Популярные темы

Новости по теме "Жас таланттар"

  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →

«Ва-Банк» фильмі көрерменге жол тартты

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 декабря 2019 в 10:22

«Ва-Банк» фильмі көрерменге жол тартты «Keruen City» ойын-сауық орталығындағы кинотеатрда «Ва-Банк» отандық фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Жаңа туындыны көпшілікпен бірге Ақтөбе қаласының әкімі Мавр Абдуллин де тамашалады. Бұл фильмнің ел аймақтары арасында Ақтөбеде бірінші болып көрсетілуінің де өзіндік себебі бар. Өйткені жаңа туынды Ақтөбе өңірінде туған талантты актриса Құралай Анарбекованың прдюсерлігімен түсірілген.

Қай елдерде Абайдың ескерткіші орнатылған

Источник: TengriNews Дата: 03 июня 2019 в 17:13

Қай елдерде Абайдың ескерткіші орнатылған Биыл мамырда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын мерекелеу туралы заңға қол қойған еді. Елімізде ағартушының өмір жолын насихаттау, еңбектерін жас буынға дәріптеу жолында көптеген шара атқарылып келеді. Ал шетелде оның насихаты қалай жүріп жатыр? Қазақтың бас ақынына қойылған ескерткіштер қанша және олар қашан салынған еді?

Биылғы маусымашар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 октября 2018 в 22:02

Биылғы маусымашар Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы жетпіс төртінші жаңа маусымын жаңа ғимаратта — Өнер орталығында қарсы алды. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе өңірінің мәдени мұрасын халыққа кеңінен насихаттауды мақсат тұтқан өнер ұжымы биыл, алдағы жылы мерекелі даталарды тойламақ: осы жылы филармонияға Ғазиза Жұбанованың есімі берілгеніне 20 жыл толды, ал келер жылы өнер ұжымы 75 жылдығын атап өтеді. «Әдебиет пен өнер ұлы болмайынша, ұлт ұлы болып есептелмейді» дейді Ғабит Мүсірепов.

Отпантаудағы Амал мерекесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 23 марта 2018 в 03:32

Отпантаудағы Амал мерекесі Маңғыстауда көп жылдан бері жергілікті аумақта аталатын ынтымақ пен бірлікке шақырар дәстүрлі мейрам — Амал мерекесі Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында биыл тұңғыш рет республикалық деңгейде өткізілді.Павлодардағы Мәшһүр-Жүсіп, Семей жеріндегі Абай-Шәкәрім, Қызылордадағы Қорқыт ата, Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі Қожа-Ахмет Яссауи, Атыраудағы Сарайшық, сондай-ақ Бекет ата кесенелерінің және Орталық Қазақстан жеріндегі Ұлытау кешені шырақшыларының қатысуымен, еліміздің әр аймағынан келген үш жүздің ұрпақтары мен ресми делегациялар өкілдері Отпан таудың бауырында бас қосып, Бірлік отын жақты.Бұл өңірде Амал мерекесін барлық сән-салтанатпен Отпан таудың басында тойлау 2008 жылдан бері үрдіске айналған. «Амал-2018» мәдени көпшілік шарасының мақсаты — халық бірлігін және тұтастығын нығайту, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу деп атап көрсетілді.Қазақы дәстүрді ту етіп көтерген мұндай тәлім-тәрбиелік мәні зор шараның бастамашысы «Әр қазақ — менің жалғызым!» деп дүбірлі дүниеге жар салған ақын Сабыр Адай екен.

Түлектердің тілегі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 февраля 2018 в 01:42

Түлектердің тілегі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақтөбе қаласындағы №10 орта мектепте «Түлектен тілек» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Кештің басты белсенділері — білім беру мекемесінің 2016 жылғы түлектері Марлен Қылышбаев пен Дастан Сағынжанов. Марлен мен Дастан концерттік кешін өздері білім алған алтын ұясынан бастамақ болып шешкен. Өнерге бала кезден құштар болған Марлен Қылышбаев қазір Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінде оқып жатса, ал досы Дастан Сағынжанов — Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде заң факультетінің студенті. Ән айтуды өзінің хоббиі санайтын Дастанның да, Марленнің де өнерде жеткен жетістіктері аз емес.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа есімдері

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 16 декабря 2017 в 03:32

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа есімдері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы ұйымдастырылып, оған еліміздің түкпір-түкпірінде әр салада жарқырай көрініп жүрген тұлғалар ұсынылған еді. 1 желтоқсан күнгі Мемлекет басшысымен өткен кездесуге жеңімпаздар қатарынан табылған 5 ақтөбелік азамат та қатысты. Ұлық мереке — Тәуелсіздік күні қарсаңында осынау мерейге ие болған жерлестермен біз жеке-жеке сөйлесіп, айтулы шарадан алған әсерін, бұл марапатқа нендей ерекшелігімен лайықты болғаны турасында пікірін, алдағы жоспарын, т.б. білген едік. «Сіздер — бірегей тұлғасыздар…» Әлқисса… Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған жоба қоғам, ғылым, мәдениет, бизнес, медицина, спорт салалары бойынша өтіп, онлайн-дауыс беру кезеңіне он жерлесіміз қабылданған-ды.

КАПШАГАЙЦЫ ЗАНЯЛИ 1-2-Е МЕСТА В СОРЕВНОВАНИЯХ ПО СПОРТИВНЫМ ТАНЦАМ-НАПРАВЛЕНИЯ «ХИП-ХОП».

Источник: Бухта Капшагай Дата: 02 апреля 2017 в 22:51

КАПШАГАЙЦЫ ЗАНЯЛИ 1-2-Е МЕСТА В СОРЕВНОВАНИЯХ ПО СПОРТИВНЫМ ТАНЦАМ-НАПРАВЛЕНИЯ Первого апреля, в зале Казахконцерта в городе Алматы, где прошли республиканские соревнования по спортивным танцам-направления ХИП-ХОП, «Жас — таланттар» — три команды старшая, средняя и младшая возрастная, заняли первые и вторые места, передает «Бухта Капшагай» со ссылкой на Kapinfo.kz.  Три команды из Капчагая, в разных возрастных категориях, соревновались в танце с соперниками со всего Казахстана и Киргизии, но наши капчагайцы не оставили никому шансов на первые и вторые места. Молодцы дети.
  • ← Назад
  • 1
  • Вперёд →
Показано 7 новостей из 7