
Кеше облыс әкімдігінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен кеңейтілген отырыс өтті. Отырыс жұмысына басқармалар мен мекеме басшылары қатысты. Аудан әкімдері онлайн режимде қосылды.Отырыстың күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе — ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары болды.Облыс әкімінің айтуынша, биыл екі айдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары.