Популярные темы

Ойыл ауданы: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Ойыл ауданында ауыл шаруашылығын дамыту үшін барлық жағдай жасалған

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 11:42

Оңдасын ОРАЗАЛИН: Ойыл ауданында ауыл шаруашылығын дамыту үшін барлық жағдай жасалған
Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин Ойыл ауданына арнайы іссапармен барып, аудан әкімінің дәстүрлі есеп беру жиынына қатысты. Аудан әкімі Асқар Қазыбаев ауданның 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары мен 2020 жылға арналған міндеттері туралы баяндады. Есеп беру жиынына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Жайсаң Ахметов, аудан тұрғындары, аудандық мәслихат депутаттары, жергілікті кәсіпкерлер қатысты.

Терминал орнатылады, мектеп жөнделеді

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 13:22

Терминал орнатылады, мектеп жөнделеді
Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниевтің тұрғындармен есептік кездесуі жалғасып жатыр. Ауданның өткен жылғы әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындысы мен биылғы жылға межеленген міндеттері туралы есеп беру жиындары Бозой, Тоғыз, Кішіқұм, Шетырғыз ауылдық округтерінің орталықтарында өтті.Алдымен аталған округ әкімдері халық алдында есеп беріп, бұдан соң тұрғындардың сауалдарына құлақ түрілді.Бозойлықтар ауылдағы «Қазпошта» акционерлік қоғамы бөлімшесінің қызмет көрсету аясын кеңейту жөнінде ұсыныс айтты.

Облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі туралы

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:32

Облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2020 жылдың 12 ақпанында сағат 11.00-де Ақтөбе қаласындағы Өнер орталығында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі өтеді.Облыс тұрғындары өз сұрақтары мен ұсыныстарын арнаулы жәшіктерде қалдыра алады.

Мектептің мұңы — көмірдің күлі

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:12

Мектептің мұңы — көмірдің күлі
Аудан әкімінің тұрғындар алдында есеп беру кездесуі биыл Ш.Берсиев атындағы ауылдық округтің орталығы Қаратал селосында басталды. Алдымен тұрғындарға округ аумағында жыл ішінде атқарылған жұмыстарды ауыл әкімі Әділбек Ізбасов баяндады. Одан соң ауданның өткен жылғы тынысына аудан әкімінің міндетін атқарушы Аслан Кенжебаев шолу жасады.Ақ тарының атасы Шығанақ Берсиев пен сынықшы Сүлеймен әулиенің ауылы Қараталдың қашанда қонағы көп.

Жабылған ауылда жұрт бар ма?

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:02

Жабылған ауылда жұрт бар ма?
Кеңес Одағы тарағаннан кейін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында барлық ауылдардың күйі кетіп, қалаға көшу басталды. Тіпті аудан орталықтарында да үйлер бос қалып жатты. Мал санымен қоса адам саны да азайып, тіпті кейбір елді мекендерде бір-екі үй ғана қалды. Кезінде дүрілдеген Исатай ауданының орталығы Ақыраптың қалай құрдымға кеткені елдің есінде.

Грант ұтып, қаз сатып алды

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 11:32

Грант ұтып, қаз сатып алды
Бүгінгі күні ауданда құс шаруашылығы жақсы дамып келеді. Ойылдық Шолпан Дәукен «Атамекен» бағдарламасы аясында 505 мың теңге қайтарымсыз грант ұтып алып, қаз шаруашылығын дамытуды қолға алды.Жас болса да жаңа кәсіпті бастаған Шолпан алған грантына 80 қаз сатып алды. Оның ішінде 70-і тамбовский тұқымды қаз болса, қалған 10-ы — линда қазы.

Екі жүз оқушының ертеңгілігі

Ақтөбе газеті, 26 декабря 2019 в 10:22

Екі жүз оқушының ертеңгілігі
Жекпе-жек сарайында облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен «Біз — еліміздің жарқын болашағымыз!» атты жаңажылдық ертеңгілік өтті. Дәлізде қала оқушыларының қолынан шыққан дүниелерден қыс мезгіліне арналған көрме ұйымдастырылыпты, кішкентай шеберлер эко-бұйымдарға басымдық беріпті, көздің жауын алады.Ал шырша орнатылған зал мерекеге сай безендірілген, адамға жаңажылдық көңіл күй сыйлайды. Қызылды-жасылды жылтырақтар тағынып, бар киімдерін киіп келген балалар Аяз ата мен Ақшақармен бірге би билеп, суретке түсіп жүр.Облыс әкімі шыршасына бұл күні аз қамтылған отбасы балалары, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және денсаулығына байланысты үйде оқытылатын балалар шақырылды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау  туралы

Ақтөбе газеті, 14 декабря 2019 в 13:42

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау  туралы
ҮзіндіҚазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: «Отан» орденімен Тиль Виктор Вальдемарович — «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатының директоры, Ақтөбе облысының Хромтау ауданы.«Парасат» орденімен Қойлыбаев Қайрат Әлібиұлы — «Ақтөбе металл құрастыру зауыты» ЖШС директоры.Майтеков Амангелді Шамшекұлы — «Maximus»/«Максимус» ЖШС үйлестіру кеңесінің төрағасы, Ақтөбе қаласы.«Құрмет» орденіменАққұл Нұржан Байдаулетұлы — «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы.Әліпбаев Тұрар Байдүсекұлы — «Қазақ ұлттық өнер университеті» РМК қызмет басшысы, Нұр-Сұлтан қаласы.Қалауов Нұржауған Серікұлы — «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ аппарат басшысы.Қалмағанбетов Бижан Қуанышкерейұлы — Табылды Досымов атындағы республикалық қоғамдық қордың директоры, Ақтөбе қаласы.Кенжебаев Кенжеғали – Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы.Қоқанов Жұмабек Құлмұханбетұлы — «Әлия жолдары» ЖШС директоры, Ақтөбе қаласы.

Білікті заңгер биігі

Ақтөбе газеті, 10 декабря 2019 в 10:02

Білікті заңгер биігі
Әрбір азаматтың өмірінде есте қаларлық ерекше белестері болатыны анық. Осыған орай жадымда жүрген жастық шағымның бір кезеңін сөзіме арқау етпекпін. Өткен ғасырдың 70жылдарының екінші жартысында Ақтөбе облысының прокуроры болған Үмбет Құсайыновтың батасын алып, Ойыл ауданы прокуратурасының тергеушісі қызметіне тағайындалған едім.Өзіме арман болған қызметкежелтоқсанның қақаған қысында, маған беймәлім аудан орталығындағы прокуратура ғимаратына, өрекпіген көңілмен, алғаш қадам басып кіргенім әлі есімде.Сол кездегі аудан прокуроры, сұңғақ бойлы, аққұбаша келген, жігіт ағасы Базарбек Уайсов мені жылы ықыласпен қабылдап, отыратын орнымды көрсетіп, қызметіме сәттілік тілеген еді.Ол заманда қазіргідей жаңадан қызметке қабылданған адамға алдын ала облыс орталығында арнаулы оқу-тәжірибесінен өткізіп, дәріс беру деген болмайтын.

Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау  туралы

Ақтөбе газеті, 30 ноября 2019 в 12:12

Көпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау  туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы ҮзіндіКөпбалалы аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградтау туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:Ақтөбе облысы бойыншаАмантаева Ардак Несипбаевна – орта мектеп мұғалімі, Ойыл ауданы.Андакулова Бибитгуль Ырзаевна – үй шаруасында, Алға ауданы.Дюсенгалиева Анар Таировна – үй шаруасында, Ақтөбе қаласы.Куптлеуова Кырмызы Кулмуханбетовна – үй шаруасында, Мұғалжар ауданы.

Мал саны артып келеді

Ақтөбе газеті, 31 октября 2019 в 11:22

Мал саны артып келеді
Ойыл ауданы — негізінен мал шаруашылығымен айналысатын аудан. Жыл сайын ауданда шаруалар мал санын арттыру, әсіресе, асылтұқымды малды көбейту, сондай-ақ уақытында малға азығын дайындау жұмыстарын қолға алады. Биылғы жылы да бұл салада атқарылған жұмыстар аз емес. Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Сүйіндік Өскенбаевтың айтуынша, бүгінде аудан бойынша мал өсіріп, шаруасын дөңгелетіп отырған 2351 аула бар.

Әнші

Ақтөбе газеті, 31 октября 2019 в 10:32

Әнші
Ашуды әнмен тарқатқанБіз ферма клубында концерт қойып келсек, түскен үйіміздің төрінде, айналасына қыл-қыбырын ыбырсытып, ұршық үйіріп бір кемпір отыр. Көзіне киген көзілдірігінің бір әйнегі бар, екінші әйнегі жоқ. Сондай жағдайда атыс-шатыс қараған кейуананың, улап-шулап кірген бізді жаратпай қалғанын тез сезіп, жым болдық.

Ойыл ауданының Бестамақ ауылына газ берілді

Ақтөбе газеті, 12 октября 2019 в 12:02

Ойыл ауданының Бестамақ ауылына газ берілді
Кеше облыс әкімі Оңдасын Оразалин жұмыс сапарымен Ойыл ауданына барып, сондағы шаруа қожалықтары басшыларымен кездесті, асылтұқымды малдардың жай-күйімен танысты. Бұдан бөлек, жаңа мектеп ғимаратына бас сұғып, Саралжын ауылдық округіне қарасты Бестамақ ауылы тұрғындарының қуанышымен бөлісті. 18 мыңнан астам тұрғыны бар аудандағы негізгі мәселенің бірі — көгілдір отын.

Жастар жұмыссыз қалмайды

Ақтөбе газеті, 24 сентября 2019 в 11:12

Жастар жұмыссыз қалмайды
Серікболсын ТӨЛЕУОВ, жас кәсіпкерПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында шағын және орта бизнесті арттырып, кәсіптік білім беру керектігін айтты. Бұл қазіргі қоғам үшін өзекті проблемаға айналған кадр мәселесін реттейтіні анық. Әр мамандықтың басын бір шалмай, әркім өзі қалаған кәсіпті игеруге жол ашады. Әсіресе, ауыл жастары үшін кәсіптің көзі болып табылатын ауылшаруашылық саласының мамандары көбейсе, отандық өнімдерді өндіруде алға басарымыз анық. Өйткені Мемлекет басшысы ауылшаруашылық өнімдерін 4,5 есеге арттыруды айтса, ауылдың ажары бұдан әрі көркеймек.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 14 новостей из 14