Новости по теме "алтын көпір"

Димаш — елдер арасындағы «Алтын көпір»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 03 декабря 2019 в 10:32

Димаш — елдер арасындағы «Алтын көпір» 29 қараша күні Санкт-Петербургтегі Мұз сарайында жерлесіміз Димаш Құдайберген жеке концертін өткізді. Ән кешіне 12 мыңнан аса көрермен қатысты. Әлемнің отыз елінен оның ішінде Канада, Қытай, Беларусь, Венгрия, Польша, Финляндия, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Болгария, Чехия, Оңтүстік Корея секілді елдерден жанкүйерлері келді.

Диалог, ынтымақтастық және жауапкершілік

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2019 в 11:52

Диалог, ынтымақтастық және жауапкершілік «Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет деп санаймын.Сондықтан жақын арада Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп,қабылдауымыз керек».Қазақстан Республикасының президенті Қ.Тоқаевтың биылғы Жолдауынан. Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымдары қауымдастығының құрылғанына 10 жыл толды.

Солтүстікті игеру…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 12:02

Солтүстікті игеру… Дәуіржан ТӨЛЕБАЕВ «Ана тілі» Жуырда Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде оңтүстіктен көшіп келетін азаматтарға арналған үш мың коттедж салынатынын хабарлады. Аталған баспаналар инфрақұрылымы дамыған 150 елді мекенде бой көтермек.«Көшіп келушілерге бірнеше талап қоямыз. Әр отбасында 3-4 бала болу қажет.

Алтын көпір – әдеби байланыс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2019 в 11:32

Алтын көпір – әдеби байланыс Ақбота ҚУАТОВА «Ана тілі» Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында Қытайдың қазіргі қаламгерлерінің классикалық шығармаларының қазақ тіліндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті. Туындылар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ҚХР «Ұлттар Баспасы» мен ҚР «Ан Арыс» баспасының біріккен жобасы негізінде аударылып, ұсынылған.

Олар — біздің кейіпкерлеріміз

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июня 2019 в 11:02

Олар — біздің кейіпкерлеріміз Өңір баспасөзінің қарашаңырағы — облыстық «Ақтөбе» газеті 95 жасқа толды. Осы уақыттың ішінде, Ахмет Байтұрсыновша айтсақ, «халықтың көзі, құлағы һәм тіліне» айналған басылым үшін түрлі танымал тұлғалар да бөтен емес. Өйткені олар баспасөз беттері арқылы жылт еткен жаңалығын, өмір мен өнердегі сүйініш-күйінішін, жалпы жай-күйін білдіреді… Бүгінге дейін газет журналисіне сұхбат беріп, «Ақтөбенің» кейіпкері атанған даңқты қайраткерлерге сөз кезегін берелік. Өзі еңбек ететін салада сара жолын һәм қолтаңбасын қалдырып үлгерген олардың «туған күн» иесіне лебізі бар… Біз — идеологияның өкілдеріміз Роза РЫМБАЕВА, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты:— Үлкен сахнада жүргеніме 43 жылдан асып барады.

Үкіметтік емес ұйымдар — сенімді серіктес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 мая 2019 в 11:12

Үкіметтік емес ұйымдар — сенімді серіктес Үкіметтік емес ұйымдар — халық пен билік арасындағы алтын көпір. Қазіргі таңда облыста 626 үкіметтік емес ұйым тіркелсе, оның 200-ге жуығы белсенді түрде жұмыс жасайды. Облыс әкімі Оңдасын Оразалин «Анаға тағзым» орталығында үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесті. Ашық диалог үлгісінде өткен жиында ұйым басшылары өздерін толғандырып жүрген проблемаларды ортаға салды.

Өнері — өнеге

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 марта 2019 в 10:42

Өнері — өнеге Кеше әлем Дүниежүзілік театр күнін атап өтті. Осы орайда белгілі театр сыншысы Әшірбек Сығаевтан актерлік өнеріне лайықты баға алған, жалпы, театр өнерінің дамуына зор еңбек сіңіріп, бүгінгі жас буын үшін өнегелі тұлғаға айналған актер, режиссер, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының ардагер-кеңесшісі, ҚР мәдениет саласының үздігі Мағзом Бақытжановпен сұқбат жасадық:— Мағзом аға, армысыз!— Құдайға шүкір, тәубе, тәубе..— «Тәубе» деген сөзді аузыңыздан тастамайсыз…— Менің ең жақсы көретін сөзім де осы.

Азаматтық қоғам — халық пен билік арасындағы алтын көпір

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 ноября 2018 в 13:22

Азаматтық қоғам — халық пен билік арасындағы алтын көпір Кеше Ақтөбе қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратының салтанат залында «Азаматтық қоғам және мемлекет: Диалог. Ынтымақтастық. Жауапкершілік» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдардың VІIІ облыстық форумы өткізілді. Форум жұмысына облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин, Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің орынбасары Сергей Коновалов, Қазақстанның Азаматтық Альянсы төрағасының орынбасары Мұсағали Дуанбеков, сондай-ақ өңірдегі белсенді үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық департамент, басқарма басшылары, бизнес құрылымдарының және этномәдени бірлестік өкілдері, барлық ауданнан делегаттар қатысты.

Құттықтаулар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 июля 2018 в 11:53

Құттықтаулар Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!Ақтөбе облысының этномәдени бірлестіктері Сіздің қоғамдық келісімге негізделген, әлеуметтік мемлекет құруды көздеген еліміздің стратегиялық даму бағытын әрқашан қолдайды.Қазақстан халықтарының тамырын тереңге жайған достығы жылдан-жылға нығайып келеді. Барлық бұл оң өзгерістер қазақстандықтар зор сенім артқан ұлттың Көшбасшысы өзіңіздің арқаңызда мүмкін болды.Сіздің күллі қызметіңіз әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға, мемлекетті одан әрі нығайтуға, қоғамдық-саяси тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді сақтауға бағытталған.Сіз алға қойған мақсаттар күнделікті өмірде табысты жүзеге асырылып келеді.

Б.Сағынтаев: Астана — жаңғырған, жаңа Қазақстанның жарқын символы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2018 в 12:32

Б.Сағынтаев: Астана — жаңғырған, жаңа Қазақстанның жарқын символы Құрметті әріптестер!Ең алдымен, баршаңызды еліміз үшін айрықша маңызды белес — аяулы Астанамыздың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын! Астана күні — бір қаланың ғана мейрамы емес, бүкіл ел болып атап өтетін жалпыхалықтық мереке.Себебі, Қазақ Елінің тәуелсіз мемлекет ретінде орнығуы, сынақтардан сүрінбей өтіп, дамудың даңғыл жолына түсуі, бәрі еліміздің бас ордасымен тығыз байланысты.Ел бола аламыз ба, әлде заманның алапат желіне ұшып жоғаламыз ба деген тағдырлы сәтте халықты биік мақсатқа жұмылдырып, болашаққа бастаған Астана — жаңғырған, жаңа Қазақстанның жарқын символы.Ол — қастерлі Тәуелсіздігіміздің ұлы тұғыры, Алаш жұртының айбары, Елбасымыздың төл перзенті.Басында өзге түгілі өзіміз күмәнмен қараған ғасыр жобасы Елбасының саяси көрегендігі мен ерік-жігерінің арқасында табысты жүзеге асып, небәрі 20 жылда Арқа төрінде ғажайып қала бой көтерді.Халқымыздың мың жылдық талайлы тағдыры мен асқақ армандарынан нәр алып, сайын далада сәмбі талдай бүр жарған бас ордамыз аз уақытта ел тірегі — алып бәйтерекке айналды.Астана — терең тарихтан тамыр тартқан даңқты өткенімізді бүкіл әлем таңдай қаққан бүгінгі биіктерімізбен және жаһандық нарықта бәсекелік қабілеті жоғары, Мәңгілік Ел болар кемел келешегімізбен жалғайтын Елдігіміздің алтын арқауы.Қарасаң көз жетпейтін Ұлы Даланың Аспанмен астасқан көкжиегіне көз салсақ, көк пен жерді жалғайтын алтын көпір іспетті Астананың алып мұнаралары алыстан асқақтап, менмұндалайды.Ол — барша халқымыздың бақытты өмірі мен үкілі үмітінің символы.

Мерейтой құтты болсын, «Актюбинский вестник»!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2018 в 12:42

Мерейтой құтты болсын, «Актюбинский вестник»! Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Актюбинский вестник» газетінің қызметкерлері мен ардагерлерін басылымның ғасырлық мерейтойымен құттықтады. Құттықтау сөзінде ол газеттің билік пен қоғам арасын жалғайтын алтын көпір екендігін атап өтті.Газеттің редакциясына арнайылап келген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлованы «Ақтөбе Медиа» ЖШС директорының орынбасары Руслан Дарбаев пен облыстық «Актюбинский вестник» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Айгүл Нұркеева қарсы алды.

Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы алтын көпір

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 июня 2018 в 01:42

Жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы алтын көпір Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының шешімімен 10 маусым — Кәсіподақтар күні болып белгіленген. Осымен байланысты бүкіл елімізде іс-шаралар өтіп жатыр. Ақтөбелік кәсіподақ белсенділері өздерінің төл мерекесін жұма күні қаламыздағы «Рауан» мәдени орталығында үлкен салтанатты жағдайда атап өтті.

Сарапшы пікірі: Әліпби – ұлттық болмысты сақтау құралы

Источник: Zakon.kz Дата: 20 февраля 2018 в 16:59

Сарапшы пікірі: Әліпби – ұлттық болмысты сақтау құралы Елбасының 2017 жылғы 19 ақпандағы Жарлығына сәйкес латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жаңа нұсқасы бекітілді. Еліміздің зиялы қауымы, соның ішінде жастар Елбасының әліпби ауыстыру бастамасын әу бастан-ақ қолдап келеді. Бұған, біріншіден, латын жазуының заманауи барлық талаптарға сай келуі, екіншіден, кириллица графикасының қазақ тілінің дамуына толық сай келмеуі, үшіншіден, әлемдегі қазақ диаспораларының әр түрлі әліпби қолданып, қиындық көруі себеп болды.

2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жарияланды

Источник: Zakon.kz Дата: 17 января 2018 в 14:29

2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жарияланды 2018 жыл Өзбекстанның Қазақстандағы жылы деп жарияланған, деп хабарлайды Хабар 24.Соған орай Алматыда «Алтын көпір» қоғамдық қорының мұрындық болуымен «Ұлы Жібек жолы – рухани байланыстың алтын көпірі» атты кездесу өтті. Онда көрші елдер арасындағы тамыры терең тарихи байланысты зерттеп жүрген ғалымдар өз ойларын ортаға салды. Өзбек тарихшысы Абдулахат Каһаров «Орталық Азиядағы ислам дінінің кең таралуы қазақ жерінен басталған», – дейді.

«Экспо-2017» — ел абыройын асқақтатқан айрықша жетістік

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2017 в 23:14

«Экспо-2017» — ел абыройын асқақтатқан айрықша жетістік ЭКСПО көрмесі — экономикалық форумдардан, туристерге арналған мәдени-көпшілік шаралардан тұратын ауқымды шара. Оны сарапшылар Олимпиада және әлемдік футбол чемпионаттарымен қатар қояды. Әлемде бұл көрмені өткізу құрметіне ие болған қалалар саны 50-ге де жетпейді. Биыл Қазақстан астанасы солардың қатарына қосылды.Астана қаласы «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу құрметіне 2012 жылдың 22 қарашасында ие болды.

Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қараудың мәселелері

Источник: Zakon.kz Дата: 18 ноября 2017 в 13:19

Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қараудың мәселелері Алқабилердің қатысуыменқылмыстық істерді қараудың мәселелері 1. Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық іс бойынша сот процесін ұйымдастыру.Алқабилер қарауға тиісті қылмыстық іс сотқа түскен кезде соттың төрағасы істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешеді. Судья келіп түскен іс бойынша басты сот талқылауын тағайындау немесе алдын ала тыңдау жүргізу туралы шешімдердің бірін қабылдайды.Басты сот талқылауы тараптарға сот отырысының болатын орны мен басталатын уақыты хабарланған кезден бастап кемінде үш тәуліктен кейін және оның тағайындалуы туралы қаулы шығарылған кезден бастап он бес тәуліктен кешіктірілмей басталуға тиіс. Іс бойынша куә болып танылған адамдарға сотқа шақырту қағазы толтырылады.

БҚО-да Қазақстан халқы ассамблеясының өмірлік қуаты зор

Источник: NewTimes Дата: 16 ноября 2017 в 11:54

БҚО-да Қазақстан халқы ассамблеясының өмірлік қуаты зор «БҚО ҚХА мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының біріккен әрі тиімді институты ретінде өзін танытуда. Қазігі уақытта облыстық ассамблеяның толыққанды құрылымы жасалды. Ол қоғамдық келісім мен қазақстандық біртектілікті дамытудың үйлестірушісі қызметін атқаруда. Олар ассамблеяның 13 облыстық және аудандық кеңестері, 132 аналар кеңестері, 153 ақсақалдар кеңестері, ғылыми-сараптамалық топ пен М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дағы ассамблея кафедрасы, журналистер клубы, облыстық мәслихаттағы «Ынтымақ» депутаттық тобы, БҚО ҚХА жастар қанаты және барлық оқу орындарындағы 412 достық клубтары, 300 адамды біріктіріп отырған «Мейірім шуағы» волонтерлық қозғалысы.

ОҚО ұстаздары қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай жобасына қатысты пікірлерін білдіруде

Источник: Zakon.kz Дата: 10 октября 2017 в 15:59

ОҚО ұстаздары қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай жобасына қатысты пікірлерін білдіруде Қазақ әліпбиін латын қарпіне көшіру – бүгінгі қоғам талабы. Ақордада латын қарпіне қатысты жалпыхалықтық талқылаудың соңғы түктесін қойған жиынға Оңтүстік ұстаздары қолдау білдіріп отыр. Елбасымен кездесу барысында таныстырылған латын әліпбиінің соңғы үлгісіне өңірдегі білім саласының қызметкерлерінен бастап танымал қоғам белсенділері оң бағасын беруде, деп хабарлайды zakon.kz. — Елбасының әрбір реформасы ел үшін де, өскелең ұрпақ үшінде маңызды болып келген.

Облыстық газеттер — Шалқар ауданында

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июля 2017 в 00:32

Облыстық газеттер — Шалқар ауданында «ТУҒАН ЖЕРГЕ ТАҒЗЫМ» АКЦИЯСЫ ОБЛЫСТА КЕҢІНЕН ӨРІСТЕП ТҰР. КІМ-КІМНІҢ ДЕ ТУЫП-ӨСКЕН ЖЕРІ, БІЛІМ АЛҒАН МЕКТЕБІ, ТӘЛІМ БЕРГЕН ҰСТАЗЫ БАР. ОСЫНДАЙ САБАҚТАСТЫҚТАР ӘРБІР АЗАМАТҚА ЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ ИГІЛІКТІ БІР ЖҰМЫСТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ.ОБЛЫСТЫҚ «АҚТӨБЕ» ЖӘНЕ «АКТЮБИНСКИЙ ВЕСТНИК» ГАЗЕТТЕРІН БІРІКТІРЕТІН «ШАМШЫРАҚ-АҚТӨБЕ» ЖШС ҰЖЫМЫ БАСЫЛЫМ БЕТТЕРІНДЕ ОСЫ БАСТАМАНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫН НАСИХАТТАП ҚАНА ҚОЙМАЙ, ӨЗДЕРІ ДЕ ҮЛЕС ҚОСҚАНДЫ ПАРЫЗ САНАЙДЫ.ОБЛЫСТЫҚ ГАЗЕТТЕРДІҢ АУДАНДАРҒА САПАРЫ БАРЫСЫНДА ОСЫ МАҚСАТТЫ ОРЫНДАУ ДА ҰМЫТ ҚАЛҒАН ЖОҚ.

Маусым: мыңнан бір мезет

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 29 июня 2017 в 20:02

Маусым: мыңнан бір мезет «Туған ай тураған етпен тең» дегендей, 2017-нің маусымы да тарих қойнауына біржола аттанып барады. Біз артқа қайырылып, маусымның маңызды оқиғаларына тағы бір көз салдық:Баланың тәтті күлкісі…Дүниеде бала күлкісінен төгілетін шуаққа тең келер ештеңе жоқ. Баласы бар үйдің, баласы бақытты үйдің әр күні — жаз.

Ораза айт мерекесіне халық көп жиналды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 июня 2017 в 00:22

Ораза айт мерекесіне халық көп жиналды Ақтөбеде айт намазынан кейін жаңбыр жауды. Мұны жамағат жақсылыққа балап, Алланың нұрына теңеп отыр. Жексенбі демалыс күні болса да, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ине шаншар жер табылмады. Дұға ету үшін мешітке сыймаған жамағат сыртта да сап түзеді. Айт намазы таңғы сағат 7-де оқылды. Бұған дейін облыс әкімінің атынан Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов жиналған тұрғындарды мұсылмандардың айтулы мерекесімен құттықтады.— Баршаңызды мұсылмандардың қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Қасиетті Рамазан айынан кейін келетін осы ұлық мерекені әлемдегі бүкіл мұсылмандар айрықша қуанышпен, зор ықыласпен атап өтеді. Өйткені Рамазан береке мен бірлік, бейбітшілік, игілік, кешірім, мейірім және қайырымдылықтың айы болса, үш күн бойы аталып өтілетін Ораза айт — адамдардың жан дүниесін, сана-сезімін, көңілін қуанышқа бөлейтін, кірбіңнен тазалайтын ұлық мереке.

Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қараудың мәселелері

Источник: Zakon.kz Дата: 19 июня 2017 в 12:39

Алқабилердің қатысуымен қылмыстық істерді қараудың мәселелері Алқабилердің қатысуыменқылмыстық істерді қараудың мәселелері Каратаева Гульнур ЕркиновнаҚарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман — сот отырысының хатшысы 1. Алқабилердің қатысуымен қаралатын қылмыстық іс бойынша сот процесін ұйымдастыру.Алқабилер қарауға тиісті қылмыстық іс сотқа түскен кезде соттың төрағасы істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселені шешеді.

«ЭКСПО-2017»: әр павильон — бір әлем

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 июня 2017 в 19:52

«ЭКСПО-2017»: әр павильон — бір әлем Астананың төрінде Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылғанына бір апта болды. Осы аралықта әр күн сайын түрлі мемлекеттердің павильондарының таныстырылымы өтіп, жұртшылыққа ондағы көрнекі бұйымдар һәм ерекше технологиялар паш етіліп жатыр. Бүкіләлемдік шараның қызығы сол, 115 ел мен 22 халықаралық ұйым өкілдері қатысып жатқан көрменің әр күні жаңалыққа толы — ұлттық павильондар кезек-кезегімен есігін айқара ашуда.

«Экспо-2017» көрмесі ашылды!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 июня 2017 в 03:52

«Экспо-2017» көрмесі ашылды! 93 күнге созылатын халықаралық шараның келушілерге ұсынатын қызығы көп Өткен жұма күні елордада көптен күткен халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Дүниежүзілік көрмеге 115 ел мен 22 халықаралық ұйым өкілдері қатысады. Ал бірқатар мемлекет басшылары, жер-жерден келген жоғары мәртебелі қонақтар қатысқан ашылу рәсіміндегі сән-салтанат һәм шоу-бағдарламаны қазірдің өзінде жылдың ең айтулы оқиғасына балап жатқандар аз емес. Әлқисса… Осыдан бес жыл бұрын Астана қаласы Халықаралық көрмелер бюросына мүше 161 мемлекет өкілдерінің дауысқа салуы барысында «ЭКСПО-2017» көрмесі өтетін өлке болып таңдалғаны белгілі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші мәртебесі

Источник: Zakon.kz Дата: 05 июня 2017 в 16:49

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші мәртебесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметші мәртебесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев: «мемлекеттік қызметші — жоғары моральды жауапкершілік, кәсіби білімін тәжірибеде қолдана алу, адалдық, таза ниеттілік, белсенді өмірлік ұстаным сияқты негізгі қасиеттерге ие болуы шарт, яғни мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының маңыздылығын сезіне отырып өз елінің патриоты болуы тиіс» деп ерекше ден қойған.

Облыстық газеттер — Ойыл ауданында

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 мая 2017 в 20:12

Облыстық газеттер — Ойыл ауданында Бүгінгі күні бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамды қозғаушы күш ретінде рөлі арта түсуде. Сондықтан да басылымдар мен оқырмандардың арасындағы байланысты нығайту, жұртшылықтың ой-пікірін, ұсыныстарын биліктің назарына жеткізу міндеті қалам иелері үшін кәсіби парыз ғана емес, сондай-ақ Елбасы Жолдауларында айтылған елді ілгерілету, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге қосылған үлес те болмақшы.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 26 новостей из 26