Популярные темы

Кездесу: новости

Семей қаласында бой көтеретін жаңа ауданның инфрақұрылымын салуға шетелдік компания тартылады

Arna Press, 08 июля 2025 в 12:08

Семей қаласында бой көтеретін жаңа ауданның инфрақұрылымын салуға шетелдік компания тартылады
Абай облысының әкімі Берік Уәли «Xinjiang Huayuan Holding Group Co. Ltd» корпорациясының бас директоры Ли Цзюнь бастаған делегациямен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында екі жақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру және жаңа өндіріс алаңдарын дамыту мәселелері талқыланды.Аймақ басшысы Абай облысы делегациясының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапары барысында нәтижелі келіссөздер жүргізіп, көптеген меморандумдарға қол қойғанын атап өтті.«Осы сапар аясында Абай облысының делегациясы Үрімші қаласындағы Сіздің кәсіпорныңызға барып, өндірістік үдерістермен және жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Қазіргі уақытта облыстың экономикалық әлеуетін арттыру үшін инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Семейде ауқымды инвестициялық форум өтті

Arna Press, 20 июня 2025 в 20:18

Семейде ауқымды инвестициялық форум өтті
Семейде «Туған жерге туыңды тік» атты инвестициялық форумы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Семей қаласында өткен форум Абай облысының экономикалық және технологиялық әлеуетін таныстыратын маңызды алаңға айналды. Шараға Парламент Мәжілісі мен Сенат депутаттары, елімізге танымал кәсіпкерлер, шетелдік және отандық инвесторлар, түрлі саланың сарапшылары мен қоғам қайраткерлері қатысты.

Абай облысының әкімі Алтай қаласында қытайлық инвесторлармен кездесті

Arna Press, 20 мая 2025 в 14:18

Абай облысының әкімі Алтай қаласында қытайлық инвесторлармен кездесті
Облыс әкімі Берік Уәли жұмыс сапары аясында Алтай қаласында 20-ға жуық қытай инвесторларымен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесуге өндіріс, ауыл шаруашылығы, жасанды интеллект, темір және әуе жолдары, көпір құрылысы, логистика, туризм, энергетика салаларында жұмыс істейтін компания өкілдері қатысты.

Абай облысының педагог-шеберлері: білім берудегі жаңа серпіннің көшбасшылары

Arna Press, 18 апреля 2025 в 14:28

Абай облысының педагог-шеберлері: білім берудегі жаңа серпіннің көшбасшылары
Еліміздегі білім беру саласында көшбасшылық танытып жүрген педагог-шеберлер Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен арнайы кездесуге қатысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім беру басқрамасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мұғалімдердің кәсіби дамуы мен жаңашыл бастамаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған бұл шараға Абай облысының өкілдері де белсене атсалысты.Бүгінде Қазақстан бойынша 4 мыңға жуық педагог-шебер еңбек етуде.

Абай облысында Хорватияның фармацевтикалық компаниясы жұмыс бастауға ниетті

Arna Press, 16 апреля 2025 в 15:18

Абай облысында Хорватияның фармацевтикалық компаниясы жұмыс бастауға ниетті
Облыс әкімі Берік Уәли Хорватия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рефик Шабановичпен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Бүгінде Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жылдан асты.

Абай облысының педагогі инклюзия саласындағы қызметі үшін марапатталды

Arna Press, 15 апреля 2025 в 15:08

Абай облысының педагогі инклюзия саласындағы қызметі үшін марапатталды
ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев арнайы білім беру ұйымдарының ұжымдарымен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында министр инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын атап өтіп, бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды бөлісті.Министр инклюзивті білім беруді дамыту – тең мүмкіндіктер қағидатына негізделген маңызды қадам екенін атап өтіп, заңнаманы жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту және педагог кадрлардың әлеуетін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді.Кездесу соңында ерекше білімді қажет ететін балалармен жұмыс істеуде кәсіби шеберлік танытып, жоғары нәтижелерге қол жеткізген педагогтерге министрдің ведомстволық марапаттары табысталды.Олардың қатарында Абай облысы, Семей қаласындағы №6 арнайы мектеп-интернатының педагогі Балжан Бекбосынова да бар.

Абай облысының құрметті ұстазы Оқу-ағарту министрімен онлайн форматта кездесті

Arna Press, 14 апреля 2025 в 14:38

Абай облысының құрметті ұстазы Оқу-ағарту министрімен онлайн форматта кездесті
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев еліміздің үздік педагогтері және ардагер ұстаздармен онлайн форматта кездесу өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ашық диалог алаңына айналған басқосудың мақсаты – білім беру жүйесіндегі ұстаз мәртебесін көтеру, педагогтердің қоғамдағы рөлі мен тәлімгерлік тәжірибесін кеңінен насихаттау.Кездесуге еліміздің барлық өңірінен 100-ге жуық педагог қатысты.

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері генерал-майормен кездесті

Arna Press, 10 февраля 2025 в 12:38

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері генерал-майормен кездесті
Абай облысында Ішкі істер министрінің кеңесшісі, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлері және жеке құрамымен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Есжан Арыстанов және Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ғалымжан Балтабаев қатысты.Кездесудің басты мақсаты – ардагерлермен тәлімгерлік мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасау және олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі құнды тәжірибесін пайдалану. Өмірзақ Болсамбеков елімізде ІІМ ардагерлеріне тұрақты негізде қажетті қолдау көрсетіліп, материалдық және әлеуметтік көмек берілетінін атап өтті.Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде барлығы 549 ардагер бар, ең үлкені 90 жаста, ал ең жасы 36-да, – деп хабарлады Абай облысы бойынша тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Ахметжанов.Департамент бастығы мен ардагерлер төрағасы өткізілген кездесу үшін кеңесшіге алғыс білдіріп, оған зор денсаулық тіледі.Сурет: Абай облысы ҚАЖД баспасөз қызметі

В Темиртау подвели итоги антинаркотического марафона

EKaraganda.kz, 10 декабря 2024 в 12:25

В Темиртау подвели итоги антинаркотического марафона
В пятницу, 6 декабря, в Темиртауском дворце культуры на одной сцене выступили спортсмены, музыканты, танцоры и актёры – так молодёжи города представили разнообразные секции, в которых они могут проводить своё свободное время. Презентация спортивных и творческих кружков стала завершением масштабного марафона мероприятий по борьбе с наркоманией, запущенного прокуратурой города Темиртау, при поддержке акимата, Управления полиции и партии «AMANAT». «Все мы являемся свидетелями того, что наша молодёжь ошибается, вовлекаясь в преступную деятельность по распространению наркотических средств.

Паралимпиада қатысушысына 2 млн теңге мен баспана кілті табысталды

Arna Press, 09 октября 2024 в 18:48

Паралимпиада қатысушысына 2 млн теңге мен баспана кілті табысталды
Парижде өткен жазғы Паралимпиада ойындарының қатысушысы Кәмиля Досмалованы Алматы әкімдігі құттықтады деп,-хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ. сайтына сілтеме жасап.Кәмиля Досмалова – пара таеквондодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Ол Парижде өткен XVII жазғы Паралимпиада ойындарында 5-орын алды.

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс: жаңа мәлімет пайда болды

Arna Press, 28 августа 2024 в 19:48

Қазақстаннан АҚШ-қа тікелей рейс: жаңа мәлімет пайда болды
Қазақстан мен АҚШ арасындағы тікелей рейстің іске қосылуы туралы жаңа мәліметтер пайда болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Рейстер аптасына кемінде 2 рет орындалады деп күтіледі.«Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы тікелей рейстерді іске қосу үшін барлық күш-жігерін жұмсауға келісті және әуе кемелерін уақтылы жеткізу және слотты алу мәселелерін талқылады», — делінген хабарламада.Монреальдағы Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен АҚШ федералды авиациялық әкімшілігі (FAA) арасында екі ел арасындағы авиациялық байланыс үшін жаңа перспективалар ашатын негізгі келіссөздер өтті.Қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Тоқаевтың олимпиадашылармен кездесуі кейінге шегерілді — спортшыларға COVID-19 диагнозы қойылды

Arna Press, 15 августа 2024 в 12:18

Тоқаевтың олимпиадашылармен кездесуі кейінге шегерілді - спортшыларға COVID-19 диагнозы қойылды
2024 жылдың 14 тамызында Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздарымен кездеседі деп жоспарланған болатын. Бірақ шара кейінге шегерілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Уәли кеше, 14 тамызда Тоқаев Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жаттықтырушылар құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойғанын еске салды.«Өздеріңізге белгілі, кеше президент Қасым-Жомарт Кемелұлы кездеседі деп жоспарланған болатын. Өкінішке орай, спортшылар мен бапкерлердің жартысына Ковид диагнозы қойылды, сондықтан кездесуді кейінге қалдыруға тура келді.

Орталық Азия,

Arna Press, 09 августа 2024 в 00:18

Орталық Азия,
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіне Орталық Азия ренессансы туралы мақала жазды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасапДАМУ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ОРТАҚТЫҒЫОрталық Азия аймағы сан ғасырдан бері біртұтас геосаяси және рухани кеңістік ретінде белгілі. Бұл – табиғи ресурсы мен адам капиталы мол, мәдени-тарихи мұрасы бай өңір.

Денис Теннің өліміне кінәлілердің жазасы жеңілдеді

Arna Press, 19 июля 2024 в 16:38

Денис Теннің өліміне кінәлілердің жазасы жеңілдеді
Журналистер Денис Теннің өліміне кінәлілер жазасын қай жерде өтеп жатқанын және неге жаза жеңілдегенін анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің қайғылы қазасына алты жыл өтті. 2018 жылғы 19 шілдеде спортшының көлігінің айналарын ұрламақ болған қарақшылардың бірі Нұралы Қиясов спортшыны аяғынан пышақ сұқты, салдарынан Денис Тен қаза тапты. Қылмыскерлер қанша уақытқа сотталды?

Қытай делегациясы Абай облысының туристік әлеуетімен танысты

Arna Press, 11 июля 2024 в 12:28

Қытай делегациясы Абай облысының туристік әлеуетімен танысты
ҚХР ШҰАА делегациясы Абай облысына сапары аясында өңірдің туристік әлеуетімен, «Аягөз – Тачэн» үшінші теміржол желісінің құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Күн тәртібінде Бақты шекара бекетінде инфрақұрылымын салу және жүк кедендік ресімдеу жөніндегі жоспарларды үйлестіру және т. б. мәселелер қаралды.Қытайлық тарап сапар аясында облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковпен кездесті.

Абай облысында 100-ден астам бала «Туристік өлке» жобасына қатысты

Arna Press, 21 июня 2024 в 13:38

Абай облысында 100-ден астам бала
Жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауығуын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру тұжырымдамасына және дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдаудың 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес Білім басқармасы Жарма ауданы Шар қаласында көшпелі кэмпинг ұйымдастырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға 100-ден астам бала қатысты, олардың қатарында мектеп парламенті мүшелері, өлкетану отрядтары мен спорттағы көшбасшылар бар.Жазғы бағдарлама аясында жүзеге асырылған жобалар: «Туристік өлке», «Спорт көшбасшысы» және «Fun Kids».«Туристік өлке» жобасы туристік дағдыларды, экологиялық мәдениетті дамытуға, сондай-ақ Абай облысының географиясы, тарихы мен табиғаты туралы білімдерін кеңейтуге бағытталған. Өлкетану отрядтарына әдістемелік көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінді.

Қытайлық компания Семейде жұмыс істеуге мүдделі

Arna Press, 19 июня 2024 в 16:38

Қытайлық компания Семейде жұмыс істеуге мүдделі
Аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев қытайлық «Luyi Country Hongyao Furniture Co.Ltd» компаниясы өкілдерімен кездесті. Аталған компания әлемге жиһаз жасаумен танымал, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыс әкімдігі былтырғы орман өртінің зардаптарын жою мақсатында инвесторларды тартудың жол картасын әзірледі.

Ролан Гаррос-2024: Рыбакина күтпеген жерден жеңіліс тапты

Arna Press, 06 июня 2024 в 11:48

Ролан Гаррос-2024: Рыбакина күтпеген жерден жеңіліс тапты
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина 5 маусымда Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолинимен өзара бақ сынасып, күтпеген жерден жеңіліс тапты.Кездесу 2 сағат 5 минутқа созылды.

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесті

Arna Press, 03 июня 2024 в 16:48

Қазақстан Президенті ҰҚШҰ-ға мүше елдер парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Парламенттік Ассамблея Кеңесінің отырысына қатысушылармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысы заң шығару органдарының спикерлеріне ілтипат білдіре отырып, Ресейдің ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясына тұрақты мәртебе беру туралы ұсынысын қолдайтынын айтты.

КЕҢЕСУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ.

Магнолия, 31 мая 2024 в 19:08

КЕҢЕСУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН КЕЗДЕСУ.
Бүгін Тараз қаласы №2 сотының төрағасы Е.Дүйсенбаев соттың баспасөз мәжілісі залында «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасы басшысының орынбасары Р.Жайлыбаевты қабылдап, бизнес кауымдастығы өкілдеріне катысты қылмыстық істерді сотта қарау кезінде туындайтын мәселелерді талқылап, оларды шешудің онтайлы жолдарын қарастырып, тиімді жұмыс жасау тетіктерін қолға алу жөнінде ақылдасты.

Цифрландыру креативті индустрия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады

Arna Press, 24 мая 2024 в 19:58

Цифрландыру креативті индустрия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады
Mind ғылыми-талдау орталығы алаңында креативті индустрия үшін цифрлық инфрақұрылымды әзірлеуге арналған кездесу өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған кеңеске авторлық құқық пен зияткерлік меншік саласындағы жетекші сарапшылар, креативті сектор өкілдері және уәкілетті министрліктердің өкілдері қатысты.Кездесу барысында Қазақстанда креативті индустрияның дамуын қолдауға және ынталандыруға мүмкіндік беретін заманауи және тиімді цифрлық экожүйені құру мәселелері талқыланды. Қатысушылар одан бөлек цифрлық ортадағы авторлық құқықты қорғау, креативті контентты монетизациялау механизмдері, транзакциялардың ашықтығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авторлық құқықты қорғау үшін блокчейн технологияларын пайдалану мүмкіндіктері сияқты негізгі аспектілер туралы айтты.Әзірлеушілер кәсіпқойларды, контент өндірушілерді және тұтынушыларды біріктіретін Бірыңғай цифрлық платформаны құрудың тұжырымдамалық негізін әзірледі.

Тоқаев цифрлық даму министрін қабылдады

Arna Press, 14 мая 2024 в 19:48

Тоқаев цифрлық даму министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиевті қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Ақорданың мәліметінше, Президентке ведомствоның қазіргі қызметі мен жұмыс жоспары жөнінде баяндалды. Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мемлекеттік басқаруды және басқа да салаларды цифрлық трансформациялау үшін институционалдық база қалыптасқан.

Ауқымды тексеру: Қазақстанда көліктерді тіркеу жүйесі өзгертіледі

Arna Press, 14 марта 2024 в 14:28

Ауқымды тексеру: Қазақстанда көліктерді тіркеу жүйесі өзгертіледі
Қазақстанда көліктерді тіркеу жүйесі өзгертіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Елдің барлық мамандандырылған ХҚКО-ларында төлемдердің дұрыс жүргізілгенін тексеру мақсатында жүк көліктерін, автобустарды және басқа да көліктерді есепке қоюдың заңдылығын тексеру жүргізіліп жатқаны айтылды.«ҚМА бастамасымен алдын алу жұмыстары аясында агенттік, Цифрлық даму министрлігі және «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ өкілдерінің жұмыс кездесуі өтті.
Показано 30 новостей из 93