Популярные темы

балалар: новости — страница 4

«Оның аяғы ауыр болған жоқ». Қаза болған Мейрамгүл Жиенбаеваның отбасы жалған ақпарат таратпауды сұрайды

Arna Press, 15 июня 2023 в 14:58

Абай облысында орман өртінде қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаеваның туыстары оның жүктілігі туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Мейрамгүл Жиенбаева «Семей орманы» Новошульба филиалының Успенское орманшылығын басқарды. Өрт болған күні ол әріптестерімен бірге қызыл жалынды сөндіруге барып, әріптестерімен бірге қызметтік борышын өтеймін деп ажал құшты.Кейінірек әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қаза болған Мейрамгүл Жиенбаева жүкті болғаны туралы ақпарат пайда болды.

Семейде жасөспірімді пышақтап кетті

Arna Press, 08 июня 2023 в 15:08

Семейде жасөспірімді пышақтап кетті
6 маусымда облыстық балалар клиникалық ауруханасына су қоймасының аумағынан пышақ жарақатымен 13 жасар жасөспірім түсіп, медициналық мекемеде қайтыс болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Бұл жағдайға қатысты Абай облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ресми ақпарат таратты.Тексеру барысында жасөспірімдер арасында болған ауызша жанжалдың арты төбелеске айналғаны анықталды.

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады

Arna Press, 06 июня 2023 в 14:48

Енді Kaspi.kz-те тұрғылықты жері бойынша тіркелуге болады
Енді мобильді қосымшада тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдеуге болады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл қызмет арқылы үй иесі өзін және отбасы мүшелерін (14 жастан асқан балалар), сондай-ақ бірге тұратын басқа да адамдарды өз пәтерінде тіркей алады.

Семейде ҚАЖД қызметкерлері балалардың арманын орындады

Arna Press, 05 июня 2023 в 17:58

Семейде  ҚАЖД қызметкерлері балалардың арманын орындады
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіде Дарина мен Мақсат (есімдері өзгерген) есімді балалардың арманы «Ninety One» тобының концертіне қатысу туралы бейнежазбаны көріп, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлауды шешті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Белгілі болғандай, 15 жасар Дарина мен 13 жасар Мақсат туылғаннан бері церебральды сал ауруына шалдыққан.

Астанада 60-тан астам көшенің атауы өзгереді

Arna Press, 02 июня 2023 в 16:18

Астанада 60-тан астам көшенің атауы өзгереді
1 маусымда Астана әкімдігі орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында 60-тан астам көше мен 15 мектептің атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазіргі таңда 60-тан астам көше мен 15 мектепке жаңа атаулар беру бойынша дайын ұсыныстар бар.

Қазақстанда балалар неше жасқа дейін пойызда тегін жүре алады

Arna Press, 02 июня 2023 в 15:38

Қазақстанда балалар неше жасқа дейін пойызда тегін жүре алады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ балаларға пойызға билет алу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.ҚТЖ мәліметінше, 7 жасқа жетпеген балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды.

Семейде жалған номер тағып алған лимузин жүргізушісі ұсталды

Arna Press, 02 июня 2023 в 15:38

Семейде жалған номер тағып алған лимузин жүргізушісі ұсталды
Ағымдағы жылдың 1 маусымы күні соңғы қоңырау мен балалар күні мерекесіне орай қаланы патрульдеу барысында Семей қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері «HAMMER» маркалы лимузин автокөлігін тоқтатты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция Департаменінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Көлік мектеп бітіруші түлектерді тасымалдаған.

Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындар Президенттің әдеби сыйлығын алады

Arna Press, 02 июня 2023 в 14:18

Қазақстанда тұңғыш рет жас жазушылар мен ақындар Президенттің әдеби сыйлығын алады
Қазақстанда 2023 жылы жас таланттарды мемлекеттік қолдау және авторлардың жаңа буынын қалыптастыру үшін тұңғыш рет Президенттің арнайы әдеби сыйлығы беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Президенттік әдеби сыйлықтың иегерлері төрт номинация бойынша анықталады: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті». Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 4 миллион теңге, «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом мен төсбелгі беріледі.«Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жазушылар қатыса алады. Өтінімдер 1 маусым мен 30 маусым аралығында қағаз және электронды түрде қабылданады.

Сегодня поздравляют юных казахстанцев

Мой Город, 01 июня 2023 в 15:44

Сегодня поздравляют юных казахстанцев
1000 мероприятий запланировано в республике на 1 июня, сообщает портал Мой город.С целью объединения усилий всех структур, общественности, представителей бизнеса и СМИ в обеспечении безопасности детей в стране запланирован цикл мероприятий в рамках республиканской акции «Балалар игілігі үшін!».Так, во всех регионах Казахстана пройдет более 1000 различных мероприятий, в которых примут участие более 3 миллионов детей и родителей.

Балаларды қорғау күніне орай Семейде бірқатар іс-шаралар жоспарланған

Arna Press, 26 мая 2023 в 14:38

Балаларды қорғау күніне орай Семейде бірқатар іс-шаралар жоспарланған
Биыл, 1 маусым күні, қаламыздағы барлық мектептерде 9:00-12:00 аралығында соңғы қоңырау өтеді. Сондай-ақ, Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 1 маусым күні түрлі мерекелік бағдарламалар өткізу жоспарлануда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Атап айтқанда, музейлерге экскурсия жасау, Ертістің оң жағалауында флешмоб, спорттық ойындар, балаларға арналған викториналық конкурстар, пікірсайыс турнирі ұйымдастырылады, делінген хабарламда.

Министр оқу жылы неге ұзарғанын түсіндірді

Arna Press, 25 мая 2023 в 14:48

Министр оқу жылы неге ұзарғанын түсіндірді
Үкімет отырысында министр оқу жылын ұзарту және соңғы қоңырауды 25 мамырдан 1 маусымға ауыстыру туралы шешімнің қаншалықты орынды екеніне жауап берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазір біз стандарттар мен бағдарламаларды сәйкестендіру, оқытудың сапасы мен әдістерін жақсарту шараларын қолға алып жатырмыз.

Семейде полиция қызметкерлері шын мәнінде жоқ қылмыскерді іздеген

Arna Press, 23 мая 2023 в 11:38

Семейде полиция қызметкерлері шын мәнінде жоқ қылмыскерді іздеген
Семей қаласының тұрғыны әйелінің ақшасын ставқаға тігіп, 30 мың тенгеден айрылып қалғаннан кейін, өз-өзін пышақпен ұрып, қылмыскерлерден жапа шектім, деп полицияға арызданғанын хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол ҚР ҚК 419-бабында көзделген қылмыстық жауаптылық туралы ескертілді.

Балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін

Arna Press, 19 мая 2023 в 18:28

Балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін
Балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Оның пікірінше, балалар арасындағы және оларға үлкендер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты әлеуметтік норманы өзгерткен жөн.Дене жарақатын салуға заңмен тыйым салу – өте маңызды. Бүгінде 65 мемлекетте бұл заң күшіне енді.

Абай облысында «Назар аударыңыз – балалар!» жедел алдын алу шарасы өтуде

Arna Press, 18 мая 2023 в 17:48

Абай облысында
Балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс–тұрысқа байланысты дағдыларын бекіту мақсатында Абай облысында 15-31 мамыр аралығында «Назар аударыңыз — балалар!» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталған іс-шара аясында жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналары арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Юные артисты продемонстрировали своё мастерство на театральном фестивале в Каркаралинском районе

EKaraganda.kz, 18 мая 2023 в 09:15

Юные артисты продемонстрировали своё мастерство на театральном фестивале в Каркаралинском районе
Актёрское мастерство на сцене культурно-досугового центра имени Шолпан Жандарбековой продемонстрировали более 70 юных талантов из семи театральных коллективов. Они представили на суд зрителей разножанровые постановки.Театральный коллектив из села Аппаз под руководством молодого режиссёра Алдиярхана Карима представил зрителям русскую народную сказку «Колобок».

Абай облысының бастауыш сынып оқушыларының барлығы тегін тамақтанады

Arna Press, 04 мая 2023 в 16:58

Абай облысының бастауыш сынып оқушыларының барлығы тегін тамақтанады
Бұл туралы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте әкімнің орынбасары Шалқар Байбеков мәлімдеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ол бастауыш сынып оқушыларынан бөлек, 350 балабақшада көпбалалы отбасылардан 5 700 бала тегін тамақтана алатынын атап өтті.«Осы санаттағы балалар қосымша білім беру ұйымдарына, үйірмелер мен секцияларға тегін барады. Қамқоршыларға 600 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жәрдемақы төлеуге 200 млн теңге қарастырылған», — деді Шалқар Байбеков.Оқушы орындарының тапшылығы мәселесін шешу мақсатында 2027 жылға дейін облыста 9500 орындық 18 мектеп салынады.

Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жетілдірілмек

Arna Press, 03 мая 2023 в 14:38

Қазақстанда адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы заң жетілдірілмек
Мәжіліс «Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасына түзетулер қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасы адам мен азаматтың құқығы мен бостандығын қорғау мақсатында адам саудасына қарсы іс-қимылдың ұйымдық-құқықтық негіздерін анықтауды, оның ішінде адам саудасына қарсы күрес саласындағы уәкілетті органдарды құруды, олардың құқығы мен міндетін, оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және жаңа ұғымдарды енгізу және заң нормалары қолданылатын тұлғалар шеңберін, адам саудасына қарсы күрес субъектілері мен олардың құзыретін анықтау, адам саудасының тәуекелдерін бағалауды көздейді», — деді Снежанна Имашева.«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасы «Неке және отбасы туралы» кодекске, Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне, «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заң қорғаншылық және қамқоршылық органдарына, прокуратура органдарына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға балаларды қабылдау фактілері туралы хабарлау міндетін енгізуге, сонымен қатар адам саудасымен байланысты қылмыстардың тізбесі, құрбандарды арнаулы әлеуметтік қызметтерді алу құқығын хабардар етуді міндеттейді.«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заң жобасында медициналық ұйымдардың, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды адамдарының жаңа туған нәрестеден бас тарту фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізу және баланың құқығын қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретін айқындау көзделген.Сурет: Zakon.kz

Как Куаныш Бейсеков и Jusan раскрывают творческий потенциал казахстанских детей 03 мая 2023, 13:00

Tengrinews, 03 мая 2023 в 13:03

Как Куаныш Бейсеков и Jusan раскрывают творческий потенциал казахстанских детей
                03 мая 2023, 13:00
Проект «Кел, балалар, оқылық» продолжает расширять свою географию в третьем сезоне. Дети из Павлодара приняли участие в создании музыкального видео на песню «Көңіл» Алдияра и Hey Monro из группы «Ирина Кайратовна». Инициатором образовательной программы является известный режиссер Куаныш Бейсеков, которого поддержал Jusan.

Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 18 пайызға қымбаттады

Arna Press, 02 мая 2023 в 14:58

Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы 18 пайызға қымбаттады
Жылдық мәнде инфляция екінші ай қатарынан баяулауда: 2023 жылғы сәуірде – 16,8%, 2023 жылғы наурызда – 18,1%, 2023 жылғы ақпанда – 21,3%. Азық-түлік тауарларының бағасы жылдық мәнде 17,9%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 18,2%-ға өсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Кір сабын – 59,3%-ға, тазартылған қант – 51,7%-ға, ыдыс жууға арналған ұнтақ – 51,6%-ға, қияр – 50,9%-ға, балалар сабын – 49,6%-ға, күріш – 43,9%-ға, кір жуғыш ұнтақ – 43%-ға, дәретхана қағазы қымбаттады.

Жеке басын куәландыратын құжаттарды тегін алу үшін бірқатар жеңілдік иелеріне мәртебесін растаудың қажеті жоқ

Arna Press, 01 мая 2023 в 13:18

Жеке басын куәландыратын құжаттарды тегін алу үшін бірқатар жеңілдік иелеріне мәртебесін растаудың қажеті жоқ
Ішкі істер министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп азаматтардың әлеуметтік мәртебесін автоматты түрде растау үшін ақпараттық жүйелердің интеграциясын іске асырды,– деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл оларға жеңілдіктің бар екендігі туралы растайтын құжаттарды ұсынбай, паспорттар мен жеке куәліктерді алуға мүмкіндік береді.Енді көші-қон қызметінің ақпараттық жүйесі онлайн-режимде азаматтың «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 622-бабына сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баж төлеуден босатылған санаттардың бірі саналатынын айқындайды.Оларға: – «Батыр Ана» атағына ие болған;– «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналар;– мүгедектігі бар адамдар;– Ұлы Отан соғысының ардагерлері және оларға теңестірілген адамдар;– ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар және басқалар жатады.Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында «Қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын қарттар» және «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі, балалар үйлерінде және (немесе) интернаттарда тұратын балалар» санаттарына жататын азаматтар туралы мәліметтер жоқ, осыған байланысты олар өздерінің әлеуметтік мәртебесін қағаз жүзінде растауы керек.Бұдан басқа, осы жылдың ақпан айында Салық кодексіне 16 жасқа дейінгі балаларға паспорт бергені үшін мемлекеттік бажды 8-ден 4 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендету туралы түзетулер енгізілді.

Семейлік музыкант өз ауласында «Сақ шатырын» тікті

Arna Press, 01 мая 2023 в 01:28

Семейлік музыкант өз ауласында
Серәлі Мұхамедсалықов халық арасында танымал музыкант. Бірақ, соңғы кездері отандастары оны ерекше баспанасы арқылы танып жатыр. Arnapress.kz тілшісі сақ дәуірінің шатырын өз көзімен көріп қайтты.«Шығыс» кеңтіндегі саяжалардың бірінде ерекше үй бар. Сыртынан бірден байқалмайды, алайда жақындаған сайын шатырдың төбесіндегі найзаны көруге болады.

Семейде жаңа демалыс орны салынады

Arna Press, 21 апреля 2023 в 11:08

Семейде жаңа демалыс орны салынады
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы пайдалануға берілетін қоғамдық кеңістіктерді қолданысқа беру бойынша көшпелі кеңес өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала басшысы әкімдіктің жауапты қызметкерлерімен бірлесіп Жамақаев көшесіндегі емханадан Чайковский көшесіндегі жанармай құюға дейінгі аумақта сквер салу жоспарын талқылады.

Президент Семейді абаттандыру керек екенін айтты

Arna Press, 19 апреля 2023 в 14:28

Президент Семейді абаттандыру керек екенін айтты
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңес өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Президент бүгінгі күні өзекті болып тұрған мәселелерге тоқталып, алда атқарулуы тиіс жұмыстарды айқындап берді.Қасым-Жомарт Тоқаев қайта құрылған Абай облысының орталығы Семей қаласын да атап өтті.«Семей еліміздің әдемі және тарихи орталықтарының бірі болып саналады.

Семейде мемлекет тарапынан баспанаға кезекте тұрғандардың саны өсуде

Arna Press, 16 апреля 2023 в 23:18

Семейде мемлекет тарапынан баспанаға кезекте тұрғандардың саны өсуде
Қайта құрылған Абай облысының орталығы Семей қаласында мемлекет тарапынан берілетін баспанаға мұқтаж жандардың саны 14 мыңға жуық, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Мемлекеттік баспанаға кезекте тұрғандардың арасында жетім балалар, көпбалалы отбасылар, әлеуметтік осал топтар, жалғыз баспанасы аппаты деп танылған азаматтар, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері бар. Қалалық Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың айтуынша кезекте тұрған азаматтардың саны күнделікті өзгеруде. — Тұрғын үйге кезекте Семей қаласы бойынша барлығы 13 768 адам тұр.

Семейде көше саудасына қойылатын талаптар өзгерді

Arna Press, 13 апреля 2023 в 23:38

Семейде көше саудасына қойылатын талаптар өзгерді
Биыл қалалық әкімдік Семей қаласының келбетін жақсарту мақсатында ауқымды тұжырымдаманы әзірледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қалада әртүрлі орындарында рұқсат етілмеген көше саудалары өте көп. Бейбірекетсіз сауданың алдын алу мақсатында, биыл жағалау, Бейбітшілік аралы, Әуезов алаңы мен Абай алаңында ғана саудагерлерге көше саудасымен айналысуға рұқсат беріледі.

Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы ауыр жарақаттан қайтыс болды

Arna Press, 11 апреля 2023 в 23:08

Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы ауыр жарақаттан қайтыс болды
Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы жансақтау бөлімінде қайтыс болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жас спортшының қайтыс болғаны туралы қыз тұратын Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов Faceebook-те хабарлады.«10 сәуірде жас спортшы Соннова Арина Васильевнаның жүрегі тоқтап қалды.

В Караганде прошёл КВН среди команд военнослужащих

EKaraganda.kz, 03 апреля 2023 в 12:35

В Караганде прошёл КВН среди команд военнослужащих
Военнослужащие состязались за главный приз — Кубок Командующего региональным командованием Орталық. В игре принимали участия:1) Команда КВН «Ұлт мақтаныштары» воинской части 6505 г. Караганда. 2) Команда КВН «Бір үйдін балалары» воинской части 6505 г. Караганда. 3) Команда КВН «Тәртіп сақшылары» воинской части 5451 г.

Еліміздегі тұңғыш рет балалар дубляж студиясы ашылды

Arna Press, 30 марта 2023 в 17:18

Еліміздегі тұңғыш рет балалар дубляж студиясы ашылды
Екібастұзда еліміздегі тұңғыш балалар дубляж студиясы ашылды. Онда оқушылар шетелдің танымал мультфильмдерін өздігінен қазақшаға аударып, дыбыстайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына с3лтеме жасап.Студия шетелде үздік деп танылған «Сәттілік» мультфильмін қазақша дыбыстап, жергілікті кинотеатрда көрермен назарына ұсынбақ.

В карагандинской детской библиотеке презентовали десятитомник «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы»

EKaraganda.kz, 29 марта 2023 в 14:45

В карагандинской детской библиотеке презентовали десятитомник «Қазақ балалар әдебиетінің антологиясы»
— Неделя детской книги проводится с 1954 года. В рамках недели проходят различные мероприятия: квестбук, круглый стол, День библиотечного стиля, тренинги, мастер-классы, библиоперформанс и другое. В прошлом году было издано десять томов антологии казахской детской литературы. И вот сейчас мы организовали презентацию.

Абай облысында еліміздің үздік палуандары жиналды

Arna Press, 26 марта 2023 в 23:28

Абай облысында еліміздің үздік палуандары жиналды
«Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешенінде ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіТурнир U-17 және U-23 жас топтары арасында өткізіледі. Чемпионатқа 20 команда қатысады, жалпы 1500 балуандай жиналды. Бұл еліміздің барлық өңірлерінен келген үздік спортшылар. Бұл турнир Азия және әлем чемпионатына іріктеу.«Жеңімпаз атанған балалар ел құрамасына кіре алады.
Показано 30 новостей из 286