Популярные темы

абаттандыру: новости

Пара алған қызметкері үшін қызметінен кеткен шенеуніктер

Tengrinews, 22 сентября 2020 в 16:13

Пара алған қызметкері үшін қызметінен кеткен шенеуніктер
Былтыр 10 желтоқсанда Қасым-Жомарт Тоқаев қоластындағы қызметкері пара алған басшы қызметінен кетуі керек деген болатын. Содан бері бірнеше пара алды деп айыпталған кей мемлекеттік қызметкердің басшылары орнын босатуға арыз жазған. Tengrinews.kz тілшісі орынбасарының қылмысы үшін қызметінен кеткен шенеуніктер туралы баяндайды.Орынбасары суға секіріп қашқанКеше Алматы облысы Текелі қаласының әкімі Бахтияр Өнербаев отставкаға кетті.

В Нур-Султане увеличили денежную помощь школьникам из малообеспеченных семей

Литер, 23 августа 2020 в 15:39

В Нур-Султане увеличили денежную помощь школьникам из малообеспеченных семей
Власти Нур-Султана расширили оказание помощи детям в преддверии нового учебного года, передает Liter.kz.Акимат столиц сообщает об увеличении финансирования по оказанию помощи школьникам.«В текущем году увеличили не только охват детей, но и сумму, выделяемую на приобретение школьных принадлежностей – до 40 тысяч тенге.

«Өзенге секіріп, ағып кете жаздаған». Алматы облысында шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

Tengrinews, 09 июля 2020 в 15:53

Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бірінші департаменттің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша басқармасы ҰҚК департаментімен бірлесіп, Текелі ауданы әкімі аппаратының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастаған.«Ол «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің директорынан «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру аясында жүргізіліп жатқан Текелі қаласының аумағын абаттандыру туралы жасалған келісімшарт бойынша қоғамдық бірлестіктің қызметіне жалпы қамқорлық көрсету үшін 1,5 миллион теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді», — деді ол Facebook желісінде өткен онлайн брифингте.Сонымен қатар, Қайсар Баржақсынов шенеунік оқиға орнынан қашып кетпек болғанын атап өтті.«Текелі қаласы әкімі аппаратының басшысының әрекетін әшкерелеу кезінде ол өз басын қауіп-қатерге тігіп, оқиға орнынан жасырынбақ болды.

Крошится палочкой для мороженого: в Уральске переделали некачественный асфальт

Tengrinews, 26 июня 2020 в 16:33

Крошится палочкой для мороженого: в Уральске переделали некачественный асфальт
Уральске власти отреагировали на видео, которое было опубликовано в социальных сетях, передает корреспондент Tengrinews.kz. В ролике житель областного центра возмутился качеством текущего ремонта улицы Гринько в поселке Зачаганск. Свежий асфальт крошился при помощи обычной палочки для мороженого.В акимате поселка проинформировали, что подрядчиком работ был проведен новый ремонт.«Специалистами отдела благоустройства был составлен акт по дефектам, в настоящее время подрядной организацией был срезан ранее уложенный асфальт и проведен ямочный ремонт согласно технической спецификации», — заявил заместитель акима поселка Зачаганск Асылжан Хайруллин.Қазіргі таңда Зачаган кенті аумағында ағымдағы жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан құрамасының хоккейшісі АҚШ-та қалай мэр атанды?

Tengrinews, 11 июня 2020 в 16:53

Қазақстан құрамасының хоккейшісі АҚШ-та қалай мэр атанды?
Қазақстанда сегіз жыл ойнаған хоккейші, ұлттық құраманың капитаны болған Брэндон Боченски таяуда америкалық Гранд-Форкс қаласының мэрі атанды. Ол сайлауда қаланы 20 жыл басқарған адамды жеңіп шыққан. Tengrinews.kz тілшісі хоккейден Қазақстан құрамасының экс-капитаны, бүгінде америкалық қаланың мэрі атанған Брэндон Боченски туралы баяндайды.Брэндон Боченски кім?Брэндон Боченски 1982 жылы 4 сәуірде АҚШ-тың Блэйн қаласында туған. Ұлты — поляк.

Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Akorda.kz (KZ), 25 мая 2020 в 14:56

Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019 жылы қазан айындағы кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.Алтай Көлгіновтің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысы айтарлықтай жандана түскен. Осы орайда баспана кезегінде тұрған азаматтар мен халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтары үшін 8 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.Сонымен қатар Президентке үлескерлердің проблемасын шешу және бітпей қалған тұрғын үйлердің құрылысына қатысты ахуалды реттеу жайында мәлімет берілді.Мемлекет басшысы Жұмыспен қамтудың жол картасының орындалуын ерекше бақылауда ұстау қажеттігін айтты.

Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Akorda.kz (KZ), 09 марта 2020 в 17:46

Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, Нұр-Сұлтан қаласын дамыту жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.Алтай Көлгіновтің айтуынша, былтыр елордада 2500 үлескер қаржы құйып, даулы мәселеге айналған 10 үйдің құрылысы аяқталған. Биыл 20 үйді пайдалануға беріп, 7 мыңға жуық үлескердің проблемасын шешу жоспарланып отыр.Президент үлескерлерге қатысты мәселені ерекше бақылауда ұстау, сондай-ақ, тұрғын үй алаптарын дамыту және абаттандыру, тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажеттігін айтты.Мемлекет басшысы қала тұрғындарын алаңдатқан әлеуметтік проблемаларды шешу, қолжетімді баспана құрылысының көлемін ұлғайту, кезекте тұрған әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға берілетін пәтерлердің санын көбейту, сонымен қатар, инвестиция тарту, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету жайында нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Миллионы цветов и тысячи деревьев: как Нур-Султан преобразится к лету

Литер, 08 марта 2020 в 07:09

Миллионы цветов и тысячи деревьев: как Нур-Султан преобразится к лету
В столице ведется активная подготовка к весенней посадке цветов, передает Liter.kz со ссылкой на заместителя акима города Нур-Султана Алтынбека Кайсагалиева. Елордада көктемгі гүл отырғызуға белсенді дайындық жүргізілуде. Бүгін «Жасыл жер» ЖШС және «Астана-Зеленстрой» ЖШС жылыжай жұмысымен таныстым, сондай-ақ орман питомнигінде болдым.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Akorda.kz (KZ), 05 марта 2020 в 16:44

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады
Кездесуде Алтай Көлгінов Мемлекет басшысына Нұр-Сұлтан қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы мәлімет берді.Қазақстан Президентіне тұрғын үй, әлеуметтік нысандар: мектептер, ауруханалар мен емханалар, жеңіл атлетика стадионын салу жоспарлары, қазақ драма театрының құрылысы жөнінде баяндалды.Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмысы төмен отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан әлеуметтік көмек көрсетудің маңыздылығын атап өтіп, халықтың өмір сүру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажет екенін айтты.Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорда әкіміне қаланың инженерлік желілерін нығайтып, кәріз жүйелерін жаңарту жөнінде нақты тапсырма берді.Жалпы, Президент елорда әкімдігінің жұмысына оң баға беріп, қаланы абаттандыру ісін одан әрі қарқынды жүргізу бойынша міндеттер қойды.

Жүйелі жұмыстар көрсеткіші 

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:42

Жүйелі жұмыстар көрсеткіші 
Сенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Мәртөк ауданына барды. Облыс басшысы аудан әкімінің «Мәртөк ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттер туралы» тұрғындарға есеп беру кездесуіне қатысып, ауданда жаңадан ашылған денешынықтыру-сауықтыру кешені мен «Ашық әкімдік» орталығының жұмысымен танысты.

Жер жұмыс істейтін адамға берілуі қажет

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:02

Жер жұмыс істейтін адамға берілуі қажет
Әкімдердің халық алдындағы есебі — олардың жұмысының тиімділігін айқын көрсететін науқан. Қарғалы Мәдениет үйінде аудан әкімі Асқар Жүсібәлиевтің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы жоспарлар жөнінде халық алдындағы есебі басталды. Бұл шара барысында Бадамша селолық округінің әкімі Ернар Дабылдин де есепті кезеңде жасалған жұмысты қорытындылады.

Көлік жолына жарық керек

Ақтөбе газеті, 28 января 2020 в 10:02

Көлік жолына жарық керек
Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі Бағжан Тілегеновтің халық алдындағы кезекті есептік кездесуі Оқушылар сарайында өтті. Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы Сұлупан Шынтасованың төрағалығымен өткен жиынға Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин, аудан ақсақалдары, көпбалалы аналар мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.Алдымен Бағжан Тілегеновтің ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндамасы тыңдалды.— Астана ауданында 1,3 миллион шаршы метрді құрайтын 56 гүлзар мен саябақ бар.

Абай тойы басталды

Ақтөбе газеті, 23 января 2020 в 13:22

Абай тойы басталды
Күллі қазаққа ортақ алқалы той Арқа төріндегі Алаш астанасы­нан бастау алды. «Астана Опера» мем­лекеттік опера және балет театрында өткен қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойының басталуына арналған «Қазақ халқы – Абайдың халқы» атты салтанатты кешке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, еліміздің барлық өңірінде және шетелдерде жыл бойына өтетін мерекелік шараларды ресми түрде бастап берді.Абай әлемі – қазақ әлемі.

Тазалық және тұрғындар

Ақтөбе газеті, 23 января 2020 в 12:12

Тазалық және тұрғындар
Дүйсенбі күні Ақтөбе қаласы Астана ауданының әкімі Бағжан Тілегеновтің тұрғындар алдындағы есеп беру жиналысы өтті.2019 жылы ұйымдастырылған Ашық есік күндерінде аудан әкімдігіне 273 тұрғын жолығып, 384 сұрақ түскен. Сұрақтардың дені әлеуметтік көмектің тағайындалуына қатысты болса, тұрғын үй мәселесі бойынша жолыққандар да баршылық.

Қала әкімі М.Е.Абдуллиннің Ақтөбе қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есебінің ТЕЗИСТЕРІ

Ақтөбе газеті, 21 января 2020 в 12:12

Қала әкімі М.Е.Абдуллиннің Ақтөбе қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есебінің ТЕЗИСТЕРІ
Құрметті қала тұрғындары!2019 жылдың қорытындысы бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарының барлық жұмыстары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевың 2018 жылғы 5 қазандағы және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйектегі Жолдауларын, Мемлекеттік бағдарламаларды, жоғарғы органдарының қаулыларын, Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмаларын, облыс және қала мәслихаттарының шешімдерін жүзеге асыруға бағытталып, өткізілген барлық шаралар қаланың 150 жылдық мерейтойына арналып өткізілген болатын.Ақтөбе қаласы — 150 жылдық тарихы бар, қарқынды дамып келе жатқан облыс орталығы, 2019 жылы халық саны 500,0 мың адамға жетті.Өткен жылғы есептік кездесулердің қорытындысы бойынша өзекті мәселелер іс-шаралар жоспарына 11 шара енгізіліп, оның 5-еуі шешілді, 6-уы шешілу сатысында.

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімі Бағжан Тілегеновтің «2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есебінің ТЕЗИСТЕРІ

Ақтөбе газеті, 11 января 2020 в 10:42

Ақтөбе қаласы Астана ауданы әкімі Бағжан Тілегеновтің  «2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» есебінің  ТЕЗИСТЕРІ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне тоқталып, басым бағыттарды айқындап берді.Жолдауда азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті қойылды.Тұрғындармен байланыс орнату және Астана ауданы әкімі аппаратының жұмысы мен іс-шаралардың өткізілуі жөнінде ақпарат тарату мақсатында http://astana.akt.gov.kz ресми интернет ресурсы, инстаграм, фэйсбук әлеуметтік желілерінде ресми парақшаларында тұрақты түрде ақпарат жаңартылып, тұрғындардан түскен сұрақтарға жауап беріліп, ұсыныстар қарастырылады.2019 жылы «Ашық есік» күндері ұйымдастырылып, Астана ауданы әкімдігіне 273 тұрғын жолығып, барлығы 384 сұрақ түсті.

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі Әділкерей Әуелбаевтың «2019 жылғы әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы» есебінің тезистері

Ақтөбе газеті, 11 января 2020 в 10:12

Ақтөбе қаласы Алматы ауданының әкімі Әділкерей Әуелбаевтың  «2019 жылғы әлеуметтік–экономикалық дамуы туралы» есебінің тезистері
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелері айтылды.

Жылды қорытындылаған жиын

Ақтөбе газеті, 14 декабря 2019 в 13:02

Жылды қорытындылаған жиын
Nur Otan партиясының Ақтөбе қалалық филиалында саяси кеңес отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Мавр Абдуллин, бастауыш партия ұйымының төрағалары, сонымен қатар мәслихат депутаттары қатысты. Жылды қорытындылаған жиналыста қала әкімінің кіріспе сөзінен кейін депутаттық фракцияның, партиялық бақылау комиссиясының және партияның 2019 жылда атқарған жұмыстары туралы есеп беру баяндамалары жүргізілді.Nur Otan партиясы қоғамдық қабылдауында 19 депутат 69 қабылдау өткізіп, оған 331 адам келіп қатысқан.

Облыс әкімі Nur Otan партиясында тұрғындарды қабылдады

Ақтөбе газеті, 12 декабря 2019 в 10:32

Облыс әкімі Nur Otan партиясында тұрғындарды қабылдады
Nur Otan партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында облыс әкімі Оңдасын Оразалин азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдады. Облыс басшысының қабылдауына Ақтөбе қаласынан Меруеш Оразғалиева мен Әлима Әбдірова жеке бастарының мәселесімен емес, Тургенов көшесі тұрғындарының өтініштерін жеткізуге арнайы келген.

Мавр АБДУЛЛИН, Ақтөбе қаласының әкімі: Қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруіміз қажет

Ақтөбе газеті, 09 ноября 2019 в 12:52

Мавр АБДУЛЛИН, Ақтөбе қаласының әкімі: Қала тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруіміз қажет
Кеше Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған көшпелі баспасөз мәслихатын өткізді. Қаланың дамуында ерекше орны бар 5 нысан журналистер назарына ұсынылды.Шаһар басшысы журналистерге арналған баспасөз мәслихатын әдеттегідей өңірлік коммуникациялар қызметінде емес, қала аумағындағы проблемалық аймақтарда кездесуді жөн санапты.

Абаттандыру жобалары талқыланды

Ақтөбе газеті, 09 ноября 2019 в 12:42

Абаттандыру жобалары талқыланды
Бейсенбі күні Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен өткен жиында қаланың бірыңғай сәулеттік келбетін қалыптастырудың тұжырымдамасы талқыланды.Жиында Ақтөбе қаласының төрт ауданын абаттандыру жобалары ұсынылды. Атап айтсақ, олар — қаланың орталық бөлігі (Әбілқайыр хан, Ә.Молдағұлова, Абай даңғылдары мен Тургенев көшесі), Тұрғын үй қалашығы, Мәскеу аудандары және ескі қала аумағы.Сондай-ақ, жиында қаланың 101-атқыштар бригадасы көшесін абаттандыру бойынша ұсыныстар да қаралды.Отырыста Ақтөбе қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысы Әлібек Серікбаев алдағы уақытта нысандар құрылысын жобалау кезінде қаланың кешенді көркемдік сәулеті негізге алынатынын, ең алдымен, бұл қаланың орталық көшелерінде орналасқан тұрғын үйлерге қатысты екенін атап өтті.Оның айтуынша, жоба аясында алдымен Әбілқайыр хан, Абай, Ә.Молдағұлова даңғылдары мен Тургенев көшесін, сондай-ақ Тұрғын үй қалашығын және ескі қала бөлігін абаттандыру ұсынылып отыр.

Мөңке би Алматыда ұлықталды

Ақтөбе газеті, 07 ноября 2019 в 11:12

Мөңке би Алматыда ұлықталды
Алматы қаласы әкімдігінің және қалалық ономастикалық комиссияның ұсынысымен, республикалық ономастикалық комиссияның мақұлдауымен Алматы қаласындағы бір көшеге дала данышпаны, ұлы ойшыл, ақын, жырау, би һәм әулие Тілеуұлы Мөңке бидің аты берілген болатын. Жақында, қараша айының 2 жұлдызында, Алматыда құрылған «Тілеу-Қабақ» қорының бастамасымен және елдегі азаматтардың қаржылай қолдауымен көшенің ашылу салтанаты өтті.Игілікті іс-шараға Алматыда тұратын және елден келген ағайындармен қатар, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Ахет, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары Саят Ағыбаев және есімдері елге белгілі ғалымдар, жазушылар, мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.Көшенің ашылу салтанаты Мөңке би көшесі басталатын тұста өтті.

Мерейлі Мәртөк тынысы

Ақтөбе газеті, 05 ноября 2019 в 10:32

Мерейлі Мәртөк тынысы
Мәртөк — ауылшаруашылығы саласы бойынша облыс экономикасының дамуына елеулі үлес қосып отырған аудандардың бірі. Сондай-ақ мұнда кәсіпкерлік бағыты да қарқынды дамыған. Мәртөкке жасаған арнайы сапарымыз барысында аудан әкімі Ермек Кенжеханұлы ауыл шаруашылығы саласындағы толымды істер туралы айтып өлкенің өзге салаларында атқарылып жатқан жұмыстарға жіті тоқталып, ауданның алдағы жоспарларымен бөліскен еді… Зауыт өз өнімдерін еуропа елдеріне экспорттамақМәртөк ауданында облыста теңдесі жоқ құрама жем зауыты салынып жатыр.Жылына 16 мың тонна өнім өндіруге қуатты өндіріс кешені желтоқсан айында пайдалануға берілмек.Ақтөбе қаласының солтүстігінде жатқан Мәртөк ауданы ауыл шаруашылығы саласы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі.

«Жасыл ел» еңбек маусымын қорытындылады

Ақтөбе газеті, 05 ноября 2019 в 10:22

«Жасыл ел» еңбек маусымын қорытындылады
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында «Жасыл ел» еңбек жасағының жабылуы туралы брифинг өтті. Басқосуда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов XV еңбек маусымының қорытындысы бойынша есеп берді.— «Жасыл ел» жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беріп, жарқын істерге жұмылдырды.

Тұрғындар тұрмысы — басты назарда

Ақтөбе газеті, 02 ноября 2019 в 13:22

Тұрғындар тұрмысы — басты назарда
Бейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Мұғалжар, Темір аудандарында болып, әлеуметтің жай-күйімен танысты. Тұрғындармен кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдап, нақты жауаптар берді.Басшиліге газ жеттіОблыс әкімі алдымен Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласындағы 5 қабатты 90 пәтерлі тұрғын үйдің қайта жаңарту жұмыстарымен танысты. Құрылыс жұмыстарын келісім шарт бойынша «Бабек-Құрылыс» ЖШС жүргізіп жатыр. Қараша айында пайдалануға берілетін тұрғын үйдің негізгі жұмыстары аяқталған. Қазір ішкі сылақ жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Тұрмыстық қалдықтар шығарылды, ағаштар егілді

Ақтөбе газеті, 31 октября 2019 в 11:12

Тұрмыстық қалдықтар шығарылды, ағаштар егілді
Облыс әкімінің «Елді мекендерді санитарлық тазарту және абаттандыру туралы» өкімін жүзеге асыру мақсатында Ойыл ауданында 28 қыркүйек-2 қараша аралығында екі айлық жарияланды. Екі айлық аясында аудандағы 13 саябақ пен шағын бақтардың аумағы қалдықтардан және автомобиль жолдарының айналасын тұрмыстық заттардан тазарту межеленген.Өзен, су жағалауларын қалдықтардан тазарту да екі айлық кезінде атқаруға тиіс жұмыстар.

Ақтөбеге тағы 350 аялдама салынбақ

Ақтөбе газеті, 29 октября 2019 в 10:22

Ақтөбеге тағы 350 аялдама салынбақ
Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллиннің төрағалығымен жиын өтіп, онда жаңадан салынатын аялдамалардың сызбалары таныстырылды.Жиында Ақтөбе қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Әлібек Серікбаев қала әкімдігі алдағы уақытта қаланың дамуына, әсіресе, шаһарды абаттандыру, қала құрылысына байланысты жаңа жобаларды қолға алатынын жеткізді.

Құдайберген, Есет Жұбановтар есімі ұлықталды

Ақтөбе газеті, 26 октября 2019 в 02:12

Құдайберген, Есет Жұбановтар есімі ұлықталды
Кешеден бері Ақтөбеде қазақ тіл білімінің ғылыми-теориялық негізін салушы, қазақ филологиясының тұңғыш профессоры, ағартушы-ғалым, қоғам қайраткері Құдайберген Жұбановтың және асылдың тұяғы, филология ғылымдарының докторы, профессор, белгілі әдебиетші-ғалым Есет Жұбановтың 90 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Ақтөбеде Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлын ұлықтау шаралары өтеді

Ақтөбе газеті, 24 октября 2019 в 11:02

Ақтөбеде Жалаңтөс баһадүр Сейітқұлұлын ұлықтау шаралары өтеді
«Біздің бабаларымыз ғасырлар бойы ұшқан құстың қанаты талып, жүгірген аңның тұяғы тозатын ұлан-ғайыр аумақты ғана қорғаған жоқ. Олар ұлттың болашағын, келер ұрпағын, бізді қорғады», — деп жазды Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында. Келешек ұрпағын, яғни бізді қорғау үшін аянбай күресіп, бар ғұмырын ат үстінде өткізген аяулы бабаларымыздың алдындағы біздің басты парызымыз — олардың дүниетанымынан, салт-дәстүрлерінен, мәдениеті мен рухани жолынан ажырамау, сол жолды жалғастыру.

Тұрғын үйлерді басқарудың құрылымы өзгере ме?

Ақтөбе газеті, 15 октября 2019 в 10:43

Тұрғын үйлерді басқарудың құрылымы өзгере ме?
Енді көп қабатты тұрғын үйлерді басқаратын пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК) құрылымы мен қызметін мүлде бөлек бірлестіктер алмастыруы мүмкін. Ол — меншік иелерінің бірлестігі. Қазір Ақтөбе қаласында 94 пәтер иелері кооперативі, 585 кондоминиум, сол сияқты үйлердің коммуналдық мәселелеріне жауапты 16 жеке кәсіпкер бар. Өткен жұмада Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Сергей Ли тұрғын үйлерді басқарушы органдардың өкілдерінің басын қосып, жиын өткізді.
Показано 30 новостей из 31