Популярные темы

ауа райы: новости — страница 2

Еліміздің кей өңірлерінде 33 градус ыстық болады

Arna Press, 24 апреля 2023 в 12:58

Еліміздің кей өңірлерінде 33 градус ыстық болады
Синоптиктер 25-27 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстік облыстарында жаңбыр жауады.

Жексенбіде еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел соғып, найзағай ойнайтыны болжанады

Arna Press, 08 апреля 2023 в 21:48

Жексенбіде еліміздің бірқатар өңірінде қатты жел соғып, найзағай ойнайтыны болжанады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 9 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазақстанда ауа райының тұрақсыз сипаты сақталып, қатты жел және жауын-шашын болады деп күтіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстан территориясы бойынша ауа райының синоптикалық ахуалы мен қауіпті құбылыстарының 9 сәуірге арналған болжамы:Республика аумағының басым бөлігі атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райының сипаты күтіледі, еліміздің оңтүстік-батысында, шығысында, Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады, оңтүстік-шығыс өңірдің таулы аудандарында кейде қатты жауын-шашын болады.

Абай облысында 2 метрлік қар туннельдері пайда болды

Arna Press, 03 марта 2023 в 16:28

Абай облысында 2 метрлік қар туннельдері пайда болды
Абай облысының аумағында соңғы екі тәулік ішінде қатты боран соғып, қолайсыз ауа-райы салдарынан бірқатар күре жолда жол қозғалысына шектеу енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» сайтына сілтеме жасап.Күре жолдарда арнайы техниканың көмегімен қар тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Наурыздың 2-нен 3-не қараған түні «Семей-Өскемен» тас жолында 50-ден астам көлік қалды

Arna Press, 03 марта 2023 в 12:58

Наурыздың 2-нен 3-не қараған түні
Наурыздың 2-нен 3-не қараған түні «Семей-Өскемен» тас жолында 50-ден астам көлік қалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіАбай облысының полиция департаменті бастығының нұсқауы бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері қар құрсауында қалып қалған адамдарға көмекке барды.

ШҚО-да жабық жолға шыққан жүргізуші жауапкершілікке тартылды

Arna Press, 23 января 2023 в 11:38

ШҚО-да жабық жолға шыққан жүргізуші жауапкершілікке тартылды
ШҚО-да жабық жолға шыққан жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.ШҚО полицейлері жол қозғалысының авариялық учаскелерінде қызмет атқаруды күшейтіп, жолда қалған жүргізушілерге көмектесті. Сондай-ақ күн сайын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде құқықтық тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына өздерінің және жақындарының өмірін қатерге тікпеуді және қолайсыз ауа райы жағдайында жолға шықпауды ескертіп отырды.

ШҚО-да Ресейдің 12 азаматы қар құрсауынан құтқарылды

Arna Press, 06 января 2023 в 11:18

ШҚО-да Ресейдің 12 азаматы қар құрсауынан құтқарылды
ШҚО-да құтқарушылар Ресей Федерациясының 12 азаматын қар құрсауынан эвакуациялады, деп хабарлайды Arnapress.kz.Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd) Шемонаиха ауданында «Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» республикалық маңызы бар автожолда қалған 12 адам қолайсыз ауа-райының кепіліне алынды.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Костанайские Новости, 23 декабря 2022 в 10:11

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
Қостанай облысының жолшылары республикалық маңызы бар 1500,2 шақырым жолды күтіп ұстаумен айналысады. Бүгінгі таңда жолдағы көктайғақтың алдын алу, сондай-ақ облыстың республикалық трассаларында және жолдарды қысқы күтіп ұстау шеңберінде үздіксіз және қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында 1510 тонна техникалық тұз бен 3726 тн. құм дайындалған.

Абай облысының әкімдігі төтенше жағдайларды алдын алуда

Arna Press, 29 ноября 2022 в 12:28

Абай облысының әкімдігі төтенше жағдайларды алдын алуда
Абай облысы әкімінің орынбасары төтенше жағдайларға тез арада әрекет етуді тапсырды, деп хабарлайды Arnapress.kz Абай облысының әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі облыстық комиссияның кезектен тыс отырысында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариков ауа райы нашарлаған жағдайда қажет болуы мүмкін барлық техниканы толық әзірлікке келтіруді тапсырды.«Сондай-ақ, Димитрий Гариков қалалар мен аудан әкімдеріне техниканы ғана емес, төтенше жағдай кезінде қажет болуы мүмкін үй-жайларды да дайындауды тапсырды.

Қызыл, Чарлиз, Олимпиада — есімі ерекше адамдардың әңгімесі 03 февраля 2022, 11:20

Tengrinews, 03 февраля 2022 в 11:23

Қызыл, Чарлиз, Олимпиада - есімі ерекше адамдардың әңгімесі
                03 февраля 2022, 11:20
Жақында Алматыда Биллклинтон Осипов есімді ер адам тұратыны белгілі болды. Ол полицияда жұмыс істейді. Ол Tengrinews.kz тілшісіне ерекше есімі туралы әңгімелеп берген. Елімізде бұл есімнен де бөлек ерекше есімдер көп. Tengrinews.kz тілшісі Олимпиада, Чарлз және Қызыл есімді тұрғындармен сөйлесіп, оларға неліктен ерекше есім берілгенін сұрады.

«Ескі стереотиптерден толық арылған жоқ». Корейлер Қазақстан туралы не ойлайды? 02 декабря 2021, 17:11

Tengrinews, 02 декабря 2021 в 17:23

Қазақстандық Камила Махмұдова қазір Оңтүстік Кореяда жұмыс істейді. Кейінгі 4 жылын Пусан мен Сеулде өткізген ол Tengrinews.kz тілшісіне Кореядағы өмірі мен ондағы қазақтар жайлы айтып берді. Оңтүстік Кореяға қалай келді? Камила Махмұдова Шымкент қаласының тумасы, жасы 23-те. Ол 2017 жылы Корея Республикасының Пусан ұлттық университетіне оқуға түсіп, үздік аяқтайды.

«Көп нәрсе біліп қайттық». Ұлыбритания патшайымының бөлесі Аралқұмды жаяу аралады 14 сентября 2021, 15:26

Tengrinews, 14 сентября 2021 в 15:33

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II бөлесі Роузи Стэнсер Аралқұмды жаяу аралап шықты. Тартылған Арал теңізін арнайы көруге келген Роузи Стэнсермен және оның серіктесі, әрі танымал фотограф Пом Оливермен «Оян, Qazaqstan» таңғы бағдарламасының тілшісі сұхбаттасты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Показано 11 новостей из 41