Популярные темы

ауа-райы: новости

«Ауа райы, балалар, темекі» — коронавирусқа байланысы орындалмаған болжамдар

Tengrinews, 28 мая 2020 в 10:03

Дүние жүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 5,6 миллионнас асты. Оның ішінде 2,4 миллион адам аурудан айығып, 352 295 адам қайтыс болған. Коронавирус пандемиясы басталғалы әлем ғалымдары вирусқа байланысты түрлі болжам жасады. Бүгінде оның ішінде орындалғаны да, орындалмағаны да жеткілікті. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты орындалмаған болжамдарға шолу жасады.Күннің ыстық не суық болуы вирустың тарауына әсер етпейді — қатеКөптеген инфекциялық ауру алдымен өршіп, артынша жыл мезгіліне қарай бәсеңдейтін көрінеді. Әдетте тұмау суық, қыз мезгілінде, ал іш сүзегі жаз мезгілінде өршиді екен.

«Шыбын мен маса таратады». Коронавирус туралы қандай жаңсақ пікірлер тарап жатыр?

Tengrinews, 19 мая 2020 в 14:23

Ғалымдар коронавирусты толық зерттеп үлгерген жоқ. Соған байланысты желіде COVID-19 туралы жаңсақ пікірлер толып жүр. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сәт сайын коронавирус туралы тарап жатқан жаңсақ пікірлерге қатысты мәлімдеме жасап отырады. Tengrinews.kz тілшісі сондай жалған ақпараттар туралы баяндайды.«Сорпаға бұрыш қосып ішсең, коронавирустан емдейді«Желі қолданушылары коронавирустан тағам арқылы сақтанудың жолдары туралы жазған.

«Өкпем «сынық әйнекке» айналғандай» — коронавирус жұқтырған науқастардың үндеуі

Tengrinews, 30 марта 2020 в 15:13

Коронавирустың тарауына байланысты әр елде түрлі шара қабылданып жатыр. Алайда жергілікті биліктің қабылдаған ережелеріне құлақ аспай, сыртқа себепсіз шығып кетіп жатқан жандар жоқ емес. Желіде әлемнің түкпірінде коронавирус жұқтырып, үндеу жасаған адамдардың видеосы пайда болды. Tengrinews.kz тілшісі әлем тұрғындарына үндеу жасаған науқастардың видеосын жинады.

Жедел жәрдем көлігіне жол бер!

Ақтөбе газеті, 01 февраля 2020 в 17:52

Жедел жәрдем көлігіне жол бер!
Жедел жәрдем көлігі кейде кешігіп келетіні рас. Бұның себебі көп. Соның бірі — көшедегі көлік жүргізушілерінің жол бермеуі. Облыстық жедел жәрдем бекеті мен жол полициясы және «Арасан Ақтөбе» ЖШС бірлесіп, «Жол бер де, өміріңді сақта!» деген атаумен рейд ұйымдастырды. Қазіргі талап бойынша, жедел жәрдем көлігі кез келген шақыртуға дабылқаққыш пен жарығын қосып баруы тиіс.— Тұрғындар дабылқаққыштың дауысына үйренбей, неге қосып жүр деп ойлауы мүмкін.

«Үстімізге құласа өлеміз». Елордада қалың қар көмген жер үй тұрғындары мұңын шақты

Tengrinews, 31 января 2020 в 12:43

Нұр-Сұлтанда қатты боран соғып, қалың қардың жаууы тұрғындарды әбден титықтатып жіберген. Олардың арасында жердің үйдің тұрғындары да бар. Олар көшедегі қардың уақытында тазаланбағанына наразы. Тengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын біліп көрді.Бұл ескі орталық базарда орналасқан Тараз көшесіндегі көрініс.

113 жолаушы жылыту бекетіне жеткізілді

Ақтөбе газеті, 25 января 2020 в 10:43

113 жолаушы жылыту бекетіне жеткізілді
Қаңтар айының соңғы онкүндігінде ауа райы құбылмалы болып тұр. Қатты жел мен боранның, көктайғақтың салдарынан облыста бірқатар бағыттағы жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылып жатыр. Құзырлы органдар жолаушылар мен жүргізушілерге жолда абай болуын, тұрғындарға ұялы байланыс телефонына «112» нөмірінен келген хабарламаларға ерекше мән беруді ескертеді.

«АҚШ-қа қалыңдық визасымен көшіп келдім». Американың «бірқабат» қаласында тұратын қазақ

Tengrinews, 20 января 2020 в 14:33

Павлодарлық Айнаш Төлеу АҚШ-қа былтыр көшіп барған. Өзі Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдап, елордада біраз жұмыс істегеннен кейін осындай шешімге келген. Ол Америкаға 12 жасында көшіп кеткен Олжас Төлеу есімді павлодарлық жігітке тұрмысқа шыққан. Бүгінде үш бала асырап отырған Олжас пен Айнаштың өмірін баяндаймыз.«Күйеуім 2001 жылы анасымен бірге АҚШ-қа көшіп барған.

«Мұның бәрі рас». Аустралияда тұратын қазақ елдегі алапат өрт туралы әңгімеледі

Tengrinews, 15 января 2020 в 12:53

Алматылық Сәуле Паркер осымен жетінші жыл Аустралияда тұрып жатыр. Аустралиялық азаматпен отау құрып, бүгінде үш баланы тәрбиелеп отыр. Жасыл құрлықта тұрып жатқан ол Tengrinews.kz тілшісіне Аустралиядағы өрт пен елдің қазіргі жағдайы туралы айтып берді.«Өртке табиғи фактор да, адами фактор да себеп«Сәуле қазір Батыс Аустралия штатында Перт қаласында тұрып жатыр.

«Су бар, температурасы -50 градус». Ғалымдар тіршілік барын жоққа шығармайтын ғаламшарлар

Tengrinews, 09 января 2020 в 16:53

Таяуда NASA көлемі Жермен бірдей және өз жұлдызының орналасу аймағындағы алғашқы экзоғаламшарды ашқан. Бұған дейін де Жерге ұқсас, тіршілік белгісі бар ғаламшардың бірнешеуі анықталған. Tengrinews.kz порталы соңғы жылдары ашылған экзоғаламшарларға шолу жасайды.Биыл 7 қаңтарда NASA сайтында жаңа ғаламшар табылғаны хабарланған.

Шекара қызметі — бейбіт өмір кепілі

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 13:42

Шекара қызметі — бейбіт өмір кепілі
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің тапсырмасымен аталған комитеттің шекара қызметі «2087 — әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесінің бастығы Олег Васильев Шалқар ауданында болды.Жұмыс сапары барысында аудан активі жиынына қатысқан Олег Васильев Шалқар ауданы басшылығының мемлекеттік шекараны қорғаудағы қызметі мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жұмыстарының өз мәнінде жүруіне қосқан үлестері үшін алғыс білдіріп, аудан әкімі Бауыржан Қаниевке ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, генерал-майор Кәрім Мәсімовтің бұйрығымен берілген «Мемлекеттік шекараны күзетудегі үздік қызметі үшін» медалін табыс етті.

Олар жаңа жыл күні де жұмыс істейді

Ақтөбе газеті, 31 декабря 2019 в 13:22

Олар жаңа жыл күні де жұмыс істейді
Жаңа жылды дастарқан басында, отбасыңның қасында қарсы алғанға не жетсін? Бірақ, қоғамға ауадай қажет мамандық иелерінің дәл осы күні кезекшілікке түсіп, түнгі 12-ні жұмыс барысында қарсы алып жататыны бар.Мереке қарсаңында біз олардың бірқатарымен тілдескен едік. Қоңыраулар екі есеге көбейедіМереке күндері адам денсаулығына алаңдайтындардың бірі — жедел жәрдем қызметі.

Қала көшелеріне құм мен тұз себілді

Ақтөбе газеті, 28 декабря 2019 в 02:12

Қала көшелеріне құм мен тұз себілді
Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Досов пен Ақтөбе гидрометерология орталығының бөлім басшысы Айгүл Саимова ауа райындағы өзгерістер, көктайғаққа байланысты қалада атқарылып жатқан шаралар турасында баспасөз мәслихатын өткізді.Ақтөбеде 26 желтоқсаннан 27 желтоқсанға қараған түні ауа температурасы көтеріліп, жауын-шашын түсті.

Шетел басылымдары Алматыдағы ұшақ апаты туралы қалай ақпарат таратты?

Tengrinews, 27 декабря 2019 в 16:43

Шетел басылымдары Алматыдағы ұшақ апаты туралы қалай ақпарат таратты?
Bek Air компаниясының Алматы түбінде құлаған 95 жолаушысы бар Fokker-100 ұшағы туралы әлемдік БАҚ жазып жатыр. Қайғылы оқиға туралы CNN, BBC, The Guardian секілді басылымдар қалай жазып жатқанына Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. Америкалық CNN басылымы бүгінгі оқиғаға байланысты «Қазақстанда бортта 100-ге жуық адам болған ұшақ құлады, кем дегенде 15 адам қаза тапты» деген тақырыппен ақпарат таратқан.

Әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтті

Ақтөбе газеті, 19 декабря 2019 в 10:12

Әлем чемпионаты жоғары деңгейде өтті
15-16 желтоқсан күндері облысымыздағы Мұз сарайы спорт кешенінде қазақ күресінен әлем чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеде жалпы 9 салмақта 40-тан астам мемлекеттің балуандары бақ сынады. Жарыстың ашылу салтанатына облыс әкімі Оңдасын Оразалин, ҚР Энергетика министрі, Qazaq Kuresi халықаралық федерациясының президенті Қанат Бозымбаев, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Елдос Рамазанов, ҚР Еңбек Ері, Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Азия күрес кеңесінің президенті Дәулет Тұрлыханов, сондай-ақ Оңтүстік Кореядан келген Олимпиада және Әлем чемпионы Ли Вон Хи, ирандық әлем чемпионы Араш Мир Эсмайели, олимпиада жүлдегері Оскар Рене Брайсон Видал және ЮНЕСКО өкілдері қатысты. Құттықтау сөзінде:— Қазақ күресі ғасырлар бойы халқымыздың жауынгерлік, жекпе-жек өнерлерімен біте қайнасып, қанына сіңген сала.

«Мұнда өмір сүру аса қымбат емес». Испанияда тұрып жатқан қазақ отбасы

Tengrinews, 18 декабря 2019 в 17:43

Ерлі-зайыпты Ералы мен Жанар Нұралиевтер төрт баласымен бірге осыдан үш жыл бұрын Испанияға бизнеспен айналысамыз деп көшіп кеткен. Қазіргі уақытта отбасы Торревьеха қаласында тұрып жатыр. Испанияға уақытша немесе көшіп келгісі келетін отандастарына көмектесетін фирма ашып, сол бизнеспен айналысып жүрміз дейді. Қазақ отбасы Tengrinews.kz тілшісіне Испаниядағы өмірі жайлы, ондағы білім беру жүйесі, сондай-ақ, испаниялықтар жайлы қызық деректерді айтып берді.Ерлі-зайыпты шетелге көшу алдында тіл білмегендіктен қорқыныш болғанын, сондықтан бастапқыда кейбір істердің алға жүрмегенін айтады.Ералы 44 жаста, ШҚО тумасы, бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істеген, ал Жанар 41 жаста, ОҚО тумасы.

Қысқа дайындықтың жайы қандай?

Ақтөбе газеті, 12 декабря 2019 в 10:22

Қысқа дайындықтың жайы қандай?
Ақтөбе өңірлік коммуникациялар қызметінде «2019-2020 жылдардағы жылыту маусымында тұрғын үй секторындағы өрттің алдын алу іс-шаралары. Қысқы кезеңдегі қауіпсіздік» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Оған облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін уақытша атқарушы Асқар Төлешов, облыстық полиция департаментінің бірінші орынбасары Қанат Әлиев, азаматтық қорғау саласындағы қауіп-қатерді азайту және бақылау басқармасының орынбасары Құмар Тұрмағамбетов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашев және «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, «Қазақавтодор» ЖШС басшылары қатысты.Адамның өмірі мен қауіпсіздігі басты назарда болғандықтан, облыс көлемінде қысқа дайындық науқаны қызу жүріп жатыр.

«Мен көрген Манчестер». Қазақ студенті ағылшындардың тіршілігін баяндады

Tengrinews, 05 декабря 2019 в 12:43

Қазақстандық Айдос Ахметов Ұлыбританияның Манчестер қаласында оқып жатыр. Былтыр АҚШ-та оқып қайтқан, ал биыл Англияда тәлім алып жатыр. Айдос Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында ағылшындар арасындағы өмірі мен Манчестердегі футбол, жастардың белсенділігі туралы сөз қозғады.«Жарты миллион студент бар«Айдос Ахметов 1991 жылдың 22 желтоқсанында қарапайым отбасында туған.

Мал азығы дайын ба?

Ақтөбе газеті, 21 ноября 2019 в 11:02

Мал азығы дайын ба?
Биыл қыс ерте түседі деген болжам бар. Қазақша жыл қайырсақ 4 жылда бір келетін кібісе жылды қарсы алғалы тұрмыз. Яғни тышқанның жылы 366 күнге созылады. Өткенге көз жүгіртсек, қаптесердің әуресі оңай болмапты. Тышқан жылының қытымыр қысы ең бірінші төрт түлікті шөптен қысқанын үлкендер жақсы біледі. «Қазгидрометтің» айтуынша, әрі қарлы болмақ.

«Жаз ыстық болса, қыс қатты болады». Мамандар ұғымның рас-өтірігін айтты

Tengrinews, 13 ноября 2019 в 13:03

Халық арасында «жаз ыстық болса, қыс қатты болады» деген ұғым қалыптасқан. Тengrinews.kz тілшісі бұл ұғымның қаншалықты рас екенін «Қазгидромет» РМК-ның ұзақ мерзімге болжау басқармасының басшысы Жұлдыз Исабековадан бұл түсініктің қаншалықты рас екенін сұрады.Маманның айтуынша, «жаз ыстық болса, қыс қатты болады» деген ұғымға сенуге негіз жоқ.«Негізі мұндай заңдылық жоқ.

Еңбекке құрмет

Ақтөбе газеті, 29 октября 2019 в 11:02

Еңбекке құрмет
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай өткізілген салтанатты жиында облыс әкімі Оңдасын Оразалин сала еңбеккерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады. — Ауыл шаруашылығы бүгінгі күні Қазақстан экономикасының жаңа қозғаушысы ретінде көрініс табуда. Бұл сала өңір экономикасын дамытудың негізгі бағыттарының бірінен саналады.

Басты мақсат — азық-түлік молшылығын жасау

Ақтөбе газеті, 26 октября 2019 в 01:52

Басты мақсат — азық-түлік молшылығын жасау
Алдағы жексенбіде еліміздің ауыл шаруашылығы қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді. Егіс алқаптарында, фермаларда, шалғайдағы шабындықтарда диқандар мен малшылар, механизаторлар күні-түні еңбек етіп, уақытпен санаспай, халық игілігін молайтуға үлес қосуда. Олардың өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ұмтылыстары жоғары бағалауға лайық.Біз осы мереке қарсаңында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдан өзі басқарып отырған саланың бүгінгі ахуалы туралы айтып беруін сұрағанбыз.Сонымен…Ілгерілеуге негіз барОблыста мал шаруашылығы мен егіншілікті дамытуда ілгерілеу нышандары байқалуда, жоғары технологиялық жобалар жүзеге асырылып, кәсіпорындарды жаңғырту қолға алынуда.

Өнегемен өрілген өмір

Ақтөбе газеті, 24 октября 2019 в 10:12

Өнегемен өрілген өмір
Ерте есейетін адамдар болады. Ол екі жағдайда кезігеді деп ойлаймын, не тұрмыстың мәжбүрлеуімен, не туабітті табиғи жаралымынан пайда болса керек. Рамазан Нұржановтың ерте есеюіне осы жағдайлардың екеуінің де қатысы бар дегім келеді. Оның тұрмыспен байланысы бар, біріншісі – шыр етіп өмірге келген отызыншы жылдардың бас жағы – большевиктік аласапыран, жоқ жерден жау іздеумен біреуді-біреудің соңына салып қойған күдікті, мәлімсіз, құбылмалы уақыт еді. Құбылмалылық қуатты келсе, адамдарды өзінің ыңғайына бейімдеп, ығынан пана іздеуге мәжбүрлейтіні ежелден мәлім.

Қазақ жолға шығатын, той өткізетін және соғым соятын күндерін қалай белгілеген?

Tengrinews, 17 октября 2019 в 15:43

Қазақ жолға шығатын, той өткізетін және соғым соятын күндерін қалай белгілеген?
Бұрын қазақ халқы кез келген шаруаны бастағанда алдымен жұлдызға қарап жоспарлап алады екен. Кез келген іс-шараны мезгілін жұлдызбен болжау қағидаға айналған. Оны болжап отыратын арнайы адамдар да болған. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне этнограф Болат Бопайұлы айтып берді.Этнографтың сөзінше, бұрын қазақ аспан денелері мен табиғат құбылыстарын салыстыра бақылау арқылы, күнделікті ауа райын жақсы тани білген.

Жүгіру марафоны халықаралық сипат алды

Ақтөбе газеті, 01 октября 2019 в 11:12

Жүгіру марафоны халықаралық сипат алды
Жексенбі күні ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта «Qazaqstan Jastar Fest» фестивалі аясында Ақтөбе қаласының 150 жылдығына арналған «Алтын күз» жүгіру марафоны өтті. Спорттық шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин, Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин, сондай-ақ ақтөбеліктер мен қала қонақтары қатысты.

Тонды дұрыс таңдай білесіз бе? Киіс беретін ішік сатып алатындарға 5 кеңес

Tengrinews, 19 сентября 2019 в 18:23

Тонды дұрыс таңдай білесіз бе? Киіс беретін ішік сатып алатындарға 5 кеңес
Ішіктің табиғи немесе жасанды екенін қалай ажыратуға болады? Оны қалай таңдаймыз? Олардың сапасын қалай ажыратамыз? Ішікке қалай күтім жасаймыз? Сырт киімді ұзақ кию үшін не істеу керек? Tengrinews.kz тілшісі осы және тағы басқа сұрақтардың жауабын іздеп көрді. Табиғи және жасанды ішіктің басты айырмашылығы⠀Ішік сатумен айналысатын кәсіпкердің айтуынша, табиғи ішікті түсі мен түріне қарап ажыратуға болады.

Ақтөбе облысы Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады

Ақтөбе газеті, 12 сентября 2019 в 12:32

Ақтөбе облысы Арыстағы қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады
24-25 маусымдағы Арыс оқиғасы осы жылдың ең үлкен төтенше оқиғасы ретінде адамдарымыздың есінде ұзақ сақталатын болды. Маусымның 30 градустық аптап ыстығында қару-жарақ қоймаларынан шыққан өрт күнделікті таңғы тіршілігін бастаған жұрттың тыныштығын бұзды. Өрт қоймаларға тарап, әскери қалашыққа 200 метр жерде орналасқан үйлерге қоймадағы қару-жарақ оғы, әскери снарядтар ұша бастады.

Берсиевті әлемге танымал еткен тары Ақтөбеде неліктен таңсық асқа айналды?

Ақтөбе газеті, 15 августа 2019 в 11:12

Берсиевті әлемге танымал еткен тары Ақтөбеде неліктен таңсық асқа айналды?
Тары өсіруден әлемдік рекорд орнатқан Шығанақ Берсиев — осы өңірдің перзенті екені, тиісінше Ақтөбенің брендінің қатарына аталған дақылды қосатынымыз белгілі. Сонау 1943 жылы 1 гектардан 201 центнер (!) өнім жинаған даңқты диқанның мол табысын қайталай алғандардың әлі күнге кездеспегенін де мойындамасқа лаж жоқ.

Биыл шөптің шығуы көңіл көншітпей тұр

Ақтөбе газеті, 08 августа 2019 в 11:12

Биыл шөптің шығуы көңіл көншітпей тұр
Биыл күннің аптабы тіпті бөлек болды. Нағыз қырық күн шілде деген осы шығар?! Жаз шыққалы жаңбыр жаумаған Ойыл өңірінде мал азығының түсімі төмен. Оның үстіне ауа райы да мүмкіндік бермеді. Соған қарамастан дайындалған шөптің көбі қазір көрші облыстарға кетіп жатыр. Оны тоқтатудың жолы – тұрғындардың шөпті күзді күтпей, қазір жинап алуы.

«Еліме оралып, қызмет етемін» — Ұлыбританияда білім алып жатқан Әлия Сембаева

Tengrinews, 01 августа 2019 в 10:53

Бүгінгі таңда елімізде білім іздеп, еңбек қуған жандарға қай салада болсын жол ашық. Тіпті, әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып, қызмет етіп жүрген отандастарымыз да бар. Өзінің Ұлыбританиядағы өмірі туралы Әлия Сембаева Tengrinews.kz тілшісіне айтып берді.Әлия докторантура бағдарламасы бойынша Абердин университетінің химиялық инженерия бағыты бойынша білім алып жүр.

«Жантізерді» ирандықтар өздері іздеп келді

Ақтөбе газеті, 25 июля 2019 в 11:52

«Жантізерді» ирандықтар өздері іздеп келді
Хромтаудағы «Жантізер» шаруа қожалығы — облыстағы іргелі шаруашылықтың бірі. 8 бөлімшесі бар шаруашылықта төрт түліктің бәрі бар: 3500-ден астам ірі қара, 1500 жылқы, 2 мыңнан астам қой, 88 түйе өсіріп жатыр. Ірі қараның 80 пайызы — қазақтың асылтұқымды ақбас сиыры. Облыстағы екі бордақылау кешенінің бірі де осы «Жантізерде».
Показано 30 новостей из 186