Популярные темы

Орынов: новости — страница 2

Жылжымайтын мүлік иелері салық төлеуге міндетті

Крыша, 19 сентября 2023 в 15:47

Жылжымайтын мүлік иелері салық төлеуге міндетті
Мүлік салығын төлейтін уақыт 2 қазанда аяқталады. Демек, Қазақстан аумағында пәтер, үй, ғимарат, көлік қоятын орын, жер телімі және т.б. жылжымайтын мүлкі бар кез келген азамат ел қазынасына ақша құюға тиіс.Алматы қаласындағы Мемлекеттік кірістер басқармасы заң бойынша төлем жасау мерзімі 1 қазан күні аяқталатынын хабарлады.

Семей қаласында қала күні атап өтілді

Arna Press, 18 сентября 2023 в 11:08

Семей қаласында қала күні атап өтілді
Семей қаласында қала күні кең көлемде атап өтілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Шаралар «Benelux Bicycle Tour» велошеруінен бастау алды. Бұл веложарыс елімізде Астана, Алматы, Ақтөбе сынды қалаларынан кейін біздің Семейімізде өткізілуде. Веложарысқа 500-ге жуық велосипедші қатысты.Сондай-ақ, қаламызда тұңғыш рет ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған «Aman keleshek» фестивалі ұйымдастырылды. Іс-шараға қазақстандық спортшы Илья Ильин қатысып, шеберлік жаттығуларын көрсетті. Қаламыздың жас тұрғындарына арналған «Күзгі феерия» фестивалінде заманауи билер, жастар музыкалық топтары, аспаптық музыка, стендтік шоулар, аниматорлардың қатысуымен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.Арбат алаңында тұңғыш рет өткен «Семей батыры» спорттық сайысында Семей қаласының ең мықты спортшылары бақ сынасты.

Тілдің дамуы — қазақ халқының тарихының мазмұны

Магнолия, 13 сентября 2023 в 16:48

Тілдің дамуы - қазақ халқының тарихының мазмұны
Біздің қоғамдық өмірде мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі жоғарыда тұр. Өйткені, оның негізі — ел бірлігін, ұлтаралық татулық пен саяси тұрақтылықты, бүгінгі күнгі елімізде әртүрлі ұлттар мен ұлыстар бейбіт және татулықта өмір сүруін, әрбір этномәдени орталық өздерінің тілдері мен дәстүрін дамыта отырып, қазақ тіліне деген құрметпен қарау тәжірибесі де орын алуда.

Қазақстаннан Қытайға баратын Жібек Саяжолы

kapital.kz, 13 сентября 2023 в 11:06

Қазақстаннан Қытайға баратын Жібек Саяжолы
«QazTrade» АҚ 2020 жылдан бастап «Экспорттық акселерациясы бағдарламасын» табысты іске асыруда. Бағдарламаға 430-дан астам қазақстандық өндірушілер қатысып, олардың өнімдерін шетелдік нарыққа шығару бойынша жан-жақты қолдау көрсетті.«Silk Alley» шарап зауыты ЖШС (бұдан әрі Silk Alley) 2023 жылдың экспорттық акселерациясы бағдарламасының ең жарқын қатысушыларының бірі болып табылады.

Қазақстанда жаз мезгілінде 177 адам суға батып кеткен

Arna Press, 06 сентября 2023 в 15:08

Қазақстанда жаз мезгілінде 177 адам суға батып кеткен
ТЖМ ақпаратына сәйкес, шомылу маусымы кезінде 1 маусымнан бастап 136 адам, оның ішінде 51 бала құтқарылған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.Тұрғындармен жүргізілген профилактикалық жұмыстарға қарамастан, жаздың үш айында 177 адам, оның ішінде 53 кәмелетке толмаған бала суға батып кетті.Былтыр шомылу маусымында 184 адам (-4 пайыз), оның ішінде 62 кәмелетке толмаған бала (-15 пайыз) суға батып кеткен.

Семейде тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды

Arna Press, 25 августа 2023 в 14:58

Семейде тұрмыстық зорлық-зомбылық  құрбандарына арналған дағдарыс орталығы ашылды
Бүгін облыс орталығында қиын жағдайа ұшыраған анадарды қолдау мақсатында дағдарыс орталығы ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«2022 жылғы 23 маусымда Мемлекет Басшысы республика бойынша әйелдер мен балаларды тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі дағдарыс орталықтарын құруды тапсырды.

«Жанайқайымызды кім естиді?» Алматылықтар көпқабатты үйдің салынуына қарсы шықты 08 августа 2023, 06:33

Tengrinews, 08 августа 2023 в 06:43

Алматының «Самал-2» шағын ауданының тұрғындары үйлерінің маңынан тағы да 4 көпқабатты тұрғын үйдің бой көтеруіне қарсы. Себебі, қазірдің өзінде «электр жүйесі мен жылу желілеріне түсетін қысым көп» дейді. Ал егер «тағы да тұрғын үй салынар болса қыста жылу мен жарықсыз қаламыз ба» деп қауіптенеді. Ал осы жерде бұрыннан қоныстанып келе жатқан, 1924 жылы салынған ескі үйлердің тұрғындары басқа ауданнан үй салып бергенге келіспей отыр. Қос тараптың кикілжіңін мәжіліс депутаттарымен бірге Massaget.kz тілшісі де тыңдап келді.

Абай облысының әкімдігі биылғы оқу жылына 200 грант бөлді

Arna Press, 02 августа 2023 в 12:18

Абай облысының әкімдігі биылғы оқу жылына 200 грант бөлді
Абай облысы әкімінің грант иегерлерінің тізімі 20 тамызда білім басқармасының сайтында жарияланады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Білім беру грантын иеленетін үміткерлерге тағайындалатын жеңілдіктер ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысында көрсетілген жеңілдіктер негізінде жүзеге асады.

Қонаевта ата-аналар балалар лагеріндегі жағдайға шағымданды

Arna Press, 01 августа 2023 в 10:58

Қонаевта ата-аналар балалар лагеріндегі жағдайға шағымданды
Кадрлардан балалар ұйықтайтын бөлменің қабырғаларынан бояуы кеткені көрінеді, жайлы деп айтуға да келмейді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Мой город» сайтында жарияланған материалда балалар жататын төсектер бір-біріне тым жақын орналасқаны көрінеді, ал санитария дәрігерлердің нұсқауы бойынша жатын бөлмесіндегі орын саны бір балаға төрт шаршы метрден есептелуі керек.Балалар құқығын қорғау комитеті жұмыс тобының лагерьге кеткенін хабарлады.«Оқу-ағарту министрлігі мен Білім басқармасының өкілдері орталықта балалардың тұру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайын тексереді.

Абай облысында тағы да орман өрті орын алды

Arna Press, 15 июля 2023 в 16:48

Абай облысында тағы да орман өрті орын алды
Абай облысындағы «Семей орманы» МОТР аумағындағы өрт туралы ақпаратты ТЖМ жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kzБүгін, 15 шілде күні, Абай облысы ТЖД «Семей орманы» МОТР қызметкерлерінен 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түсті (57 және 58 орамдар).Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары: облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілді. Өртті жедел сөндіру жәрдемдесу мақсатында ТЖМ авиациясы жіберілді.«Қазіргі уақытта «Семей орманы» МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды.

Семейде бір жағажайды бөле алмай отыр

Arna Press, 12 июля 2023 в 18:28

Семейде бір жағажайды бөле алмай отыр
Өткен жылы Ертістің оң жағалауындағы жағажайды өз күшімен жабдықтаған Ержан Амарханов, бүгінде қала әкімдігі аталған демалыс орнын тартып алғысы келетінін айтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Өткен жылы қала тұрғыны Ертістің жағасына өз қаражатына құм әкеліп, күннен қоғайтын шатыр орнатты.

Рашид Аюповтың ісі. Forbes.kz тізіміндегі кәсіпкер тендерді жеңу үшін пара бергенін айтып берді

Vera.kz, 26 июня 2023 в 19:29

Рашид Аюповтың ісі. Forbes.kz тізіміндегі кәсіпкер тендерді жеңу үшін пара бергенін айтып берді
Түркістан мен Кентау қалаларының экс-әкімі ісі бойынша жәбірленуші С.Қожабаевтың сұрауға алғаны туралы vera.kz хабарлады.Бұрынғы экс-әкім Рашид Аюповтың ісі бойынша бас жәбірленушіден онлайн режимде жауап алуға тура келді. Қорғаушы тарап тергеу барысында жәбірленуші кәсіпкер Сайдолла Қожабаевтың айғақтары тұрақсыз болғанын айтып, соттан жауап алуды офлайн режимінде жүргізуді сұраған.«Құрметті сот, сотқа дейінгі тергеу кезінде жәбірленушілерден 8-10 рет жауап алынды және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ғимаратына келу мүмкіндігі болды, сондықтан олардың сотқа қатыспауын сотты құрметтемеу деп бағалауды сұраймын», – деді Ерлан Газымжанов.«Ал адвокаттар ұшу ауыртпалығын, күтіп-ұстауды және сол жерде куәгерлерді табуға байланысты басқа шығындарды көтеруге дайынсыз ба?» — деп сұрады Астана ҚІМАС (Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот) соты Қажымұхан Мекемтас.«Құрметті сот, айыптаушы тараптың куәгерлері – ауқатты адамдар.

Қаза болған орманшылар «Құрмет» орденімен наградталды

Arna Press, 11 июня 2023 в 21:48

Қаза болған орманшылар
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында орын алған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.Президенттің арнайы Жарлығы шықты. 1. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының инженері;2.

Абай облысының әкімі президенттен сөгіс алды

Arna Press, 11 июня 2023 в 18:58

Абай облысының әкімі президенттен сөгіс алды
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.«Қателік көп. Шұғыл әрекеттің жетіспеуі, мәселеден сырт қалуыңыз осы апатқа әкелді. Өзіңіз де оқиға орнына кеш жеткеніңізді маған баяндадыңыз.

«Семей орманы» аумағында тағы да өрт шықты

Arna Press, 08 июня 2023 в 15:38

Семей филиалының мәліметінше, Батпаев орманшылығының аумағында 0,3 га алдын ала алаңда ағаштардың жануы орын алған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Абай облысы ТЖД күштері мен құралдары «Семей орманы» МОТР аумағындағы орман алқабындағы өртті жедел жоюға жәрдем көрсетіп жатыр. Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстарына Абай облысы ТЖД-дан 31 адам және 9 бірлік техника, орман шаруашылығынан 28 адам және 14 бірлік техника жұмылдырылған.Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс орталығында жедел штаб ұйымдастырылды.Елді мекендерге қауіп жоқ.

Астанадан Антальяға жаңа әуерейсі іске қосылды

Arna Press, 05 июня 2023 в 14:28

Астанадан Антальяға жаңа әуерейсі іске қосылды
Түркиялық әуетасымалдаушы Mavi Gök Aviation Астанадан Антальяға жаңа рейсін ашты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап. «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, алғашқы рейс 4 маусымда Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды.«Ұшақты дәстүр бойынша «су аркасымен» қарсы алды.

Қазақстанда балалар неше жасқа дейін пойызда тегін жүре алады

Arna Press, 02 июня 2023 в 15:38

Қазақстанда балалар неше жасқа дейін пойызда тегін жүре алады
«Жолаушылар тасымалы» АҚ балаларға пойызға билет алу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.ҚТЖ мәліметінше, 7 жасқа жетпеген балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды.

Адам өлтірді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды

Arna Press, 26 мая 2023 в 12:48

Адам өлтірді деген күдікті Германиядан экстрадицияланды
Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында орын алған, жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтіріп, жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған.Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, делінген ресми хабарламада.Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Айта кету керек, кезекті Германияның күдікті адамды Қазақстанға бергені елдеріміз арасындағы сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді.Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Астаналықтар су тапшылығынан көлік көп жүретін тас жолды жауып тастады

Arna Press, 24 мая 2023 в 11:48

Астаналықтар су тапшылығынан көлік көп жүретін тас жолды жауып тастады
Кеше кешкісін ашынған Астана тұрғындары көлік көп жүретін тас жолдардың бірінде көлік қозғалысын тоқтатып тастады. Халықтың айтуынша, бірнеше күн бойы судың жоқтығы оларды осындай қадамға баруға мәжбүр еткен, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.КТК телеарнасының эфирінде өткен бейнесюжетте, оқиға орнына келген су арнасының мамандары тұрғын үй кешеніне құбыр тарту технологиясын бұзылған оған құрылыс мамандарын кінәлады, деп хабарланған.

Абай облысындағы өрт әлі сөндірілген жоқ

Arna Press, 24 мая 2023 в 10:48

Абай облысындағы өрт әлі сөндірілген жоқ
Қазіргі уақытта өрттің жалпы аумағы 1500 Га құрады. Орман алқабында құрғақ шөптің жануы болуда, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды.

Абай облысында орман өртенуде

Arna Press, 23 мая 2023 в 10:48

Абай облысында орман өртенуде
22 мамыр күні «Семей орманы» резерватында құрғақ шөптің өртенуі орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.22 мамыр сағат 23:07-де Семей қаласынан Ауыл станциясына ҚТЖ өрт сөндіру пойызы және 10 адам келді.23 мамырдың таңғы сағат 05:50-дегі жағдай бойынша өрттің алдын ала ауданы 1100 га құрайды.

Семейдегі Шәкәрім университетінің ұстаздары мен студенттері наразылық білдіруде

Arna Press, 15 мая 2023 в 18:18

Семейдегі Шәкәрім университетінің ұстаздары мен студенттері наразылық білдіруде
Әлеуметтік желіде Шәкәрім университетінің оқытушылық-профессорлық құрамы мен студенттер жазған бейнеүндеу таралуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Үндеуде университеттің ректоры Бауыржан Ердембековты орнынан босату туралы министрдің бұйрығын қайта қарауды сұрайды. Ұжым бір ауыздар бұйрыққа қарсы екенін айтты.Екі жыл үш ай ішінде, ондаған жылдар бойы атқарылмаған істерді атқарғанын ұжымның көзі көріп отыр.

Семейде мотоцикл жүргізушісі жол-көлік оқиғасында қайтыс болды

Arna Press, 12 мая 2023 в 12:58

Семейде мотоцикл жүргізушісі жол-көлік оқиғасында қайтыс болды
Семейде адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.11.05.2023 жылы сағат 19:00 шамасында Қ. Мұхамедханов пен Абай көшелерінің қиылысында HYUNDAI SONATA автокөлік құралы мен HONDA маркалы мотоцикл арасында жол-көлік оқиғасы орын алды. Апат салдарынан 25 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы ауыр жарақаттан қайтыс болды

Arna Press, 11 апреля 2023 в 23:08

Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы ауыр жарақаттан қайтыс болды
Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы жансақтау бөлімінде қайтыс болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Жас спортшының қайтыс болғаны туралы қыз тұратын Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов Faceebook-те хабарлады.«10 сәуірде жас спортшы Соннова Арина Васильевнаның жүрегі тоқтап қалды.

БҚО-да есірткіге еліткен Hyundai жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды

Arna Press, 11 апреля 2023 в 09:08

БҚО-да есірткіге еліткен Hyundai жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды
БҚО-да мас жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ер адам оқиға орнында жан тапсырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қайғылы оқиға 8 сәуірде сағат 23:18 уақыт шамасында Атырау-Орал тас жолындағы Круглоозерное ауылының маңында орын алды.«33 жастағы Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, жолдың белгіленбеген жерінен өткен 33 жастағы ер адамды қағып кетті.

Құбыры жарылған Балқаш қаласының тұрғындарына су беріле бастады

Arna Press, 08 апреля 2023 в 22:38

Құбыры жарылған Балқаш қаласының тұрғындарына су беріле бастады
Балқашта су құбыры желісінде екі рет апат болып, қала тұрғындарының басым бөлігі сусыз қалған еді. Ал бүгін желіде балқаштықтар краннан су аққанын айтып, сүйінші хабар таратты. Бұл ақпаратты қала әкімі де растады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме.«Жерлестеріміз бүгіндері әлі сүйінші сұрап, үйіндегі краннан аққан суық судың видеосын таратып жатыр.

«Сау-тамтығы жоқ». Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында жантүршігерлік жол апаты орын алды

Arna Press, 01 апреля 2023 в 22:48

Полиция мәліметінше, Audi 100 автокөлігінің 43 жастағы жүргізушісі Алматы-Көкпек–Көктал тас жолының 196 шақырымында жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, 1964 жылғы азамат тізгіндеген Audi С4 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.Жол апатынан Audi 100 жүргізушісі мен оның үш жолаушысы (біреуі — бала), сондай-ақ Audi С4 жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Әртүрлі дене жарақаттары бар төрт жолаушы Шонжы ауылында орналасқан орталық аудандық ауруханаға жатқызылды.

Павлодарда жол апатынан бір адам көз жұмды

Arna Press, 01 апреля 2023 в 22:48

Павлодарда жол апатынан бір адам көз жұмды
Павлодар облыстық ПД қаза тапқан адамның жол апатына түрткі көліктің жолаушысы болғанын нақтылайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Полиция мәліметінше, 1 сәуірде сағат 12:45 шамасында Аudi автокөлігінің жүргізушісі кіші айналма көшесі бойында жол беру белгісін елемей, Hennigdorf тіркемесі бар Man автокөлігімен соқтығысты.Audi көлігінде болған жолаушы оқиға орнында мерт болды.«Аталған факті бойынша тексеру жүріп жатыр.

Жетісу облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алды

Arna Press, 27 марта 2023 в 22:58

Жетісу облысында жол апаты салдарынан үш адам қаза тауып, екі адам жарақат алды
Алматы-Өскемен тас жолының 406-шақырымында екі көлік соқтығысып, үш адам қаза тапты. Тағы екі адам түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жол апаты 27 наурызда Ақсу ауданы маңында орын алған.Соқтығысқан Toyota Camry-дің тізгінінде 39 жастағы ер адам және Kia Rio көлігінің тізгінінде 40 жастағы әйел адам болған. Қос жеңіл көлік Алматы-Өскемен тас жолының 406-шақырымында соқтығысқан, жүргізушілердің бірі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кеткен.«Тағайындалған сараптамалардың қорытындысы бойынша тергеу барысында жол апатына кінәлі адам анықталады.

Абай облысында еліміздің үздік палуандары жиналды

Arna Press, 26 марта 2023 в 23:28

Абай облысында еліміздің үздік палуандары жиналды
«Арена» көпфункционалды мәдени-спорт кешенінде ҚР чемпионатының ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісіТурнир U-17 және U-23 жас топтары арасында өткізіледі. Чемпионатқа 20 команда қатысады, жалпы 1500 балуандай жиналды. Бұл еліміздің барлық өңірлерінен келген үздік спортшылар. Бұл турнир Азия және әлем чемпионатына іріктеу.«Жеңімпаз атанған балалар ел құрамасына кіре алады.
Показано 30 новостей из 147