Новости по теме "Жолдау" — страница 6

Электронды сот төрелігі еліміздің серпінді дамуына үлес қосуда

Источник: Zakon.kz Дата: 18 января 2018 в 18:29

Электронды сот төрелігі еліміздің серпінді дамуына үлес қосуда Электронды сот төрелігі еліміздің серпінді дамуына үлес қосуда Осыдан 26 жыл бұрын Қазақ елі өзінің тұғырлы тәуелсіздігін бүкіл әлемге жария етті. Тәуелсіздікті ту еткен жылдар ішінде Қазақстан 50-дамыған елдер қатарына да кіріп, талап етілген мерзімнен бұрын «Қазақстан-2030». Стратегиясын іске асырды, «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам».

Ақпараттық топ Қобдада болды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 января 2018 в 02:02

Ақпараттық топ Қобдада болды Ж О Л Д А УЕлбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын түсіндіру, насихаттау мақсатында облыс әкімдігі тарапынан құрылған ақпараттық топтың құрамында облыстық қаржы басқармасының басшысы Г.Сүйінтаева, облыстық мәслихат депутаты Х.Ілиясов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас маманы Ж.Ормаханов, Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ «Тарих, этнография және археология ғылыми зерттеу орталығының» директоры Д.Әбенов, С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетінің «ZEREK» технопаркінің директоры Ж.Сұлтан Қобда ауданында болып қайтты.

Жолдас ҚАЛМАҒАНБЕТОВ, облыстық дін істері басқармасының басшысы: Діндегі асырасілтеушілік қасіретке ұрындырады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 января 2018 в 01:32

Жолдас ҚАЛМАҒАНБЕТОВ, облыстық дін істері басқармасының басшысы: Діндегі асырасілтеушілік қасіретке ұрындырады Мамандар зайырлы қоғамда діни сауаттылықтың маңызы мен оның рөлін ерекше айтады. Себебі, соңғы жылдарда білім беру ұйымдарында жалпыға бірдей киім үлгісінің енгізілуімен шариғат заңдарын басшылыққа алатын ата-аналар мен мектеп арасында дау тудырып жүрген жайттар жиі кездеседі. Қазір ата-аналарының діни көзқарастарының салдарынан облыста 245 бала мектепке бармай, білімсіз қалып отыр.

Өнегелі өмірдің қадыры

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 января 2018 в 00:22

Өнегелі өмірдің қадыры Өткен ғасырдың елуінші жылдарының орта тұсында, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына небәрі он жыл шамасындағы екі аралықта, тұрмыс-тіршіліктің әлі де қиын кезеңінде жоғары, арнаулы оқу орындарында білім алған ұлттық маман кадрлардың жас толқыны елдің әртүрлі салаларындағы қызметтерге келе бастады. Олар әлгі соғыс басталғанда мүшел жасқа енді толған адамдар еді, қатал уақыт қайсысын да ерте есейтіп, елдің тұралап қалған тіршілігін тіктеу міндеттерін мойындарына алған жаңа, жігерлі ұрпақ болып шыққан.

Астанада жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті

Источник: Zakon.kz Дата: 17 января 2018 в 11:39

Астанада жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті Астанада Қабанбай батыр даңғылының бойында қоғамдық автобус аударылып қалды, деп жазады Хабар 24.Жүргізуші апаттық оқиғаны болдырмас үшін жолдан шығып кеткен көрінеді. Оқиғадан кондуктор зардап шеккен. Оған оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.Абырай болғанда автобустың ішінде жолаушылар болмаған.

Гаухар Алдамбергенова: Елбасы ұсынған 10 міндет жетістікке жету жолындағы маңызды қадам

Источник: Zakon.kz Дата: 12 января 2018 в 13:29

Гаухар Алдамбергенова: Елбасы ұсынған 10 міндет жетістікке жету жолындағы маңызды қадам Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы жаңа әлемге һәм Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін нендей жұмыстар істелуі қажеттігін айқындау жолындағы маңызды әрі айтулы қадам.

Алматылық ұстаздар Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікір білдірді

Источник: Zakon.kz Дата: 11 января 2018 в 12:09

Алматылық ұстаздар Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты пікір білдірді Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына өз пікірін білдірді. Бұл туралы zakon.kz, оқу орнының Баспасөз орталығы берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.«Біз, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын оқып, таныстық.

Рухани жаңғырумен өзектес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 января 2018 в 01:32

Рухани жаңғырумен өзектес Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы тың бастамаларымен, жаңашыл ұсыныстарымен назар аудартады. Мемлекет басшысы биылғы жылғы Жолдауы арқылы келешекте жүзеге асырылуы тиісті маңызды стратегиялық қадамдарды белгілеп беріп отыр.Бірден анық байқалатыны — Жолдауда көптеген өзекті мәселелер жан-жақты қамтылған. Әсіресе, цифрлық технологияны енгізіп, сол арқылы әлемдік бәсекеге қабілетті болу қажеттігі туралы тұжырым бізді ілгеріге жетелейді.

Жетістік — жаңа технологиялардың нәтижесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 января 2018 в 01:32

Жетістік — жаңа технологиялардың нәтижесі ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұхтар Жұмағазиев облыстағы ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлерімен, осы саладағы кәсіпкерлермен кездесті. Кездесудегі басты мақсат — Елбасы Н.Назарбаевтың биылғы халыққа арнаған Жолдауының мәні мен мазмұнын түсіндіру және ауыл шаруашылығы саласына қатысты маңызды мәселелерді талқылау.

Агроөнеркәсіп кешеніне бетбұрыс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 января 2018 в 01:22

Агроөнеркәсіп кешеніне бетбұрыс Президентіміз биылғы Жолдауында ел күткен, көпшілік ойындағы дүниенің бәрін айтты десе де болады. Он бағыттың астарында мемлекетіміздің дамуының, халықтың әл-ауқатының артуының, жалпы тіршілігіміздің жақсаруының көп түйінді мәселелері қозғалған.Бұл Жолдау біздің алғы күндеріміздің бағдаршысы, саяси мәні зор құжат деп білемін.Мен өзім ұзақ жыл еңбек еткен, күнделікті шаруа барысында араласып жүрген ауыл шаруашылығы саласына қатысты мәселелерге көбірек назар аудардым.Президент «Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек» деген тұжырымды алға тартты.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды

Источник: Zakon.kz Дата: 10 января 2018 в 09:09

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды Сәрсенбі, 10 қаңтарда Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»Құрметті қазақстандықтар!Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.Біз жаһандық өзгерістер мен сын-қатерлерге дайын болу қажеттігін ескеріп, «Қазақстан-2050» даму стратегиясын қабылдадық.Алдымызға озық дамыған отыз елдің қатарына кіру мақсатын қойдық.100 нақты қадам – Ұлт жоспары жүзеге асырылуда.

Бақытбек СМАҒҰЛ, Мәжіліс депутаты: Шен үшін емес, ел үшін қызмет ету керек…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 января 2018 в 23:02

Бақытбек СМАҒҰЛ, Мәжіліс депутаты: Шен үшін емес, ел үшін қызмет ету керек… Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл ҚР Ішкі істер министрлігі М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының профессорлық-оқытушылық құрамымен және курсанттармен кездесті. Кездесуге «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Нұрхан Ағниязов, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бұлбұл Елеусіновалар қатысты.

Астананың 20 жылдығына байланысты «Ақтөбе Медиа» ЖШС Елорда құрдастарының арасында «Астана — арман қала» атты шығармашылық байқауын өткізеді.

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 января 2018 в 01:32

Астананың  20 жылдығына байланысты «Ақтөбе Медиа» ЖШС Елорда құрдастарының арасында «Астана — арман қала» атты шығармашылық байқауын өткізеді. Байқау ЕРЕЖЕСІБайқаудың мақсаты: жастардың Астана қаласының тарихы мен қалыптасуына деген қызығушылығын туғызу, патриоттық сезімдерін ояту, жастардың шығармашылық қабілетін дамыту.Байқаудың шарттары мен талаптары:Байқауға Астананың құрдастары, яғни жиырмаға толған облыс жастары қатыса алады. Байқаудың шарты бойынша үміткер Астана қаласымен байланыстырып жазылған шығармасын жолдай алады.

Қос мектептегі қуаныш

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 декабря 2017 в 12:02

Қос мектептегі қуаныш Жаңа жыл қарсаңында Ақтөбе қаласында тағы екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. Ақшат ауылы мен қаланың Болашақ шағын ауданында 300 орындық білім ордаларының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев бастаған жергілікті атқарушы билік өкілдері, ардагерлер, ұстаздар мен ата-аналар, ауыл тұрғындары мен оқушылар қатысты.

Ел сыйлаған Есағаң

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 28 декабря 2017 в 05:22

Ел сыйлаған Есағаң Ұзақ жылдар ел басқару қызметінде болған азаматтар арасында Есімхан Есенбаевтың есімі ерекше аталады. Оның іскерлік қабілеті, қолға алған қандай істі де тиянақты атқарып, көпшіліктің көңілінен шыға білетін ілкімділігі, көпшілікпен тіл табыса кететін биязы мінезі — жұртшылық бағалайтын жақсы қасиеттері.Бүгінде жетпіс атты жақсы бір белеске көтеріліп отырған ол туралы жылы лебіз айтушылар жетіп артылады десе де болады.

Қарағандыда тұманда 11 адам адасып кеткен, арасында 3 айлық нәресте бар

Источник: Zakon.kz Дата: 26 декабря 2017 в 17:29

Қарағандыда тұманда 11 адам адасып кеткен, арасында 3 айлық нәресте бар 25 желтоқсан күні таңертең Қарағандының Абай ауылынан екі көлікпен шыққан 7 адам мен 4 бала қалың тұманда жол таба алмай, адасып кеткен. Оларды төтенше жағдайлар қызметі тек келесі күні түнгі 2-лер шамасында тауып алған, деп жазады Baq.kz.Ақтоғай ауданының Абай ауылынан Балқаш қаласына шыққан екі көлік қалың тұманда жолдан адасқан. Ішінде 7 ересек адам мен 4 бала бар көліктердің бірінің жанармайы таусылып, барлық 11 адам бір көлікке отырған.

Шығыс хат –хабарларын жолдау тәртібі және оны жасау

Источник: Zakon.kz Дата: 13 декабря 2017 в 10:59

Шығыс хат –хабарларын жолдау тәртібі және оны жасау Шығыс хат -хабарларын жолдау тәртібі және оны жасау Аудандық және оған теңестірілген сотта азаматтық істер бойынша шығыс хат хабарларын жасау және оны тиісті түлғаларға сондай-ақ мекемелерге жолдау қазіргі замануи ақпараттық технологияларға сәйкес 2015 жылдың екінші жарты жылдығынан қолданысқа енгізілген Төрелік ақпараттық жұйесінің негізінде жүзеге асырылады.Заңды тұлғаларға ЭҚАБЖ ақпараттық жүйесімен жолданады, яғни сотқа шақырту қағаздары сондай-ақ сот сұраныс хаттары осы жүйемен заңды тұлғаларға электронды түрде құжат жасалып, сол арқылы тікелей заңды тұлғаларға түседі және оның жауаптары да дәл осындай жүйемен сотқа қабылданады.Белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті құжаттар мен материалдарды сұрату да осы жұйемен жүзеге асырылады.Шығыс хат хабарларын жасау тікелей сот отырысының хатшыларымен жасалып, сотқа шақыртылатын мемлекеттік органдар «ЭҚАБЖ» бағдарламасының қатысушылары болған жаңдайда, мемлекеттік органдармен міндетті түрде хат-хабар алмасу осы бағдарлама негізінде жүзеге асырылады.Іс бойынша тараптарға жолданатын хат -хабарлар Төрелік ақпаратттық жұйесі арқылы жасалып, судьяның электорнды қолы арқылы бекітіліп, шығыс саны берілген соң, ол автоматты түрде шығыс кеңсесіне дайындалған жолдама хатымен сот актілері түсіріліп, тіркелген соң, тиісті адресаттарға пошта арқылы жолданады.Сотта сот актілерінің уақытылы орындауға электоронды поштамен жұмыс жасау тәртібі өте қолайлы.

Павлодарда алаяқ телефон арқылы қонақ үй әкімшілігін 100 мың теңгеге алдап кеткен

Источник: Zakon.kz Дата: 12 декабря 2017 в 16:49

Павлодарда алаяқ телефон арқылы қонақ үй әкімшілігін 100 мың теңгеге алдап кеткен Павлодарда телефон алаяқтығының жаңа түрі пайда болды. Белгісіз біреу қонақ үй әкімшілігін 100 мың теңгеге алдап кеткен, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. — Ер адам қаланың бір қонақ үйінің әкімшілік телефонына хабарласып өзін Дмитрий Васильевич ретінде таныстырып, екі нөмірді броньдаған.

«Болашақ» — рухани жаңғыруымыздың бастапқы қадамы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 ноября 2017 в 23:12

«Болашақ» — рухани жаңғыруымыздың бастапқы қадамы «Болашақ» — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру, санат жетілдіру мақсатында құрылған халықаралық стипендиялық бағдарламасы. Бүгінде еліміздегі сан мың жас осы бағдарлама аясында әлемдік еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасу үшін шетелдің жетекші оқу орындарында білім алып жүр.

«Алаш Орда мұраты және Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ғалымдардың аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция-конкурсының Ережесі

Источник: EKaraganda.kz Дата: 24 ноября 2017 в 15:15

«Алаш Орда мұраты және Тәуелсіздік тағылымы» атты жас ғалымдардың аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция-конкурсының Ережесі Конференция-конкурсқа облыстық, қалалық және аудандық ұйымдар, ЖОО, колледж студенттері, 9-11 сынып оқушылары және т.б. ынталы жастар қатыса алады. Конференция-конкурсқа қатысушы жас ғалымдардың ғылыми зерттеу жұмыстары олардың жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөліп қарастырылады.Бірінші -14-17 жас аралығы.Екінші -18-29 жас аралығы.Конкурс 3 бағыт бойынша өткізіледі.1.

Серікқали БАЙМЕНШЕ: Мен осы газеттен түлеп ұштым

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 ноября 2017 в 21:52

Серікқали БАЙМЕНШЕ: Мен осы газеттен түлеп ұштым Мәскеу қаласындағы Еуразиялық экономикалық комиссияның бөлім бастығы, белгілі зерттеуші-ғалым, дипломат, Қазақстанның құрметті журналисі Серікқали Байменше өзі туып-өскен өңірге мүмкіндігінше жиі ат ізін салып, оның ішінде журналистикадағы алғашқы қадамын бастаған облыстық «Ақтөбе» газетіне үнемі хабарласып отырады.

СҚО-да екі күн далада адасып қалған ресейліктер табылды

Источник: Zakon.kz Дата: 20 ноября 2017 в 14:19

СҚО-да екі күн далада адасып қалған ресейліктер табылды СҚО Уәлихан ауданында көліктерімен ен далада жоғалып кеткен ресейлік ерлі-зайыптылар аман-есен табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА, СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Құзырлы ведомствоның хабарлауынша, өткен демалыста ерлі-зайыптылардың жоғалғаны туралы ақпарат белгілі болғаннан кейін бүкіл жеке құрам іздеу жұмыстарына жұмылдырылған.

Ұшқыр қалам иесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 ноября 2017 в 09:32

Ұшқыр қалам иесі Толқынды толқын қуатыны рас. Өмір ағыстары да сол сияқты. Күні кеше ғана абыз ағалардың алдында жап-жас болып көрініп, ұяң қалпында сыпайы күйін сақтап жүретін Жұбаныш досымыз алпыстың ауылына келіп қалыпты.Жұбаныш Байғуринов есімінің журналистика саласына сенімді түрде енгеніне де қырық жылдың жүзі болғаны көп жайларды еске түсіреді, санамыз сонау сексенінші жылдарға қарай жол тартады. Өйткені біздер сол тұстарда Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде қатарлас білім алған едік.

2017 жылғы «___» желтоқсанындағы №__ облыстық маслихаттың шешіміне 1-қосымша

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 ноября 2017 в 15:02

2017 жылғы «___» желтоқсанындағы №__  облыстық маслихаттың шешіміне  1-қосымша 2017 жылғы «___» желтоқсанындағы №__облыстық маслихаттың шешіміне1-қосымша Ақбұлақсай қорғанының қорғау аймағының, құрылыс салуды реттеу аймағының және қорғалатын табиғат ландшафты аймағының шекаралары (ерте темір дәуірі) Ескерткіштің қорғау аймағы Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының Сарыбұлақ ауылынан 9 километр солтүстік-солтүстік-батыста орналасқан Ақбұлақсай қорғанының бөлінбес функционалдық бөлігі болып табылатын ландшафттың шекаралары бойынша өтеді.Биіктігі 1 метр, диаметрі 12 метр болатын қорған Ақбұлақсай өзенінің солтүстігіндегі жотада орналасқан. Қорғанның үстінде геодезиялық белгі бар.

Алматы облысында ауыр қылмыстар саны артып барады

Источник: Zakon.kz Дата: 16 ноября 2017 в 10:19

Алматы облысында ауыр қылмыстар саны артып барады Биылғы көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 43 пайызға өскен, — деп хабарлайды Хабар 24. Негізінен қасақана кісі өлтіру және кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге зорлық-зомбылық жасау сияқты қылмыстық әрекеттердің жиілей түскені байқалады. Аймақта жыл басынан бері осындай жаға ұстатарлық 75 оқиға тіркелген. «Бұл жұмыссыздықтан және ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен туындап отырған жағдай», – дейді өңір прокурорлары. – Мұндай адамдармен жұмыс істеу керек.

Құқық беретін нормалар қажет

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 ноября 2017 в 01:52

Құқық беретін нормалар қажет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру — сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады делінген.Сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын және сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға жол бермеуді қалыптастыру мақсатында мемлекеттік органның күн сайынғы қызметінде алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет деген міндет қазір біздің алдымызда тұр.Осы мақсатта «Батысқазжерқойнауы» өңіраралық департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау қорытындылары бойынша отырыстар, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік қызмет істері туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын сақтау, мемлекеттік қызмет көрсетудің нормативтік-құқықтық базасын қолдану және түсіндіру мәселелері бойынша мәжілістер өткізілді.Департамент ай сайын бұқаралық ақпарат құралдарында геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәдениетін қалыптастыру бойынша мақалаларды жариялап отырады.Қазіргі кезде мемлекеттік органның нәтижелі еңбек көрсеткіштеріне жеке, заңды тұлғалардың өтініштері бойынша шағым немесе ескертулердің болмауы, келіп түскен сұрау салуларға мерзімінде жауап қайтару, қабылданған шешімнің және берілген қорытынды пікірлердің сапалы болуы, құжаттардың сапалы қаралуы жатады.Департаменттің өңірлік инспекциялары жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнаманы сақтауына бақылау жүргізу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануға бақылауды жүзеге асыру барысында тексеру шараларын жүргізеді.Батыс Қазақстан бойынша 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында 32 жер қойнауын пайдаланушыны тексеру жоспарланған еді, соның 28-і тексерілді.

ҚАЗАҚ ҚАЛАЙ АМАНДАСАДЫ?

Источник: Матрица.kz Дата: 10 ноября 2017 в 19:33

ҚАЗАҚ ҚАЛАЙ АМАНДАСАДЫ? «Болашаққа бағдар»: рухани жаңғыру» атты мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибе мен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауға тиіс. Керісінше, замана сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет.

Көңілдің кейбір кездері

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 ноября 2017 в 20:42

Көңілдің кейбір кездері Тәуелсіздігім – бақытымТәуелсіздігім,Саң ғасыр күткен бағым ең,Жырлаймын сені тағы мен,Аңырақайда қорғаған жерді, елді деБатырлар төккен қанымен.Тәуелсіздігім,Көк байрағымсың көктегі,Өмірдің сенде шын бақыты да, көктемі.Дінім мен тілді қадірлей алмай жүрміз беАғайындардай тау асып кеткен шеттегі.Тәуелсіздігім,Аламандарға сәйгүліктерді қосып ем,Бірақ, кейде неге қуанамын осы мен…Құлагерлерді құлататындарды ортамдаТүсімде көріп шошып ем…Тәуелсіздігім,Бабамның ары ең — алдаспан,Замана мынау жемқорлықпенен жалғасқанҚазыбек, Төле, Әйтеке келсе қайтер екЖерің мен елге адал бол деп кеткен талмастан.Тәуелсіздігім,Арқаңда сенің өзгерді бүгін қосымыз,Көбейді бірақ, жүзін жасырған тоты-қыз.Маңдайды ашып жарқылдап жүрер дәуірдеТәуелсіздікті аялаймыз ба осы біз…Жанарымдағы тамшысың мөлдір дір еткен,Сен үшін бабам тірестіҚалқан, қылышпен және білекпен.Жанын берген-ді осы бір ғасыр үшін деТәуелсіздікті қастерлеу керек жүрекпен.

Қыдыр ҚИБАШЕВ: Көпке сүйенген көштен қалмайды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 ноября 2017 в 20:42

Қыдыр ҚИБАШЕВ: Көпке сүйенген көштен қалмайды Қыдыр Қибашев сонау ашаршылық заманында, 1930 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келген. Балаң кезінен еңбекке араласып, алға ұмтылып жүріп білім алған. Бозбала шағы соғыс өрті шарпыған жылдармен тұспа-тұс келеді. Қазіргі Қарғалы ауданы аумағында бірнеше шаруашылық басқарып, аудандық мекемелерге жетекшілік еткен. «Құрмет белгісі» орденінің иегері.

Алматы облысында ұрлық жасаған полицей 5 жылға сотталды

Источник: Zakon.kz Дата: 02 ноября 2017 в 13:19

Алматы облысында ұрлық жасаған полицей 5 жылға сотталды Алматы облысында заттай дәлелдерді қолды еткен полиция қызметкері темір торға тоғытылды. Оқиға Текелі қаласында болған, деп хабаралйды Хабар 24 арнасы.Пәтер тонау дерегі бойынша қылмыс орнына келген қалалық ішкі істер бөлімінің қызметкері мен оның сыбайласы хаттама толтырмастан, айғақ заттарды жымқырып кеткен.Артынша айналып келіп, хаттама толтырады.
Показано 30 новостей из 258