Популярные темы

Новости по теме "бақауов"

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Көлігі — Lexus, бес баланың әкесі. Сіз кімсіз, Павлодар облысы әкімі?

Источник: TengriNews Дата: 16 января 2020 в 15:43

Көлігі - Lexus, бес баланың әкесі. Сіз кімсіз, Павлодар облысы әкімі? Кешелі бері WhatsApp месенджерінде Павлодар облысының әкімі ұсталды деген аудиохабарлама тарап жатыр. Бірақ Павлодар облысының әкімдігі бұл хабарламаға қатысты пікір білдіріп, қазіргі уақытта аталған ақпаратты растайтын ресми деректер жоқ екенін мәлімдеген. Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов туралы мәліметтер ұсынады.Болат Бақауов 1971 жылы 27 маусымда Павлодар облысы Железин ауданына қарасты Новокузьминка ауылында дүниеге келген.Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2003) «Заң ғылымдары» мамандығы бойынша, Халықаралық бизнес, экономика және кәсіпорындарды басқару академиясын (2005) бітірген.Бақауов Железин ауданының «Кеңестік Қазақстан» кеңшары автогаражының жұмысшысы болып бастаған.

Павлодарда VII қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты өтті

Источник: Zakon.kz Дата: 02 марта 2018 в 17:09

Павлодарда VII қысқы Универсиаданың ашылу салтанаты өтті «Астана» мұз сарайында ҚР VII қысқы Универсиадасының ашылу салтанаты өтті. Тоғыз спорт түрінен жарысқа түсетін студенттер Павлодар мен Щучинск қалаларында бақ сынайды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Биыл павлодарлық Универсиада рекордтық көрсеткішке ие болып отыр. Себебі, байрақты бәсекеге еліміздің 36 жоғарғы оқу орнынан 2000-ға тарта спортшы келген.

Дәурен Махажанов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Источник: Zakon.kz Дата: 26 февраля 2018 в 14:20

Дәурен Махажанов Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды Павлодар облысы әкімінің ауыл шаруашылығы бойынша орынбасары Бауыржан Қасенов басқа қызметке ауысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Болат Бақауов жаңа орынбасарын бүгінгі аппараттық жиында таныстырды.Өңір басшысы Дәурен Махажановтың кандидатурасын ҚР Президент әкімшілігі ұсынғандығын атап өтті.Дәурен Махажанов 1980 жылы туған.

Павлодар облысының тұрғындары су басу қауіпіне қарамастан қоныс аударудан бас тартуда

Источник: Zakon.kz Дата: 22 февраля 2018 в 15:49

Павлодар облысының тұрғындары су басу қауіпіне қарамастан қоныс аударудан бас тартуда Ақсу қаласының тұрғындары жыл сайын туындайтын су басу қауіпіне қарамастан жайылым жерден көшуден бас таруда, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген отырыста аймақ басшысы Болат Бақауов Ақсу қаласының әкімі Николай Дычкодан тұрғындарды көшіру жұмысы қалай жүріп жатқаны жайлы сұрады. — Ақсу қаласындағы алты-жеті үйді су басатын, — деді облыс әкімі.

Павлодарда Кутузов көшесін Тұңғыш Президенттің есімімен атау ұсынылды

Источник: Zakon.kz Дата: 16 февраля 2018 в 14:39

Павлодарда Кутузов көшесін Тұңғыш Президенттің есімімен атау ұсынылды Естай атындағы мәдениет сарайында Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовтың тұрғындардың алдындағы есептік кездесуі өтті. Кездесу барысында облыс орталығындағы көшені Мемлекет басшысының есімімен атау туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Мұндай пікірді қоғамдық кеңестің төрағасы Александр Рюмкин білдірді. — Соңғы кездері қаланы көріктендіру бойынша көп жұмыс атқарылуда, — деді Александр Рюмкин.

Қазақстанға қоныс аудару үшін қандасымыз Қытайдан трактормен көшіп келді

Источник: Zakon.kz Дата: 26 декабря 2017 в 09:49

Қазақстанға қоныс аудару үшін қандасымыз Қытайдан трактормен көшіп келді Қытайда тұрған этникалық қазақ Адал Хамитхан өз Отанына оралу үшін бір апта жүріп келген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Қоныс аударушылардың үйіне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов барып шықты. Еске сала кетейік, алқа мәжілістерінің бірінде аймақ басшысы Ертіс өңіріне келген оралмандардың жағдайымен танысуға уәде берген.

Павлодарда облыстық ІІД бастығы ауысты

Источник: Zakon.kz Дата: 12 декабря 2017 в 10:49

Павлодарда облыстық ІІД бастығы ауысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Павлодар облысы ІІД бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров Акрамұлы тағайындалды, — деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.Министрдің орынбасары полиция генерал-майоры Ерлан Тұрғымбаев Департаменттің жеке құрамына Павлодар облысы ІІД-нің жаңа бастығын салтанатты түрде таныстырды.Полиция генерал-майоры Марат Қожаев ішкі істер министрінің бұйрығымен Астана қаласы ІІД бастығы лауазымына тағайындалды.Облыс әкімі Болат Бақауов Марат Қожаевқа өңірдегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге үлес қосқаны үшін алғыс білдіріп, қызметінде одан әрі табыстан табысқа жетуін тілеп, алғыс хат табыстады.Амантай Акрамұлы 1963 жылы 27 ақпанда Алматы қаласында дүниеге келді.

Павлодар облысы әкімі қыздарға қыста бас киім киіп жүруге кеңес берді

Источник: Zakon.kz Дата: 08 декабря 2017 в 11:09

Павлодар облысы әкімі қыздарға қыста бас киім киіп жүруге кеңес берді Павлодар облысы басшысы қыс мезгілінде жастардың, әсіресе қыздардың бас киім кимей жүруіне алаңдаулы, — деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.«Қараша бойы бес градус аяз болғанына қарамастан, жастардың бәрі, әсіресе қыз балалар бас киімсіз жүрді, — деді Болат Бақауов. – Түсіндірмесек болмайды: олар – болашақ аналар, бас киім кимесе, ауырып қалады.

Әлеуметтік дүкендерде картоптың келісі мамыр айына дейін 85 теңгеден сатылады

Источник: Zakon.kz Дата: 15 ноября 2017 в 17:19

Әлеуметтік дүкендерде картоптың келісі мамыр айына дейін 85 теңгеден сатылады Павлодарда әлеуметтік дүкендерде 2018 жылдың мамыр айына дейін картоптың келісі 85 теңгеден сатылатын болады, — деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін аппараттық жиын барысында аймақ басшысы Болат Бақауовтың қойған сауалына берген жауабында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ораз Дүзденбаев айтты.

Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды

Источник: Zakon.kz Дата: 15 ноября 2017 в 11:49

Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды Осыған дейін Павлодар облысының әкімі болған Николай Дычко Ақсу қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Жаңа әкімді Болат Бақауов таныстырып, бұл қаланың дамуына оң әсерін беретінін айтты. — Ақсу — Павлодар облысының бір доноры сынды, бұл қаланың өнеркәсіптік потенциалы жоғары сұранысқа ие және аймағымызда стратегиалық маңызы зор, — дейді аймақ басшысы.

«Павлодар – Баянауыл» бағытында ұшақтар 25 жылдан соң қайта ұша бастады

Источник: Zakon.kz Дата: 14 ноября 2017 в 17:09

«Павлодар – Баянауыл» бағытында ұшақтар 25 жылдан соң қайта ұша бастады Баянауылдағы аэродромға 18 орындық Лет-410 жолаушылар ұшағы келіп қонды, — деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Екі қозғалтқышы бар әуе кемесімен Павлодардан Баянауылға дейін 16 жолаушы ұшып келді. Олардың ішінде аудан орталығымен әуе қатынасын жандандыруды ұсынған аймақ басшысы Болат Бақауов та болды. Екі арадағы жолдың ұзақтығы 40 минутты құрады. Әуе рейсіне «Жезқазған Эйр» компаниясы қызмет көрсетті.

«ЛЕНИН», «ОКТЯБРЬ» КӨШЕЛЕРІНІҢ АТАУЫ ӨЗГЕРЕДІ — ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Источник: Матрица.kz Дата: 02 октября 2017 в 15:33

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов өңірде көше атауларын өзгерту бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Астанада орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері облыс әкімінен «Рухани жаңғыру аясында кеңестік кезеңнен қалған Ленин, Октябрь, Ворошилов сияқты көше аттарын ауыстыру жоспарда бар ма?» деп сұрады.

«Ақтөбеде тұрғын үй құрылысы 3 есе артық салынып жатыр», — деді павлодарлық делегеция басшысы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 сентября 2017 в 01:12

«Ақтөбеде тұрғын үй құрылысы 3 есе артық салынып жатыр», — деді павлодарлық делегеция басшысы Биыл тамызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру, рухани жаңғыру мәселелері талқыланып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есептер тыңдалды. Отырыста облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету бойынша тапсырмалардың орындалу барысы жайында баяндама жасап, оны талқылау барысында Елбасы кеңеске қатысып отырған облыстар басшыларына бірқатар әлеуметтік және экономикалық жобаларды іске асыруда Ақтөбенің тәжірибесін қолдануды ұсынған еді.

Жас театр режиссерлері республикалық форумда бас қосады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 августа 2017 в 21:42

Жас театр режиссерлері республикалық форумда бас қосады Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында жас режиссерлердің Қайрат Сүгірбеков атындағы I республикалық форум-фестивалі өтеді.— Форум-фестиваль жас театр режиссерлерінің шығармашылығына жол ашып, қазақ режиссурасын жаңа есімдермен толықтыруды көздейді. Сонымен қатар шара аясында лекциялар, шеберлік сабақтар, семинарлар өткізіледі, — дейді Қазақстан театрлары қауымдастығының өкілдері.Фестивальге еліміздегі 20-40 жас аралығындағы жас режиссерлер қатысады, олардың арасында Елік Нұрсұлтан, Дәурен Серғазин, Дина Құнанбайқызы, Рүстем Жаныаманов, Болат Абдрахманов, Фархад Молдағалиев, Жұлдызбек Жұманбай, Гүлнәз Қамысбаева, Мейрам Хабибуллин, Айдын Салбановтар бар.Алты күн бойы Астана қаласының қонақтары мен тұрғындары форум-фестиваль барысында М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры, Республикалық академиялық неміс драма театры, Астана жастар театры, Ақтөбе облыстық «Алақай» театры, С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры, Шығыс Қазақстан облыстық жастар театры, «А.И» театры, Ж.Шанин атындағы облыстық академиялық қазақ драма театры, Алматы қаласы мемлекеттік қуыршақ театры, Атырау облыстық Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театрларының қойылымдарын тамашалай алады.

19 жастағы ақсулық жігіт 300 келілік «Қажымұқанның тасын» көтерді

Источник: Zakon.kz Дата: 22 августа 2017 в 09:59

19 жастағы ақсулық жігіт 300 келілік «Қажымұқанның тасын» көтерді Қазақ күресінен Қазақстан құрамасының мүшесі, ақсулық Әміре Бағұстар елордалық этноауылда өткен «Тас көтеру» жарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. Зілдей ауыр тасты көтеру үшін еліміздің әр түкпірінен қара күш иелері жиналды.Ересек азаматтар бағындыра алмаған ауыр тасты 19 жастағы Ақсу қаласының тұрғыны көтеріп алды.

Мемлекет басшысының қатысуымен даму бағдарламаларының іске асырылуы және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 августа 2017 в 12:42

Мемлекет басшысының қатысуымен даму бағдарламаларының іске асырылуы және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңес өтті Кеңеске Сенат төрағасы, Премьер-Министр және оның орынбасарлары, Президент Әкімшілігінің Басшысы және оның орынбасарлары, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдардың жетекшілері қатысты.Отырыс барысында мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру, рухани жаңғыру мәселелері талқыланып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы есептер тыңдалды.Алғашқы сөз Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминге берілді.

Павлодарда «Ұлы дала елі» этнофестивалі басталды

Источник: Zakon.kz Дата: 12 августа 2017 в 20:59

Павлодарда «Ұлы дала елі» этнофестивалі басталды Ертіс бойында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және шет елдегі қандастардың Отанға оралуына 25 жыл толуына байланысты «Ұлы дала елі» этнофестивалі басталды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz тілшісі. Ауа райының салқындығына қарамастан, тұрғындар көптеп жиналуда.

Павлодарлық археологтар Баянауылда көне замандағы қабірді анықтады

Источник: Zakon.kz Дата: 07 августа 2017 в 10:39

Павлодарлық археологтар Баянауылда көне замандағы қабірді анықтады Павлодарлық археологтар Торайғыр көлінің жағасындағы «Мұртты қорған» ескерткішінің жанынан біздің эрамызға дейінгі VIII – VI ғасырлардағы қабірді анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz. ПМПИ жанындағы «Margulan Centre» өңірлік археологиялық орталығының қызметкерлері бұл жерде сақ дәуіріндегі қорғандарды зерттеумен үш ай бойы айналысуда.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ескерткіші ашылды

Источник: Zakon.kz Дата: 19 июня 2017 в 12:39

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының ескерткіші ашылды Ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлына арналған ескерткіш қалаға кіреберістегі ақынның есімімен аталатын көшеде орнатылды, деп хабарлайды BAQ.kz.Ескерткіштің ашылуы шаһардың 60 жылдық мерейтойына орайластырылған. Қоладан құйылған монументтің биіктігі тұғырымен бірге алты метрден асады.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 19 новостей из 19