Популярные темы

Жырлар: новости

Абайды тану — сөз қадірін ұғыну  

Ақтөбе газеті, 23 января 2020 в 12:02

Абайды тану — сөз қадірін ұғыну  
Абай — қазақтың бас ақыны, әлемдік тұлға, кемеңгер ойшыл. Ұлы ақынның өмiрi, артында қалған мұрасы — ақындықтың, ойшылдықтың, данышпандықтың мектебi ғана емес, ұлтын сүюдiң, халқына жанашыр болудың өмiрлiк өнегесi. Осы орайда Абай Құнанбаевтың өмірін, шығармашылығын зерттеу, оның мол мұрасын келешек ұрпаққа жеткізу — бүгінгі күннің басты миссиясы.

Қайталанбас ерліктің үлгісі

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:32

Қайталанбас ерліктің үлгісі
Биыл Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына — 95 жыл. Ал 14 қаңтар күні оның қаза тапқанына 76 жыл болды. Бұл күні қобдалықтар дәстүрден жаңылған жоқ. Әдеттегідей Әлиясын еске алды. Батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ пен Әлия ауылдарында орнатылған ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюдан басталған шарада ару қыздың аңызға айналған ерлігіне шырақ жағылды.

«Дала фольклорының антологиясы»: алғашқы бес том жарыққа шықты

Ақтөбе газеті, 25 декабря 2019 в 17:12

«Дала фольклорының антологиясы»: алғашқы бес том жарыққа шықты
Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорындағы мұралар арқылы 10 томнан тұратын «Дала фольклорының антологиясын» шығару көзделген. Бүгінгі күні оның 5 томы жарық көрді. Сәрсенбі күні Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде осы кітаптардың өңірлік тұсаукесері өтті.

Туған жерге оралған із

Ақтөбе газеті, 16 ноября 2019 в 01:32

Туған жерге оралған із
Бейсенбі күні Ізтай Мәмбетовтің туғанына 90 жыл толуына орай Қазақстан Жазушылар одағының 85 жылдығына арналған «Әдебиет. Рух. Қоғам» атты республикалық әдебиет форумы аясында Алға ауданында ақынға ескерткіш және оқу кабинеті ашылып, «Табанталда қалған із» кітабының тұсаукесері өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет бастаған белгілі ақын-жазушылар, сондай-ақ ақынның туған-туыстары қатысты.Оқу кабинетінің ашылуыОблыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов бастаған топ алдымен Бестамақ ауылындағы Есет батыр кесенесіне барып, батыр рухына тағзым етті.

«Сағиды тазару үшiн, арылу үшiн оқу керек»

Ақтөбе газеті, 14 ноября 2019 в 10:22

«Сағиды тазару үшiн, арылу үшiн оқу керек»
Биыл қазақтың көрнекті ақыны Сағи Жиенбаевтың туғанына 85 жыл толды. Қазақстан Жазушылар Одағының 85 жылдығына орай Ақтөбеде өтетін «Әдебиет. Рух. Қоғам» республикалық форумының аясында ақын Сағи Жиенбаев пен жазушы Тобық Жармағамбетовтің туғанына 85 жыл толуына арналған шаралар да жоспарланған.Біз әр жылдары жазылған мақалалардан қазақ қаламгерлерінің Сағи Жиенбаев туралы жүрекжарды ой-пікірлерін ұсынып отырмыз:Сағи ағамызға бiр­ауыздан қойған атымызды ұмытқан емеспiн, ұмытпайтын да шығармын.

Ерназар-Бекет туралы не білеміз?

Ақтөбе газеті, 31 октября 2019 в 10:32

Ерназар-Бекет туралы не білеміз?
Облыстық Тахауи Ахтанов атындағы драма театрының қазақ труппасы өзінің 29 — маусымын «Ерназар-Бекет» спектаклінің премьерасымен бастады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған бұл шығармашылық жұмыстың мәні зор еді.Қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтың 1939 жылы жазған «Бекет» пьесасының желісімен дүниеге келген «Ерназар-Бекет» туындысы араға сексен жылдай уақыт салып театр сахнасына қайта оралып отыр.

Кемеңгер ғалымның дара тұлғасы ардақтала бермек

Ақтөбе газеті, 24 октября 2019 в 11:12

Кемеңгер ғалымның дара тұлғасы ардақтала бермек
Қарт тарихтың қай бетін ашсақ та, ұрпақ санасына ұлағат ұялатар сара жолға ұласқан соқпақтар сайрап жатыр. Елі мен жерін, діні мен тілін сақтап қалу үшін жан аямай еңбек етіп, жанқиярлық ерлік көрсеткен тұлғалардың маңдай тері мен төгілген қанының табы айғызданған сүрлеулер… Сондай сүрлеу соқпақтан өтіп, өзіндік дара жолын қалыптастырған тұлғалардың бірегейі – Құдайберген Жұбанов. Қазақ тілінің болашағы үшін қажырлы еңбек етіп, еліміздің тарихында өшпес із қалдырған, кейінгі ұрпаққа өзінің мол ғылыми мұрасымен танылған тума талант, тұңғыш лингвист-профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың 120 жылдығына және тектінің тұяғы, Ақтөбедегі линвистикалық мектептің негізін қалаушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың 90 жылдық мерейтойын өткізу біз үшін үлкен абырой. «Жұбанов тағылымы» ғылыми-тәжірибелік конференциясы дәстүрлі түрде осымен 10-рет ұйымдастырылып отыр.Халқымыздың «тіл тағдыры — ұрпақ тағдыры, ұрпақ тағдыры — ел тағдыры» деген ұстанымын жанына берік ұстап, осы жолға бар саналы ғұмырын арнаған тұғырлы тұлғалар – Құдайберген Жұбанов пен Есет Жұбановтың қазақ тіл білімі ғылымындағы зерделі зерттеулері мен құнды ойларын халқымыздың сарқылмас рухани байлығы деп білеміз.Зерек зерде иесі Қ.Жұбановтың қазіргі ғалымдардан бір ерекшелігі – ол тілдің тек бір саласының аумағында қалып қоймай, тіл білімінің барлық саласына да қалам тартып, тілдің ішкі-сыртқы жағдайларының көп жұрт аңдай бермейтін тұстарын терең тани білген ғалым болды.Небары 38 жасында қызыл қырғынның кесірінен қыршынынан қиылған, әлемдік лингвистиканың озық дәстүрін толық игерген ғалым қазақ тіл білімі мен түркология мәселелеріне қатысты «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» деп аталатын ғылыми еңбекті бастап, оны серияларға бөліп, 10 сериясын жазып бітірді. Әдебиеттанудағы аяқталмай қалған «Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты мақаласында алғашқылардың бірі болып абайтанудың концепциясын түзді.

Әке жолын жалғастырған ғалым

Ақтөбе газеті, 19 октября 2019 в 12:52

Әке жолын жалғастырған ғалым
Қазақ ғылымы мен өнеріндеөшпес із қалдырған ағайынды Жұбановтар мен олардың талантты ұрпақтарының ел игілігі жолында сіңірген еңбектері зор. Тектілерден тараған тұғырлытұлғалардың бірі, филология ғылымдарының докторы, профессор Есет Құдайбергенұлы Жұбановтың туғанына биыл90 жыл толып отыр.Алматыдағы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасап жүрген Есет Құдайбергенұлы 1992 жылы туған мекеніне оралып, өмірінің соңына дейін, 15 жыл бойы қазіргі Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде еңбек етті.

Ахтанов театры: қос труппа жаңа маусымда көрермендерді немен қуантпақ?

Ақтөбе газеті, 10 октября 2019 в 10:42

Ахтанов театры: қос труппа жаңа маусымда көрермендерді немен қуантпақ?
Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры жаңа маусымын тың жаңалықтармен бастады. М.Әуезовтің «Ерназар-Бекет» драма-дастанының премьерасынан бөлек, қазақ труппасы тұңғыш рет гастрольдік сапармен Алматы қаласына аттанғалы отыр. Осы күзде өнер ұжымы бақ пен бабын сынайтын фестивальдер де көп болғалы тұр… Көптен күткен премьералар… — Биыл қазақ труппасы өзінің 29-шы маусымын, ал орыстілді ұжым 55-інші маусымын ашты.

В Караганде стартовала туристско-краеведческая экспедиция «Познай свою землю»

EKaraganda.kz, 08 октября 2019 в 21:35

В Караганде стартовала туристско-краеведческая экспедиция «Познай свою землю»
Участниками экспедиции, которая стартовала из Караганды сегодня, 8 октября, стали победители Абаевских чтений, конкурсов «Мың бала», «Алғысым саған, Қазақстан!», участники фестиваля «Ұлт қазынасы», «Түркі әлемі: Күлтегін жырлары», члены научно-экспертной группы областной Ассамблеи народа Казахстана, члены республиканского молодежного движения Ассамблеи «Жаңғыру жолы», блогеры, журналисты и ученые.

Экспедиция «Елтану» отправилась из Караганды в Павлодарскую область

NewTimes, 08 октября 2019 в 16:34

Экспедиция «Елтану» отправилась из Караганды в Павлодарскую область
Экспедицию «Елтану» проводят в рамках программы «Рухани жаңғыру» и проекта «Познай свою землю». Её цель — укрепление казахстанской модели межэтнической толерантности и общественного согласия, воспитание патриотизма.В этом году участниками экспедиции стали победители Абаевских чтений, конкурсов «Мың бала», «Алғысым саған, Қазақстан!», участники фестивалей «Ұлт қазынасы» и «Түркі әлемі: Күлтегін жырлары», члены республиканского молодёжного движения Ассамблеи народа Казахстана «Жаңғыру жолы», блогеры, журналисты и учёные.Экспедиция включает два основных направления.

Құдайберген Жұбанов — Абайтанушы

Ақтөбе газеті, 07 сентября 2019 в 12:52

Құдайберген Жұбанов — Абайтанушы
Қазақ әдебиеті әлемдік әдеби процесте өзіндік бағаға иеленуде. Өткен ғасырларда түрлі себептермен қазақ даласын сапарлаған жандар халқымыздың мәдениеті, оның ішінде сөз өнері хақында мағыналы тұжырымдар жасағандығы тарихтан белгілі.Бүгінгі таңда Тәуелсіз Қазақстан күллі әлемге танылып отырған шақта тілі мен әдебиетіне, музыкасы мен тұрмыс-салтына қызғушылық арта түсуде.Қазақтың рухани байлығы әлемдік өркениеттің төріне қарай бағыт алуда.Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық сипаттағы мақаласында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Жыр боп тұнған сағыныш

Ақтөбе газеті, 22 августа 2019 в 11:32

Жыр боп тұнған сағыныш
Даланы Кеңес өкіметі барынша кемсітті, барынша таптады. Ешқашан қайнаған тіршілікті сезбеген, өркениеттің елесін де көрмеген,тек қана тағы аң жортқан жапан түз ғып көрсетуге тырысты. Ал адамдары да сол тағы аңнан сәл ғана артық-мыс. Мыңдаған жылдар бойы, әйтеуір, мал соңында көшіп жүре беріпті…Кеңес өкіметі оқулық атаулыны осылай «сайратып» жатқан тұста, дала өз рухын жоғалтпады, жасымады, сағы сынбады.

Баймолдиннің беймаза белестері

Ақтөбе газеті, 30 июля 2019 в 11:02

Баймолдиннің беймаза белестері
…Шыншыл кісі кім болады тірісінде,Өлгесін ше? Иә, мен де сол болам.Сәбит Баймолдин.Кешегі Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немесе одан сәл ілгерілі-кейінді дүниеге келгендер әлбетте өздерінің қай дәуірдің тумасы екендіктерін ескертуді (дұрысын айтқанда, үнемі ескертіп отыруды) ұмытқан емес. Бұлай дегенде біз, әрине, оған дейінгі ғұмыр кешкендер өздерінің кім екендіктерін назарға ұсынбаған деуден аулақпыз.

Abai175: Челлендж Ресей, Әзербайжан, Жапония, Иордания қайраткерлеріне жолданды

Tengrinews, 19 июля 2019 в 16:53

Abai175: Челлендж Ресей, Әзербайжан, Жапония, Иордания қайраткерлеріне жолданды
ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Абай шығармаларын оқу челленджіне қатысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды.«Жақында Абай атамыздың өлеңдерін оқу эстафетасын белгілі ғалым, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға жолдаған едім.

Жылқаман батыр

Ақтөбе газеті, 21 июня 2019 в 12:12

Жылқаман батыр
Жылқаман батырды сөз еткенде, алдымен, оның тұстасы әрі жасақ басшысы болған ­Сартай батыр және 1937 жылы «халық жауы» ретінде атылып кеткен Нұрмағамбет Қосжанұлының «Сартай батыр» дастаны еске түседі. Ақын әрі жырау Нұрмағамбеттің аталмыш дастанында Жылқаман батыр ерекше жырланады. Жылқаман батырдың есімі және оның ерліктері Өмірзақ Жолымбетовтың зерттеу мақалаларында, ­Зейнолла Шүкіровтың «Сыр бойы» тарихи романында, Әбдісаттар Оспановтың «Жанқожа батыр» кітабында жеткілікті мәлімделген.

Жылқы: тарих пен таным

Ақтөбе газеті, 18 июня 2019 в 10:42

Жылқы: тарих пен таным
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында төрт түліктің ішіндегі тектісі — жылқы жануарын ерекше атап өтеді. Көшпенді халықтың жылқы жануарымен бірге өсіп, біте қайнасып кеткені соншалықты, оны жоғары бағалаған біздің ата-бабаларымыз «ел намысын қорғаған батырлардың оң қанаты» деп есептеп, ерекше қасиеттерін аңыз еткен. Әсіресе, белгілі тұлпарлардың есімдері эпостық жырларда, ел аузында, толғаулар мен жырларда сақталып қалған.Қазақ халқы жылқының адам өмірі үшін қоғамдағы атқаратын қызметін жоғары бағалап, қасиетті жануар ретінде жеті қазынаның бірі санап, оған жыл қайыруда жетінші орынды берген. Қазақ батырларының басты тірегі, жан серігі болған бұл түлік түрінің есімдері халық санасына сіңіп қалған.

Құттықтаулар!

Ақтөбе газеті, 06 июня 2019 в 13:42

Құттықтаулар!
Біз қолдайтын басылым Облыстық «Ақтөбе» газетінің 95 жылдығы тұтас бір дәуірге тең кезеңді қамтиды. Сондықтан да ғасыр белесіне қол созған басылымның бұл мерекесі лайықты атап өтугетұрарлық.Біздер, Парламент Сенатының және Мәжілісінің депутаттары, қызмет бабымен жылына бірнеше рет өңірде болып, сайлаушыларымызбен кездесіп, ақтөбеліктердің арасында туындаған мәселелерді оңды шешуге ықпал ету мүмкіндіктерін жасаймыз.

Сыңсуды ер адамның айтқаны дұрыс па

Tengrinews, 03 июня 2019 в 18:03

Сыңсуды ер адамның айтқаны дұрыс па
Қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан әдемі салт-дәстүрлері жеткілікті. Солардың бірі — сыңсу. Тарихқа үңілсек, сыңсу кыздың сіңлілерімен немесе жеңгелерімен үйлерді аралай жүріп, белгілі әуенмен айтатын жыры саналған және көп жағдайда сыңсуды қыздардың өздері шығарған екен. Алайда бүгінде біз көріп жүрген сыңсу жырлары бұрынғыдан өзгерек.

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ

Костанайские Новости, 08 мая 2019 в 11:11

ГЛАВНОЕ НА СЕГОДНЯ
Постановка в Костанайском областном казахском театре драмы им.Омарова с названием, говорящим само за себя, — «Жорықты жылдардың жігерлі жырлары» («Живи и помни о нас»). Она необычна тем, что в основе заложены истории реальных героев, жителей Костанайской области, которые в годы Великой Отечественной войны сделали всё возможное и невозможное, чтобы приблизить Победу.

Затаевичке ән орындап берген қазақ әншілері

Tengrinews, 03 апреля 2019 в 10:13

Затаевичке ән орындап берген қазақ әншілері
Биыл қазақ халық әуені нотасын қағаз бетіне алғаш түсірген музыкант-этнограф Александр Викторович Затаевичтің туғанына 150 жыл болды. Музыка маманы қазақ халық әуен-күйлеріне арнап екі кітап жазған. «Қазақтың 500 әні мен күйі» атты зерттеуінде ол әрбір әуезді үн мен өлең сөзіне анықтама беріп, нотасын түсірген.

34 жастағы ақтөбелік батырлар жырын тыңдауға болатын қосымша жасады

Tengrinews, 11 февраля 2019 в 10:13

34 жастағы ақтөбелік батырлар жырын тыңдауға болатын қосымша жасады
Ақтөбелік 34 жастағы Жансерік Сүйінбаев эпостық жырларды мобиль қосымша арқылы оқуды ұсынады. Бағдарлама жасаушы Tengrinews.kz тілшісіне QazEpos мобиль қосымшасы жайлы айтып берді.Жансерік СүйінбаевАвтордың айтуынша, QazEpos қосымшасы арқылы смартфонда қазақ халқының батырлар жырларын тыңдауға болады.Қазақ халқының эпостары аудио нұсқада тек күйтабақта жазылған екен.

Ақтөбе өнер шеберлерінің халықаралық орталығына айналмақ

Ақтөбе газеті, 01 февраля 2019 в 10:12

Ақтөбе өнер шеберлерінің халықаралық орталығына айналмақ
«Ұлы даланың ұлы өркениеттері» атты жалпыұлттық тарихи реконструкциялар клубын құрып, соның негізінде Астанада және Қазақстанның өзге де өңірлерінде ежелгі сақтар, ғұндар, ұлы түркі қағандарының дәуірі және басқа да тақырыптар бойынша фестивальдар өткізуге болады. Бұған қызығушылық білдірген адамдарды тарта отырып, осы тақырыптар аясындағы жұмыстарды бір мезгілде жүргізуге болады». Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Премьералар ұсынылатын күн алыс емес

Ақтөбе газеті, 11 января 2019 в 10:42

Премьералар ұсынылатын күн алыс емес
Жаңа жылда Ахтанов театры көрермендерін жаңа спектакльдермен қуантпақ. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында да қазақтың көшпелі мәдениеті жөнінде сыр шертетін қойылымды сахналау жоспарланып отыр. «Көрерменге арналған…»Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрдың директоры Нұрхан Кәдірбаевтың айтуынша, өнер ошағында жаңалық көп.

Биыл — жастар жылы! Ақтөбелік жігіттер мен қыздардың ұсынысы қандай?

Ақтөбе газеті, 04 января 2019 в 10:42

Биыл — жастар жылы!  Ақтөбелік жігіттер мен қыздардың ұсынысы қандай?
«Біз 2019 жылды «Жастар жылы» деп жарияладық. Ол турасында арнайы бағдарлама қабылдау керек. Жастарға не керек — бірінші білім, екіншіден үйленетін болса үй-жай қажет. Жағдай жасалып, жұмыс берілуі тиіс. Төрт нәрсе. Содан кейін бізде «Ауыл — ел бесігі», «Жасыл ел», «Патриоттық сарбаз» деген бағдарлама бар.

Жанар НҰРҒАЛИ

Ақтөбе газеті, 04 января 2019 в 10:22

Жанар НҰРҒАЛИ
Ақтөбенің аспанынан тағы бір жұлдыз ақты. «Белгілі журналист, талантты ақын Жанар Нұрғали дүниеден өтті…» — деген суық хабар мәдени ортаны есеңгіретіп кетті.«Рухани дағдарыстан шығар жол біреу. Ол — адамды сүю. Біз, адамдар, бір-бірімізді адамша сүйе алмаймыз. Адамды сүйе алмаған Құдайды сүйе алмайды…» — деп еді Жанар жақында «Қазақ әдебиеті» газетіне берген сұхбатында.

Душевный разговор

Знамя труда, 28 декабря 2018 в 23:49

Душевный разговор
Сегодня аким области Аскар Мырзахметов встретился с представителями интеллигенции и поздравил их с праздником. Участники встречи собрались за дастарханом в центре «Ғибрат» в парке имени К. Рыскулбекова и провели время за интересной беседой о духовности.Аскар Мырзахметов рассказал обществу писателей о социальном, культурном развитии области, о том, что уже сделано и о планах на будущее.

Ауыл әкімдері жобаларын таныстырды

Ақтөбе газеті, 22 декабря 2018 в 15:42

Ауыл әкімдері жобаларын таныстырды
Кеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев ауылдық округ әкімдерімен кездесіп, олардың жобаларымен танысты. Шараға ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова, Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов, ауыл әкімдері мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Мәңгілік елдің мұраты

Ақтөбе газеті, 22 ноября 2018 в 11:32

Мәңгілік елдің мұраты
Жеңісгүл МҰХАМБЕТПАЙЫЗОВА, Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжінің директоры, облыстық мәслихаттың депутаты: — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы туған жердің тарихына, ата-баба мұрасына, халықтың қазыналарына немқұрайды қарамайтын әр азаматқа ой салары сөзсіз.Нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, төл тарихымызды түгендеуді ұсынған Елбасының өзекті мақаласы жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыптауға мүмкіндік береді.Мақаладағы Мемлекет басшысы белгілеген Ұлы даланың жеті қыры — ата-бабадан мұра боп қалған һәм бүгінгі қоғамның ажырамас бөлігі болып отырған ұлт тарихының кейбір бағыттары — ұлттық мәдениет пен өнердің, ата-бабамыздың көркем болмысы мен рухани байлығын көрсететін бұйымдары — барлығы да біздің баға жетпес байлығымыз.Мақалада сонау ықылым заманнан келе жатқанасыл мұраны жандандырып, жарыққа шығару — бүгінгі ұрпақтың мұраты екендігі айтылады.

Өткені — өнеге, келешегі кемел білім ордасы

Ақтөбе газеті, 18 октября 2018 в 12:22

Өткені — өнеге, келешегі кемел білім ордасы
Шежірелі тарихымен ел экономикасының күре тамырына айналған теміржолдың кәсіби мамандарын дайындап, ел ырысын еселеуге тікелей атсалысқан, жарқын істерімен танымал білім ордасы — Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжіне – 85 жыл.Білім беру көкжиегінде жаңа дәуірдің кемел келбеті мен ізгілік әлеміне жол тартқан оқу орнының алғашқы іргетасы өткен ғасырдың 30 жылдарында қаланды. Қазақ даласына тыңнан түрен салып, қоғамның ілгері көшіне қарай жаңарудың өзгеше бір лебін әкелген темір тұлпар күре жолдың дамуына тың серпін берді.Бұл жаңалық осы саланы жетік меңгерген кәсіби маман даярлауды қажет етті.
Показано 30 новостей из 59