Магнолия,
07 марта 2025
в 00:28
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау туралы семинар өткізді. Семинар барысында Әдеп жөніндегі уәкілетті тұлға Салтанат Мағзымбекова Департамент қызметкерлерінің назарларына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Еркінбек Абуовтың Әдеп кодексін сақтау жөніндегі әзірленген жадынамасын жеткізіп, мемлекеттік қызметшілерге жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі жөнінде айтып, түсіндірді. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексіне және Әдеп жөніндегі уәкілдер туралы ережеге сәйкес мемлекеттік қызметшілер мерекелік демалыс күндері қарсаңында Әдеп кодексін сақтауы, мемлекеттік қызметшілер қоғамдық орындарда мас күйінде болу, адамның қадір-қасиетін қорлау, заңнаманы бұзу, айналасындағылардың құқығы мен қауіпсіздігіне қол сұғу сияқты теріс мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі, әрбір мемлекеттік қызметші жұмыстан тыс уақытта өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқы үшін жауап беретінін, ал кез-келген жағдайда этикалық қағидаттарды сақтау қоғамның мемлекеттік қызметке деген жоғары сенімінің негізі болып табылатынын есте ұстауы қажет.
Arna Press,
21 января 2025
в 20:38
Пара бергендер ғана емес, оны беруге тырысқандар да қылмыстық жауапқа тартылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл өзгеріс «Жемқорлыққа қарсы күрес» туралы заң жобасында қарастырылған.Қылмыстық кодекс жаңа 247/1-баппен толықтырылды. Бұл бап жемқорлық әрекеттерді жасауға оқталғандар үшін екі жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. Өзгеріс пара алушы мен берушіні тең дәрежеде жауапкершілікке тартып, әділдік принципін күшейтуді көздейді.Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ішкі істер министрлігіне баламалы тергеу жүргізу құқығы берілмек.
Arna Press,
10 января 2025
в 15:38
Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында (2024 ж.) Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұл тәжірибе тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келді.
Arna Press,
06 января 2025
в 13:48
Білім саласындағы бюджет қаржысын жымқырумен байланысты қылмыстық іс аясында мемлекетке 1 млрд теңгеге жуық залал қайтарылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Түркістан облысының прокуратурасы Мақтаарал ауданы Білім бөлімінің 43 лауазымды тұлғалары мен жауапты қызметкерлеріне қатысты бюджет қаржысын (2,4 млрд теңгеден астам) жымқыру фактісі туралы істі сотқа жолдады.
Akorda.kz (KZ),
06 декабря 2024
в 16:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
22 октября 2024
в 18:38
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 17 қазандағы қаулысымен ҚР Әділет министрлігі туралы ережеге өзгерістер енгізілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, ережеде Министрліктің функцияларына қатысты екі тармақ жаңа редакцияда баяндалған:Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, ҚР егемендігін қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің тұрақты және үдемелі дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеуге және іске асыруға, үйлестіруге, сондай-ақ заң жобалау жұмысын жүргізуге, ҚР заңнамасын талдауға, жетілдіруге, жүйелеуге, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізуге қатысу заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру, сондай ақ нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама;ҚР қатысушысы болуға ниеттенетін заңдар мен халықаралық шарттардың жобалары, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша нормативтік құқықтық актілер жобаларына, ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық сараптамаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру.Қаулы 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Akorda.kz (KZ),
24 сентября 2024
в 13:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Магнолия,
11 сентября 2024
в 01:08
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында біз азаматтарымыздың лайықты өмір сүруіне жағдай жасауға, олардың құқықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге міндетті екенімізді айтты. Сыбайлас жемқорлық даму деңгейіне қарамастан барлық елдерге өз әсерін тигізеді.
Akorda.kz (KZ),
05 сентября 2024
в 18:46
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
19 июля 2024
в 16:38
Журналистер Денис Теннің өліміне кінәлілер жазасын қай жерде өтеп жатқанын және неге жаза жеңілдегенін анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайғылы қазасына алты жыл өтті. 2018 жылғы 19 шілдеде спортшының көлігінің айналарын ұрламақ болған қарақшылардың бірі Нұралы Қиясов спортшыны аяғынан пышақ сұқты, салдарынан Денис Тен қаза тапты. Қылмыскерлер қанша уақытқа сотталды?
Магнолия,
01 июля 2024
в 18:18
Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер.
Магнолия,
18 июня 2024
в 21:38
Әдеп дегеніміз жақсы тәрбие, адамдармен жақсы мәміледе болу, көркем мінезді, ар-ұяттылық, сыпайылық, көркемдік деген сөз. Әдеп – ешбір ұры ұрлай алмайтын құнды қазына. Әдеп – адам мен жануарды ажырататын айырмашылық. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары қандай болуы керек, осыны тайға таңба басқандай айқындап берді.
Akorda.kz (KZ),
14 июня 2024
в 21:06
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
EKaraganda.kz,
31 мая 2024
в 18:26
Вчера, 30 мая, по всей стране прошла широкомасштабная акция «Народный юрист». В Темиртау мероприятие проводилось в здании Дворца культуры. Цель акции – повышение правовой грамотности и оказание бесплатной юридической помощи жителям города.Организаторами мероприятия выступили агентство по противодействию коррупции РК, сетевое издание Zakon.kz, информационная система «Параграф», акимат Темиртау и городская юридическая общественность.Еще до начала приема граждан, в фойе Дворца культуры начали собираться жители города.
Arna Press,
30 мая 2024
в 17:48
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп, спортты қаржыландыру саласындағы мемлекеттік қаражатты ұтымсыз жұмсауға және жымқыруға ықпал ететін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Орталық деңгейде сыртқы талдау Туризм және спорт министрлігінің қызметінде, өңірлік деңгейде, облыстық спорт және дене шынықтыру басқармаларында жүргізілді.«2018 жылдан бастап спорт саласының бюджеті 2 есеге өсіп, 1,4 трлн теңгені құрады.
Akorda.kz (KZ),
22 мая 2024
в 20:36
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
22 мая 2024
в 18:58
Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» кең ауқымды республикалық акциясы өтеді. Құқықтың барлық саласының жетекші сарапшылары тұрғындарды қызықтыратын мәселелер бойынша тегін кеңес береді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Халық заңгері» республикалық акциясы аясында еліміздің қалалары мен елді мекендеріндегі кез келген адам тегін заңгерлік кеңес алып, мемлекеттік органдардың өкілдерімен тікелей байланыса алады.Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған.
Arna Press,
04 апреля 2024
в 20:08
Абай облысында Спорт мектептері спортшылардың іс-сапарларына жұмсалатын шығындар туралы жалған есептер ұсынған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінде жүйелі сипатқа ие болған құжаттарды бұрмалау белгілері анықталды.Шымкент қаласында өткен Қазақша күрестен халықаралық турнирге Семей қаласының командасы қатысты.
Магнолия,
27 марта 2024
в 13:28
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі» ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлығымен қабылданған. Бұл Кодексте мемлекеттік қызметшілердің моральдық – әдептілік нормаларына сәйкес, әдептілік бейнесіне қойылатын талаптары, сондай-ақ мінез құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттығы, қызметтік қатынастардағы көпшілік алдындағы, оның ішінде бұқараралық ақпарат құралдарына сөйлеумен байланысты мінез – құлықтар стандарттары белгіленген.
Arna Press,
13 февраля 2024
в 15:28
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 13 ақпанда қол қойды.«Мемлекет басшысының Жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», — деп жазылған ресми құжатта.Дмитрий Малахов 1974 жылы 27 тамызда Көкшетауда дүниеге келген.
Akorda.kz (KZ),
11 января 2024
в 19:26
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің
Arna Press,
08 января 2024
в 11:18
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» АҚ Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасарына қатысты тергеудің басталғаны туралы ақпаратты растады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылдың 6 қаңтарында журналист Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында «ҚазАвтоЖол» жергілікті филиалы басшыларының алғашқы қар жауған кездегі әрекетсіздігіне байланысты Тараздағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Arna Press,
07 декабря 2023
в 12:48
Абай облысы Бородулиха ауданы Жезкент кентінің мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Нұрали Амангелдіев оқушыларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ой қалыптастыратын «Сатылмайтын Алпамыс» компьютерлік ойнын әзірледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық білім басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оқушының айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойын Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайлары негізінде көркем роман форматында әзірленген, бұл ойыншыға сыбайлас жемқорлықтың салдарын тереңірек түсінуге көмектеседі. Әр эпизодтың соңында ойыншыға Қылмыстық кодекске түсініктеме беріледі.
Arna Press,
01 декабря 2023
в 16:38
Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шардара және Сарыағаш аудандарының білім бөлімдерінің бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Тергеу мәліметтері бойынша, күдікті тұлғалар 2020-2023 жылдар аралығында білім беру саласында жұмыс істемейтін тұлғалардың шоттарына ақша қаражатын аудару, сондай-ақ мектеп қызметкерлеріне жоғары жалақы есептеу арқылы шамамен 2,6 млрд теңге сома жымқырған».ҚР ҚМА баспасөз қызметіҚазіргі уақытта Түркістан облысының білім беру саласынан 17 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылуда, олардың 4-і қамауға алынды.Залалды өтеу мақсатында 39 жылжымайтын мүлік, 44 автомашина, зергерлік бұйымдар және қылмыстық істер бойынша айыпталушылардың ақшалай қаражаттары бұғатталды».ҚР ҚМА баспасөз қызметіСонымен қатар тергеу барысында Түркістан облысының Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы әшкереленді, ол Сарыағаш ауданындағы мектептердің бірінде аудит барысында анықталған жымқыру фактілерін пайдакүнемдік ниетпен жасырған.Сондай-ақ Жетісу облысында ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында 2,5 жыл ішінде 4,4 млрд теңге жымқырған қалалық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қылмыстық топқа басшы мен оның қарамағындағылар, сондай-ақ орта мектеп бухгалтері кірді.
Arna Press,
24 ноября 2023
в 17:28
Жемқорлық тәуекелдері картасына енген 156 объектінің 12-сі Абай облысына тиесілі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бұған дейін Антикор Төрағасы Асхат Жұмағали Мемлекет басшысына берген есебінде республика бойынша құрылыстың ұзақ салынатын санатына өткен 156 проблемалық әлеуметтік объект бар екенін атап өткен болатын.«Олардың қатарына Абай облысы бойынша Семей қаласындағы «Холодный ключ» және «Ақсай» кенттерін электрмен жабдықтау, «Ғаббасов» және «Орталық» қазандықтарын реконструкциялау, Мәңгілік Ел көшесін абаттандыру (Арбат), Шақаман ауылындағы су құбырының құрылысы, Бесқарағай ауданы Глуховка ауылындағы, Аягөз ауданы Ай және Қопа ауылдарындағы су жинау құрылғыларының құрылысы сияқты 12 объект енген» — делінген хабарламада.«Ғаббасов» және «Центр» қазандықтарын реконструкциялау бойынша жұмыстар барысын жемқорлыққа қарсы еріктілер мен қоғам белсенділері өз бақылауына алды.Сондай-ақ еріктілер қазандықтарға өлшеу құралдарын орнатып, сүзгілерді ауыстыруды және кәсіпорынның негізгі құралдарына толық түгендеу жүргізуді ұсынды.«Теплокоммунэнерго» МКК басшысы Еркен Сағындықов өз баяндамасында жоғарыда аталған қазандықтарды реконструкциялаудың соңғы кезеңі аясында қоғам белсенділері тарапынан айтылған барлық ұсыныстар ескерілетінін атап өтті.«Осындай жұмыс барлық проблемалық объектілер бойынша жалғасатын болады» – деді Абай облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Рүстем Тоқбергенов.Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті баспасөз қызметі
Arna Press,
13 ноября 2023
в 13:28
Бородулиха ауданының прокуратурасы Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің бір көзден 270 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасуының 37 фактісін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ауылдық округ әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 5,4 млн.теңге айыппұл тағайындалды.Осы ауданда бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.Әкімдік Бородулиха ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу бойынша екі рет мемлекеттік сатып алуды өткізді.Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін 9,1 млн.теңге төленді.Бұл фактіні жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған басқа өнім берушімен қайтадан шарт жасасты.Аудан прокуратурасы ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Arna Press,
20 октября 2023
в 14:48
Келер жылы Қазақстанда дәрі-дәрмектерді қадағалау бойынша ақпараттық жүйе мен балабақшаға кезекке тіркеудің Бірыңғай деректер базасы іске қосылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Үкіметтің дерегінше, дәрілік заттарды қадағалау жүйесі бірнеше мәселені бірден шешуге ықпал етеді.
Магнолия,
28 сентября 2023
в 13:28
Адалдық – адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Адам бағасының бір өлшемі іспетті. Қазақ пайымында адам бойындағы адалдық – ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді т.б. асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Тәуелсіз еліміздің экономикасының дамуына кедергі келтіретін, қоғам дертіне айналған мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан әлемдегі елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдатып отыр.
kapital.kz,
14 сентября 2023
в 13:16
Мемлекеттік корпорация Астанадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен кездесу өткізді. Мемлекеттік корпорация іс-шара барысында Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховқа мамандандырылған ХҚКОларын дамыту және сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау бойынша жоспарларын ұсынды.
Arna Press,
05 сентября 2023
в 19:18
Абай облысы әкімдігінің Ішкі аудит қызметі қаржылық бақылау жүргізіп жатыр -, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы әкімі аппаратында Ішкі аудит қызметі құрылған сәттен бастап 6 бірдей тексеріс жүргізді. Құны 4 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты мен мемлекет активтері тексерілді.