Популярные темы

Новости по теме "Сақтандыру"

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі

Источник: Akorda.kz (KZ) Дата: вчера в 21:26

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі Құрметті отандастар! Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр.Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады.Бүгінде 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адам осы дертке шалдықты.Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда.Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол бермедік.Соның арқасында ахуалды бақылауда ұстап отырмыз.Халқы Қазақстанмен шамалас кейбір елдерде коронавирусқа шалдыққандар ондаған есе көп.Мен елорда мен Алматыда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырдым.Барша қазақстандықтарға сабыр сақтап, түсіністік танытқаны үшін алғысымды айтамын.Біз дүрбелең тудыруға жол бермейміз.Дәл осы кезде халық мемлекетке қолдау көрсетуі керек.Бұл – аса маңызды.Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт.Дегенмен, біз індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетеміз.Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары.Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым.Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді.Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты.Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық.Төтенше жағдай режимінің қашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болады.Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды.Мен бұған дейін Дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым.Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешімдер қабылдадым.Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым.Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік.Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын.Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады.

Медицина маманы қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге беріледі — министр

Источник: TengriNews Дата: 30 марта 2020 в 17:23

Медицина маманы қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге беріледі - министр Коронавирус пандемиясы кезінде қайтыс болған медицина қызметкеріне 10 миллион теңге беріледі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.«Медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыру мәселесі де пысықталды. Олар ауырып қалған жағдайда 2 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі. Құдай сақтасын, егер медицина қызметкерлері қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге мөлшерінде жәрдемақы беріледі», — деді министр «Хабар 24» телеарнасында өткен онлайн-брифингте.

«Жағдай күрделі». Министр қазақстандықтарды алаңдатқан 7 сұраққа жауап берді

Источник: TengriNews Дата: 29 марта 2020 в 19:33

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Қазақстанда коронавирустан өлім көрсеткіші қандай екенін айтып, қазақстандықтарды толғандырған сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Хабар24 телеарнасының тікелей эфиріндегі брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Абаевтың ескертуіМинистр бүгінде Нью-Йоркте әр 17 минут сайын бір адам қайтыс болатынын ескертіп, қазақстандықтарды тағы да үйде отыруға шақырды.«Карантин режимін бұзған біраз оқиғаны анықтап жатырмыз.

Алматыда әлеуметтік төлем жүргізу үшін құжат қабылдау басталды

Источник: TengriNews Дата: 27 марта 2020 в 17:33

Алматыда әлеуметтік төлем жүргізу үшін құжат қабылдау басталды Алматы қаласында төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған тұлғаларға әлеуметтік төлем жүргізу үшін құжат қабылдау басталды. Бұл туралы Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы Almaty телеарнасындағы онлайн-брифингте айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.«Алматы қаласында ТЖ енгізілуіне байланысты 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік төлем жүргізу үшін құжаттарды қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

Коронавирус: қазақстандықтар екі түрлі жәрдемақы алады

Источник: TengriNews Дата: 26 марта 2020 в 16:43

Коронавирус: қазақстандықтар екі түрлі жәрдемақы алады Елімізде төтенше жағдай кезінде ақысыз еңбек демалысына кеткендер 42 000 теңге және жұмыссыз қалған тұлғалар айлығының 40 пайызын алады. Соңғы төлем 1-6 ай аралығында жүргізіледі. Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елордада өткен брифинг барысында айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.«Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы шығады.

Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы

Источник: Akorda.kz (KZ) Дата: 16 марта 2020 в 17:06

Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты  қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 16) тармақ-шасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес халықтың өмірі мен денсаулығына, конституциялық құрылысқа, қоғамдық тәртіпті сақтауға, мемлекеттік аппараттың тұрақты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін немесе төндіруі мүмкін дағдарысты жағдайлар кезінде мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:1.

Қазақстан Президенті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады

Источник: Akorda.kz (KZ) Дата: 05 марта 2020 в 16:43

Қазақстан Президенті Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қабылдады Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі жұмыстары мен отандық медицинаның дамуы жөнінде егжей-тегжейлі есеп берілді. Елжан Біртанов Президентке елімізде коронавирустің таралуына жол бермеу үшін министрліктің қабылдаған шаралары туралы баяндады. Сонымен қатар Мемлекет басшысына Халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы жаңа кодекстің әзірлену барысы жайында мәлімет берілді.Елжан Біртанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі және ауруханаларды жаңғыртуға бағытталған жаңа мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы жөнінде айтты.Президент халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қол жетімділігін арттырудың аса маңызды екенін атап өтті және жұртшылықтың пікірін ескере отырып, Денсаулық туралы жаңа кодексті әзірлеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

«Орташа жалақы — 3 мың еуро». Қазақ қызы Австриядағы өмір туралы айтты

Источник: TengriNews Дата: 30 января 2020 в 15:43

Ақтөбелік Айнұр Асқар жеті жыл бұрын Австрияға оқуға кетіп, содан бері осы елде жұмыс істеп жатыр. Ол қазір бес тілде еркін сөйлейді. Оның сөзінше, Австрияда адам жұмыссыз қалса, бұрынғы жұмыс орны ай сайын жалақысының 55 пайызын беріп отырады. Айнұр Tengrinews.kz тілшісі Венаға қалай көшкенін және сондағы өмір жайлы әңгімелеп берді.

Қаңтар:  қыс мінезін танытты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 января 2020 в 10:12

Қаңтар:  қыс мінезін танытты 2020 деп аталатын жаңа жыл басы жақсы үміттермен басталды. Облыс өткен жылды қай салада болмасын оңды көрсеткіштермен аяқтады. Экономикада белгілі бір дәрежесі өсім болды. Ауылдарда мал басы көбейе түсті. Мемлекеттік бағдарламалар мүмкіндігін пайдаланып, кәсіпкерлікті дамытуда да ілгерілеулер бар.Әлеуметтік салада да біраз шаруалар атқарылды.

Біртанов Желіде коронавирусқа қатысты тараған жалған ақпараттар туралы айтты

Источник: TengriNews Дата: 28 января 2020 в 11:43

Біртанов Желіде коронавирусқа қатысты тараған жалған ақпараттар туралы айтты Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қытайда тараған қауіпті індет коронавирусқа қатысты тарап кеткен жалған ақпараттар туралы айтып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол ҚР Үкіметінің баспасөз конференциясында айтты.Министрдің айтуынша, бүгінде Желіде коронавирусқа қатысты шындыққа жанаспайтын ақпарат тарап кеткен.

Даяшыларымның жалақысы 2 мың еуро — Австрияда кәсібін дөңгелетіп отырған қазақстандық келіншек

Источник: TengriNews Дата: 27 января 2020 в 17:13

Даяшыларымның жалақысы 2 мың еуро - Австрияда кәсібін дөңгелетіп отырған қазақстандық келіншек Асем Сэрри — Алматы қаласының тумасы. Ол Австрияға 2015 жылы күйеуімен және ұлымен көшіп кеткен. Бүгінде олар Австрияның Каринтия аймағында тұрады. Сол өңірде отбасымен мейрамхана ашып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұған дейін Италияда тұрған Асем Tengrinews.kz тілшісіне шетелдегі отбасылық кәсібі жайлы айтып берді.Шетелде мейрамхана ашу — жарының ойы болғанБүгінде Австрияда отбасымен тұрып жатқан Асемнің айтуынша, шетелде мейрамхана ашу — оның күйеуінің ойы болған.«Менің жарым — гастрономия саласындағы білікті маман.

Fokker 100 ұшағы апатқа ұшырағанына бір ай болды: Мәселе шешімін тапты ма?

Источник: TengriNews Дата: 27 января 2020 в 14:03

Fokker 100 ұшағы апатқа ұшырағанына бір ай болды: Мәселе шешімін тапты ма? Осыдан бір ай бұрын Алматы маңында Bek Air әуекомпаниясының Fokker 100 ұшағы апатқа ұшырады. Әуе апатынан 12 адам қаза тауып, 52 адам зардап шеккен еді. Қаза тапқандардың отбасына мемлекет 4 миллион теңгеден берді. Алайда күні кеше үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әуе апатынан зардап шеккендердің әлі де шағымданып жатқанын айтты.

Жаңа туғаннан бастап…  

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 января 2020 в 12:42

Жаңа туғаннан бастап…    Әлеуметтік төлемдерҚай кезде де мемлекет отбасына қолайлы жағдайлар жасауға, ана мен баланы қолдауға бағытталған бірқатар әлеуметтік төлемдерге қаражат бөледі. Жыл сайын айлық есептік көрсеткіштің өсіп отыруына байланысты мұндай төлемдер мен мемлекеттік жәрдемақының мөлшері де көбейіп отырады. Айталық, биыл 1 айлық есептік көрсеткіш 2651 теңгеге тең.

Қала әкімі М.Е.Абдуллиннің Ақтөбе қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есебінің ТЕЗИСТЕРІ

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 января 2020 в 12:12

Қала әкімі М.Е.Абдуллиннің Ақтөбе қаласының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және 2020 жылға арналған міндеттері туралы есебінің ТЕЗИСТЕРІ Құрметті қала тұрғындары!2019 жылдың қорытындысы бойынша қаланың жергілікті атқарушы органдарының барлық жұмыстары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевың 2018 жылғы 5 қазандағы және ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылдың 2 қыркүйектегі Жолдауларын, Мемлекеттік бағдарламаларды, жоғарғы органдарының қаулыларын, Ақтөбе облысы әкімінің тапсырмаларын, облыс және қала мәслихаттарының шешімдерін жүзеге асыруға бағытталып, өткізілген барлық шаралар қаланың 150 жылдық мерейтойына арналып өткізілген болатын.Ақтөбе қаласы — 150 жылдық тарихы бар, қарқынды дамып келе жатқан облыс орталығы, 2019 жылы халық саны 500,0 мың адамға жетті.Өткен жылғы есептік кездесулердің қорытындысы бойынша өзекті мәселелер іс-шаралар жоспарына 11 шара енгізіліп, оның 5-еуі шешілді, 6-уы шешілу сатысында.

Сақтандыру шаралары күшейтілді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 января 2020 в 12:32

Сақтандыру шаралары күшейтілді Жыл сайын 18-20 қаңтар күндері православтар «Крещение Господне» мейрамын атап өтеді. Екі күнге созылатын мерекеде адамдар суға түседі. Христиандардың сенімі бойынша осы күні су атауы жаңарып, тазарады. Ақтөбе облысында бұл науқанға екі мың жарым адам қатысады екен. Осыған байланысты облыстық төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері жаппай шомылу орындарын анықтап, қауіпсіздік шараларын күшейтті.

Тегін дәрі-дәрмекті алмасаңыз, хабарласыңыз!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 января 2020 в 11:42

Тегін дәрі-дәрмекті алмасаңыз, хабарласыңыз! Тегін дәрі-дәрмек алатын тұрғындар кейде дәрі берілмегенін айтып шағымданады. Бұндай жағдайда не істеу керек? Елімізде тегін медициналық көмектің кепілдендірілген шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін мекеме — «СК-Фармация» ЖШС. Өткен жылдың қараша айында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың бірыңғай дистрибьюторы базасында «СҚ-Фармация» – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Облыстың 848 212  тұрғыны тегін қызмет алады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 января 2020 в 10:52

Облыстың 848 212  тұрғыны тегін қызмет алады Облыстық әкімдікте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мәселелері бойынша аймақтық штаб отырысы өтті.Облыс әкімінің орынбасары, өңірлік штаб жетекшісі Марат Тоқжанов төрағалық еткен жиынға ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры Талғат Тұрмағанбет, республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары Манат Ысқақов, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ақпараттық жүйелерді дамыту департаментінің директоры Айдар Айтуев және штаб мүшелері, МӘМС қорының, денсаулық сақтау басқармасының басшылары мен медициналық мекеме өкілдері қатысты.

Министрлік өкілдері аудандарды аралады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 14 января 2020 в 10:32

Министрлік өкілдері аудандарды аралады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері облыста міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілу барысымен танысты. Ақтөбеге жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры Талғат Тұрмағанбет, республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы ақпараттандыру департаменті директорының орынбасары Манат Ысқақов, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы ақпараттық жүйелерді дамыту департаментінің директоры Айдар Айтуев емдеу мекемелерін аралады.

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?

Источник: TengriNews Дата: 13 января 2020 в 18:13

Қазақстанда тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі? 2019 жылы тегін әрі-дәрмекті тарату бойынша жалпы бөлінген бюджет 100 миллиард теңгеден астам болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 190 миллиард теңгеге жеткен, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріп айтты.Берік Шәріптің сөзінше, биыл дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету 715 атауға дейін кеңейтілген.«Дәрі-дәрмектерді кеңейту нәтижесінде биыл 1 қаңтардан бастап № 660 бұйрық бойынша 140 аурулар тобы нозологияға кірді.

Мәжіліс депутаттары қобдалықтармен кездесті

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 января 2020 в 11:12

Мәжіліс депутаттары қобдалықтармен кездесті ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Сергей Симонов, Асылбек Смағұлов бейсенбі күні Қобда ауданына қарасты Талдысай, Әлия ауылдарында болып, тұрғындармен кездесті.Алдымен халық қалаулылары Талдысай ауылынан 15 шақырым жерде жатқан «Бұлақ BEEF» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысты.

Сақтандыру жүйесі қалай жүріп жатыр?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 09 января 2020 в 11:52

Сақтандыру жүйесі қалай жүріп жатыр? Елімізде қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі, яғни МӘМС енгізілді. Облыста алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілді. Алайда жаңа жүйе енгізілгеннен кейін тұрғындар арасында түсініспеушіліктер туындамай ма? Өңір жүйе бойынша жұмыс жасауға толық дайын ба? Осы сұрақтарды «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының директоры Гүлмира Қожаниязоваға қойдық. — Сақтандыру жүйесі қалай жүріп жатыр?— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі Қазақстанда 1қаңтардан бастап енгізілді.

Қазақстандық студент шетелге оқуға кеткен жастардың ең көп жіберетін қатесін айтты

Источник: TengriNews Дата: 06 января 2020 в 16:54

Қазақстандық студент шетелге оқуға кеткен жастардың ең көп жіберетін қатесін айтты Бүгінде шет елдерде білім алуды армандайтын жас көп. Бірі университетке түскісі келсе, екіншісі елімізде оқып, магистратураны өзге жерде тәмамдауды мақсат тұтады. Алайда баланы шетелге жібермес бұрын ата-ананың ескеруі керек бірнеше мәселе бар. Ол туралы Tengrinews.kz тілшісіне 2013 жылдан бері Прагада білім алып, жұмыс істеп жүрген қазақстандық Дәулет Түймебай айтып берді.«Балам оқуға түскен соң ары қарай өзі бірдеңесін қылады» Дәулет Түймебайдың айтуынша, қазақстандық жастар өкінішке қарай 16-17 жасында қандай оқу орнына түсетінін, кім болғысы келетінін және тағы қандай бағытта дами алатынын білмейді.«Еңбек нарығына жақсы дайындайтын қандай университеттер барын да біле бермейді. Қазір Чехия жайлы айтып отырсақ, балалар осында дайындық курстарына қатысып жүріп, оқу орындарымен таныса бастайды.

«Банк те ақымақ емес. Ол да пайда тапқысы келеді» — Ипотека алудағы лайфхактар

Источник: TengriNews Дата: 30 декабря 2019 в 09:53

Қаржы сауаты — қазіргі таңда бірден-бір керек білім. Tengrinews.kz тілшісі осы салада оқырмандарына көмектесіп жүрген блогер Дәулет Төлеутайұлынан қазақстандықтардың баспана алуда жиі жіберетін қателерін, көбі біле бермейтін жайттар мен ақша үнемдеу жолдарын сұрап білді. «Басты қате — асығу» Дәулет Төлеутайұлының айтуынша, баспана алуда қазақстандықтардың басты қатесі — асығыстық.

Мұғалжарлық Аделя несие рәсімдеп, Египетке жолдама ұтып алды!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 26 декабря 2019 в 10:52

Мұғалжарлық Аделя несие рәсімдеп, Египетке жолдама ұтып алды! «Банк Хоум Кредит» қараша айында өз клиенттеріне ерекше байқау ұсынды: «Ұшқыр отбасы» деп аталатын байқау нәтижесінде екі адамға Египетке жолдама беріледі! Жақында ақтөбелік Аделя Сұлтанғазина осы байқаудың жеңімпазы атанды. Енді ол ақпан айында жолдасымен бірге Египетке ұшады. Мұндай ерекше байқаудың жеңімпазы болатынына Аделя мүлде сенбегенін айтады. — Қазіргі уақытта банктер болсын, сауда орындары болсын, түрлі байқаулар ұйымдастырып жатады ғой.

Рабочий график главы государства

Источник: Nomad.su Дата: 23 декабря 2019 в 05:43

Рабочий график главы государства «Ак Орда», 20 декабряГлава государства принял участие во втором заседании Национального совета общественного доверияВ своем выступлении Касым-Жомарт Токаев отметил, что членами Национального совета общественного доверия совместно с представителями государственных органов проделана большая работа, учтены многие предложения и инициативы, обсуждение которых сопровождалось горячими дискуссиями.

 «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 декабря 2019 в 02:52

 «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы қорытындыланды Сәрсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың төрағалығымен Мемлекет басшының Қазақстан халқына Жолдауы мен «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын өңір тұрғындарына түсіндіру жұмыстарының қорытындысы бойынша кездесу өтті. Сондай-ақ мемлекеттік саясатты түсіндіруге белсенді түрде атсалысқан облыстық ақпараттық топ өкілдері марапатталды.

Облыс  жаңа жүйені енгізуге дайын ба?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 декабря 2019 в 02:22

Облыс  жаңа жүйені енгізуге дайын ба? Облыстың 2020 жылы МӘМС жүйесін енгізуге дайындығымен танысу үшін Ақтөбеге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі заң департаментінің директоры Талғат Тұрмағанбет және республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы директорының орынбасары Манат Искаков келді. Медициналық сақтандыру жүйесін енгізуге әзірлік аудитін жүргізді. Өңірлік штабтың отырысында Т.Тұрмағанбет ақтөбеліктерді толық медициналық сақтандыру жүйесімен қамту, барлық медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялау, өңірдің әр тұрғынының сақтандыру мәртебесін анықтау маңыздылығын атап өтті.— Аймақтың әр тұрғыны сақтандыру жүйесі туралы білуі тиіс. Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар және жұмыссыздарға қатысты шаруаларды жеделдету қажет.

Қазақстанда 148 адам қызмет барысында қаза тапқан

Источник: TengriNews Дата: 18 декабря 2019 в 13:23

Қазақстанда 148 адам қызмет барысында қаза тапқан Бүгінгі Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында еңбек міндеттерін орындау кезінде жұмыскердің еңбекке жарамды болуынан айырылу не өмірден өту тәуекелін қамтитын кәсіптік тәуекел және кәсіптік тәуекелдерді басқару, кәсіптік тәуекелді бағалау ұғымдарын енгізу ұсынылды. Бұл ұғымдарды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ұсынды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қобда өңіріндегі өзгерістер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 декабря 2019 в 10:32

Қобда өңіріндегі өзгерістер Биылғы жылдың қазан айында Қобда ауданының 90 жылдығы атап өтілді. Мерейтой қарсаңында ауданда біраз игілікті істер атқарылды. Киелі өлкенің тарихынан сыр шертетін, батырлар мекенінің абыройын айшықтайтын ескерткіштер мен саябақтар бой көтерді. Олардың қатарында еңселі Қобыланды батырдың, ұлт-азаттық көтерілістің батыры Исатай Тайманұлының, Әлия Молдағұлованың ескерткіші мен ел қорғаны болған Алтай батырдың стелласы бар.

Қаржыландыру 125 пайызға артады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 декабря 2019 в 11:32

Қаржыландыру 125 пайызға артады Келер жылы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілген кезде, қаржыландыру биылғы жылмен салыстырғанда 125 пайызға артады. Биыл қор арқылы 41 852 161 мың теңгеге медициналық қызмет сатып алынған. 2020 жылға сатып алу жоспары — 52 364 716 мың теңге. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.«Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы облыстық филиалының бөлім басшысы Тимур Боранқұлов атқарылған жұмыстарға тоқталды. Қаржыландыру, сатып алу бағытында жүргізілетін шаруаларды айтты. Қазіргі таңда облыста тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде 37 мемлекеттік, 26 жекеменшік медициналық ұйым тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Показано 30 новостей из 273