Новости в социальных сетях

Подпишитесь на нашу группу и читайте анонсы самых интересных новостей в любимой соцальной сети

ВКонтакте Одноклассники Facebook Twitter

Новости по теме "білім"

Туған жерге оралған із

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 ноября 2019 в 01:32

Туған жерге оралған із Бейсенбі күні Ізтай Мәмбетовтің туғанына 90 жыл толуына орай Қазақстан Жазушылар одағының 85 жылдығына арналған «Әдебиет. Рух. Қоғам» атты республикалық әдебиет форумы аясында Алға ауданында ақынға ескерткіш және оқу кабинеті ашылып, «Табанталда қалған із» кітабының тұсаукесері өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған белгілі ақын-жазушылар, сондай-ақ ақынның туған-туыстары қатысты.Оқу кабинетінің ашылуыОблыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов бастаған топ алдымен Бестамақ ауылындағы Есет батыр кесенесіне барып, батыр рухына тағзым етті.

Ұсыныстар ескеріліп, өзгерістер енгізілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 ноября 2019 в 01:32

Ұсыныстар ескеріліп, өзгерістер енгізілді Кеше облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясының жалпы отырысы өтті. Жиынға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова төрағалық етті. Сессия жұмысына облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. Сондай-ақ шараға облыстық қоғамдық кеңестің мүшелері, облыстық басқармалар мен департаменттердің басшылары қатысты.

Мұғалім, асаба, сценарист. Танымал жайдарманшылар қазір немен айналысып жүр?

Источник: TengriNews Дата: 15 ноября 2019 в 17:13

Мұғалім, асаба, сценарист. Танымал жайдарманшылар қазір немен айналысып жүр? Өткен аптада Tengrinews.kz тілшісі Жайдарман түлектерінің қазір немен айналысып жүргенін баяндаған еді. Көбі өнер саласынан алыстамаған — актер, сценарист, режиссер. Назарларыңызға жайдарманшылардың қазіргі қызметі жайлы материалдың екінші бөлімін ұсынамыз. Шенеунік, актер, режиссер. Танымал жайдарманшылар қазір немен айналысып жүр?Еркебұлан МырзабекЕркебұлан Мырзабек © instagram.com/rollanulyЭкс-жайдарманшы Түркістан қаласы «Жарайсыңдар жігіттер» командасының капитаны болған.

«50 доллар жәрдемақы беріп отырды». Террористердің аудармашысы болған жігіттің оқиғасы

Источник: TengriNews Дата: 15 ноября 2019 в 12:53

Дәурен Сәбитұлы Сирияда террористік ұйымда аудармашы болып жұмыс істеген. Медреседе балаларға ислам дінін радикал тұрғыда түсіндірген. Кейін тұтқынға түскен ол елге «Жусан» операциясы аясында оралған. Бұл туралы ол Adil Ukim YouTube-арнасына берген сұхбатында айтқан. Тengrinews.kz тілшісі Дәуреннің Сириядағы өмірі жайлы баяндаған сұхбатын ұсынады.Дәурен Сәбитұлы — Ақтөбе қаласының тумасы.

«Жалақы 101 мыңнан кем болмауы тиіс». Бес жылға жалға берілетін пәтерді қалай алу керек?

Источник: TengriNews Дата: 14 ноября 2019 в 16:03

Бүгінде жастарға баспаналы болуға мүмкіндіктер беретін мемлекеттік бағдарламалар бар. Солардың бірі — сатып алу құқығынсыз 5 жылға жалға берілетін тұрғын үйлер. Осылайша, баспананы арзан бағаға жалдау арқылы жастар өз пәтеріне қажетті ақшаны жинауға мүмкіндік алады. Ол пәтерлерді алудың шарты қандай?

АҚШ неге тегін оқу бағдарламаларын жасайды? Айна Досмахамбетқызы олардың стратегиясын айтты

Источник: TengriNews Дата: 14 ноября 2019 в 15:43

АҚШ неге тегін оқу бағдарламаларын жасайды? Айна Досмахамбетқызы олардың стратегиясын айтты Tengrinews.kz порталында АҚШ-тың тек әйелдерге арналған TechWomen атты тегін бағдарламасына өтіп, Twitter-де тәжірибе алған қазақстандық Айгерім Кунадилова жайлы мақала жарияланған болатын. Онда келіншек бағдарлама туралы, оған қалай өткенін және Twitter-ден алған әсері мен тәжірибесі, ондағы атмосфера мен кездесулері жайлы әңгімелеген.

Өңірдің экономикалық қуаты артса, тұрғындардың өмір сапасы жақсарады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 ноября 2019 в 11:12

Өңірдің экономикалық қуаты артса, тұрғындардың өмір сапасы жақсарады Кеше Нұр-Сұлтандағы Орталық коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин осы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша брифинг өткізді. Экономикалық өсімді қамтамасыз ету мен халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту бойынша ел басшылығының тапсырмалары табысты жүзеге асырылуда. Соның ішінде өнеркәсіп көлемі 5,8 %, инвестиция — 6,1%, ауыл шаруашылығы — 1,7%, құрылыс — 3,4%,тұрғын үйді пайдалануға беру 16,7%, сауда 2,5 %-ға өскен.

Олжас Ибраев — драма театрдың директоры

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 ноября 2019 в 11:02

Олжас Ибраев — драма театрдың директоры Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры директорының міндетін атқарушы болып Олжас Ибраев тағайындалды. Ұжымға жаңа басшыны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Нұрхан Кәдірбаев таныстырды. Олжас Ибраев елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетіндегі ҚР халық артисі Гүлжан Әспетованың шеберханасында «Драма театр және кино актері» мамандығы бойынша жоғары білім алған.

Облыс әкімі жауапты мамандарға ескерту жасады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 ноября 2019 в 11:02

Облыс әкімі жауапты мамандарға ескерту жасады Сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен аппарат отырысы өтті.Жиында алдымен «Ақтөбе — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев «Open space» қағидатына сай Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдіктерінде кабинеттер ашу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында білім беру мекемелерінде «Парасаттылық» мектептерін іске қосу жұмыстары туралы баяндады.Оның айтуынша, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтарға қолайлы жағдай жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағыттарына негізделген «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобасы облыста биылғы жылдың басында жүзеге асырыла бастады. Өңір басшысының тапсырмасына сай «Open space» форматындағы кабинеттер Ақтөбе қаласында, Алға, Темір, Мәртөк, Шалқар аудандарында жұмыс жасауда.

Іңкәр ғұмыр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 ноября 2019 в 10:12

Іңкәр ғұмыр Жазушы Тобық Жармағамбетовтің жары — Сәпия апайдың ері туралы естеліктерін тыңдағанда, әсіресе, оның адамгершілігіне, адамдарға деген махаббатына ерекше сүйсінетіні әрдайым сезіліп тұрады. «Міне, 83 жасқа келдім. Жақсы адамдардың көп екенін білемін. Бірақ осы кезге дейін адамгершілігі, тек жақын-жуығы ғана емес, жалпы адам атаулыға деген жанашырлығы, әділдікке құмарлығы жағынан Тобыққа тең келетін жанды кездестірмедім», — дейді ол.

Дін мен дәстүр

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 ноября 2019 в 09:52

Дін мен дәстүр Мыңдаған жылдар бұрын көшпенділер ортасында туып, отырықшы тұрмыстың қағидаларын сіңірген ұлттық дәстүр мен ислам діні бірлігінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі, ұлт татулығындағы рөлі аса маңызды. Ел ертеңінің ментальды деңгейін қалыптастыруда, ұлттың болмысындағы бірегейліктің, құндылықтардың сақталуында, ұлы даланың рухани жаңғыруында ұлттық салт-дәстүрдің һәм әлемдегі ең ізгі дін — ислам дінінің көтеретін жүгі де, жауапкершілігі де орасан.

Жанжалдың ақыры

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 ноября 2019 в 09:42

Жанжалдың ақыры Ақтөбе қаласындағы Заречный елді мекенінде қарашаның 10-ы күні болған төбелестің салдарынан бір оқушы көз жұмып, екі жасөспірім жеңіл жарақат алды. Жанжалға негізінен жасөспірімдер қатысқан. Оқиғаға байланысты облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов баспасөз мәслихатын өткізді. Ата-аналар бақылауды күшейтуі керек — Заречный елді мекенінде болған жанжалдың кесірінен №61 мектептің 10-сынып оқушысы қайтыс болды.

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақылар: кімге және қанша беріледі?

Источник: TengriNews Дата: 13 ноября 2019 в 13:33

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақылар: кімге және қанша беріледі? Елімізде көпбалалы аналарға бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жөргекпұлдан бөлек, әр балаға ай сайын жәрдемақы төленіп, барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында 365 миллиард теңге бөлінді.

Біздің фристайлшы әлем чемпионатына қатысады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 ноября 2019 в 11:02

Біздің фристайлшы әлем чемпионатына қатысады Ақтөбелік Нұрсейіт Досмағамбетов фристайл футболынан 13 қарашада Майамиде өтетін әлем чемпионатына қатысады. Жерлесіміз 2014 және 2017 жылдары Қазақстан чемпионатында күміспен күптелсе, 2015, 2016 жылдары алтын медаль иеленген. Сегіз жылдан бері осы спорт түрімен кәсіпқой деңгейде айналысып жүр. Күнделікті 4-5 сағатын жаттығу жұмыстарына арнайды.

Қытай елшісімен кездесті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 ноября 2019 в 11:02

Қытай елшісімен кездесті Дүйсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сяомен кездесті, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.Кездесу барысында екіжақты әлеуметтік-экономикалық, білім, мәдени қарым-қатынастар жайы сөз болып, аймақ басшысы Ақтөбеге алғаш рет келіп отырған Чжан Сяоға облыстың қарқынды дамушы өңірекендігін жеткізді.— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Пекинде өткен Қазақстан-Қытай Іскерлік кеңесінің алтыншы отырысының ашылуында Қытай Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда және экономикалық әріптестерінің бірі екендігін айтты.Мәселен, тек биылғы жылдың 8 айының өзінде Ақтөбе облысы мен Қытай арасындағытауар айналымы 664,6 миллион АҚШ долларын құрап отыр.

Жоба кейін қайтарылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 ноября 2019 в 10:42

Жоба кейін қайтарылды Облыстық мәслихатта бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік жөніндегі тұрақты комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Жиында Ақтөбе қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы талқыланды. Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Гүлназ Сисенова қаланың 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту бойынша баяндама жасады.

Әдебиет кең жолға жетелейді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 ноября 2019 в 10:42

Әдебиет кең жолға жетелейді Ақтөбеге жемқорлық тақырыбындағы кітаптардың авторы Жан Ақжанов жұмыс сапарымен келді. «Сладкий дождь», «Солнце улыбнется тебе», «Сенің түнгі күнің», «Путь врача», сондай-ақ «Степь и судьба» еңбектерінің авторы Жан Ақжанов алдымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ұжымымен кездесті.

Олар өз білімін бөлісуде жомарт — Twitter-де тәжірибе алған қазақстандық

Источник: TengriNews Дата: 11 ноября 2019 в 16:13

Олар өз білімін бөлісуде жомарт - Twitter-де тәжірибе алған қазақстандық АҚШ-тың тек әйелдерге арналған TechWomen атты бағдарламасы бар. Оған Орта Азия, Африка және Таяу Шығыс елдерінен STEM салаларында қызмет етенін әйел адамдар қатыса алады. Бірнеше мыңның ішінен топ жарып, соңғы жаңа технологиялар мен байланыс құралдары өмірге келетін, әлемнің Apple, HP, Google, INTEL сынды ең алып компаниялары орналасқан Кремний алқабында (Silicon Valley) тегін тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болған қазақстандықтар да бар.

Облыс орталығының экономикасы тұрақты дамып келеді 

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 ноября 2019 в 12:32

Облыс орталығының экономикасы тұрақты дамып келеді  Кеше Ақтөбе қалалық мәслихатындағы «Nur Otan» депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Басқосуға қала әкімі Мавр Абдуллин қатысты. Жиынды фракция жетекшісі Мұратбай Әжібаев ашты. Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Бірінші мәселе — «Nur Otan» партиясының «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» партияның сайлауалды бағдарламасының және 2016-2020 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының дамыту бағдарламасының орындалуы.

Білім саласының жай-күйі талқыланды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 ноября 2019 в 12:22

Білім саласының жай-күйі талқыланды Бейсенбі күні №72 ІТ лицей-мектебінде қалалық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі жөніндегі комиссия отырысы өтті. Депутат Алмагүл Бекенованың төрағалығымен өткен отырысқа қалалық мәслихат хатшысы Сұлупан Шынтасова, қала әкімінің орынбасары Гүлназ Сисенова, депутаттар, Қоғамдық кеңес мүшелері мен қамқоршылық кеңес мүшелері, мектеп директорлары мен ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты.Отырыста Ақтөбе қаласындағы арнайы орта оқу орындарында техникалық және кәсіптік білім беру мен қала мектептерінің жай-күйі, сондай-ақ жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету мәселелері жөнінде хабарламалар тыңдалып, нақты жұмыстар талқыланды.Отырыста алдымен облыстық білім басқармасы басшының орынбасары Нұргүл Бертілеуова қаладағы техникалық және кәсіптік білім беру мәселелері жөнінде баяндама жасады.

Қайтарымсыз қаржы алып, кәсіп ашты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 ноября 2019 в 12:12

Қайтарымсыз қаржы алып, кәсіп ашты «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау-бизнес» жобасы ауыл тұрғындарының кәсіп ашуына өз септігін тигізіп отыр. Әйтеке би ауданында аталған жоба аясында 95 адам қысқа мерзімді оқу курсын оқып, оның 39-ы грантқа ие болды. Бүгінде жоба бітірушілеріне сертификаттар табысталып, бірнеше кәсіпкерлік нысандары іске қосылды.Тігіншілікпен айналысуды көздеген әйтекебилік жас кәсіпкер Балдәурен Бозшина биыл жазда «Бастау-бизнес» жобасы аясында курс бітіріп шықты.— Оқу барысында теория мен жақсы практика жинадым.

«Адалдық сағаты» өтті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 18:22

«Адалдық сағаты» өтті Сәрсенбі күні облыстағы барлық білім ордаларында бір мезетте республикалық «Адалдық сағаты» өтті. Қаладағы №56 мектепте ұйымдастырылған шараға Ақтөбе облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының орынбасары Ғалымбек Досанов қатысты.Кездесу барысында парасаттылық пен адалдық ұстанымдары туралы сөз болып, мектеп оқушылары «Адал ұрпақ» жобасы аясында атқарылған жұмыстары туралы әңгіме өрбітті.— Сыбайлас жемқорлық — әлемдегі барлық елде бар.

Малыңызды қалай таңбалайсыз?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 11:02

Малыңызды қалай таңбалайсыз? «Қазақстан цифрлық экономиканы дамытуды көздеп отыр. Осыған орай көп жұмыс атқаруымыз керек. Біздің міндетіміз — ақпараттық коммуникациялық инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша өңірдегі көшбасшылықты нығайту…» Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ЖолдауынанҚазіргі уақытта әлемде ауыл шаруашылығын цифрландыру ісі қарқынды түрде жүріп жатыр.

Ақтөбенің инновациялық жобалары: хром оксидін өндіретін цехтан жел электр станциясына дейін…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 10:52

Ақтөбенің инновациялық жобалары: хром оксидін өндіретін цехтан жел электр станциясына дейін… Кез келген мемлекеттің, соның ішінде облыстың негізгі тіні — экономика екені сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та жаһандық сипаттағы қиындықтарға қарамастан, экономиканың өсіміне айрықша мән беріп, ішкі жалпы өнімнің көлемін жыл сайын 5 пайызға арттыруды тапсырғаны белгілі. Бұл — Президенттің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында баса айтылған мәселелердің бірі.

«MilkyLand»: сүт әлемінің «қаймағы»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 10:42

«MilkyLand»: сүт әлемінің «қаймағы» Жақында қазақстандық кәсіпкерлер «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен АҚШ-та арнайы іскерлік тәжірибеден өтті. «Даму» қорыныңSABIT жобасы арқылы сүт өнімдерін өңдеу, сүт шаруашылығын дамытуға қатысты өткізілген тағылымдамаға Қазақстаннан екі кәсіпкер қатысты. Олар —«Агрофирма Тау» ЖШС басшысы Мирболат Агдаутов пен жеке кәсіпкер Бақыт Арқабаев.

«Ақтөбе» газеті ойылдық оқырмандарымен кездесті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 10:32

«Ақтөбе» газеті ойылдық оқырмандарымен кездесті Ойдағы елдің ықыласыОблыстық қоғамдық-саяси «Ақтөбе» газеті 95 жылдық мерекесіне орай Ойыл ауданына барып, оқырмандарымен кездесіп қайтты. Бұл сапардың барлық шарасы «Ауылым — алтын бесігім» бағдарламасы аясында өтті. Ғасырға жуық уақытта қос дәуірдің куәсі болған облыстық басылымнан қол үзбеген ойдағы елдің оқырмандары газет ұжымын ерекше ықыласпен қарсы алды.Әкімшілік үйінде қонақтарды қабылдаған аудан әкімі Асқар Қазыбаев өңірдің бүгінгі тынысына шолу жасап, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын және алдағы жоспарларын айтып, аудан көлеміндегі бірқатар мәселелерімен таныстырды.

Карагандинские школьники завоевали медали на олимпиаде по химии им. К. Сатпаева

Источник: EKaraganda.kz Дата: 07 ноября 2019 в 10:05

Карагандинские школьники завоевали медали на олимпиаде по химии им. К. Сатпаева Это уже третья ежегодная республиканская олимпиада по химии им. К. Сатпаева, а ее цель – выявить наиболее способных в этом предмете учеников и развить их интерес к науке. На республиканский этап олимпиады съехались 72 школьника из всех регионов страны.Теоретический и практический – первый и второй туры олимпиады – провели Жезказганском университете им.

Бағыт — жемқорлықтан ада қоғам құру

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 10:02

Бағыт — жемқорлықтан ада қоғам құру Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы өз мазмұнымен азаматтар өмірінің барлық салаларын қамти отырып, қоғамның өзекті деген мәселелерін қозғады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі іс-қимыл негізгі мәселе ретінде күн тәртібінен түскен жоқ.Сыбайлас жемқорлық туралы айтылған кезде, қандай да бір моральдық-рухани қағидалардан аттап, өз өкілеттіліктері мен лауазымдық мүмкіндіктерін теріс пайдаланатын шенеуніктер еріксіз ойға келеді.

Қосымша білім беру:  жұмыс және жоспар 

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 09:42

Қосымша білім беру:  жұмыс және жоспар  Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық акдемиясында 8 бағытта 82 үйірме жұмыс жасайды. Орталық дарынды балалардың ордасына айналып, олардың қабілеттерін шыңдай түсуде. Енді мұнда ресурстық орталық та құрылатын болады. Сөйтіп, облыстың 12 ауданындағы қосымша білім беретін мекемелердің педагогтері Шығармашылық академиясындағы білікті мамандардан әдістемелік көмек алып, тәжірибе алмасады.

Мектеп — ауыл тірегі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 09:32

Мектеп — ауыл тірегі Шалғайдағы ауылды ұстап тұрған — мектеп. Бүгінде білім ордасы жабылса, ауыл тұрғындарының үдере көшетіні белгілі жайт. Алайда балаларының болашағын ойлаған Байғанин ауданындағы Жаңатаң ауылы тұрғындары орнынан қозғалмай отырған елді мекеннің бірі. 90 жылдық тарихы бар мектептен талай білікті мамандар шаруашылық басшылары оқып, тәрбиеленіп шыққан.
Показано 30 новостей из 3 143