Популярные темы

Сақтандыру: новости — страница 10

Cақтандыру уақыты өзгерді

Ақтөбе газеті, 25 июня 2017 в 23:42

Cақтандыру уақыты өзгерді
«Doing Business» рейтингі шеңберінде «Кәсіпорындар ашу» индикаторы бойынша Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мақсатында «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 ақпандағы Заңына өзгерістер енгізілді.

ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН IT САЛАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТПАҚ

Матрица.kz, 22 июня 2017 в 15:53

ҚЫТАЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН IT САЛАСЫНДА ӘРІПТЕСТІКТІ ДАМЫТПАҚ
Қытай мен Қазақстан ІТ саласында әріптестікті дамытпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Чжэцзян провинциясының компаниялары қазақстандық серіктестерімен цифрлық технологияларды дамыту бойынша бірқатар келісімге келді.Алматыда өтіп жатқан «Чжэцзян-Қазақстан» инвестициялық форумына аталған аймақтың 77 компаниясы басшылары келді.«2016 жылы Қазақстан мен Чжэцзян провинциясы арасындағы тауар айналымы 500 млн доллар болды.

Оқырмандармен кездесулер өтіп жатыр

Ақтөбе газеті, 20 июня 2017 в 23:52

Оқырмандармен кездесулер өтіп жатыр
«Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС басшылығы, «Ақтөбе және «Актюбинский вестник» газеттерінің өкілдерінің өткенде Ойыл ауданында оқырмандармен кездескенін жазған болатынбыз. Осындай кездесулер енді Ақтөбе қаласында жалғасып жатыр.«Атамекендегі» жүздесуОблыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесуде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы талқыланды. «Шамшырақ-Ақтөбе» ЖШС директоры Раукен Отыншин Президент мақаласында айтылған жобаларды жүзеге асыру жолында облыста қыруар шаруа қолға алынғандығын, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде көптеген мақалалар мен ұсыныс-пікірлерлердің жазылып жатқандығын тілге тиек етті. Өз кезегінде палата басшысы Нұрлыбек Мұқанов та облыс кәсіпкерлері тарапынан жасалып жатқан жұмыстар туралы әңгімеледі.Жалпы бұл саланың айналасында атқарылар шаруа шаш етектен. Әсіресе кәсіпкерліктің қыр-сырын жұртшылыққа тәптіштеп түсіндіру керек-ақ.

Қарағандыда 11 әйел жөргекпұлға қатысты алаяқтығы үшін сотталды

Zakon.kz, 20 июня 2017 в 10:39

Қарағандыда 11 әйел жөргекпұлға қатысты алаяқтығы үшін сотталды
Жүктілік жәрдемақысы туралы атышулы іс бойынша 11 әйелге шартты мерзім кесілді және 14 әйел жазадан толық босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тараптардың бітімге келуіне байланысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы Манат Жұмақаева жас босанған 14 әйелді жазадан босату туралы қаулы шығарды. Әйелдер қаражатты мемлекетке қайтарып берді және зардап шегуші тарап — «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру орталығы» АҚ-мен бітімге келді.

Сақтандыру жүйесінің кәсіпкерге пайдасы қандай?

Ақтөбе газеті, 15 июня 2017 в 20:12

Сақтандыру жүйесінің  кәсіпкерге пайдасы қандай?
Келер жылдың бірінші қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Жаңа жүйенің ережесін халыққа түсіндіру үшін ақпараттық жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Алайда тұрғындар тарапынан сұрақ көп. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев көпшілік көкейінде жүрген бірқатар сұрақтарға жауап береді. — Жаңа жүйенің енгізілетінінен жұртшылық хабардар.

Бердібек САПАРБАЕВ: Билік пен халық бірігіп жұмыс істемей, ешқандай нәтиже болмайды

Ақтөбе газеті, 09 июня 2017 в 02:22

Бердібек САПАРБАЕВ:  Билік пен халық бірігіп жұмыс істемей, ешқандай нәтиже болмайды
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс бабымен Темір ауданына барды. Ауданның Шығырлы, Ақсай, Шұбарқұдық ауылдарын аралап, әлеуметтік мекемелердің жұмысын көрді, тұрғындармен кездесті. ҚҰЛАҒАН КӨПІР ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІОблыс басшысы Богословка-Шұбарқұдық тасжолы арқылы облыс орталығынан 125 шақырым жердегі Шығырлы ауылына барды.

Жарнаны кім төлейді: мемлекет пе, өзің бе?

Ақтөбе газеті, 25 мая 2017 в 20:32

Жарнаны кім төлейді: мемлекет пе, өзің бе?
Елімізде 2018 жылдың бірінші қаңтарынан бастап денсаулық сақтау саласына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Осыған орай елімізде республикалық науқан өткізіліп жатыр. Әрбір тұрғын өзі қаралатын емханаға барып, қай санатқа жататынын анықтап алуы керек. Бұл — жарнаны кім төлейтінін, яғни мемлекет пе немесе өзі ме, соны анықтауға мүмкіндік береді.

Өңір экономикасы өсіміне қол жеткізу — басты міндет

Ақтөбе газеті, 16 мая 2017 в 20:52

Өңір экономикасы өсіміне қол жеткізу — басты міндет
Мемлекет басшысының өңірдің экономикалық даму саласындағы тапсырмаларын орындау мәселесі облыс әкімдігінде аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте қаралды. Кеңес барысында 2017-2020 жылдарға арналған экономиканың барлық саласын жіктеп алғанда ілгерілеу бағытын ұстанатын облыстың болжамдық экономикалық көрсеткіштері қаралды.

Медбикелерге құрмет көрсетілді

Ақтөбе газеті, 11 мая 2017 в 21:22

Медбикелерге құрмет көрсетілді
12 мамыр — Халықаралық медбикелер күні. Бұл күн медбике кәсібінің негізін қалаушы ұлыбританиялық медбике Флоренс Найтингейлді еске алу мақсатында бекітілген. Атаулы күнге орай Қазақстан халқы Ассамблеясының ғимаратында салтанатты жиын өтті. Шараға облыстағы денсаулық сақтау ұйымдарында еңбек ететін медбикелер қатысты.Жиында облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова медбикелерді кәсіби мерекесімен құттықтап 10 медбикеге облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың Алғыс хатын табыс етті. Ұзақ жылдар медицина саласында еңбек еткен 5 медбикені облыстық мәслихаттың Алғыс хатымен және 9 медбикені қала әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.

Парламент Сенаты Депутатын сайлау: әзірге 5 өтініш түсті

Ақтөбе газеті, 09 мая 2017 в 00:12

Парламент Сенаты Депутатын сайлау:  әзірге 5 өтініш түсті
БрифингҚазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау туралы» 2017 жылғы 28 сәуірдегі Жарлығы шыққаннан кейін Орталық сайлау комиссиясы алдағы 28 маусымға тағайындалған сайлауға әзірлік және өткізу бойынша негізгі шаралардың күнтізбелік жоспарын бекітті.Бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алдында облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнар Күнбаева жан-жақты баяндап берді.Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес кандидаттарды ұсыну 28 мамырда аяқталады. Әзірге облыстық сайлау комиссиясына 5 өтініш түсті.Олардың қатарында «Ақтөбе» ӘКК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мамырғали Аққағазов, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің директоры Әділбек Ділжанов, облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиев, облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бөлім басшысы Дәмелі Құнанова, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» облыстық филиалының директоры Өтеген Үркімбаев бар.Облыс әкімінің орынбасары Мұхтар Жұмағазиевті Ойыл, Қобда және Хромтау аудандық мәслихаттары, ал қалған үміткерлерді өздері ұсынған.Облыстық сайлау комиссиясы тиісті орындарға сұрату жіберу арқылы депутаттыққа үміткерлердің Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатындығын, оның аумағында соңғы он жылда, ал Ақтөбе облысында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқанын, кемінде бес жыл еңбек өтілдері бар екендігін анықтаған.Сенат депутаттығына кандидаттың әрбір ауданда және Ақтөбе қаласында бір-бірден сенім білдірілген адамдары болуына құқығы бар.
Показано 10 новостей из 280