Популярные темы

Орынов: новости — страница 4

Казинодағы ең жақсы ойын автоматтары

EKaraganda.kz, 24 июня 2022 в 09:35

Казинодағы ең жақсы ойын автоматтары
Интернеттегі кассеталар әлемінде сіз термо-ойын автоматтарын, негізінен аңшылық автоматтарының нұсқаларында тексерілмейтін сайттардан таба аласыз. Адамдарды тоқтатыңыз, тамырларын бекітіңіз, оларды өз аттарыңызбен атаңыз. Бірақ біз бала кезімізде моеда әкесін қалай атағанымызды есімізде сақтаймыз. Мысалы, аңшыда бізде термос ағылшын тілінде айтқан машиналар сияқты сөздер бар.

Семейлік оқушылар республикалық ғылыми байқауда жақсы нәтижелер көрсетті

Arna Press, 05 мая 2022 в 12:28

Семейлік оқушылар республикалық ғылыми байқауда жақсы нәтижелер көрсетті
Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің қос шәкірті Төкен Омаров атындағы Республикалық ғарыштық физика мен астрономиядан оқушылардың ғылыми жарысында жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Arnapress.kz мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мектеп оқушыларының астрономия, физика және ғарыш саласында білім деңгейлерін арттырып, талантты оқушыларды анықтауды мақсат еткен жарыс Алматы қаласында өтті.Дәл осы жарысқа «Ғарыш кемесінің жер мен Ай тартылыс өрісіндегі қозғалыс заңдылықтарын зерттеу» жобасымен қатысқан 9 сынып оқушысы Асқар Жұмабеков ІІ орын, «Марс планетасындағы күшті магнит өрісін туғызу» жобасын ұсынған 11 сынып оқушысы Жансая Ғалымова ІІІ орынды жеңіп алды.Аспан әлеміне қызығушылығы мол жас зерттеушілерімізді жарысқа Асхат Жұмабеков, Жадыра Ахатаева, Рая Смағұлова, Серік Анибаев есімді ұстаздар даярлаған.Фото: Назарбаев зияткерлік мектебін баспасөз қызметі

AMANAT партиясы жанындағы Miras кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтті 12 апреля 2022, 18:59

Tengrinews, 12 апреля 2022 в 19:03

AMANAT партиясы жанындағы Miras кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтті
                12 апреля 2022, 18:59
AMANAT партиясы жанындағы Miras кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «AMANAT» партиясы «Алтын домбырадан» бөлек «Бабалар аманаты» айтысын ұйымдастыруды ұсынды. Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» республикалық қоғамдық кеңесінің биылғы алғашқы отырысы өтті.

В Караганде пройдёт турнир по қазақ күресі на призы акима города

EKaraganda.kz, 16 марта 2022 в 17:25

В Караганде пройдёт турнир по қазақ күресі на призы акима города
Сообщается, что участниками соревнований могут быть мужчины из Карагандинской области, от 18 лет и старше, в весовой категории 82 кг и выше, имеющие при себе удостоверение личности и допуск врача на участие в соревнованиях. Не допускаются к участию в турнире действующие члены сборных команд городов и районов Карагандинской области.

Біз үшін үлкен сабақ болуы керек — депутат Айдос Сарым «қаңтар оқиғасы» туралы 14 марта 2022, 14:42

Tengrinews, 14 марта 2022 в 14:53

Біз үшін үлкен сабақ болуы керек - депутат Айдос Сарым
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қаңтардағы тәртіпсіздік кезіндегі Президенттің батыл шешімдері туралы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сарым Парламент, сөзсіз, заң мен фактіге сүйеніп, эмоциядан гөрі қатал қисынға, лирикасыз логикаға негізделіп сөз сөйлейтін орын екенін атап өтті. «Бірақ бүгінгі күн тақырыбы мені дәл осы тәртіптен озып, эмоцияға негізделген сөз сөйлеуге итермелеп отыр.

Қазыбек би атындағы аудандағы 100 көше көктемгі су тасқынына бейім

EKaraganda.kz, 04 марта 2022 в 20:15

Қазыбек би атындағы аудандағы 100 көше көктемгі су тасқынына бейім
Бадин және Нұра көшелерінің қиылысы. Тиегіш техника қарды камазға салады. Алдыңғы әйнегінде «Әкімдік қар шығарады«деген жазу бар. Қызғылт күртешелердегі жұмысшылар мұз бен қарды аршып, бітелген нөсер мен арықтарды тазалауда. Егер бұл жұмыс түрі жасалмаса, бірнеше аптадан кейін еріген су адамдардың үйлеріне тікелей кіру қаупі бар. Қазыбек би атындағы аудан әкімдігі көшедегі арықтарға тазалау жұмыстары жүргізілетіні жөнінде жергілікті тұрғындарды екі апта бұрын ескерткен болатын. Әлеуметтік желілердегі ресми парақтарда тиісті хабарламалар жасалды.

«Жүкті екенін 8 айында білген». Жиһангез баламен саяхаттаудың қыр-сырын айтты 25 февраля 2022, 08:55

Tengrinews, 25 февраля 2022 в 09:03

Алматылық Лейла Измаилова бүгінде отбасымен АҚШ-ты аралап, саяхаттап жүр. Алматыда жоғары оқу орнын аяқтап, біраз жұмыс істеп, жары Абылаймен АҚШ-қа кетіп қалған. Бүгінде Лейла құрама штаттарда бала тәрбиесінен бөлек, графикалық дизайн бойынша түрлі курстарға қатысып жүр. Лейла жары Абылай екеуі АҚШ-қа көшу туралы шешімді қалай қабылдағанын айтып берді.

«Бейбіт күнге не жетсін»: учаскелік полиция инспекторы қаңтар оқиғасын еске алды 24 февраля 2022, 17:59

Tengrinews, 24 февраля 2022 в 18:13

Алматы қаласы Полиция департаментінің Түрксіб аудандық ПБ-ның учаскелік полиция инспекторы Серік Шумушпаев Polisia.kz тілшісіне берген сұхбатында қаңтарда орын алған оқиғаның мән-жайын баяндап берді. Серік Шумушпаев сол күндері қоғамдық тәртіпті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметте болған.

«Болашақ» бағдарламасына енген ресейлік университеттер туралы не белгілі? 22 февраля 2022, 08:53

Tengrinews, 22 февраля 2022 в 09:03

Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша мамандарды дайындайтын оқу орындары тізіміне Ресейдің жетекші техникалық университеттері енгізілгенін мәлімдеген еді. Осы тізімге енген ресейлік университеттер туралы мәлімет Tengrinews.kz тілшісінің материалында. 21 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» білім беру бағдарламасы қайта бағдарланатынын мәлімдеген болатын.

16 жылдан кейінгі тоқырау. Қысқы спортта қандай өзгеріс керек? 20 февраля 2022, 19:11

Tengrinews, 20 февраля 2022 в 19:23

16 жылдан кейінгі тоқырау. Қысқы спортта қандай өзгеріс керек?
                20 февраля 2022, 19:11
Кеше Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Амал не, биыл спортшыларымыз артылған үмітті ақтай алмады. Үш аптадан аса уақытқа созылған додадан Қазақстан атлеттері жүлдесіз оралды. Tengrinews.kz тілшісі Бейжіңдегі қысқы Олимпиаданы қорытындалады. Биылғы Олимпиададағы үздік нәтижеміз Биыл қазақстандық жанкүйерлер эмоцияға бөленіп, соңына дейін жанкүйер болған жалғыз сайыс шорт-тректен 500 метрге жарыс болды.

2022 жылдың топ-трендтері. Көктем-жазда қандай киімдер сәнде? 18 февраля 2022, 12:48

Tengrinews, 18 февраля 2022 в 12:53

2022 жылдың топ-трендтері. Көктем-жазда қандай киімдер сәнде?
                18 февраля 2022, 12:48
2022 жылдың көктем-жаз маусымы түрлі түстер мен жарқын образдарға қанық болғалы тұр. Бүгінде әлемдік брендтердің сән көрсетілімдеріне қарап отырып, былтырғы трендттер жалғасын табатынын байқай аламыз. Қазақстандық стилист Мира Берген Tengrinews.kz тілшісіне биыл қандай түстер, киімдер мен образдағы қосалқы элементтер сәнде болатынын әңгімеледі.

«Өкінбеймін» — Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде ҰҚШҰ әскерін шақыру туралы ойын айтты 17 февраля 2022, 20:55

Tengrinews, 17 февраля 2022 в 21:03

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғалары кезінде Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының әскерін Қазақстанға шақырғанына өкінбейтінін мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Өкінбеймін. Бұл ешқандай да өкіндіретін шешім емес. Керісінше дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Өйткені, қарулы қарақшылар Алматыны қиратып, өзге қалаларға қауіп төндірді.

15-20 секунд уақытыңыз бар. Зілзала кезінде не істеуге болмайды? 11 февраля 2022, 11:19

Tengrinews, 11 февраля 2022 в 11:33

15-20 секунд уақытыңыз бар. Зілзала кезінде не істеуге болмайды?
                11 февраля 2022, 11:19
Мамандардың сөзінше, Алматы сейсмикалық қауіпті ауданында орналасқан. Алматыдағы Сейсмология институтының мамандары зілзала кезінде қалай қорғану керегін және жер сілкінісі кезінде не істеуге болмайтынын түсіндірді. Алматыда жақын арада болуы мүмкін (ықтимал) жер сілкіністері туралы қандай да бір зерттеу бар ма? Қазақстан территориясында және жапсарлас жатқан аумақтарда жылына 7 мыңға дейін, кей жылдары 10 мыңнан аса жер сілкінісі тіркеледі.

Бейжің Олимпиадасы: шетелдегі қазақ спортшылары туралы не белгілі? 08 февраля 2022, 11:37

Tengrinews, 08 февраля 2022 в 11:43

Бейжің Олимпиадасы: шетелдегі қазақ спортшылары туралы не белгілі?
                08 февраля 2022, 11:37
Бейжің Олимпиадасында өзге елдердің намысын қорғап жатқан қазақ спортшылары бар. Оның кейбірі Олимпиада алтын медаліне үміткер саналады. Tengrinews.kz тілшісі қысқы Олимпиадада шетелдің атынан шығып жатқан қазақ спортшыларының нәтижесін баяндайды. Динара Әлімбекова Қысқы Олимпиададағы шетелдік қазақ спортшысы туралы айтсақ, ойға Динара Әлімбекова келетін шығар.

«Қасіретті қаңтар»: 2750 қылмыстық іс тергеуде 04 февраля 2022, 20:12

Tengrinews, 04 февраля 2022 в 20:23

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктен кейін 2750 қылмыстық іс тергеуде, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов ОКҚ брифингінде айтты. «Бас прокуратура қаңтар оқиғасында орын алған қылмыстардың тергелуін, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңдылықтың сақталуын қадағалауды жалғастырып жатыр.

Появилось видео выступления Токаева на совещании по противодействию коррупции 01 февраля 2022, 17:25

Tengrinews, 01 февраля 2022 в 17:33

Появилось видео выступления Токаева на совещании по противодействию коррупции
                01 февраля 2022, 17:25
Президент Касым-Жомарт Токаев провел совещание по вопросам противодействия коррупции. Пресс-служба Акорды опубликовала видеозапись выступления Главы государства, передает Tengrinews.kz. Кроме того, ниже приводим текст выступления Касым-Жомарта Токаева на двух языках.«Құрметті кеңеске қатысушылар! Баршаңызға мәлім, сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу — біздің саясатымыздағы негізгі басымдықтың бірі.

Қысқы Олимпиада, Азиада, ӘЧ. 2022 жылы өтетін басты спорт додалары 14 января 2022, 14:01

Tengrinews, 14 января 2022 в 14:13

Қысқы Олимпиада, Азиада, ӘЧ. 2022 жылы өтетін басты спорт додалары
                14 января 2022, 14:01
2022 жылы қазақстандық жанкүйерлерді бірқатар қызық жарыс күтіп тұр. Оның ішінде қысқы Олимпиада, футзалдан Еуропа чемпионаты, әлем чемпионаттары бар. Tengrinews.kz тілшісі 2022 жылы өтетін басты спорт жарыстарын жинап шықты. Футзалдан Еуропа чемпионаты Келесі аптада Нидерландының Амстердам мен Гронинген қалаларында футзалдан Еуропа чемпионаты басталады.

«Мұндай жетім күйді ешқашан кешпеппін» — тәртіпсіздік кезінде Түркиядан қайта алмаған қазақстандық журналист 13 января 2022, 11:50

Tengrinews, 13 января 2022 в 12:03

Динар Керім — Egemen Qazaqstan газетінің Интернет бөлімінің басшысы. Ол Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Түркиядан елге қайта алмай қалды. Күні кеше елге оралды. Төрт күндей Түркиядағы әуежай мен үйдің арасында жүрген. Оның айтуынша, елде көмек қолын созғандар да аз болмаған. «Түркияға аяқасты барғым келді. Ұшуға 2-3 күн қалғанда билет алдым. Ішкі түйсігім сол жаққа асығып тұрды.

Утильсбор, LRT и фонд для помощи казахстанцам. Полная речь Президента Токаева 11 января 2022, 15:20

Tengrinews, 11 января 2022 в 15:23

Утильсбор, LRT и фонд для помощи казахстанцам. Полная речь Президента Токаева
                11 января 2022, 15:20
Акорда опубликовала полный текст выступления Президента Касым-Жомарта Токаева на заседании Мажилиса, передает Tengrinews.kz. Текст опубликован на казахском и русском языках. «Тәуелсіздік тарихында біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік.

Тасмағамбетов мәлімдеме жасады: Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырамын! 10 января 2022, 09:40

Tengrinews, 10 января 2022 в 09:43

Тасмағамбетов мәлімдеме жасады: Жомарт Тоқаевқа қолдау көрсетуге шақырамын!
                10 января 2022, 09:40
Иманғали Тасмағамбетов қазақстандықтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Үндеу Abai.kz сайтында жарияланды. «Ағайындар, бауырлар, азаматтар! Осынау қаңтардың қаһарлы күндері елімізде, оның ішінде айналайын ақ Алматымыздың басына түскен қаралы күндері орын алған дүрбелеңде Өздеріңізге үн қатуды азаматтық парызым деп білемін. Өкінішке орай, осы күндері қаза тапқан азаматтар аз емес.

«Цой», «кешірім сұрау», «вакцина». Қазақстанда жыл сөзі қандай? 28 декабря 2021, 10:34

Tengrinews, 28 декабря 2021 в 10:43

Жыл аяқталар тұста дүние жүзінде түрлі ұйым «жыл сөзін» таңдайды. Бұл сөз күнтізбедегі бір жылдың бейнесі іспеттес. Биыл көп жерде жыл сөзі ретінде вакцина танылып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі биыл дүние жүзінде аталған жыл сөзі туралы жазып, оның қазақша нұсқасын да анықтап көрді. Оксфорд ағылшын тілі сөздігі биыл қолданыста ең көп қолданыста болған сөзді таңдады.

Олимпиада, антирекорд. 2021 жыл Қазақстан спорты үшін қалай өтті? 23 декабря 2021, 14:52

Tengrinews, 23 декабря 2021 в 15:03

Олимпиада, антирекорд. 2021 жыл Қазақстан спорты үшін қалай өтті?
                23 декабря 2021, 14:52
2021 жылы қазақстандық спортшылар түрлі дүбірлі додаға қатысты. Қуаныш та, өкініш те болды. Tengrinews.kz тілшісі 2021 жылы Қазақстан спортындағы маңызды оқиғаларға тоқталды. «Алтынсыз» Олимпиада Негізі биылғы Токио Олимпиадасының өзі даумен басталды. Себебі қазақстандық телеарналар Олимпиада трансляциясының құқығын дер кезінде сатып ала алмай, жанкүйерлер Елдос Сметов пен Зүлфия Чиншанло медаль алған жарысты көре алмаған еді.

Цой бір жарым жылда қандай мәлімдемелер жасады? 20 декабря 2021, 17:36

Tengrinews, 20 декабря 2021 в 17:43

Цой бір жарым жылда қандай мәлімдемелер жасады?
                20 декабря 2021, 17:36
Бүгін Алексей Цой денсаулық сақтау министрі лауазымынан кетті. Ол бұл қызметті 2020 жылдың маусымынан бері атқарып келген. Tengrinews.kz тілшісі экс-министрдің бір жарым жылдық жұмысына көз жүгіртіп, айтқан мәлімдемелеріне шолу жасады. Алексей Цой министр қызметінде шамамен 900 мың теңге жалақы алып келді.

Полный текст выступления Главы государства на торжественном собрании по случаю 30-летия Независимости РК

EKaraganda.kz, 20 декабря 2021 в 00:05

Полный текст выступления Главы государства на торжественном собрании по случаю 30-летия Независимости РК
Құрметті отандастар! Ардақты ағайын!Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын!Біз осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған дербес мемлекеттілік дәстүрімізді қайта жалғадық.Шын мәнінде, егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар.

«5:32» сериалы мен Асқар Жалдиновтың кітабын не байланыстырады? 13 декабря 2021, 16:50

Tengrinews, 13 декабря 2021 в 17:03

Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, Қазақстанда жылына 100 000-нан астам қылмыстық іс тіркеледі. Оның ішінде жантүршігерлік оқиғалар да аз емес. Осы ретте Tengrinews.kz тілшісі криминиалистика жанрында қалам тербеген Асқар Жалдиновпен сұхбаттасып, одан Қазақстан тарихындағы атышулы қылмыстардың құпиясы жазылған «Вне протокола» кітабы туралы сұрады.

«Тәуелсіздік толғауы» мен «Елім менің» байқауы өз мәресіне жетті 07 декабря 2021, 19:00

Tengrinews, 07 декабря 2021 в 19:13

2021 жылғы 6 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы, «Астана» концерттік залында XI «Тәуелсіздік толғауы» атты жаңа өнер туындыларына арналған және XVII Республикалық «Елім менің» патриоттық әндер байқауының марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен айтулы іс-шара заман талабына сай қоғамдық маңызды жаңа музыкалық шығармалардың жазылуына жол ашу, отандық авторларды қолдау, республикалық концерттік ұйымдардың репертуарларын жаңа туындылармен толықтыру, өнер туындылары арқылы қазақстандық патриотизм мен ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, отандық авторларды қолдау мақсатында өткізіліп отыр. Қазылар алқасы байқауға өтініш білдірген 400-ге жуық шығармаларды тақырыптық бағытқа сай келуіне, жоғары көркемдік деңгейіне, тақырыпты ашудағы өзінділігіне, автордың шығармашылық даралығына және шеберлігіне, шығарманың көркемдік баян етілуі секілді критерийлерге байланысты іріктеді. Қазылар алқасының құрамына Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Айман Мұсақожаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Ұлықбек Есдәулет, Жеңіс Сейдуллаұлы, Қазығұлов Алпысбай, Арман Жүдебаев және өзге де өнер тарландары енді.

Базалық мөлшерлемені 9,75% деңгейінде сақтау туралы

Banker.kz, 06 декабря 2021 в 16:01

Базалық мөлшерлемені 9,75% деңгейінде сақтау туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеті базалық мөлшерлемені +/-1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,75% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Тиісінше өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,75%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 8,75% болады.

Ұлттық Банк 64,6 млн АҚШ доллары көлемінде интервенция жүргізді

Banker.kz, 03 декабря 2021 в 11:11

Ұлттық Банк 64,6 млн АҚШ доллары көлемінде интервенция жүргізді
Қазақстанның валюта нарығы сыртқы нарықтардағы жағдайдың нашарлауы себепті шетел валютасына сұраныстың өсу кезеңін бастан өткеріп отыр. Ұлттық Банктің құбылмалылық пен алыпсатарлық ахуал кезеңіндегі әрекеттері туралы ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Ә Молдабекова сұхбатында айтып берді. – Кеше биржалық валюталық сауда-саттықта осы жылдың басынан бері мәмілелердің ең жоғары көлемі тіркелді, теңге бағамы бір доллар үшін 436 теңге деңгейіне дейін әлсіреді.

Саясат, тарих, жер мәселесі. Елбасы жазған 10 кітап 01 декабря 2021, 14:15

Tengrinews, 01 декабря 2021 в 14:23

Саясат, тарих, жер мәселесі. Елбасы жазған 10 кітап
                01 декабря 2021, 14:15
Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 30-ға тарта кітаптың авторы. Оның қаламынан шыққан туындылар тарих, саясат, экономика сынды түрлі тақырыпты қамтиды. 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай Tengrinews.kz тілшісі Нұрсұлтан Назарбаевтың айтулы кітаптарын еске алуды жөн көрді. «Тәуелсіздік дәуірі» Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабы — өзгерістерді қалай басқаруға болатынын, ұлттың жаңғыруына серпіліс жасауына және тарихи мүмкіндіктерді шындыққа қалай айналдыруға болатыны туралы жазылған іргелі еңбек.

«32 мутацияны біріктірген». Омикрон штамы туралы не белгілі? 29 ноября 2021, 13:17

Tengrinews, 29 ноября 2021 в 13:23

Қазір дүние жүзінде коронавирустың жаңа штамы тарап жатыр. Бұл басқаларынан қауіптірек. Таяуда оған ДДСҰ «омикрон» деген атау берді. Tengrinews.kz тілшісі мамандар сөзін келтіріп, бұл штамм қаншалықты қауіпті екенін жазды. «32 мутацияны біріктірген» Алғашқылардың бірі болып ол туралы Daily Mail газеті 24 қарашада жазған.
Показано 30 новостей из 148