Новости по теме "Жолдау" — страница 4

Кәсіпкерлердің көкейіндегісін дөп басты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 октября 2018 в 13:42

Кәсіпкерлердің көкейіндегісін дөп басты «Атамекен» облыстық кәсіпкерлер палатасының мәжіліс залында облыстық кәсіпкерлік басқармасы мен палата мамандары, жергілікті бизнес, қаржы саласының өкілдері Президенттің кезекті Жолдауын бірге отырып тыңдады. Жолдауды қабырғаға ілінген үлкен теледидардан тамашалаған тыңдаушылар шарадан соң өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Еңбекақы өсетіні — елеулі қамқорлық

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 октября 2018 в 13:22

Еңбекақы өсетіні — елеулі қамқорлық Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған кезекті Жолдауын Ақтөбе гуманитарлық колледжінің ұжымы мен оқушылары да онлайн трансляция арқылы тыңдады. Аталған оқу орнында мыңнан аса оқушы білім алады. Жыл сайын төрт жүзге жуық түлек бітіреді. Олардың 70 пайыздан астамы жұмысқа орналасады.

«Алтын жебе» «Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналының аламан бәйгесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 октября 2018 в 10:52

«Алтын жебе»  «Адырна» республикалық әдеби-көркем ұлттық журналының аламан бәйгесі Ақтөбеден шығатын «Адырна» әдеби-көркем, көпшілік журналы өзінің тұңғыш саны шыға бастағанына екі жыл толуына орай әдеби шығармалар бәйгесін жариялайды. Байқауға қазақтың барлық қаламгерлері мен әдебиетке талпынып жүрген жастары түгел қатыса алады.Бәйгенің адал мұраты — ұлттық әдебиетіміздің күні бүгінгі ең озық шығармаларын, ең дарынды қаламгерлерін анықтау және ұлықтау, қазіргі әдебиеттің дамуына, көркейе түсуіне демеу болып, әдебиеттегі қазіргі оң өзгерістерді, жаңа,жасампаз бағыттарды мейлінше қолдау, қазақ әдебиетінің қоғамдағы ізгі әсерлерін нығайтуға сеп болу, қазақ көркем ойының еңсесін биіктету, жаңарып жатқан қазақы ұлттық ой-сананың, шынайы рухани түлеудің күшейе түсуіне шынайы үлес қосу.Бәйгенің жүлде қоры — 4 000 000 (төрт миллион) теңге.Бас жүлде — 2 000 000 теңге, арнаулы сыйлық.Бірінші жүлде — 1 000 000 теңге, арнаулы сыйлық.Екінші жүлде — 500 000 теңге.Үшінші жүлде — 300 000 теңге.Ынталандыру сыйлықтары (үшеу) — 100 000 теңгеден.

«Ақтөбе» жанкүйерлерінің өнегелі үлгісі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 октября 2018 в 21:52

«Ақтөбе» жанкүйерлерінің өнегелі үлгісі «Қайрат»-«Ақтөбе» — 6:1Иә, солай, біздің жанкүйерлеріміз кезекті рет өнегелі үлгі көрсетті. Рас, «Ақтөбе» ұтылды, бірақ «Ақтөбенің» жанкүйерлері ұтқан команданың бас бапкерінің ерекше құттықтауына ие болды.Нақтылап айтқанда бұл жылы лебіздің мәнісі мынада.«…Сондай-ақ «Ақтөбенің» жанкүйерлерін құттықтағым келеді, — деді «Қайраттың» бас бапкері Карлос Алос Ферре кездесуден соңғы сұхбатында, — Олар тіпті командасы 1:6 есебімен ұтылып жатқанына қарамастан кездесу бойы өз командасын қолдауды бір сәтке де тоқтатқан жоқ.

Енді Әлия Молдағұлова атындағы көпір бар!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 сентября 2018 в 10:42

Енді Әлия Молдағұлова атындағы көпір бар! Ақтөбеліктер көптен күткен қуаныш: 5-шағын аудандағы көпір мен оның астындағы тоннель, төрт жолақты екі айналма жол ашылды. Бұдан былай темір тұлпармен жүретіндер Тургенев көшесінен келе жатып, көпірге шықпай-ақ, айналма жолдан өтіп, тоннельмен Ғазиза Жұбанова атындағы жолға қарай бірден шыға алады. Үлкен айналма жолдың салтанатты ашылуына облыс, қала басшылығы, ардагерлер, жастар, қала тұрғындары қатысты.

Ананың айнымайтын махаббаты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 20 сентября 2018 в 11:32

Ананың айнымайтын махаббаты Поэзия әлеміндегі қазақ қыздары — өз алдына бір шоғыр, жеке әлем. Олардың шығармашылығына, жүрекжарды жырларына үңіле отырып, «ананы ардақтауды, ананы құрметтеуді қазақ қызынан артық насихаттаған ешкім жоқ-ау» — деген де ойға қаласыз. Оқырмандарымызға Ақтөбеде өтетін «Анаға тағзым» республикалық слетіне арнайы шақырылған ақындар — Марфуға Айтқожина, Ақұштап Бақтыгереева және Ханбибі Есенқараеваның жырларын ұсынамыз:Марфуға АЙТҚОЖИНА АнашымАнашым!Тірі болса келер еді.Келер еді толтырып кенерені.Келер еді ақсарбас жолына атап,Баласы болған кезде немерелі…Көл-көсір жасар еді шілдехана,Ырымсыз мұндай сәтте жүрмес ана.Шаңдатып қырқаларды ат бәйгесі,Думанмен қызар еді бұл босаға!Ауылын жинар еді аймағымен,Қайран менің анашым!Ойлары кең.Әдетінше той алдын өзі бастап,Отыратын ақжарқын,Жайдарым ең.Даусы да қарлықпайтын ұзақ таңға,Өзіңсіз ол кезде қыз ұзатқан ба?Сағынып отырамын сол әніңді,Біржола,Алыс сапар ұзатсам да.Қалайша арамыздан ерте кеттің,Қалайша елден ерек еркелеттің.Қалайша ерте үзілді әсем әнің,Ерекше табиғатың берсе де екпін.Балайтын жұрт өзіңді жүректіге,Алғыс пен аямайтын тілекті де.Көксеген күндеріңе жете алмадың,Сағыныш елге деген жүдетті де.Арман мен сезім селін кешем бүгін,Қалыпты аңыз болып шешендігің.Болғанмен көзден таса,Анашым-ау!Арманың елге деген,Өшер ме үнің…Қош, анаБілмеймін, кеш пе еді, ерте ме еді,Жас жаным кімге ұмсынып, еркеледі?Бақытын алыс кеткен іздей ме, әлде,Көңілім көп арманды шертеді енді?

Тікелей байланыста: Мәртөк ауданының әкімі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 сентября 2018 в 12:42

Тікелей байланыста: Мәртөк ауданының әкімі Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясында 2018 жылғы 13 қыркүйек күні сағат 15.00-де Мәртөк ауданының әкімі Жандос Байырхановпен тікелей телефон байланысы арқылы сұхбат ұйымдастырылады.Сауалдарды алдын ала 8(7132)55-11-11, 90-71-66 телефондары немесе aktobegazeti@mail.ru электронды поштасы арқылы жолдай аласыз.Тікелей байланыста тілдесу телефоны: 8(7132) 56-33-80.

«Әлем дәрігерінің» анасы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 августа 2018 в 14:42

«Әлем дәрігерінің» анасы «Алып анадан туады» дейді халық даналығы. Сондай аналардың бірі — Сағынай Жалмұратқызы. Шалқардағы батагөй кейуана қазір 92 жаста. Ол жанына шипа іздеп алдына барған талай науқастарға ем жасап, алғысына бөленген есімі әлемге әйгілі нейрохирург-дәрігер, Қазақстанның Еңбек Ері Серік Ақшолақовтай азаматты өмірге әкелді. Қолы шипалы абзал жанның аяулы анасы қарттықтың биік шыңына шықса да, әлі де тың, айтары нық, сөзге ұста, мінезге жомарт екен.Сонау 60-жылдары марқұм, қосағы Қуандық атаның өз қолымен салған аудан орталығындағы үлкен үй — осы әулеттің киелі қарашаңырағы.

Полтонны арбузов съели и разыграли павлодарцы на «Қарбыз Fest»

Источник: Финансовый портал BNEWS.kz Дата: 28 августа 2018 в 18:14

Полтонны арбузов съели и разыграли павлодарцы на Городской арбузный фестиваль в Павлодаре организовал Центр развития молодежных инициатив, передает коррспондент BNews.kz. Победителем в конкурсе на скорость поедания арбуза среди мужчин стал 18-летний студент Павлодарского государственного университета им. С Торайгырова Мадияр Жолдаев. Парень съел огромный кусок арбуза всего за 15 секунд.

Бұқара

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 августа 2018 в 11:42

Бұқара БІЗДІҢ АУЫЛДЫҢ БАЗАРГҮЛІБір ауылда бірге оқыған Әбілсейіт пен Базаргүлдің мектептегі достығы махаббатқа ұласып, 2002 жылы екеуі шаңырақ көтерген болатын. Бірақ бақытты күндер ұзаққа созылмады. Отағасы Әбілсейіт жұмбақ жағдайда дүниеден озды. Артында жетпістен асқан әкесі, әйелі мен екі баласы қалды.

Жаяу жүргіншілер жолы қауіпсіз бе?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 августа 2018 в 10:52

Жаяу жүргіншілер жолы қауіпсіз бе? Қазір қала көшелерінде жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты көліктердің қозғалыс бағыты да өзгеріп, жаяу жүргіншілер үшін жерүсті өткелінің құрылысы басталды. Ата-аналар балаларының жолдағы қауіпсіздігіне алаңдаулы. Өйткені, соңғы уақытта жол-көлік оқиғаларының жиілеп кеткені белгілі.

1 шілдеден бастап қандай өзгерістер болды?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 июля 2018 в 11:32

1 шілдеден бастап қандай өзгерістер болды? Биыл 1 шілдеден бастап елімізде зейнетақы мен жәрдемақы мөлшері, жалақы, сонымен қатар мемлекеттік қызметтер көрсетуде бірқатар өзгерістер болды. Сонымен…Зейнетақы мен жәрдемақы өстіЕлбасының халыққа арнаған Жолдауында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны еңбек өтіліне қарай 1,8 есеге ұлғайту турасында тапсырма берілгеннен бері, зейнеткерлердің осы уақытты тағатсыздана күткені анық. Әр айдың алғашқы күнінде зейнетақы мен жәрдемақы алатындар үшін көптен күткен шілде де туып, зейнеткерлер қайта есептеу арқылы тағайындалған зейнетақыларын алды.— Биыл 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгерді. Қазіргі күні базалық зейнетақы азаматтардың еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болды.

Тікелей байланыста: Қарғалы ауданының әкімі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 июля 2018 в 11:42

Тікелей байланыста: Қарғалы ауданының әкімі Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясында 2018 жылғы 19 шілде күні сағат 15.00-де Қарғалы ауданының әкімі Рахат Сыдықовпен тікелей телефон байланысы арқылы сұхбат ұйымдастырылады.Сауалдарды алдын ала 8 (7132) 55-11-11, 90-71-66 телефондары немесе aktobegazeti@mail.ru элек­тронды поштасы арқылы жолдай аласыз.Тікелей байланыста тілдесу телефоны: 8 (7132) 56-33-80.

Оқжетпес

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 июня 2018 в 11:02

Оқжетпес «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында қыруар шаруа жасалып жатыр. Өткенімізге үңіліп, жоғымызды түгендей бастадық. Бабалар болмысын бажайладық. Белгілі ақын, Қазақстан Республикасы «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Маралтай Райымбекұлының «Жүсіп би» атты поэмасы — соның бір көрінісі.(Жүсіп би туралы қисса)Қадір Аллам жаратқанОн сегіз мың ғаламды.Ғаламға сай жаратқанСафиолла Адамды.

Қадірлі әріптестер!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 июня 2018 в 12:22

Қадірлі әріптестер! «Актюбинский вестник» қоғамдық-саяси газетінің ұжымын басылымның мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!Газеттің бірінші нөмірі жарық көргеніне, міне, тура жүз жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында «Актюбинский вестник» газеті үлкен жолдан өтті: дәуір мен ұрпақ алмасты, басылым атауы бірнеше рет өзгертілді.

Жазда жарақат алатын бала көп

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 июня 2018 в 11:32

Жазда жарақат алатын бала көп Жаз басталса, дене жарақатын алатын балалар көбейеді. Соңғы екі-үш аптада Ақтөбеде көп қабатты үйдің терезесінен екі бала құлады. Екеуі де дін аман қалды. Ақтөбе медициналық орталығы балалар стационары травматология бөлімінің травматолог дәрігері Талғат Артықбаевтың айтуынша, күн жылынса ауруханаға күніне 50-60 бала әртүрлі жарақатпен түседі.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев халық алдындағы есептік кездесуін өткізеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июня 2018 в 11:02

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаев халық алдындағы есептік кездесуін өткізеді 2018 жылғы 13 маусым күні сағат 15.00-де ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Қалетаевтың халық алдындағы есептік кездесуі өтеді.Министр есептік кездесуінде ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің өткен жылғы атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы айтады. Сондай-ақ, есептік кездесу барысында түскен халықтың сұрағына жауап береді. Өңір тұрғындарының онлайн-режімінде сұрақ қоюлары үшін бейнеконференц байланыс жүйесі қамтамасыз етілетін болады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Жолдауы аясында қазақ тілінің халықаралық деңгейге жақындауы туралы (Г. Күзембаева; Н.Хамзина; «ҚР Заңнама институты» ММ)

Источник: Zakon.kz Дата: 01 июня 2018 в 10:49

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаевтың Жолдауы аясында қазақ тілінің халықаралық деңгейге жақындауы туралы (Г. Күзембаева; Н.Хамзина; «ҚР Заңнама институты» ММ) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. НазарбаевтыңЖолдауы аясында қазақ тілінің халықаралық деңгейге жақындауы туралы Мемлекет Басшысының жыл сайынғы Жолдауы — биліктің заң шығарушылық және атқарушылық тармақтары мен Қазақстан халқының өзара іс-қимылының тарихи қалыптасқан нысаны. Аталған жолдау жаңа әлемде.

Дәстүрлі марафонға келіңіз!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 мая 2018 в 12:42

Дәстүрлі марафонға келіңіз! Ақтөбе қаласының 149 жылдығына орай 27 мамыр күні жеңіл атлетикадан жартылай марафон өтеді. Мақсат — қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру. «Ақтөбе марафон — 2018» дәстүрлі марафонына қатысушылар 3, 10, 21 шақырым қашықтыққа жүгіре алады. Ұйымдастырушылар ешкімнің де атаусыз қалмайтынын, 10 және 21 шақырым қашықтыққа жүгіріп өткендер арнайы медальмен марапатталып, ал жас ерекшеліктері бойынша жеңіске жеткендер ақшалай сыйлықтарға ие болатынын айтады. Қатысушылар 27 мамыр күні сағат 8.00-де Әбілқайыр хан даңғылының бойында орналасқан «Қазақ халқына мың алғыс» стелласының қасында жиналады.Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, 27 мамыр күні сағат 07.30-дан 13.00-ге дейінгі аралықта Әбілқайыр хан даңғылының бойы М.Мәметова көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейін, Ә.Молдағұлова даңғылынан В.Пацаев көшесіне дейін және Абай даңғылы жағынан (екі жақ беті), Маресьев көшесі бойы В.Пацаев көшесінен Ә.Молдағұлова даңғылына дейін, Ә.Молдағұлова даңғылы бойы Әбілқайыр хан даңғылынан Сәңкібай батыр даңғылындағы айналма жолға дейін, Сәңкібай батыр даңғылы бойы айналма жолынан Бөкенбай батыр көшесіне дейін, Бөкенбай батыр көшесі бойы айналма жолдан Мясоедов көшесіне дейін, әз Наурыз көшесінің бойы Мясоедов көшесінен Әкімжанов көшесіне дейін, сонымен қатар Шайкенов, Асау-Барақ параллель көшелері, Әкімжанов көшесі бойы Асау Барақ көшесінен К.Нокин даңғылына дейін, сонымен қатар Қонаев, Кобозев параллель көшелері, К.Нокин даңғылы бойы Әкімжанов көшесінен 312-атқыштар дивизиясына дейін, Ә.Молдағұлова даңғылы бойы 312 Атқыштар дивизиясынан Есет батыр көшесіне дейін, Есет батыр көшесі бойы Ә.Молдағұлова даңғылынан Абай даңғылына дейін, Әбілқайыр хан даңғылының бойы Абай даңғылынан М.Мәметова көшесіне дейін көліктің барлық түрінің қозғалысы жабылады.Сондай-ақ, 26 мамыр күні сағат 22.00-ден 27 мамыр күні сағат 07.30-ға дейінгі аралықта Әбілқайыр хан даңғылының бойы М.Мәметова көшесінен Ғ.Жұбанова көшесіне дейін көліктің барлық түрінің қозғалысы тоқтатылады. Өз кезегінде Ақтөбе қаласының ішкі істер басқармасының ҚЖТИ-ға «Табыс Ақтөбе» ЖШС-мен бірге осы учаскеде тиісті белгілер мен қоршаулар қоюға ұсыныс жасалды.Мұнымен бірге, Ақтөбе қалалық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі «Автопарк» ЖШС-на «Ақтөбе қаласының жолаушы-автокөлік кәсіпорны» ЖШС-мен бірге параллель көшелер бойынша қоғамдық көлік қозғалысының уақытша сызбасын әзірлеуді тапсырды.Айта кетейік, марафонға алдын ала тіркелу «Керуен сити» ОСО, «Worldclass» ФК және Ақтөбе қаласының дене тәрбиесі және спорт бөлімінде жүргізіледі.Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Өнегелі ұядан ұшқан Өтекең

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 мая 2018 в 11:02

Өнегелі ұядан ұшқан Өтекең Ертең — Ақтөбе облысының, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы, Қазақстан Республикасы мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Өтеміс Әкімовтің туған күні. Бұл күні, тек біздің өңіріміз емес, еліміздің одан шалғай жерлеріне де есімі кеңінен танымал азамат, сексен жасқа толғалы отыр.

Тікелей байланыста: Байғанин ауданының әкімі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 мая 2018 в 12:32

Тікелей байланыста: Байғанин ауданының әкімі Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясында 2018 жылғы 18 мамыр күні сағат 16.00-де Байғанин ауданының әкімі Асқар Шерияздановпен тікелей телефон байланысы арқылы сұхбат ұйымдастырылады.Сауалдарды алдын ала 8 (7132) 55-11-11, 90-71-66 телефондары немесе aktobegazeti@mail.ru электронды поштасы арқылы жолдай аласыз.Тікелей байланыста тілдесу телефоны: 8 (7132) 56-33-80.

«Сәлем, ұлы дала» жобасы әншілер мен көрермендерді жақындата түсті

Источник: TengriNews Дата: 07 мая 2018 в 17:13

«Сәлем, ұлы дала» жобасы әншілер мен көрермендерді жақындата түсті. Бұл жоба арқылы жанды дауыстағы жоғарғы деңгейлі концерт халыққа жол тартты. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне атақты әнші Тамара Асар айтып берді. «Бұл — нағыз халықпен жұмыс жасап жатқан жоба. Халыққа керегі осы. Ақысыз түрде халық өз еркімен демалысқа кешкісін жиналып, әртістердің өнерін қызықтайды.

Ұлы Отан соғысының ардагері генерал Б.Байжігітовтің адами тұлғасы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 мая 2018 в 11:32

Ұлы Отан соғысының ардагері генерал Б.Байжігітовтің адами тұлғасы Биыл Екінші дүниежүзілік соғыс аталған алапат зұлымдықтың аяқталғанына, Ұлы Жеңіс мерекесіне 73 жыл толғалы отыр. Адамзат баласына қанды қырғын мен қасірет әкелген бұл зұлматтың қайғысы әлі де сейіле қойған жоқ.Халықта «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа-ұран» деген даналық сөз бар. Ұлы Отан соғысына қатысқандар мен құрбан болғандардың бәрі де Жеңіс күнін жақындатуға жанқиярлықпен үлес қосқан батырлар деп айтуға болады.

Бес әлеуметтік бастама — қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 апреля 2018 в 13:52

Бес әлеуметтік бастама — қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында сөйлеген сөзіҚымбатты отандастар!Баршаңызды Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының ашылуымен құттықтаймын!Ассамблея құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келеді.Бүгінде ол – еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі.Әрдайым елдік істердің басында жүретін Ассамблея менің іргелі бастамаларыма әр уақытта қолдау білдіріп, халқымызға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Қазақстан сан қырлы жаңғыруға бет бұрған қазіргі таңда Ассамблеяға да тың міндеттер жүктеледі.Бүгінгі сессиямыз – «Бес әлеуметтік бастама – қоғамның әлеуметтік бірлігінің тұғыры» деп аталады.Мен наурыз айында әлеуметтік жаңғыру жолындағы «Президенттің бес бастамасын» ұсынғанымды білесіздер.Бес бастама елдің әл-ауқатын жақсартумен бірге, ұлтты ұйыстыра түсудің тағы бір қыры – әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталған.Оның табысты жүзеге асуы азаматтардың өз болашағына, мемлекетіне, қоғамына, қала берді, бір-біріне сенімін арттырады.Бізде халықтың күнделікті өміріне түбегейлі өзгеріс әкелетін мұндай әлеуметтік бағдарлама ешқашан болған емес.Осының бәрі – тәуелсіздік жылдарында Қазақстанды түрлі бәле-жаладан сақтап келе жатқан елдігіміздің бойтұмары – Ел бірлігін қасиет тұта білгеніміздің арқасы.Әйтпесе, көгінде туы, төрінде билігі болса да, бірлігі қашып, бүгіні тұлдыр, болашағы бұлдыр болған қаншама мемлекет бар.Біз осыны берік ұстанып, мызғымас ынтымақ-бірлігімізді таусылмас ырыс-берекеміздің бастауы етіп, сеніммен қадам басып келеміз. Құрметті сессияға қатысушылар!Қымбатты отандастар!Баршаңызға Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXVI сессиясына қош келдіңіздер деймін!Мен Ассамблея делегаттарымен әрдайым ерекше ықыласпен жүздесемін.Өйткені әр сессия Қазақстан дамуының мейлінше өзекті мәселелеріне арналады.Бүгінгі сессияға Қазақстан халқы Ассамблеясының ізгі ниет елшілерінің, достық елшілерінің қатысып отыруының символдық мәні бар.Ассамблея бейбітшілік пен татулықтың нағыз шырақшысына айналды.Сол себепті мен Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларына әрдайым өзім қатысамын.Бүгінгі таңда да, әлеуметтік интеграция факторын пайдалана отырып, біз тұтастығымызды одан әрі нығайта түсеміз.Жаһандық әлемдегі мықты мемлекеттер – біртұтас ұлттар екені жасырын емес.Олардың барлығы біртұтас бірегейлікке сүйене отырып жаңғырады.Біз де осы жолға түстік.«Рухани жаңғыру» бағдарламасының, соның ішінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының мәні де осыда.Әлеуметтік бірлік саясаты – біртұтас Ұлт қалыптастыру жолындағы маңызды қадам деп білемін.Біз сыртқы жағдайларға қарамастан, бес жаңа жобаны жүзеге асыруды бастадық.Бұл қаржымыздың және ресурстарымыздың көптігіне байланысты болып отырған жоқ.Керісінше, қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға тың серпін беруді көздеген шынайы ниетімізге байланысты іске асуда.Не себепті жаңа бес әлеуметтік бастама ұсынылды?Оның басты үш себебі бар.Біріншіден, жаңа ғасырдың екінші онжылдығының бастапқы сегіз жылына жасалған талдау көрсеткендей, жекелеген мемлекеттер тарапынан егемен елдердің ішкі ісіне араласуының салдарынан әлемнің түрлі өңірлерінде болатын дағдарыстардың басқа да себептері бар.Бұл – әлеуметтік бірлік пен интеграцияның болмауы.Жаһандық және өңірлік тәжірибе көрсеткендей, қалыптасқан мемлекет – бұл әлеуметтік бірлік негізі саналы түрде нығайтылатын мемлекет.Біздің жаңа бастамаларымыз, ең алдымен, осыған арналған.Екіншіден, қазіргі заманғы экономикалық және саяси теория мен тәжірибеде әлеуметтік және мәдени капитал артта қалған сала емес, олар өсімнің тұрақты драйверлері деген көзқарас берік орнықты.Білімнің жаңа экономикасы, цифрландыру, өндірісті роботтармен жабдықтау, технологиялық инновациялар әлеуметтік және мәдени капиталдың мүлде басқа сипатын қажет етуде.Сол себепті біздің жаңа әлеуметтік бастамаларымыз жаңа экономиканың дамуына серпін береді.Үшіншіден, полиэтникалық мемлекет жағдайында әлеуметтік және ұлттық саясат өзара тығыз байланысты.Мен ұсынған бес әлеуметтік бастама еліміздің барлық азаматтарын қамтиды, бүкіл халқымыздың дамуына септігін тигізеді.Олар тұрғындардың аз қамтылған бөлігі мен жастар үшін ерекше маңызды.Сол себепті мен осы мәселені Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында талқылауды ұсындым.Қазақстанның этно-әлеуметтік саясаты Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, басқа да беделді халықаралық ұйымдар мен таяу және алыс шетелдердің тарапынан жоғары баға алғаны тегін емес.Атап айтқанда, қаншама рет жақсы сөз де, сын да айтылған мемлекеттің тіл саясаты мүдделер тоғысының оңтайлы теңгерімін табуға мүмкіндік берді.Халықтың байырғы ұстанымына сай келетін бұл саясат елімізде ешкімнің де мүддесін шектемейді.Тіл мәселесіне қатысты Қазақстанда қол жеткізілген жалпыұлттық келісім – бұл біздің «алтындай қымбат шешіміміз» екеніне нық сенімдімін.Бұл қоғамды, ғылым мен білім беру ісін дамытудың жаһандық трендіне сай келеді.Біздің әлеуметтік саясатымыздың басты ерекшелігі неде?Біріншіден, біздің саясатымыздың жалпыазаматтық, жалпыұлттық мәні бар.Біз әрдайым негіз қалаушы конституциялық нормаға – барлық азаматтардың теңдігіне сүйеніп келдік.Алдағы уақытта да солай болады.Екіншіден, біз жаһандық трендтерді мұқият зерттеп отырамыз.Еуропа мен Америкадағы көптеген елдер мультимәдени саясатты демократиялық мақсатпен формальды түрде жүргізе отырып, проблемаларға тап болғанын көріп отырмыз.Қоғамның ішкі интеграциясы баяу жүретіні немесе мүлде тұралап қалғаны анықталды.Мынадай сұрақ туындайды: алдағы уақытта әлемде не болады?Келешекте мульти-этникалық трендтер қайда жетелейді?Саяси тәжірибесі мол дамыған елдер өз проблемаларының шешімін таба алатынына сенімдімін.Үшіншіден, біз де өзіміздің прагматикалық қорытындымызды жасауымыз керек.Жаһандық этникалық жағдай біздің ішкі саясаттағы стратегиямыздың дұрыстығын көрсететініне сенімдімін.Біз еліміздің азаматтарын қандай да бір көзқарас бойынша ешқашан бөле-жарып көргеніміз жоқ.Осы жылдарда бүкіл қоғамды ұйыстыратын біртұтас саясат жүргізу менің мызғымас ұстанымым болды.Бұл барлық азаматтар мен этностарға жаппай қатысты.Бүгінде Қазақстан қоғамының бірлігін одан әрі нығайтатын кез келді.Осы мәселе бойынша негізгі ресурс – әлеуметтік сала.Бұл – біздің барлығымызға қатысты өмірлік мәні бар сала.ХХІ ғасыр әлеуметтік, экологиялық, техногендік сияқты жаһандық қауіп-қатерлер ешқайда жойылып кетпейтінін көрсетіп отыр.Әлемдік дағдарыс мемлекеттердің әлеуметтік мүмкіндіктерін азайтты.Дүние жүзілік экономикалық форумның сарапшылары таяу 10 жылда байқалатын үш трендті атаған.Бұлар – әл-ауқаттың теңсіздігі, әлеуметтік жіктелу және экологиялық қауіп-қатердің артуы.Әркім өз болашағына өзі жауап беретін өзгеше кезең келе жатыр.Сарапшылардың көпшілігі «Жалпыға ортақ әл-ауқаттың» аяқталғаны жөнінде айтуда.Жаһандық өсімнің төмен деңгейі көптеген проблемаларды туындатады.Тіпті дамыған елдердің өзінде орта таптың дағдарысы байқалуда.Әлеуметтік поляризация ауқымы орасан деңгейге өсті: адамдардың бір пайызы әлемдік байлықтың 50 пайызын иеленіп отыр.БҰҰ мәліметіне сәйкес, Жер шарындағы халықтың 14 пайызы ашаршылық жағдайда отыр.Әлемде күн сайын 24 мың адам аштықтан көз жұмады.

Береке басы — татулық

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 апреля 2018 в 12:22

Береке басы — татулық Бүгінде облыста 90-нан астам ұлттың өкілі тату-тәтті, өзара ынтымақта өмір сүріп жатыр. Сондай-ақ облыс орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған 18 этномәдени бірлестік жемісті еңбек етуде. Жыл сайын ақтөбеліктер 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнін ерекше атап өтеді. Облыстағы этномәдени бірлестіктер қандай жұмыстар жүргізіп жатыр?

Тікелей байланыста: Алға ауданының әкімі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 апреля 2018 в 15:32

Тікелей байланыста:  Алға ауданының әкімі Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің редакциясында 2018 жылғы 19 сәуір күні сағат 15.00-де Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияровпен тікелей телефон байланысы арқылы сұхбат ұйымдастырылады.Сауалдарды алдын ала 8 (7132) 55-11-11, 90-71-66 телефондары немесе aktobegazeti@mail.ru электронды поштасы арқылы жолдай аласыз.Тікелей байланыста тілдесу телефоны: 8 (7132) 56-33-80.

Су тасқыны жағдайы бақылауда

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 10 апреля 2018 в 13:22

Су тасқыны жағдайы бақылауда Облыс əкімі Бердібек Сапарбаев жұмыс сапарымен аумақты аралап, Ақтөбе жəне Қарғалы су қоймасын қарап шықты, Қарғалы жəне Елек өзендерінің жағдайымен, қар қорымен танысты.Ұшу сапарының қорытындысы бойынша төтенше жағдайлар жəне құтқару кезінде жауапты мемлекеттік мекемелерінің жəне Қазсушар, Қазгидромет республикалық — мемлекеттік кәсіпорындары филиалдары басшылары қатысқан кезектен тыс комиссия отырысы өткізілді.— Бүгінгі күнге тасқын жағдайы қалыпты, қар қоры да аздау.

Ақауы бар жолдар мердігер мекемелердің қаржысы есебінен жөнделеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 апреля 2018 в 12:22

Ақауы бар жолдар мердігер мекемелердің қаржысы есебінен жөнделеді Ақтөбе қалалық мәслихатының депутаттары, қалалық қоғамдық кеңес мүшелерінің қатысуымен облыс орталығындағы жолдар бойынша пресс-тур өтті. Шараның мақсаты — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы былтыр жөндеуден өткен жолдардың жағдайын жұртшылыққа жеткізу, сондай-ақ биыл жөндеу жүргізілетін көше жолдары туралы жұмыс жоспарын баяндау.Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Руслан Төреғали топ мүшелеріне алдымен Зинченко көшесінің жағдайын таныстырды.— Зинченко көшесі 2016 жылы жөнделген болатын.

«Сіздерді сабауға келіп едім». Қазнет Жан Ахмадиевтің даулы бастамасына не дейді?

Источник: TengriNews Дата: 28 марта 2018 в 14:03

Елімізде даулы мәселелерді көтерумен жұртқа танылған рэпер Жан Ахмадиев таяуда тағы да елдің көзіне түсті. Әлеуметтік желілерде таралған видеода ол Алматыдағы Сейфуллин даңғылының бойында жұмыс істейтін түнгі көбелектерді жазалауды ұйғарған. Сонымен қатар, ол ер адамдарды осы ісін жалғастыруға шақырған.

Ілияс ИСПАНОВ: Су басу қаупі бар аудандар бақылауға алынды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 марта 2018 в 11:02

Ілияс ИСПАНОВ:  Су басу қаупі бар аудандар бақылауға алынды Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов редакциямызда ұйымдастырылған сұхбат кезінде оқырман сауалдарына жауап берген еді. Оқырмандарымыздан жеке және қаланың әлеуметтік мәселелеріне қатысты көптеген сауал қойылды. Ілияс Сапарбекұлы бірде-бір сауалды назардан тыс қалдырмай, нақты жауап берді. Айзада, қала тұрғыны, зейнеткер:— Коммуналдық төлемдерді бірыңғай түбіртекпен (квитанция) төлеу мәселесі қашан шешіледі?І.Испанов:— Қаламызда өткен жылдан бастап бірыңғай төлем квитанциясын енгізу жұмыстары басталды.
Показано 30 новостей из 258