Популярные темы

еска: новости — страница 7

Казахстанский чемпион NFC готовится к защите титула. Видео

Sports.kz, 20 января 2022 в 15:59

Казахстанский чемпион NFC готовится к защите титула. Видео
Казахстанский боец, чемпион лиги Naiza FC в наилегчайшем весе Алиби Идрис готовится к защите своего титула, сообщает Sports.kz.«Казахстанский Макгрегор» возобновил тренировки перед возвращением в октагон. Видео Ожидается, что соперником казахстанца станет представитель России Джохар Ескиев. Напомним, что Ескиев бросил вызов Идрису после победы над Асланом Утегалиевым в рамках турнира NFC 36 в конце декабря.

Прозводители «социальных» продуктов выкупили на первых биржевых торгах весь доступный объем газа

ИА "Украинские Новости", 18 января 2022 в 18:45

Прозводители
Во время первых торгов по продаже газа для производителей социальных продовольственных товаров было реализовано 1,35 млн куб. м газа, — УЭБ. Во время первых торгов по продаже газа для производителей социальных продовольственных товаров было реализовано 1,35 млн куб. м природного газа. Об этом говорится в сообщении Украинской энергетической бирже (УЭБ), передают Українськi Новини.

«Өзіміз кінәлі» — Тоғжанов эпиджағдай нашарлауы туралы 18 января 2022, 17:54

Tengrinews, 18 января 2022 в 18:03

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ брифингінде елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлағанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ералы Тоғжанов екі жылда Қазақстанда 18 мыңнан аса адам қайтыс болғанын еске салды. «Біз өзімізге де, айналамыздағы жақындарымызға да жанашыр болуымыз керегі сөзсіз.

Қазақстанда локдаун жариялана ма? Министр жауап берді 18 января 2022, 18:01

Tengrinews, 18 января 2022 в 18:03

Қазақстанда локдаун жариялана ма? Министр жауап берді
                18 января 2022, 18:01
Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың ашарлауына байланысты локдаун жариялау қарастырылып жатқан жоқ, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде айтты. «Бүгінде ел бойынша локдаун жариялау қарастырылып та, жоспарланып та жатқан жоқ. Себебі барлық шектеу шарасы денсаулық сақтау жүйесіндегі жүктемені азайту үшін және коронавирустан болатын өлім-жітім санын азайту үшін қабылданған.

Қаза тапқан полицейлер отбасына қандай көмек көрсетіледі? Тұрғымбаев жауап берді 18 января 2022, 09:41

Tengrinews, 18 января 2022 в 09:43

Қаза тапқан полицейлер отбасына қандай көмек көрсетіледі? Тұрғымбаев жауап берді
                18 января 2022, 09:41
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызмет барысында қаза тапқан қызметкерлердің отбасына заң бойынша қандай көмек көрсетілетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ерлан Тұрғымбаев қаңтарда террористер қолынан полицейлер мен Ұлттық ұланның сегіз қызметкері қаза тапқанын, 2911-і жарақат алғанын атап өтті.

Тәртіпсіздіктер кезінде халық алдына шығып, басу айтқан әкімдер кім? 14 января 2022, 16:18

Tengrinews, 14 января 2022 в 16:33

Тәртіпсіздіктер кезінде халық алдына шығып, басу айтқан әкімдер кім?
                14 января 2022, 16:18
Қаңтар елімізде жаппай тәртіпсіздіктерден басталды. Бірнеше қалада сұйытылған газ бағасының өсуіне байланысты бейбіт басталған шерулер тәртіпсіздікке ұласты. Бүгінде наразылық шаралары өткен біраз аймақ қалыпқа келтіріле бастады. Шерулер қызып тұрған шақта өңір әкімдері қалай әрекет етті? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу қарастырылып жатқан жоқ 14 января 2022, 11:41

Tengrinews, 14 января 2022 в 11:53

Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу қарастырылып жатқан жоқ
                14 января 2022, 11:41
Алматыда Pfizer-ді ақылы түрде салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әбдіжаббарованың сөзінше, Pfizer-ді ақылы түрде жеткізу бойынша қажет келіссөздер жүргізілген.

Алматыда эпидахуал күрт нашарлады — Әбдіжаббарова 14 января 2022, 11:12

Tengrinews, 14 января 2022 в 11:23

Алматыда эпидахуал күрт нашарлады - Әбдіжаббарова
                14 января 2022, 11:12
Алматы қаласындағы коронавирус бойынша жағдай күрт нашарлады. Бұл туралы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Әбдіжаббарова Алматы эпиджағдайды бағалау матрицасы бойынша үш күннен бері «қызыл» аймақта орналасқанын атап өтті.

«Мұндай жетім күйді ешқашан кешпеппін» — тәртіпсіздік кезінде Түркиядан қайта алмаған қазақстандық журналист 13 января 2022, 11:50

Tengrinews, 13 января 2022 в 12:03

Динар Керім — Egemen Qazaqstan газетінің Интернет бөлімінің басшысы. Ол Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Түркиядан елге қайта алмай қалды. Күні кеше елге оралды. Төрт күндей Түркиядағы әуежай мен үйдің арасында жүрген. Оның айтуынша, елде көмек қолын созғандар да аз болмаған. «Түркияға аяқасты барғым келді. Ұшуға 2-3 күн қалғанда билет алдым. Ішкі түйсігім сол жаққа асығып тұрды.

«Не керегін өздері білмейді» — Сапарбаев Тараздағы тәртіпсіздіктер кезінде қайда болғанын айтты 13 января 2022, 11:26

Tengrinews, 13 января 2022 в 11:33

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Tengrinews.kz тілшісіне 5 қаңтарда Таразда митинг пен тәртіпсіздіктер кезінде қайда болғанын баяндап берді. 5 қаңтарда Бердібек Сапарбаевқа Қауіпсіздік департаментінен бейбіт митингіге арандатушылар, бұзақылар қосылмақ деген хабар түскен. «Сосын шұғыл штаб отырысын өткіздім.

Елден заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылданды 12 января 2022, 09:59

Tengrinews, 12 января 2022 в 10:13

Елден заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бірлескен бұйрық қабылданды
                12 января 2022, 09:59
Қазақстанда заңсыз ақша шығаруға бақылауды күшейту бойынша бұйрық қабылданды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев капиталды негізсіз шығару туралы баяндама жасады. «Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты капиталды шетелге шығару, оның ішінде жалған мәмілелер жасау арқылы шетелге шығару тәуекелінің үдей түскенін атап өтті.

Үкіметте Қазақстан қалаларында сұйытылған газ қаншадан сатылып жатқаны айтылды 12 января 2022, 09:30

Tengrinews, 12 января 2022 в 09:33

Үкіметте Қазақстан қалаларында сұйытылған газ қаншадан сатылып жатқаны айтылды
                12 января 2022, 09:30
Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында Қазақстан қалаларында сұйытылған газ қаншадан сатылып жатқанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, сұйытылған газ нарығындағы жағдайды толық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жедел шаралар қабылданған. «Сұйытылған газ бағасын уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілді.

Тағайындау, жалақы және халық жағдайын жақсарту. Тоқаев Мәжілісте не айтты? 11 января 2022, 12:32

Tengrinews, 11 января 2022 в 12:43

Тағайындау, жалақы және халық жағдайын жақсарту. Тоқаев Мәжілісте не айтты?
                11 января 2022, 12:32
Бүгін Мәжіліс отырысы онлайн өтті. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Tengrinews.kz тілшісі Президенттің отырыс барысында маңызды мәлімдемелерін жинады. Ең алдымен Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды. Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылап, бір ауыздан қолдады.

«Құпия құжаттарды тастап кетті». Тоқаев ҰҚК департаменттерін сынады 11 января 2022, 11:45

Tengrinews, 11 января 2022 в 11:53

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ұрысқа қатыспай, ғимаратты тастап кетіп қалған ҰҚК департаментінің басшыларын сынға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бәрі бірдей өз міндетіне адалдық таныта алмады. Қазақстанның бірқатар қаласында ҰҚК департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсеналға қарамастан, ұрысқа қатыспай, қару-жарақ пен құпия құжаттарды сол жерде қалдырып, ғимараттарды тастап кетті», — деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Тасмағамбетов мәлімдеме жасады: Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырамын! 10 января 2022, 09:40

Tengrinews, 10 января 2022 в 09:43

Тасмағамбетов мәлімдеме жасады: Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырамын!
                10 января 2022, 09:40
Иманғали Тасмағамбетов қазақстандықтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үндеу Abai.kz сайтында жарияланды. «Ағайындар, бауырлар, азаматтар! Осынау қаңтардың қаһарлы күндері елімізде, оның ішінде айналайын ақ Алматымыздың басына түскен қаралы күндері орын алған дүрбелеңде Өздеріңізге үн қатуды азаматтық парызым деп білемін. Өкінішке орай, осы күндері қаза тапқан азаматтар аз емес.

Қазақстан қалаларындағы митинг: Желіде қандай жалған ақпараттар тарады? 05 января 2022, 16:16

Tengrinews, 05 января 2022 в 16:43

Қазақстан қалаларындағы митинг: Желіде қандай жалған ақпараттар тарады?
                05 января 2022, 16:16
Қазақстан қалаларындағы митинг кезінде Желіде түрлі фейк ақпарат тарады. Оның көбін тиісті органдар жоққа шығарды. Tengrinews.kz тілшісі митинг кезінде Желіде тараған фейктерді жинады. «Ақтау қаласы ПД бастығы өз еркімен қызметінен кетті» — фейк Желіде тараған бір хабарламада «Ақтауда ПД басшысы өр еркімен қызметінен кететіні» айтылады.

Шетелдік басылымдар Қазақстандағы наразылық туралы не жазып жатыр? 05 января 2022, 15:39

Tengrinews, 05 января 2022 в 16:33

Шетелдік басылымдар Қазақстандағы наразылық туралы не жазып жатыр?
                05 января 2022, 15:39
Қазақстанда газдың бағасына наразы болған халық митингіге шықты. Бейбіт басталған шеру артынша бүлікке айналып кетті. Бүгінде 200-ге жуық адам ұсталған. Үш өңірде: Алматы қаласы мен Маңғыстау және Алматы облыстарында төтенше жағдай жарияланды. Елдегі жағдай шетелдік БАҚ да назарында. Tengrinews.kz тілшісі шетелдегі басылымдар Қазақстандағы жағдай туралы қалай ақпарат таратып жатқанына шолу жасады.

Тоғжанов маңғыстаулықтарға үндеу жасап, комиссияның төрт шешімін жариялады 05 января 2022, 00:35

Tengrinews, 05 января 2022 в 00:53

Тоғжанов маңғыстаулықтарға үндеу жасап, комиссияның төрт шешімін жариялады
                05 января 2022, 00:35
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов маңғыстаулықтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Киелі Маңғыстау мекені мен үшін орны ерекше. Екі жылдан аса осы өңірде өздеріңізге қызмет ету бақыты бұйырған еді. Аймақ жұртшылығының еңбекқорлығы, ыстық ықыласы мен дархан пейіліне куәмін. Қазіргі таңда Президент тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Өpдеріңізге белгілі, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес құрылған үкіметтік комиссия шешімімен бірқатар нақты шешімдер қабылдады және шұғыл түрде іске асырылды», — дейді Тоғжанов.

Димаш Құдайберген: Бірлігімізге нұқсан келтіріп алмайық, ағайын! 05 января 2022, 00:14

Tengrinews, 05 января 2022 в 00:23

Димаш Құдайберген: Бірлігімізге нұқсан келтіріп алмайық, ағайын!
                05 января 2022, 00:14
Әнші Димаш Құдайберген Қазақстандағы толқуларға қатысты көзқарасын айтып, бірлікке нұқсан келтірмеуге шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өнерпаз Instagram желісінде жариялаған жазбасын халқымен бірге екенін айтып бастады. «Ардақты ағайын! Жырақта іссапарда жүріп, елдегі болып жатқан жағдайды естіп, көңілім алаңдаулы.

«Азық-түліктен бастап бәрі қымбат». Қайрат Нұртас Маңғыстау халқына қолдау білдірді 04 января 2022, 16:27

Tengrinews, 04 января 2022 в 16:43

Әнші Қайрат Нұртас Маңғыстаудағы жағдайға байланысты пікірін айтты. Ол наразылық акциясына шыққан халыққа қолдау білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Музыкант елде айлық өспесе де, азық-түліктен бастап бәрі қымбат екенін айтты. «Халық Алланың бір аты, қазақ халқы өте сабырлы, төзімді, себепсіз көтерілетін халық емес.

2021 жылы қызметтен кеткен лауазымды тұлғалар 30 декабря 2021, 16:30

Tengrinews, 30 декабря 2021 в 16:43

2021 жылы қызметтен кеткен лауазымды тұлғалар
                30 декабря 2021, 16:30
2021 жылы қазақстандықтар қызу талқылаған оқиғалар болды. Қызметтен кеткен, қызметі ауысқан лауазымды тұлғалар ел назарында болды. Tengrinews.kz тілшісі биыл талқыға түскен қызметтен кету оқиғаларын еске түсіреді. Алексей Цой Фото: primeminister.kz 20 желтоқсанда денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қызметінен кетті.

Россиянин из промоушна Хабиба бросил вызов казахстанскому чемпиону

Sports.kz, 29 декабря 2021 в 23:59

Россиянин из промоушна Хабиба бросил вызов казахстанскому чемпиону
На турнире в Алматы Naiza 36 россиянин Джохар Ескиев (8-2) победил решением казахстанского бойца Аслана Утегалиева, передает Sports.kz со ссылкой на Sports.ru.Ескиев в рейтинге наилегчайшего веса до боя был на 6 строчке, Утегалиев — второй. Таким образом, россиянин с большой долей вероятности поднимется в рейтинге и станет претендентом на титульный поединок.Джохар решил этим воспользоваться и сразу после боя бросил вызов чемпиону Алиби Идрису (5-0).Алиби завоевал титул в июле 2021 года, выиграв решением у Утегалиева.Казахстанский файтер проиграл россиянину из промоушна Хабиба

ТМД елдерінің басшылары бейресми кездесуде не талқылады? 29 декабря 2021, 13:06

Tengrinews, 29 декабря 2021 в 13:13

ТМД елдерінің басшылары бейресми кездесуде не талқылады?
                29 декабря 2021, 13:06
Кеше ТМД елдерінің басшылары Санкт-Петербургте бейресми кездесу өткізді. Онда пандемиядағы жағдай, экономика мен экология мәселелері көтерілді. Tengrinews.kz тілшілері мемлекет басшылары кездесуде не талқылағанын жазды. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттер басшыларының дәстүрлі бейресми кездесуіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

«Араға 21 жыл салып». 2021 жылы балалы болған танымал қазақстандықтар 29 декабря 2021, 10:44

Tengrinews, 29 декабря 2021 в 10:53

Статистикалық мәлімет бойынша, биылғы дерекке сәйкес, Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6 295 590 бала бар. Он жыл бұрын еліміздегі балалар саны 4,8 миллион болған. Биыл шоу-бизнес және спорт әлемінде балалы болған танымал қазақстандықтар да бар. Tengrinews.kz тілшісі 2021 жылы балалы болған танымал қазақстандықтарға шолу жасады.

«Намысыма тимейді». Шенеуніктер отставкаға кетуді талап еткендерге қалай жауап береді? 24 декабря 2021, 16:50

Tengrinews, 24 декабря 2021 в 17:03

Кейінгі күндері шаруалар ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің отставкаға кетуін талап еткен еді. Кейін оған министр жауап беріп, шаруалармен түсінік тапқанын айтқан болатын. Биыл жоғары лауазымдағы бірқатар шенеуніктерге отставка туралы сұрақ қойылған. Tengrinews.kz тілшісі шенеуніктердің отставкаға кету туралы талапқа қалай жауап бергенін еске түсірді.

Бекшин Алматыда эпиджағдай ненің әсерінен жақсара бастағанын түсіндірді 23 декабря 2021, 13:30

Tengrinews, 23 декабря 2021 в 13:33

Бекшин Алматыда эпиджағдай ненің әсерінен жақсара бастағанын түсіндірді
                23 декабря 2021, 13:30
Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы эпидахуал ненің әсерінен жақсара бастағанын түсіндірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бекшиннің айтуынша, бүгінде кейбір тұрғындар босаңсып, маска тағу режимін бұза бастаған. «Ол әрине дұрыс емес. Барлық алдын алу шарасын сақтау арқылы ғана, оның ішінде, вакцинация арқылы жағдайды тұрақтандыра аламыз.

«Өл» буынында мағына жоқ». 1-сынып дәптерінің авторлары сынға жауап берді 22 декабря 2021, 15:10

Tengrinews, 22 декабря 2021 в 15:23

1-сынып оқушыларына «өл», «си» сөздерін жазу тапсырылған «Менің алтын жазу үлгім» дәптерінің авторлары филологиялық сараптама қорытындысын жариялады. Бұл туралы көмекші құрал авторларының Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында айтылады. Айта кетейік, мұның алдында «Менің алтын жазу үлгім» дәптеріндегі «өл», «өш», «си» сөзі дау туғызған болатын.

Цой бір жарым жылда қандай мәлімдемелер жасады? 20 декабря 2021, 17:36

Tengrinews, 20 декабря 2021 в 17:43

Цой бір жарым жылда қандай мәлімдемелер жасады?
                20 декабря 2021, 17:36
Бүгін Алексей Цой денсаулық сақтау министрі лауазымынан кетті. Ол бұл қызметті 2020 жылдың маусымынан бері атқарып келген. Tengrinews.kz тілшісі экс-министрдің бір жарым жылдық жұмысына көз жүгіртіп, айтқан мәлімдемелеріне шолу жасады. Алексей Цой министр қызметінде шамамен 900 мың теңге жалақы алып келді.

Полный текст выступления Главы государства на торжественном собрании по случаю 30-летия Независимости РК

EKaraganda.kz, 20 декабря 2021 в 00:05

Полный текст выступления Главы государства на торжественном собрании по случаю 30-летия Независимости РК
Құрметті отандастар! Ардақты ағайын!Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын!Біз осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған дербес мемлекеттілік дәстүрімізді қайта жалғадық.Шын мәнінде, егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар.

Димаш Құдайберген Junior Eurovision 2021 байқауына қатысып жатқан қазақстандықтарға қолдау көрсетуге шақырды 18 декабря 2021, 20:44

Tengrinews, 18 декабря 2021 в 20:53

Димаш Құдайберген Junior Eurovision 2021 байқауына қатысып жатқан қазақстандықтарға қолдау көрсетуге шақырды
                18 декабря 2021, 20:44
Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Junior Eurovision 2021 байқауына қатысып жатқан қазақстандықтар Әлинұр Хамзин мен Бекнұр Жәнібекұлына қолдау көрсетуге шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы әнші Instagram-парақшасында жазды. «Биыл Париждің төрінде өтетін Junior Eurovision халықаралық ән байқауында Әлинұр Хамзин және Бекнұр Жәнібекұлы «Ертегі әлемі» әнін шырқап, еліміздің намысын қорғайды.
Показано 30 новостей из 352