Akorda.kz (KZ),
11 февраля 2021
в 17:56
Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті. Бейнебайланыс форматында өткен отырыста бағдарламаны іске асырудың ағымдағы қорытындылары талқыланып, одан әрі атқарылатын жұмыстың басым бағыттары айқындалды.Қырымбек Көшербаев отырысты аша келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі дамытудың құнды бағдарларын айқындағанын атап өтті.
Akorda.kz (KZ),
14 декабря 2020
в 15:06
Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Akorda.kz (KZ),
08 декабря 2020
в 16:16
Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Волонтер жылының табысты болғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл жыл біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлем тарихында аса күрделі кезеңдердің бірі болғанына қарамастан, «қайырымды істер» жалпы ұлттық идеясы он мыңдаған қазақстандықтың қайырымдылығы мен жанашырлығының арқасында өмір шындығына айналды.
Akorda.kz (KZ),
30 ноября 2020
в 19:06
Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!Құрметті съезд делегаттары! Партиямыздың ХХ съезі күрделі әрі маңызды кезеңде өткізіліп отыр. Бұл – мемлекетіміздің қоғамдық-саяси өміріндегі айтулы оқиға.Бүгінде Nur Otan партиясы ел тағдырына жауапты ең басты саяси күшке айналды.Халқымыз бізге қашанда зор сенім артады. Әсіресе, жаһандық дағдарыс кезінде ел аманатына ерекше көңіл бөлуіміз керек.
Tengrinews,
18 ноября 2020
в 15:13
Біздің мәдениет пен таным, әдет-ғұрпымыз жаман ауру, қатерлі дерт, өзіне қол жұмсау, ұят қылық жасау туралы көп айтуға «жол бермейді». Алайда «жаман айтпай, жақсы жоқ» деген бар. Сондықтан қанша ауыр болса да, суицид туралы жазуға бел будық. АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы америкалық режиссер және жазушы Лиза Кляйнның қатысуымен психикалық денсаулық пен суицидтің алдын алу тақырыбында онлайн бағдарлама ұйымдастырды.
Tengrinews,
16 октября 2020
в 12:23
Ұлы Абай есімін ұлықтау мақсатында еліміздің барлық өңірінде білім, мәдениет мекемелері, көшелер мен даңғылдар аталған тұлғаның есімімен аталады. Жалпы алғанда республика бойынша 31 елді мекен, яғни ауыл, ауылдық округ, 1300-ге жуық көше мен даңғыл, 100-ден аса білім мекемесі ұлы Абайдың есімімен аталады.
Tengrinews,
09 мая 2018
в 13:53
Бүгін 9 мамыр — Жеңіс күні. Жыл өткен сайын соғыста көзімен көргенін әңгімелеп берер батыр ардагерлеріміздің қатары сиреп барады. Өскелең ұрпақтың тарихты, ата-бабаларымыздың ерлігі мен бейбітшіліктің таңы қалай атқанын білуі өте маңызды. Жуырда Алматыдағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі» еңбегінің желісімен спекталь қойылды.