүшесіне айналған.

Балалар вакцинасы, ревакцинация. Цой үкіметте қандай мәлімдеме жасады? 10 ноября 2021, 10:01

Tengrinews, 10 ноября 2021 в 10:13

Балалар вакцинасы, ревакцинация. Цой үкіметте қандай мәлімдеме жасады?
                10 ноября 2021, 10:01
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында елдегі эпидемиологиялық жағдай бойынша есеп берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрдің сөзінше, Қазақстанда кейінгі екі аптада ауру деңгейі 17 пайызға азайды. «Жалпы республика және он өңір «жасыл» аймақта. (...) Кейінгі үш айда ем алып жатқандар саны бойынша оң динамика байқалады: 2,3 есе азайды.

«Әділетсіз сайлауға қарсымын». Атамбаевтың ұлымен сұхбат 09 ноября 2021, 15:06

Tengrinews, 09 ноября 2021 в 15:13

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ұлы Сеидбек Атамбаев Tenginews.kz тілшісіне сұхбат беріп, әкесіне тағылған жалған айыптар туралы пікірін айтты. «Атамбаевқа қарсы куәлік бересің» Сеидбектің сөзінше, Қырғызстан билігі Алмазбек Атамбаевты еш дәлелсіз қамаққа алған. Ол экс-президент саяси ойынның құрбаны болғанын айтып отыр.

Академику РАН пришла от Путина телеграмма «с изюминкой»

Lenta.ru, 08 ноября 2021 в 22:47

Академику РАН пришла от Путина телеграмма «с изюминкой»
Президент России Владимир Путин поздравил академика РАН, доктора исторических наук Валерия Тишкова с 80-летием и направил ему телеграмму. Копию послания опубликовал журналист кремлевского пула Дмитрий Смирнов в своем Telegram-канале.Автор поста пояснил, что «Почта России» при отправке внесла некоторые изменения в сообщение, в результате чего поздравление пришло адресанту «с изюминкой».

Ревакцинация, ипотекалық бағдарлама. Тоқаев қандай тапсырмалар берді? 04 ноября 2021, 15:36

Tengrinews, 04 ноября 2021 в 15:43

Ревакцинация, ипотекалық бағдарлама. Тоқаев қандай тапсырмалар берді?
                04 ноября 2021, 15:36
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Екібастұзға барды. Онда моноқалаларды дамыту жөнінде кеңес өткізді. Мемлекет басшысы жұмыс сапары барысында түрлі тапсырма берді. Оның ішінде ревакцинацияға кірісу, ипотекасы бағдарламасын ашу да бар. Tengrinews.kz тілшісі Президент мәлімдемелері мен тапсырмалары туралы баяндайды.

Әлем елдерінде балаларға қандай вакциналар салынып жатыр? 04 ноября 2021, 09:49

Tengrinews, 04 ноября 2021 в 09:53

Әлем елдерінде балаларға қандай вакциналар салынып жатыр?
                04 ноября 2021, 09:49
АҚШ-та 5-11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салу мақұлданды. Дүние жүзі елдері қазір балаларға екпе салуды бастап жатыр. Кей ел үш жастан бастап балаларға вакцина салуды бастаған. Tengrinews.kz тілшісі балаларға вакцина салуды мақұлдаған елдер туралы баяндайды. ДДСҰ не дейді?

Бокстан ӘЧ: Қазақстан қанша алтын медаль алады? 03 ноября 2021, 14:05

Tengrinews, 03 ноября 2021 в 14:13

Бокстан ӘЧ: Қазақстан қанша алтын медаль алады?
                03 ноября 2021, 14:05
Ертең бокстан әлем чемпионатының жартылай финалы өтеді. Ел намысын бес боксшы қорғап жатыр. Қоржында кем дегенде қола медаль бар. Tengrinews.kz тілшісі кімдерден алтын медаль күтуге болатынын сараптап көрді. Теміртас Жүсіпов 48 келіге дейінгі салмақта Жүсіпов беларусьтік Евгений Кармильчукпен жұдырықтасады.

Ақтөбе тұрғыны жол полицейлері қызмет бабында жалған құжат жасағанын мәлімдеді 02 ноября 2021, 12:30

Tengrinews, 02 ноября 2021 в 12:43

Ақтөбе тұрғыны жол полицейлері қызмет бабында жалған құжат жасағанын мәлімдеді
                02 ноября 2021, 12:30
Ақтөбе қаласының тұрғыны Қуаныш Жұмағұлов жол полиция қызметкерлері қызмет бабында жалған құжат жасағанын мәлімдеді. Оқиға Торғай-Арқалық тасжолында болған. Алайда Қостанай облысы Полиция департаментінің өкілдері бұл жайт қателіктен болғанып айтып, пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қуаныш Жұмағұлов оқиға қалай болғанын әңгімелеп берді. Қуаныштың айтуынша, ол Ақтөбеден Арқалыққа аңшылыққа бара жатқан кезінде жол полициясы тоқтатқан.

Дулыға Ақмолда қандай рольдерден бас тартады? #BizbenPodcast 31 октября 2021, 17:40

Tengrinews, 31 октября 2021 в 17:43

Дулыға Ақмолда қандай рольдерден бас тартады? #BizbenPodcast
                31 октября 2021, 17:40
Танымал актер Дулыға Ақмолда #BIZBENPODCAST жобасына қонақ болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өнерпаз жоба жүргізушілерімен бірге пандемияның театр мен кино саласына тигізген ықпалы, таяуда түскен «Сержан братан» сериалы туралы әңгімелеп, қандай рольдерден бас тартатынын айтып берді. «Актер үшін қызық ештеңесі жоқ, ойнайтын ештеңесі жоқ рольдер келді.

«Жанболатқа тұрмысқа шықпағанда, қазір пәтер жалдап жүрер едім». Жұлдыздың жары» жобасында — Жазира Байырбекова 30 октября 2021, 18:29

Tengrinews, 30 октября 2021 в 18:33

Әнші, эстрада жұлдызы Жанболат Ербатыровтың жары Жазира Байырбекова «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында өнер жолындағы алғашқы қиындықтар, жол апаты, неге емделіп жүргені, отбасылық өмірі туралы сыр шертті.

«Мұндайды кинодан ғана көруші едік» — Пенжімде ауыл тұрғындары не дейді? 29 октября 2021, 14:23

Tengrinews, 29 октября 2021 в 14:33

28 қазанға қараған түні Алматы облысы Панфилов ауданы Пенжім аулында мектеп оқушылары арасында жанжал туды: балалар сөзге келіспей, жаға жыртысқан. Салдарынан бір бала басынан жарақат алып, ауруханаға түскен. Тағы бір адам қақтығыс кезінде зардап шеккен. Әлеуметтік желіде ұлтаралық қақтығыс басталды деген ақпарат тарап, ауыл тұрғындары қақтығысып қалды.

Dior және Facebook компанияларымен жұмыс істеген қазақстандық өзінің фильмін түсіреді 27 октября 2021, 15:41

Tengrinews, 27 октября 2021 в 15:53

Dior және Facebook компанияларымен жұмыс істеген қазақстандық өзінің фильмін түсіреді
                27 октября 2021, 15:41
Қазақстандық Камила Дәуренова Tengrinews.kz тілшісіне әлемнің ең үздік брендтерімен жұмысы және алда болатын Қазақстандағы түсірілім туралы айтып берді. Өскемендік Камила биыл 24-ке толды. 2017 жылдан бері АҚШ-та тұрады. Ол атақты Нью-Йорк университетінің грантын жеңіп алып, Тиш өнер мектебінде білім алды.

«Оппозиция қатыспады». Өзбекстанда президент сайлауы қалай өтті? 26 октября 2021, 17:31

Tengrinews, 26 октября 2021 в 17:43

Өзбекстанда 24 қазанда президент сайлауы өтті. Оның қорытындысы бойынша, Шавкат Мирзиеев 80,1 пайыз дауыспен екінші рет президенттікке сайланды. Алайда сарапшылар оған қарсылас бола алатын лайық кандидат болмағанын айтып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстандағы сайлауға шолу жасап, БАҚ-тағы сарапшылар пікірін баяндайды.

Қауіпті тақырыптар, қазақша Youtube және stand-up-тағы табыс. Нұрмахан Мұқанұлымен подкаст 26 октября 2021, 15:07

Tengrinews, 26 октября 2021 в 15:23

Қауіпті тақырыптар, қазақша Youtube және stand-up-тағы табыс. Нұрмахан Мұқанұлымен подкаст
                26 октября 2021, 15:07
Подкастер, стендапер, КВН-ші, комик Нұрмахан Мұқанұлы Tengrinews.kz сайтындағы #BizbenPodcast жобасына қонақ болды. Әзілкеш қазіргі қазақ әзілі, подкаст пен stand-up-тағы қауіпті тақырыптар туралы әңгіме қозғады. Нұрмахан Мұқанұлы қазір ТМД елдерінде атақты «Прожарка» жанры қазақ тілінде бұрын болғанын еске салды.

Эпидахуал бойынша алдағы үш айға болжам жаңарды 26 октября 2021, 09:19

Tengrinews, 26 октября 2021 в 09:23

Эпидахуал бойынша алдағы үш айға болжам жаңарды
                26 октября 2021, 09:19
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал бойынша алдағы үш айға болжам жаңарды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында айтты. «Эпидемиологиялық жағдай бойынша алдағы үш айға болжам жаңарды. Пессимистік сценарий бойынша, қарашада күніне орташа 1800 жағдай тіркеледі, желтоқсанда 2350 жағдай, қаңтарда 3000.

Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді? 25 октября 2021, 10:30

Tengrinews, 25 октября 2021 в 10:33

Қазақстандық министрлер қандай көлікпен жүреді?
                25 октября 2021, 10:30
Таяуда қазақстандық екі министр электркарға көшті. Себебі ол көлікті ұстауға кететін қаражатты үнемдейді. Елімізде министрлердің көлігі қандай? Tengrinews.kz тілшісі министрліктерге хабарласып, ведомство басшыларының көлігін білді. Министрлер арасында бірінші болып әділет министрі Марат Бекетаев қызметтік көлігін электркарға ауыстырды. Әділет министрлігі қыркүйекте Tengrinews.kz сауалхатына берген жауабында мұның себебі қызметтік көлікті ұстауға кететін қаражатты үнемдеу екенін жазды.

Бокстан әлем чемпионаты: жаңа құрамада кімдерден жүлде күтеміз? 22 октября 2021, 19:01

Tengrinews, 22 октября 2021 в 19:03

Бокстан әлем чемпионаты: жаңа құрамада кімдерден жүлде күтеміз?
                22 октября 2021, 19:01
Алдағы жексенбіде сербиялық Белградта бокстан әлем чемпионаты басталады. Бұл — Қазақстан боксшыларының Токио Олимпиадасынан кейінгі алғашқы үлкен жарысы. Боксшылар алдында Токиодағы сәтсіздікті жуып-шаю міндеті тұр. Құраманың бас бапкері де, құрамның өзі де өзгерген. Tengrinews.kz тілшісі құрамадағы боксшылардың мүмкіндігін сараптап көрді.

Назарбаев президенттерден қандай сыйлық алғанын айтты 21 октября 2021, 21:49

Tengrinews, 21 октября 2021 в 22:03

Назарбаев президенттерден қандай сыйлық алғанын айтты
                21 октября 2021, 21:49
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Штрихи к портрету. Откровение» деректі фильмінде мемлекет басшыларынан алған сыйлықтары туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елбасының айтуынша, батыс елдері сыйлық беруге көп қызықпайды. Назарбаев АҚШ-тың 42-президенті Билл Клинтонға берген сыйлығын еске алды.

Instagram мен Facebook артта қала ма? Трамптың жаңа әлеуметтік желісі туралы не білеміз? 21 октября 2021, 16:25

Tengrinews, 21 октября 2021 в 16:33

Instagram мен Facebook артта қала ма? Трамптың жаңа әлеуметтік желісі туралы не білеміз?
                21 октября 2021, 16:25
Осыдан тура 4 ай бұрын Дональд Трамптың аға кеңесшісі экс-президент жақында өзінің жеке әлеуметтік желісін іске қосатынын айтқан еді. Миллиардер бұл байламға Кремний алқабындағы ірі платформалардың, соның ішінде Facebook, Twitter және YouTube қызметтерінің саяси лоббизмге бет бұрғанынан келді. Трамптың қолданысқа енгелі тұрған әлеуметтік желісінен не күтуге болады және оның тағдыры қалай болмақ.

Әйелдер ер адамды биге шақырған. «Құда тарту» қандай дәстүр? 20 октября 2021, 12:17

Tengrinews, 20 октября 2021 в 12:23

Әйелдер ер адамды биге шақырған.
Қазақта байырғы заманда «Құда тарту» не «Құда тартар» деген дәстүр болған. Бұл дәстүр бүгінге дейін сақталған. Желіде бұл дәстүр түсірілген видео да тарады. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне «Құда тарту» дәстүрі туралы айтып берді. Маманның айтуынша, бұл дәстүрдің өз жөн-жоралғысы бар.

Борат, жерлеу. Қазақстан спортшылары мазақ қылған қарсыласына қалай жауап берді? 18 октября 2021, 16:42

Tengrinews, 18 октября 2021 в 16:53

Борат, жерлеу. Қазақстан спортшылары мазақ қылған қарсыласына қалай жауап берді?
                18 октября 2021, 16:42
Таяуда қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі келесі қарсыласы анголалық Манел Кап мәлімдеме жасап, ол қызу талқыға түсті. Каптың «қазақтарды тізе бүктіреміз» деген сөзі қазақстандықтардың ашуына тиді. Негізі қазақстандық спортшыларға жекпе-жек алдында түрлі трешток жасап, кейін оңбай таяқ жеген спортшы аз емес.

Журналист партияға мүше болмауы керек — Жұлдыз Әбділда 17 октября 2021, 17:26

Tengrinews, 17 октября 2021 в 17:33

Журналист партияға мүше болмауы керек - Жұлдыз Әбділда
                17 октября 2021, 17:26
Журналист Жұлдыз Әбділда BizbenPodcast жобасының бұл жолғы қонағы, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол әңгіме барысында журналист этикасы, коронавирусқа қатысты фейктер, журналистің қоғамдағы ролі туралы айтты. «Мысалы, мен бір партияның мүшесімін делік. Ал енді мен қалай объектив бағалай аламын?

«Екпе алмағандар жұмыстан босатылады». Ресейдегі қазақстандықтар эпиджағдайды айтты 15 октября 2021, 10:54

Tengrinews, 15 октября 2021 в 11:03

Ресейге коронавирустың жаңа толқыны келді. Көрші елде үнді штамы таралып жатыр. Бүгінде Ресей дүние жүзі елдері арасында науқастар саны бойынша бесінші орында. Елдегі эпидахуал қандай? Коронавирусқа байланысты қандай шектеулер бар? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі Ресейде тұрып жатқан қазақстандықтардан сұрап білді.

«Мораторий жариялау керек». Әлем елдерінің ревакцинация тәжірибесі қалай өтіп жатыр? 14 октября 2021, 15:07

Tengrinews, 14 октября 2021 в 15:13

Қазақстанда ревакцинация жұмыстары қарашаның аяғында басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеген болатын. Мамандар ревакцинацияны әлі де зерттеу қажет екенін айтады. Алайда вакцинаның үшінші дозасын салуды бастап кеткен елдер бар. Tengrinews.kz тілшісі ревакцинация басталған елдердегі тәжірибеге шолу жасады.

«Масляковқа қарызымыз жоқ» — Еркебұлан Мырзабек «ИГРА» жобасы туралы 13 октября 2021, 19:44

Tengrinews, 13 октября 2021 в 19:53

BizbenPodcast жобасының бұл жолғы қонағы әзілкеш Еркебұлан Мырзабек болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол қазақ әзілдері, КВН, ТНТ арнасындағы «ИГРА» шоуы туралы, «Жайдарман» мен өзі алып жүрген шоулар туралы әңгімеледі. Еркебұлан Мырзабек президенті Александр Масляковтың КВН-нен ТНТ-ға кеткендерге реніші туралы айтты.

«Тапсырыс берушілердің 50 пайызы Қазақстаннан». Әкімдерді құттықтаған ірі денелі жігіттер кім? 12 октября 2021, 15:46

Tengrinews, 12 октября 2021 в 15:53

Жақында Өскемен және Ақтөбе қалаларының әкімдерін жартылай жалаңаш африкалық жігіттер құттықтаған видео әлеуметтік желіні жаулап алды. Tengrinews.kz тілшісі «Привет из Африки» event агенттігінің негізін қалаушысымен сұхбаттасып, қазақстандық әкімдерді құттықтауға кім тапсырыс бергенін сұрады. Қара нәсілді жігіттердің басын қосып, табыс көзіне айналдырған қыздың есімі Рита, Ресей азаматшасы. Өзінің айтуынша, бірнеше жыл бұрын елден көшіп кеткен. Қазір саяхаттап, Африка елдерінің мәдениетімен танысып жүр.

Нұр-Сұлтанда оқу жылы басталғалы 1590 баладан коронавирус анықталған 12 октября 2021, 13:01

Tengrinews, 12 октября 2021 в 13:13

Нұр-Сұлтанда оқу жылы басталғалы 1590 баладан коронавирус анықталған
                12 октября 2021, 13:01
Нұр-Сұлтанда жыл басынан бері 2 232 оқушыдан коронавирус анықталған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Сархат Бейсенова айтты. Оның айтуынша, бұл жалпы коронавирус жұқтырған адамдардың 19,6 пайызы. «Оның 642-сі немесе 29 пайызы мектепке барғанға дейін жұқтырса, офлайн сабақтар басталғалы 1590 баладан коронавирус анықталған.

«Өзін-өзі алдау» — Цой жалған вакцинация құжаттары туралы 11 октября 2021, 12:08

Tengrinews, 11 октября 2021 в 12:13

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жалған вакцинация паспортын жасауды тоқтату бойынша қандай шаралар қабылданып жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Білесіздер ме, шектеу құқығы бар құжаттарға байланысты өз ісіне адал қарамайтын әріптестеріміз де бар болып жатады, ол бизнес индустрияға айналып кеткен.

Қазақстан эпиджағдай бойынша төрт толқыннан өтті — Цой 11 октября 2021, 10:22

Tengrinews, 11 октября 2021 в 10:23

Қазақстан эпиджағдай бойынша төрт толқыннан өтті - Цой
                11 октября 2021, 10:22
Қазақстан эпидемиологиялық жағдай бойынша коронавирустың төрт толқынынан өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжілістің үкімет сағатында хабарлады. «Бүгінде Қазақстан коронавирустың төрт толқынынан өтті. Олар коронавирус инфекциясының жаңа нұсқаларының пайда болуымен байланысты.
Показано 30 новостей из 352