Новости по теме "Фото www mod gov kz"

ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшысы қазақ күресінен әлем чемпионы атанды

Источник: Zakon.kz Дата: 11 октября 2017 в 09:49

ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының спортшысы қазақ күресінен әлем чемпионы атанды Минскіде қазақ күресінен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 100 келіден аса салмақ дәрежесінде ҚР ҚМ АОСК-ның спортшысы Талғат Әміренов әлем чемпионы атанды. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. Шешуші тартыста ол белоруссиялық спортшыны ойсырата жеңді. Қазақ күресінен VІІ әлем чемпионатында медальдар бес салмақ дәрежесі бойынша ойнатылды.

Қарулы Күштердің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Ашық есік күні» өтті

Источник: Zakon.kz Дата: 03 мая 2017 в 10:49

Қарулы Күштердің 25 жылдығын мерекелеу шеңберінде «Ашық есік күні» өтті Әскери-патриоттық тәрбиені нығайту және әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында Қазақстанның Әскери-әуе күштерінің қолбасшылығы мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар үшін «Ашық есік күні» акциясын өткізді. Бұл туралы zakon.kz, ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. «SOS» Астана балалар деревнясының» және Астана қаласының әкімдігі балалар үйінің тәрбиеленушілері 19132 әскери бөліміне барды.

Қазақстанның Қорғаныс министрі Өзбекстан қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті

Источник: Zakon.kz Дата: 24 марта 2017 в 11:29

Қазақстанның Қорғаныс министрі Өзбекстан қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті Астанада ҚР Қорғаныс министрі генерал–полковник Сәкен Жасұзақовтың Өзбекстан Республикасы қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Кабул Бердиевпен жұмыс кездесуі өтті. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа слтеме жасап хабарлайды. Өзбекстанның Қорғаныс министрі ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барып, университеттің оқу-әдістемелік және материалдық базасымен танысты. Ұлттық қорғаныс университеті және Өзбекстан Республикасы Қарулы Күштерінің Академиясы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын айта кеткен жөн. Өзбекстанның Президенті Шавкат Мирзиёевтің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында мемлекет басшыларымен әскери ынтымақтастық туралы Келісімге және екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылғанын естеріңізге сала кетейік.Фото: www.mod.gov.kz

Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Источник: Zakon.kz Дата: 18 марта 2017 в 16:09

Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды Қазақстанда әскери қызметке шақырудың көктемгі науқаны бастау алды. Бұл туралы zakon.kz ҚР Қорғаныс Министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды. 2017 жылғы көктемде Қарулы Күштерге, Қазақстан Республикасының өзге де әскерлері мен әскери құрылымдарына 1999-1990 жылғы 16 мыңнан астам азаматтарды шақыру жоспарланған. Әскерге шақырылым Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы «Мерзімді әскери қызметті өткерген әскери қызметшілерді, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз — маусымында және қыркүйек — желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес басталады.

Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін аралады

Источник: Zakon.kz Дата: 27 февраля 2017 в 16:39

Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін аралады Қазақстан Әуе қорғаныс күштерінің әскери қызметшілері 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер: Жаппар Серікбаевқа, Асан Медетбековке пен Өтепберген Мұстафинге барып қайтты. Ардагерлерге өз алғыстары білдіріп, зор денсаулық пен ұзақ өмір тілеген әскерилер естелік заттары мен құнды сыйлықтарды тарту етті.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 5 новостей из 5