Популярные темы

Жол картасы: новости

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

Банктердің кредиттеуіндегі үрдістер және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дағдарысқа қарсы шаралары туралы

Banker.kz, 10 июня 2021 в 18:31

Банктердің кредиттеуіндегі үрдістер және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дағдарысқа қарсы шаралары туралы
2020 жылдан бері Агенттік Ұлттық Банкпен және Үкіметпен бірлесіп бизнеске және халыққа қолдау көрсету, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін дағдарысқа қарсы шаралар кешенін іске асыруда. Пандемияның банк секторының орнықтылығына әсерін барынша азайту үшін 2020 жылғы наурыздан бастап капитал мен өтімділіктің жеткілікті көлемін беруге бағытталған уақытша пруденциялық реттеу шаралары қабылданды.

Рабочий график главы государства

Nomad.su, 23 марта 2021 в 00:03

Рабочий график главы государства
«Ак Орда», 17 мартаПрезидент провел совещание по вопросам дальнейшего развития города АлматыПод председательством Касым-Жомарта Токаева в режиме видеоконференцсвязи состоялось совещание по вопросам дальнейшего развития города Алматы.Открывая мероприятие, Глава государства отметил, что успехи нашей страны за 30 лет Независимости тесно связаны с городом Алматы.Наша Независимость была объявлена в Алматы.

Мемлекеттік хатшы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысын өткізді

Akorda.kz (KZ), 11 февраля 2021 в 17:56

Мемлекеттік хатшы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті. Бейнебайланыс форматында өткен отырыста бағдарламаны іске асырудың ағымдағы қорытындылары талқыланып, одан әрі атқарылатын жұмыстың басым бағыттары айқындалды.Қырымбек Көшербаев отырысты аша келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі дамытудың құнды бағдарларын айқындағанын атап өтті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді

Akorda.kz (KZ), 04 февраля 2021 в 19:56

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізді
Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің үшінші отырысы өтті.Жиында Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын әзірлеу, Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі, Мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы, 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарының жобасы, сондай-ақ, Жедел реформалар пакеті және ұлттық халық санағын өткізу мәселелері қарастырылды.Кеңесте Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова баяндама жасады.Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша кеңес мүшелерінің баяндамалары мен пікірлерін тыңдаған Президент көтерілген мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталып, оларды іске асырудың нақты тетіктері туралы өз ойымен бөлісті.Мемлекеттік жоспарлаудың жаңартылған жүйесінің бағдарламалық құжаттары мейілінше икемді болуға, стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысын арттыруға, мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларына қойылған міндеттерді орындау үшін тікелей жауапкершілігін айқын бекітуге тиіс.Әлемнің көшбасшы мемлекеттерінің қатарына кіру мақсатында елімізді одан әрі дамытудың негізгі үш бағыты, атап айтқанда, институттардың сапасын жетілдіру, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, мықты экономика құру ұсынылды.Ортамерзімді перспективаға арналған міндеттерді айқындайтын негізгі құжат ретінде еліміздің 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары белгіленді. Құжатта аса маңызды салаларды дамыту бойынша пайымдар, негізгі саясатты жетілдіру жөніндегі басты бағдарлар көрініс табады.Ұлттық жобалар қызмет түрлері мен салалардың түйткілді мәселелерін шешуге бағытталады.

Мемлекет басшысының атына Тәуелсіздік күніне орай құттықтаулар келіп түсуде

Akorda.kz (KZ), 17 декабря 2020 в 20:26

Мемлекет басшысының атына Тәуелсіздік күніне орай құттықтаулар келіп түсуде
Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттер мен халықаралық ұйым басшыларынан құттықтаулар толассыз келіп жатыр.Франция Президенті Эмманюэль Макрон елімізді Тәуелсіздік күнімен құттықтап, Қазақстанның өсіп-өркендей беруін тілеген.– Биылғы жыл біздің елдеріміздің бір-біріне жақындай түсуімен ерекшеленді.

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады

Akorda.kz (KZ), 30 ноября 2020 в 19:06

Мемлекет басшысы Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады
Қазақстан Президентіне Павлодар облысындағы биылғы жылдың 10 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы жайында баяндалды. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика байқалады.Облыс әкімінің айтуынша, «Жұмыспен қамту» Жол картасы шеңберінде 227 жоба іске асқан. Бүгінде оның 77 пайызы толық аяқталған. Қалған 23 пайызын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.Әбілқайыр Сқақов өңірдегі денсаулық сақтау саласы бойынша жүзеге асырылған жұмыстар жайында айтты.

Министр экологиясы ең нашар 10 қаланы атады

Tengrinews, 24 ноября 2020 в 09:53

Министр экологиясы ең нашар 10 қаланы атады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде ауаның ластану деңгейі жоғары 10 қаланы атады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын негізге ала отырып, экологиялық проблемалар мен оларды шешу жолдарын барлық өңірдегі жұртшылықпен, әсіресе экоактивистермен қарастырдық.

Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысты

Akorda.kz (KZ), 10 ноября 2020 в 18:26

Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысты
Мемлекет басшысы видеоконференция форматында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысты.Қасым-Жомарт Тоқаев саммитті ұйымдастырғаны үшін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге ризашылығын білдірді және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды жуырда өткен президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылғаннан бергі 20 жыл ішінде ауқымды жұмыстар атқарғанын және ең табысты халықаралық ұйымға айналғанын атап өтті. Ұйым құқықтық жағынан ғаламшардағы аумақтың төрттен бірін, Жер бетіндегі халықтың 40 пайызын және әлемдегі ішкі жалпы өнімнің үштен бірін қамтитын кеңістікте ынтымақтастық пен өзара сенімнің тиімді құралы ретінде бағаланады.

Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты

Akorda.kz (KZ), 29 октября 2020 в 18:36

Мемлекет басшысы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының VII съезіне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін табысты қорғап, кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті. Президенттің сөзінше, бүгінгі күні кәсіпкерлік ел экономикасының қозғаушы күшіне айналды деуге толық негіз бар. – Соңғы бес жыл ішінде шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 24 пайыздан 32 пайызға артты.

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді

Akorda.kz (KZ), 29 октября 2020 в 15:36

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісін өткізді
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиында биылғы 9 айда ішкі істер органдары атқарған жұмыстың қорытындылары және Президент тапсырмаларын орындау барысы қаралды.Шараға ІІМ қызметі мен полицияның аумақтық департаменттерінің басшылары және еліміздің барлық аймақтарының учаскелік инспекторлары қатысты.Мемлекет басшысы жиынға дейін ішкі істер органдарына қарасты арнайы техникаларды қарап шығып, Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының қызметімен танысты.Президент коронавирус пандемиясы кезінде уақытпен санаспай өз міндеттерін абыроймен атқарған ішкі істер органдарының барлық қызметкерлеріне ризашылық білдірді.Мемлекет басшысы ІІМ жүйесіндегі күнделікті жұмыстың қауіп пен қатерге толы екенін атап өтті.

Мамин елді мекендер қашан толық ауыз сумен қамтамасыз етілетінін айтты

Tengrinews, 27 октября 2020 в 11:53

Мамин елді мекендер қашан толық ауыз сумен қамтамасыз етілетінін айтты
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин халықты ауыз сумен қамту және қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіАсқар Мамин сумен жабдықтау және су құбыры мәселелері үкіметтің стратегиялық міндеті болып саналатынын атап өтті.«Ол халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді.

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады

Akorda.kz (KZ), 26 октября 2020 в 19:36

Мемлекет басшысы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 ай ішіндегі Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берілді.Президентке Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында жаңа жұмыс орындарын ашу, өнеркәсіптің дамуын қамтамасыз ету және инвестиция тарту мәселелері туралы баяндалды.Кездесу соңында Мемлекет басшысы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовке халықтың әл-ауқатын арттыру, экологиялық мәселелерді шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

Akorda.kz (KZ), 16 октября 2020 в 17:56

Мемлекет басшысы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бөлінген дағдарысқа қарсы қаржының жұмсалуына жүргізілген тексеру жұмыстарының алдын ала нәтижелері және «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есеп берілді. Қазақстан Президентіне экономиканы қолдауға және пандемиямен күреске бағытталған қаражаттың Есеп комитеті мен тексеру комиссияларының қатаң бақылауында екені айтылды.

Президент Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады

Akorda.kz (KZ), 10 октября 2020 в 00:06

Президент Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басынан бергі аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы Жеңіс Қасымбектің есебін тыңдады.Мемлекет басшысына қайта өңдеу және тау-кен өнеркәсібі, ауылшаруашылығы өндірісіндегі оң өзгеріс, астық жинау науқаны туралы мәлімет берілді.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымына дайындық және Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру барысы, тұрғын үй және инфрақұрылымдық құрылыс туралы ақпарат берілді.Президентке облыстағы коронавирус індетінің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шаралары, пандемияның болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жағдайы да айтылды.

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады

Akorda.kz (KZ), 06 октября 2020 в 19:06

Мемлекет басшысы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 9 ай ішіндегі Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы мәлімет берілді.Мемлекет басшысына қала инфрақұрылымының қалыптасуы, бөлшек сауданың даму барысы, Жұмыспен қамту жол картасы аясында қалада жүзеге асырылып жатқан жобалар жөнінде баяндалды. Қала әкімінің айтуынша, 226 жобаға 45,3 миллиард теңге көлемінде қаржы бөлініп, оның 80 пайызы игерілді.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 15 новостей из 15