Новости по теме "аурулар"

Дәрігер қыста қандай аурулар көп тарайтынын айтты

Источник: TengriNews Дата: 20 ноября 2019 в 16:53

Дәрігер қыста қандай аурулар көп тарайтынын айтты Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биыл тұмау маусымы әдеттегіден ерте басталып отыр. Осыған байланысты дәрігерлер вакцинациялаудан өтуге және аяздан қорғануға кеңес берді. Tengrinews.kz тілшісі терапевт Жансая Тілеубековадан қыс маусымында қандай вирустардың көп таралатынын және оның қалай алдын алуға болатынын сұрап білді.Дәрігер көбі қыста тек тұмау асқынады деп ойлап қателесетінін айтады.

Бала қашан отыра алуы керек, қашан еңбектейді және тілі қашан шығуы тиіс? Маманмен сұхбат

Источник: TengriNews Дата: 20 ноября 2019 в 16:13

Бала қашан отыра алуы керек, қашан еңбектейді және тілі қашан шығуы тиіс? Маманмен сұхбат 20 қараша — Халықаралық балалар құқықтарын қорғау күні. Бала құқықтарынан бұрын әуел баста оған берілетін тәрбие жайлы айта кетсек. Дені сау нәрестенің ерте отыруы, еңбектеуі, жүруі, сөйлеуі немесе осының барлығын кеш жасауы сынды жалпы даму процестері тікелей ата-ананың балаға деген назарына тікелей байланысты.

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақылар: кімге және қанша беріледі?

Источник: TengriNews Дата: 13 ноября 2019 в 13:33

Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақылар: кімге және қанша беріледі? Елімізде көпбалалы аналарға бала дүниеге келгенде берілетін біржолғы жөргекпұлдан бөлек, әр балаға ай сайын жәрдемақы төленіп, барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылы көпбалалы отбасыларды қолдау мақсатында 365 миллиард теңге бөлінді.

Бірыңғай жиынтық төлем: кім және қанша төлейді?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 ноября 2019 в 10:02

Бірыңғай жиынтық төлем: кім және қанша төлейді? Бұл — елімізге биылдан бастап енгізілген жаңа салық түрі.Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, биыл 10 190 адам бірыңғай жиынтық төлем төлеуі тиіс. Бірыңғай жиынтық төлем дегеніміз не?Бұл — жылына 1 175 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын табысы бар, өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтардың кәсібін тіркеу тәртібін жеңілдетуді қарастыратын жаңа режим.

Дәрігер таңғы ас ішпейтіндерге қандай қауіп барын айтты

Источник: TengriNews Дата: 06 ноября 2019 в 13:53

Дәрігер таңғы ас ішпейтіндерге қандай қауіп барын айтты Медицина мамандарының айтқанына сүйенсек, таңғы астың денсаулыққа пайдасы мол. Таңғы ас организмдегі зат алмасу процесін жақсартады. Бірақ таңғы ас ішпейтіндердің асқазан-ішек аурулары, гипертонияға дейін шалдығу қаупі зор делінеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне гастроэнтеролог, терапевт Лаура Кемелбек айтып берді.Дәрігердің айтуынша, таңертең міндетті түрде өт қабының жұмысын ретке келтіріп, барынша пайдалы тағам жеу керек.«Қазіргі таңда таңғы ас ішпейтіндер көп, тек жастар емес. Әсіресе, таңғы ас ішпей, кофе ғана ішетіндер көп.

Қазақ қыздары неге жиі блефаропластика жасататын болған?

Источник: TengriNews Дата: 23 октября 2019 в 18:03

Қазақ қыздары неге жиі блефаропластика жасататын болған? Өзіне көңілі толмайтын немесе жастың ұлғаюына байланысты терінің салбырауынан әйел адамдар дискомфорт сезінеді, кейде өзіне деген сенімділікті жоғалтып алғандай да болады. Мұндайда кейбірі косметологиялық немесе хуриргиялық көмекке жүгінеді. Мысалы, солардың бірі блефаропластика, яғни қабақты ашу, оның формасын өзгерту.

Дәрігер етті шикідей жеудің қандай аурулардың алдын алатынын айтты

Источник: TengriNews Дата: 23 октября 2019 в 09:23

Дәрігер етті шикідей жеудің қандай аурулардың алдын алатынын айтты Бүгінде ет өнімдерін немесе көкөністерді қайнатпай, пісірмей шикідей жейтіндер аз емес. Осылайша олар құрамындағы дәрумендер жойылмайды деп түсінеді екен. Алайда дәрігерлер тағамды шикідей жеудің қаупі көбірек екенін ескертеді. Мамандардың сөзіне сенсек, шикі азық-түлік өнімдеріндегі бактериялар түрлі инфекцияларды тудырады.

32 кәсіпорынмен жүргізілген келісім ауаны ластаушы заттар эмиссияларын төмендетуге ықпал ете ме? 

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 октября 2019 в 10:42

32 кәсіпорынмен жүргізілген келісім ауаны ластаушы заттар эмиссияларын төмендетуге ықпал ете ме?  №21 Қарғалы сайлау округінен депутат Гүлжанат Ерғазинаның төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы түріндегі көпшілік тыңдау өтті. Басқосуға облыстық мәслихаттың хатшысы Сәния Қалдығұлова, облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Бағлан Баймағамбетов, сондай-ақ облыстық мәслихаттың депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, басқарма, департамент басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерінің орынбасарлары, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Мүгедек балалар неге көп?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 11:12

Мүгедек балалар неге көп? Газетіміздің өткен сандарының бірінде мүмкіндігі шектеулі екі баласын бағып отырған әке туралы жазғанбыз. Нағыз асыр салып ойнайтын шағында сал боп жерде домалап жатқан балаларды көргенде ол жерде көп тұра алмадық, біразға дейін жүрегіміз ауырды. Мүгедек бала — бір отбасының ғана емес, қоғамның мәселесі. Әсіресе, туа біткен генетикалық кемістікті емдеу қиынға соғады екен.

Еңбек қауіпсіздігін сақтап жүрміз бе?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 октября 2019 в 10:52

Еңбек қауіпсіздігін сақтап жүрміз бе? Биыл — Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жылы. Атаулы жыл аясында өткен аптада Ақтөбе қаласында «Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету» тақырыбында өңірлік семинар өтті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Ақмади Сарбасовтың төрағалығымен өткен семинарға Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарынан мемлекеттік еңбек инспекторлары, ірі және орта компаниялардың өкілдері, еліміздегі Кәсіподақтар федерациясы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ өкілдері қатысты.

Тісі сау бала қалмай барады…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 октября 2019 в 11:32

Тісі сау бала қалмай барады… Қазір тісі сау бала жоқ. Балалардың тоқсан пайызы түрлі тіс ауруына шалдыққан. Ал тіс ауруы мен ауыз қуысының қабынуы баланың бет сүйегін қисайтып, тіпті түр әлпетінің өзгеріп кетуіне әкелуі мүмкін. Облыстық балалар ауруханасының балалар бет-жақ хирургі, медицина ғылымының докторы, профессор, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің стоматология интернатурасы және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру кафедрасының жетекшісі Бақыт Жаналина балалар арасындағы осы аурудың алдын алмаса, соңы жақсылыққа апармайтынын айтады.

Тұмауға қарсы екпе алу басталады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 октября 2019 в 09:52

Тұмауға қарсы екпе алу басталады Облыста 1 қазаннан тұмауға қарсы жаппай вакцинациялау басталады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова екпе туралы жан-жақты айтып берді.Дәрігердің айтуынша, өңірде тұмаудың респираторлық вирусты жұқпасының алдын алу бойынша арнайы шаралар жасалып жатыр.

Бастамалар баянды іске ұласады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 сентября 2019 в 11:42

Бастамалар баянды іске ұласады Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы еліміздің əр саласындағы басты мәселелерге жəне олардың шешу жолдарына бағытталған құжат болды. Əсіресе, келесі жылы Үкімет тарапынан мәдениет қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге бағытталған игі бастаманы ерекше қабылдадым.«Біз мәдениет саласында жұмыс істейтін азаматтарға жеткілікті түрде көңіл бөлмей отырмыз.

Ақтөбе су көздері мен өзен-көлдерін қалай қорғаймыз?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 сентября 2019 в 11:22

Ақтөбе су көздері мен өзен-көлдерін қалай қорғаймыз? Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Байтақ болашақ» Экологиялық альянсыАқтөбе облысының жерасты және өзен-көлдерін қорғау тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған қоғам және мемлекет қайраткері Олжас Сүлейменов, Амангелді Айталы, экс-депутаттар Ирак Елекеев, Сабыр Қасымов, Төлеген Қуанышев, жергілікті табиғат қорғау мекемесінің басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.ЖЕРҮСТІ СУЛАРЫНА ҚАУІП ТӨНДІ«Байтақ болашақ» экоальянс бірлестігінің президенті, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық кеңес мүшесі Азаматхан Әміртай:— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлықтау кезінде еліміздегі су ресурстарын қорғауға, соның ішінде ауызсу мәселесіне ерекше көңіл бөліп, Табиғат қорғау министрлігін құратынын айтты.

Бір айдың көрсеткіші осындай

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 12:32

Бір айдың көрсеткіші осындай 20 тамыз-20 қыркүйек аралығында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ақтөбе қаласында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жүзеге асырылып, тұрғындарға денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, дін, т.б. салалар бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: нені білу керек?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 сентября 2019 в 11:22

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: нені білу керек? «2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады.Әрқайсысыңызға мына нәрсені айтқым келеді: мемлекет тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін сақтайды. Оны қаржыландыруға алдағы үш жыл ішінде 2,8 триллионнан астам теңгебөлінеді.Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың жүзеге асырылуы медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін жақсартуға бағытталған.Үшжылдық бюджет аясында денсаулық сақтау жүйесіндамытуға қосымша 2,3 триллионнан астам теңге бөлінеді.Үкімет әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің беделіне тағы да нұқсан келтірмеу үшін оны жүзеге асыру мәселесіне зор жауапкершілікпен қарауы қажет».ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауынан.

Жаңа зерттеу жүрегі ауыратын науқастарға тиімді ем ұсынады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 сентября 2019 в 11:42

Жаңа зерттеу жүрегі ауыратын науқастарға тиімді ем ұсынады 31 тамыз-4 қыркүйек күндері Францияның Париж қаласында Еуропалық кардиологтар қоғамының конгресі өтті. Оған 150 мемлекеттен 31 мыңға жуық делегат қатысты. Олардың қатарында қазақстандық кардиолог дәрігерлер де бар. М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің №2 ішкі аурулар кафедрасының профессоры, Қазақстан кардиологтар қауымдастығының Ақтөбе филиалының директоры Бекболат Жолдин әлем кардиологтары бас қосқан үлкен жиынға қатысып қайтты.

Хромтауда 96 отбасы баспаналы болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 сентября 2019 в 11:52

Хромтауда 96 отбасы баспаналы болды Өткен демалыс күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Хромтау ауданына барып, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Сондай-ақ, Қопа ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, аудан орталығындағы көп қабатты үйдің салтанатты жағдайда тапсырылу рәсіміне қатысты. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған 4 қабатты 2 тұрғын үйде барлығы 96 пәтер бар.

26 кездесу өтіп, 3509 адам қамтылды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 сентября 2019 в 13:12

26 кездесу өтіп, 3509 адам қамтылды «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасының бірінші бағытының төртінші ақпараттық тобының өкілдері 20 тамыздан бастап Ақтөбе қаласы мен қала маңындағы ауыл тұрғындарымен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Жұма күні жұмыс тобы Қарғалы елді мекеніндегі «Геолог» мәдениет үйінде болып, кездесу өткізді.Облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Бақыт Айдосов жиылған қауымға ақпараттық топтың негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталып, тұрғындар тарапынан қойылған бірде-бір сұрақтың жауапсыз қалмайтындығын айтты.Жиында алдымен сөз алған Қазақ-орыс халықаралық университетінің доценті, экономика ғылымдарының кандитаты Ұбайдолла Мәмбетов Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басты бағыттарына тоқталып, Президент жүктеген негізгі міндеттерді бірлесе орындауға шақырды.

Семей полигонында 11 мың ақтөбелік әскери борышын өтеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 августа 2019 в 10:42

Семей полигонында 11 мың ақтөбелік әскери борышын өтеді 1949-1991 жылдар аралығында 11 мың ақтөбелік Семей полигонында әскери борышын өтеген. Бүгінде облыста сол азаматтардың 1800-і ғана қалған. Оның ішінде 320 ардагер мүгедектер қатарына кірсе, қалғандары мемлекет тарапынан бүгінге дейін ешқандай қолдау көрмеген. БиылСемей ядролық сынақ полигонының жабылғанына 28 жыл толады.

Баланы молда сүндеттесе қандай қауіп бар?

Источник: TengriNews Дата: 28 августа 2019 в 10:13

Баланы молда сүндеттесе қандай қауіп бар? Бүгінде баланы сүндетке отырғызудың медициналық әдістері бола тұра көбі әлі күнге дейін молданың көмегіне жүгінетіні рас. Бірақ мамандар оның қауіпті екенін ескертеді. Айтуларынша, хирургиялық ота жасалатындықтан, міндетті түрде маманданған дәрігер болуы керек. Баланы молданың сүндеттеуі расында да қауіпті ме?

Баланы қандай жағдайда сүндеттеуге болмайды?

Источник: TengriNews Дата: 27 августа 2019 в 09:53

Баланы қандай жағдайда сүндеттеуге болмайды? Сүндеттеу салтымыз ғана емес, қазіргі таңда медициналық жағынан пайдасы бар екені айтылып келеді. Бірі дәстүрлі әдіс — молдаларға сүндетке отырғызып жатса, ендігі бірі хирургтердің көмегіне жүгініп жатады. Қостанай облысында 10 бала сүндетке отырғызу ережелері дұрыс сақталмағандықтан ауруханаға түскен.

Онколог қатерлі ісіктің басты 5 белгісін атады

Источник: TengriNews Дата: 23 августа 2019 в 15:53

Онколог қатерлі ісіктің басты 5 белгісін атады Таяуда қазақстандықтардың қатерлі ісік скринингі тексерулерінен тегін өте алатыны хабарланған болатын. Дәрігерлер бүгінде елімізде жатыр мойны обыры, сүт безі қатерлі ісігі, асқазан мен өңеш қатерлі ісігі сияқты бағыттар бойынша тегін скрининг жүріп жатқанын еске салған еді. Скрининг ауру пайда болмас бұрын ісікті табуға және ерте диагноз қойылған кезде ісік түрін анықтауға, ісіктен болатын өлімді азайтуға бағытталған.

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жалғасуда

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 августа 2019 в 12:22

«Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жалғасуда Ақтөбеде «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жүзеге асырудың сегізінші кезеңі басталды. 20 тамыз бен 20 қыркүйек аралығында топ мүшелері Ақтөбе қаласында жұмыс жасап, түрлі кездесулер өткізеді.Жалпы жоба аясында 20 000-нан астам адамды қамтитын 400-ге жуық іс-шара ұйымдастырылып, нәтижесінде 209 азаматқа түрлі бағытта көмек көрсетілу жоспарлануда.1-бағыттың 1-жұмыс тобымен мешіт жамағаттары арасында 30-ға жуық шара өткізу көзделсе, 1-бағыттың 2-жұмыс тобының негізгімақсаты кәсіпкерлік ортаға тарту бойынша жүйелі проблемаларды анықтауға, ауыл кәсіпкерлеріне нақты көмек көрсетуге бағытталған.

Жаңа тренд: ерінді үлкейту

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 августа 2019 в 10:32

Жаңа тренд: ерінді үлкейту Қазіргі сұлулық эталонында ерінді үлкейту сәнге айналды. Әсіресе, әлемдік актрисалардың мінсіз мүсіні мен томпақ ерініне қызыққан қыздар «пышаққа» түсуден қорықпайды. Соңғы кезде ақтөбелік қыз-келіншектер де ерінді үлкейтуді үрдіске айналдырған. Облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығындағы пластикалық хирург Айгүл Жапарова он жылдан бері ерінге ота жасап келеді.

Жастар үйленуге неге асықпайды?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 августа 2019 в 01:32

Жастар үйленуге неге асықпайды? Кейінгі жылдары айналамызда сүрбойдақтар мен кәрі қыздар қатары көбейіп барады. Қаншама тағдыр жалғыздан-жалғыз өз әлемінде өмір сүріп жүр.Мамандар сөзіне сенсек, кеш үйлену тек біздің елде ғана емес, әлемдік деңгейдегі мәселе. Әлеуметтанушы, бірнеше кітаптың авторы Эрик Клиненберг бір кітабында әлемде ХХ ғасырға дейін жалғыздықты серік еткендердің аз болғандығын жазыпты.

Атакәсіп тізгіні кімнің қолында?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 августа 2019 в 11:12

Атакәсіп тізгіні кімнің қолында? ОБЛЫСТЫҚ «АҚТӨБЕ» ЖӘНЕ «АКТЮБИНСКИЙ ВЕСТНИК» ГАЗЕТТЕРІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН КЕЗЕКТІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ БАСЫНДАҒЫ ӘҢГІМЕГЕ ӨҢІРІМІЗДЕГІ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ӨРКЕНДЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ ЕҢБЕК АДАМДАРЫ, МАЛ МАМАНДАРЫ, САЛАНЫ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ШАҚЫРЫЛДЫ.БАСТЫ ТАҚЫРЫП — МАЛ ӨСІРУДІҢ МҮМКІНДІКТЕРІ, БҮГІНГІ ЖАЙ-КҮЙІ, ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ.

Көшеден тамақ алып, ауруханадан шықпаңыз…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 августа 2019 в 11:42

Көшеден тамақ алып, ауруханадан шықпаңыз… Ақтөбе облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті ағымдағы жылдың 6 айының жұмысын қорытындылады. Департамент пен жергілікті атқарушы органдардың бірлесе атқарған жұмыстарының нәтижесінде облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Тағамнан уланулар мен инфекциялық аурулардың өршуі тіркелген жоқ. Өткен жылмен салыстырғанда түрлі жұқпалы аурулар біршама азайған.

Медициналық сақтандыру жүйесі қалай жүреді?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 августа 2019 в 09:42

Медициналық сақтандыру жүйесі қалай жүреді? Әсия ТРЖАНОВА, облыстық денсаулық сақтау басқармасының емдеу-алдын алу, қоғамдық денсаулық сақтау және дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы.Қазақстанда 2020 жылдан бастап медициналық көмек екі пакет бойынша көрсетіледі. Біріншісі — кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті.Кепілдендірілген тегін көмек (ТМККК) пакеті ең минималды стандарттардан тұрады.

Желіде сауда жасау кезінде алаяқтардан қалай сақтану керек?

Источник: TengriNews Дата: 30 июля 2019 в 14:33

Желіде сауда жасау кезінде алаяқтардан қалай сақтану керек? Әлеуметтік желілерде тауарды онлайн сатып алу — қазіргі таңда таптырмас құралға айналғандай. Киім, жиһаз, ұялы телефон тіпті косметиканы да онлайн алуға мүмкіндік беріп отырған интернет дүкендер көп. Ал интернет алаяқтарынан алданып қалмау үшін не істеу керек? Маркетолог маман Расул Абдуллаев Tengrinews.kz тілшісіне берген пікірінде ең алдымен ешқашан интернет дүкенінің иелеріне Instagram немесе басқа да әлеуметтік желілерде тіркелген байланыс нөміріңізді бермеңіз дейді. ♦ Интернет дүкеннің рейтингін анықтап алыңыз«Егер де тауарды интернет немесе Instagram арқылы онлайн сатып алғыңыз келсе, міндетті түрде онлайн дүкеннің интернеттегі рейтингін көрсететін іздеу жүйелерін қолданыңыз.
Показано 30 новостей из 170