Популярные темы

Жылой: новости — страница 9

ШҚО-дағы мектептердің бірінде қазандық апаттық жағдайда тұр 05 октября 2023, 09:03

Tengrinews, 05 октября 2023 в 09:13

ШҚО-дағы мектептердің бірінде қазандық апаттық жағдайда тұр
                05 октября 2023, 09:03
ШҚО-дағы Мариногорка орта мектебінде жылыту маусымы кезінде тұрғындарды алаңдатқан бірнеше жағдай байқалды. Салынғанына жарты ғасырға жуықтаған мектеп қазандығы төтенше жағдай мамандарының ұйғарымымен апаттық жағдайда деп танылған, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Мұнымен қатар, қазандық тұрған нысанның ішінде қауіпсіздік талаптары да сақталмаған.

Елдегі үй кезегі: сұрақтарға жауап

Крыша, 04 октября 2023 в 12:47

Елдегі үй кезегі: сұрақтарға жауап
Ел тұрғындары қашан, қалай және қандай жағдайда кезекке тұра алатынын түсіндіреміз.Ол үшін арнайы Kezekte.kz сайтын қолдану қажет. Жүйеге тек ЭЦҚ көмегімен кіруге болады.Өтінім беру жеткілікті. Түрлі куәлік, анықтама сұрамайды. Өйткені барлық құжат базада бар. Кейде ақпарат болмай қалуы мүмкін. Ондай кезде қажет құжаттардың сканерден өткен нұсқасын қосу керек. Өз күшіңізбен кезекке тұра алмасаңыз, кеңес алу үшін қаладағы тұрғын үй басқармасына жүгінген жөн.

Семейде «Теплокоммунэнергоның» жаңа басшысы тағайындалды

Arna Press, 04 октября 2023 в 11:48

Семейде “Теплокоммунэнергоның” жаңа басшысы тағайындалды
Конкурстық рәсімдердің нәтижесі бойынша Семей қаласының «Теплокоммунэнерго» МКК басшысы лауазымына Еркен Заманбекұлы Сағандықов тағайындалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Еркен Заманбекұлы Сағандықов — 1968 жылдың 20 тамызында Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласында дүниеге келген.

Тұрғын үй жылу маусымына дайын ба

Крыша, 03 октября 2023 в 14:57

Тұрғын үй жылу маусымына дайын ба
ПИК (КСК), МИБ (ОСИ) көп пәтерлі үйді жылу маусымына қалай дайындайтынын және қандай жағдайда пәтердегі батарея салқын болатынын түсіндіреміз.Бұл тұрғындар мен кооператив не бірлестік басшыларының міндеті. Олар өз бетінше жұмыс істейді, не болмаса сервистік компанияларды шақырады. Мұндай жағдайда қызмет ақысын тұрғындар төлейді.

Қазақстанда жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды

Arna Press, 03 октября 2023 в 09:48

Қазақстанда жылу беру маусымы қашан басталатыны белгілі болды
Қазақстанның бірнеше облысында жылыту маусымы ресми түрде басталды. Жылу бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға, содан кейін ғана тұрғын үйлерге беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жылыту маусымы Қазақстанның бірқатар өңірінде басталып кетті:Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23 немесе 96% — ы қосылған.

Халықаралық іздестіруде жүрген шетелдік азамат ШҚО-да ұсталды

Arna Press, 30 сентября 2023 в 14:28

Халықаралық іздестіруде жүрген шетелдік азамат ШҚО-да ұсталды
Шығыс Қазақстан полицейлері ауыр қылмысы үшін халықаралық іздестіруде жүрген Өзбекстан азаматын ұстаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құқық қорғау органдары Өскемендегі жалдамалы пәтерлердің бірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында шетелдік қылмыскерді ұстаған.39 жастағы өзбекстандық бір жылдан астам уақыт бойы ауыр қылмыс жасағаны үшін, атап айтқанда ірі көлемде мүлік ұрлағаны үшін халықаралық іздестіруде болған.

Жыл басынан бері Абай облысында 182 орман өрті тіркелді

Arna Press, 29 сентября 2023 в 11:58

Жыл басынан бері Абай облысында 182 орман өрті тіркелді
1 млрд 350 мың теңгеден аса шығын келтірілген. Биыл «Семей орманы» табиғи резерватындағы болған ауқымды өрттен кейін азаматтық қорғаныс пен жергілікті полиция қауіпсіздікті күшейткен, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мамандар 15 мобильдік топ құрып, 360 рет рейд ұйымдастырды.

Абай облысында салынып жатқан «Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» тас жолы талапқа сай келмейді

Arna Press, 28 сентября 2023 в 18:28

Абай облысында салынып жатқан
«Талдықорған-Қалбатау-Өскемен» тас жолы талапқа сай келмейді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Абай облысындағы филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мамандары ондағы төселген 363 шақырым жолдың 254 шақырымына сараптама жүргізген.

Аварийная ТЭЦ-3 в Караганде принадлежит олигарху Динмухамету Идрисову

EKaraganda.kz, 28 сентября 2023 в 15:05

Аварийная ТЭЦ-3 в Караганде принадлежит олигарху Динмухамету Идрисову
Информацию об этом корреспонденту Казинформа подтвердили в Министерстве энергетики РК. — ТЭЦ-3 относится к ТОО «Караганда Энергоцентр». Акционер Казахстанских коммунальных систем – Идрисов Д.А. — прокомментировали в ведомстве.Материнской компанией Карагандинской ТЭЦ-3 является ТОО «Караганда Энергоцентр».

Алкогольсіз сусындар өндірісі 7% өсіп, 2,2 миллиард литрден асқан

Arna Press, 28 сентября 2023 в 12:28

Алкогольсіз сусындар өндірісі 7% өсіп, 2,2 миллиард литрден асқан
Елімізде алкогольсіз сусындар өндірісі былтырмен салыстырғанда артқан, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Мысалы, 2023 жылғы қаңтар-тамызда минералды және газдалған қантсыз және хош иістендірілмеген су өндірісі 493,4 млн литр болды. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,2% артық.

Байтақ жер: Ақмола облысында туризмді дамыту жобасы қалай жүзеге асырылды?

Arna Press, 27 сентября 2023 в 15:48

Байтақ жер: Ақмола облысында туризмді дамыту жобасы қалай жүзеге асырылды?
Көкшетау қаласында «Байтақ жер» жобасының қорытындысын шығарған баспасөз конференциясы өтті.Ақмола облысының кәсіпкерлері журналистермен өздерінің жобаға қатысу тәжірибесімен бөлісті. Жоба 1 жыл ішінде 40-тан астам кәсіпкерді туристік бизнес негіздеріне үйретіп, 3 кәсіпкер мен 3 ҮЕҰ-ға қолдау көрсетіп, туризм тақырыбы бойынша онлайн-курс пен подкаст жазды,Конференцияны ұйымдастыруда жобаның серіктесі, Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы көмектесті.

Абай облысында Ұлттық алдын алу тетігі институтының қатысушысы кім бола алатынын айтты

Arna Press, 27 сентября 2023 в 10:48

Абай облысында Ұлттық алдын алу тетігі институтының қатысушысы кім бола алатынын айтты
Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өкілінің ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстанда 10 жылдан астам ұлттық алдын алу тетігі институты (ҰАТ) жұмыс істейді, оның мақсаты соттар мен құзыретті мемлекеттік органдардың шешімдері негізінде адамдар уақытша орналастырылатын түзеу мекемелеріне, уақытша ұстау изоляторларына, балалар үйлері мен интернаттарға, қарттар үйлеріне, психикалық денсаулық орталықтарына және т. б. тәуелсіз алдын ала баруды жүзеге асыруға азаматтарды тарту.

Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің көру қабілеті бойынша мүгедектігі төмендеуде

Arna Press, 25 сентября 2023 в 15:38

Қазақстанда жаңа туған нәрестелердің көру қабілеті бойынша мүгедектігі төмендеуде
Алматыда 22-23 қыркүйекте өткен «Офтальмологиядағы дәстүрлер мен инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Қазақстанның жетекші неонаталдық офтальмологтары Қазақстанда ретинопатия салдарынан жаңа туған сәбилердің көзі көру бойынша мүгедектіктің өсуі тоқтатылғанын растады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі AYALA қайырымдылық қорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстанда жыл сайын 22 000-нан астам шала туған нәрестелер дүниеге келеді.

«28 миллион теңге төле». «Болашақ» түлегі елге қайта алмай отыр 22 сентября 2023, 14:58

Tengrinews, 22 сентября 2023 в 15:03

Редакциямызға «Болашақ» бағдарламасының түлегі Саян Абдихайранов қазіргі таңда елге қайта алмай отырғанын айтып, хат жолдады. Ол осы бағдарлама арқылы 2017 жылы Ұлыбританияның Рединг университетіне түсіп, Құқық мектебінің магистратурасын бітірген. Massaget.kz тілшісі заңгермен хабарласып, сұхбаттасты.

Шымкентте науқастың дәрігерлермен төбелесі видеоға түсіп қалды

Arna Press, 22 сентября 2023 в 14:18

Шымкентте науқастың дәрігерлермен төбелесі видеоға түсіп қалды
Шымкенттегі ауруханалардың бірінде төбелес болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Кадрларға қарағанда, оқиға жансақтау бөлімінде болған. Науқас пен бірнеше жедел жәрдем дәрігерлері арасында жажал болған. Сондай-ақ, ауруханада науқастың туыстары болғаны айтылған.Instagram-пабликтердегі мәлімет бойынша, оқиға салдарынан медбике мен дәрігер соққыға жығылған.Оқиғаның мән-жайы кейін белгілі болды.Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, оқиға 20 қыркүйекте болған.

Кафесін сатамын деп, миллиондаған теңгенің шағымына тап болды

Vera.kz, 21 сентября 2023 в 17:49

Кафесін сатамын деп, миллиондаған теңгенің шағымына тап болды
Сайрам ауданындағы Ақсукент ауылында әдеттегіден өзгеше сату-сатып алу оқиғасы орын алды, деп хабарлайды vera.kzДилдар Курванкулованың бұл оқиғасы осыдан 3 жыл бұрын басталды. 2020 жылдың қаңтар айында ол кафесін сатпақ болады. Ол сатып алушы Ақмалжан Убайдуллаевпен сату-сатып алу келісімшартын жасасып, келісімге қол қоюдың алдында 1 млн теңге көлемінде алдын ала ақы алады да кафенің жаңа иесі қалған 10 млн теңгені төлегенін күтіп жүреді.

Алматы тұрғындары салынғанына 1 ғасыр болған үйде тұрып жатыр 21 сентября 2023, 06:30

Tengrinews, 21 сентября 2023 в 06:43

Алматы тұрғындары салынғанына 1 ғасыр болған үйде тұрып жатыр
                21 сентября 2023, 06:30
Алматының Түрксіб ауданында 100-ден аса отбасы қабырғасы ылғал тартып, шатыры құлауға шақ қалған үйде тұрып жатыр. Аудан орталығында орналасқан үйлер осыдан бір ғасыр бұрын бой көтеріпті. Содан бері ешқандай жөндеу көрмеген. Тіпті қаланың коммуналдық қызметтеріне де қосылмапты. Баспанамыз опырылып, үйінді астында қаламызба деп қорыққан тұрғындар жергілікті әкімдік жағдайымызды көруге келмейді деп налиды.

В Темиртау борются с незаконными постройками

EKaraganda.kz, 20 сентября 2023 в 15:55

В Темиртау борются с незаконными постройками
Отделом земельных отношений города Темиртау в 2023 году было выявлено 54 земельных участка, используемых с нарушением земельного законодательства, из них:1) по нарушению статьи 92 Земельного кодекса Республики Казахстан (длительное неиспользование земельного участка) в РГУ «Департамент по управлению земельными ресурсами Карагандинской области» было направлено 8 материалов.Собственникам 2 земельных участков были вручены предписания о необходимости освоения своих участков в течение 1 года.

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді

Arna Press, 19 сентября 2023 в 18:18

Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне 20 млрд теңге бөлінеді
Қазақстанда отандық өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне «Жасыл Даму» АҚ қаражатынан 20 млрд теңге бөлінетін болады.Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақындағы халыққа Жолдауында ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын арттыруды тапсырды.Бөлінген қаражатқа фермерлер лизингке 500-ден астам техника сатып ала алады: шамамен 80 комбайн және 450 трактор.Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2022 жылғы тамызда еліміздің машина-трактор паркін жаңарту мақсатында ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдетілген лизингінің жаңа бағдарламасы іске қосылды.Мәселен, өткен жылы 900-ге жуық аграрий қысқа мерзімде бастапқы жарнасыз жылдық 6% мөлшерлемемен лизингке 1 053 техника сатып алды: 176 комбайн мен 877 трактор.

Қазақстанда орташа зейнетақы өсті

Arna Press, 19 сентября 2023 в 16:48

Қазақстанда орташа зейнетақы өсті
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері қазақстандықтарға 2,2 трлн теңгеден астам сомасында зейнетақы төленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 трлн 200,8 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 675,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 трлн 525,6 млрд теңге қарастырылды.2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 305 мың адам.«2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңге.«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады.

Абай облысында жылу желілерін жөндеу жұмыстары 85%-ға орындалды

Arna Press, 19 сентября 2023 в 15:48

Абай облысында жылу желілерін жөндеу жұмыстары 85%-ға орындалды
ҚР Үкіметінің отырысында Абай облысының алдағы жылыту маусымына дайындығы талқыланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Тозығы жеткен жылу желілерін ауыстыруға 23 млрд теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстары 85% орындалып, осы жылдың қыркүйек айының соңында аяқтау жоспарланған.Облыс көлемінде жылыту маусымына 1 млн 245 тонна көмір қажет. Қазіргі уақытта өңірде ЖЭО мен жылу көздерінде 48 мың тонна көмір немесе нормативтік пайдалану қорының 181%-ы бар.

Алматыда заңсыз бой көтерген қанша ғимарат бар

Крыша, 18 сентября 2023 в 17:57

Алматыда заңсыз бой көтерген қанша ғимарат бар
Жыл басынан бері алып шаһардың барлық ауданындағы құрылыс алаңдарында 740 жоспарсыз тексеру жүрді. Мамандар оларды сүру туралы 53 талап жолдаған, сот 17-сін мақұлдады. Бұл жөнінде Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев брифингте айтты.Оның сөзінше былтыр сот шешімімен заңсыз салған 19 нысан сүрілді.Баум тоғайының маңында іргетасы қаланып жатқан аты шулы Family кешені де ескерусіз қалмайды.

Алматы жылу маусымына дайын ба

Крыша, 15 сентября 2023 в 17:47

Алматы жылу маусымына дайын ба
Жылу энергиясы кешені мен инженерлік желілердің қысқа жалпы дайындығы 95 %-ды құрайды. Бүкін жиналыста әкімдік осындай мәлімет берді.Қаладағы барлық нысан толық дайын болса, бес күн қатарынан температура 8 градустан жоғары көтерілмеген жағдайда жылу беріледі.Былтыр Алматыда жылу маусымы 17 қазанда басталған.Жоспар бойынша дайындық жұмыстары 1 қазанға дейін аяқталуға тиіс.Қазіргі деректер мынадай: — жылу желілерінің дайындығы — 91 %; — электр желілері — 99 %; — сумен қамту жүйесі — 100 %.Нысандарға келер болсақ, олар да қысқа дайын: — тұрғын үй қоры — 96 %; — білім беретін мекемелер — 98 %; — денсаулық сақтау саласының нысандары — 98 %.Биыл Алматыда жаңа «Оңтүстік» қазандығы іске қосылады. Қалпына келтіру жұмысы аяқталған соң ол 200 мыңнан астам тұтынушыны жылумен қамтиды.

NASA 2023 жылдың жазын «Ең ыстық жаз» деп мәлімдеді

Arna Press, 15 сентября 2023 в 12:58

NASA 2023 жылдың жазын
Нью-Йорктегі NASA-ның Годдард ғарыштық зерттеулер институтының ғалымдары маусым, шілде және тамыз айларын қоса алғанда, ғарыш агенттігінде тіркелген кез келген басқа жазға қарағанда орташа есеппен 0,41 градус ыстық болғанын анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«2023 жылдың жазындағы рекорд температура — бұл жай ғана дерек емес.

Жителей Темиртау приглашают на выставку художника Владимира Проценко

EKaraganda.kz, 14 сентября 2023 в 20:05

Жителей Темиртау приглашают на выставку художника Владимира Проценко
Справки можно получить по телефонам: (8-7213) 93-19-05, 8-747-185-58-02. Теміртау тұрғындарын Владимир Проценконың көрмесіне шақырадыВладимир Проценконың «Калейдоскоп» атты жеке көрмесінің ашылуы 15 қыркүйекте сағат 16:00-де Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында өтеді. Қарағанды суретшісінің көркем коллекциясынан 30 жұмыс ұсынылады.

Мамандандырылған ХҚКО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа процестері ұсынылды

kapital.kz, 14 сентября 2023 в 13:16

Мамандандырылған ХҚКО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа процестері ұсынылды
Мемлекеттік корпорация Астанадағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігімен кездесу өткізді. Мемлекеттік корпорация іс-шара барысында Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховқа мамандандырылған ХҚКОларын дамыту және сыбайлас жемқорлық әрекеттерін болдырмау бойынша жоспарларын ұсынды.

«Хабар» представил новый телесезон 14 сентября 2023, 13:07

Tengrinews, 14 сентября 2023 в 13:13

Состоялась торжественная презентация нового телесезона Агентства «Хабар». Яркое событие приковало внимание зрителей и многочисленных гостей. На презентации были показаны проекты каналов «Хабар», «Хабар 24» и EL ARNA. В новом сезоне телесемейство «Хабар» обещает удивлять, вдохновлять и дарить яркие эмоции зрителям.

Қазақстаннан Қытайға баратын Жібек Саяжолы

kapital.kz, 13 сентября 2023 в 11:06

Қазақстаннан Қытайға баратын Жібек Саяжолы
«QazTrade» АҚ 2020 жылдан бастап «Экспорттық акселерациясы бағдарламасын» табысты іске асыруда. Бағдарламаға 430-дан астам қазақстандық өндірушілер қатысып, олардың өнімдерін шетелдік нарыққа шығару бойынша жан-жақты қолдау көрсетті.«Silk Alley» шарап зауыты ЖШС (бұдан әрі Silk Alley) 2023 жылдың экспорттық акселерациясы бағдарламасының ең жарқын қатысушыларының бірі болып табылады.

«Miss Semey — 2023» байқауының жеңімпазы анықталды

Arna Press, 10 сентября 2023 в 10:58

Қалалық мәдениет сарайында «Miss Semey» дәстүрлі сұлулық байқауы аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Биылғы жылы байқаудың финалына 10 ару жолдама алды. Олар дефиле, хореографияда және сахнада өзін ұстау дағдыларын көрсетті. Байқаудың финалы бес кезеңнен тұрды. «Биыл қыздар көрермендердің алдына этностильде шығып, өздерін таныстырды.
Показано 30 новостей из 1 170