Популярные темы

Жанармай: новости

Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салып беру мәселесі көтерілді

Tengrinews, 06 мая 2020 в 12:33

Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккендерге үй салып беру мәселесі көтерілді
Бүгін Мәжіліс депутаттары Түркістан облысы Мақтаарал ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға үй салып беру мен диқандарға егін егуге көмектесу мәселесін көтеріп, Үкімет басшысы Асқар Маминге депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Tengrinews.kzМәжілістің жалпы отырысында «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі Ержан Құдайберген депутаттық сауалды оқыды.

«Маска тақпағандарға 117 мың теңге айыппұл». Дубайда тұратын қазақ елдегі жағдай туралы

Tengrinews, 28 апреля 2020 в 10:03

Біріккен Араб Әмірліктері — әлем бойынша коронавирус анықталған он үшінші ел. Науқастардың көбі туризм орталығы болып саналатын Дубайда тіркелген екен. Бүгінде елде COVID-19 жұқтырғандардың саны — 10 349, ал қайтыс болғандардың саны 76-ға жеткен. Tengrinews.kz тілшісі Дубайда отбасымен тұрып жатқан қазақстандықтан елдегі жағдайды сұрап білді.Мадина жұбайымен бірге Дубайға былтыр жұмыс бабымен көшіп барған.

Заявление Главы государства Касым-Жомарта Токаева

Akorda.kz (RU), 09 апреля 2020 в 21:37

Заявление Главы государства Касым-Жомарта Токаева
Құрметті отандастар! Қазір бүкіл әлем бұрын-соңды болмаған күрделі жағдаймен бетпе-бет келіп отыр.Коронавирус індеті дүние жүзін жайлап барады.Бүгінде 177 мемлекетте 800 мыңға жуық адам осы дертке шалдықты.Оны жұқтырғандар саны күннен-күнге артуда.Біз төтенше жағдай жариялап, Қазақстанда вирустың жаппай таралуына жол бермедік.Соның арқасында ахуалды бақылауда ұстап отырмыз.Халқы Қазақстанмен шамалас кейбір елдерде коронавирусқа шалдыққандар ондаған есе көп.Мен елорда мен Алматыда ғана емес, еліміздің барлық өңірінде карантинді күшейтуді тапсырдым.Барша қазақстандықтарға сабыр сақтап, түсіністік танытқаны үшін алғысымды айтамын.Біз дүрбелең тудыруға жол бермейміз.Дәл осы кезде халық мемлекетке қолдау көрсетуі керек.Бұл – аса маңызды.Коронавирус – батпандап кіріп, мысқалдап шығатын қауіпті дерт.Дегенмен, біз індетке шалдыққан адамдарға барлық қажетті көмекті көрсетеміз.Бүгінде бүкіл еліміз дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің қайсарлығына тәнті болуда.Олар – адам өміріне араша түсіп жатқан бүгінгі күннің батырлары.Сондықтан, пандемияға қарсы күрестің алдыңғы легінде жүргендерге қосымша қолдау көрсету жөнінде шешім қабылдадым.Дәрігерлерге және медицина қызметкерлеріне 3 ай бойы қосымша үстеме ақы төленеді.Медицина қызметкерлерінің өмірін сақтандыру мәселесі де шешімін тапты.Әрине, ақ халатты абзал жандар бұдан да зор қолдауға лайық.Төтенше жағдай режимінің қашанда экономикалық және әлеуметтік салдары болады.Біз үшін азаматтардың денсаулығымен қатар олардың өз табысынан айырылмауы да маңызды.Мен бұған дейін Дағдарысқа қарсы алғашқы шаралар топтамасын жарияладым.Жағдайдың ушыға түскенін ескеріп, азаматтарға және бизнеске одан әрі қолдау көрсету жөнінде мынадай қосымша шешімдер қабылдадым.Инфляцияның артуына байланысты зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 10 пайызға индексациялауды тапсырдым.Осыған орай, аталған санаттағы азаматтардың табысын арттыру үшін мемлекет тарапынан 200 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінеді.Табысынан айырылған азаматтарға ең төменгі жалақы мөлшерінде қолдау көрсеттік.Енді, 42500 теңге көлеміндегі осы көмекті алатын азаматтардың санатын кеңейтуді тапсырамын.Соған орай, бұл қолдауға өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен ресми тіркелмей жұмыс істейтіндер де ие болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі

Akorda.kz (KZ), 31 марта 2020 в 21:26

Жанар-жағармай жеткілікті ме?

Ақтөбе газеті, 12 ноября 2019 в 10:32

Жанар-жағармай жеткілікті ме?
Қай нәрсенің де қымбаттауы тасымалға байланысты. Ал тауар тасымалы жергілікті жанар-жағармайдың бағасына тәуелді. Соңғы жылдары облыстағы көліктердің дені сұйытылған мұнай газына ауысып болды. Бұл бензиннен екі-үш есе арзан әрі тиімді. Алайда жүк көліктерінің көбі дизель отынымен жүретін болғандықтан жанармайға деген сұраныс түскен жоқ.

«Что? Где? Когда?» ойынында қазақстандықтар қойған 5 қызық сұрақ

Tengrinews, 05 ноября 2019 в 17:43

Өткен аптада ресейлік «Бірінші арна» эфирінен жарты ғасырға жуық уақыт көрсетіліп келе жатқан «Что? Где? Когда?» интеллектуал телевизиялық ойынында Қостанай тұрғыны білгірлерден айласын асырған болатын. Білгірлер жауап бере алмаған сұрақ Артем Москаленкоға 100 мың рубль пайда түсірген. Тengrinews.kz тілшісі биыл танымал телеойында қойылған қазақстандықтардың қызық сұрақтарын ұсынады. Ғалым нені дәлелдеген?Артем Москаленконың сұрағы эфирде 2 қарашада көрсетілген күзгі серияның төртінші ойынында қойылды.

Хромтаулық кәсіпкер қойшысына 300 мың теңге жалақы төлейді

Ақтөбе газеті, 24 октября 2019 в 12:02

Хромтаулық кәсіпкер қойшысына 300 мың теңге жалақы төлейді
Облыс әкімі алдымен «Казхром» ТҰК» АҚ «Дөң тау-кен байыту комбинаты» филиалы «Қазақстан тәуелсіздігіне — 10 жыл» шахтасының жұмысымен танысты. Комбинат директоры Виктор Тиль атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларын баяндады. «Қазақстан тәуелсіздігіне — 10 жыл» шахтасы – негізгі цехтардың бірі. Шахта құрылысы 1978 жылы «Алмаз‒Жемчужина», «Миллионное», «Первомайское» және «№21» кен орындарында басталды.

Көпір салу қиын ба?

Ақтөбе газеті, 17 октября 2019 в 10:12

Көпір салу қиын ба?
Күнделікті тіршіліктің тынымсыз қозғалысы үшін көпірдің маңызы зор. Сол себепті көпірдің құрылысына аса мән беріледі. Ал оны тұрғызу оңай шаруа емес. Қомақты қаржыны талап етеді. Айталық, бір орташа көпір салуға 300-350 миллион теңге жұмсалады екен. Көпір салу үшін тұрғындар санының көп немесе аз болуы шарт емес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы

Ақтөбе газеті, 03 сентября 2019 в 11:22

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
Құрметті отандастар!Құрметті депутаттар, үкімет мүшелері!Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын!Біз еліміздің жаңа тарихындағы маңызды белеске жақындап келеміз.Отыз жылға жуық уақыт бұрын халқымыз өзінің Тәуелсіздігін жариялап, бабаларымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындады.Осы уақыт ішінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен еліміз әлемдегі беделді әрі орнықты мемлекетке айналды.Баянды бірлігіміздің арқасында тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол аштық.Бұл жасампаздық пен ілгерілеу, бейбітшілік пен келісім кезеңі болды.Еліміздің даму жолын бүкіл әлем мойындап, Қазақстандық, яғни Назарбаев моделі деп атады.Қазір бізге Тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр.Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз.Өздеріңізге белгілі, осының бәрі менің сайлау алдындағы бағдарламама негіз болды.Қазір мемлекеттік органдар оны жүзеге асыру үшін тиісті жұмыстар жүргізуде.Мен халыққа берген уәделерімді міндетті түрде орындаймын.Біз өз жұмысымызда Елбасы ұсынған Бес институционалды реформа мен Ұлт Жоспарын толыққанды жүзеге асыру қажеттігін басты назарда ұстауымыз керек.Елбасымыздың бастамасымен құрылған Жаңғырту жөніндегі Ұлттық комиссияның жұмысын қайта жандандыру қажет.Енді ортақ міндеттерімізді және сайлауалды бағдарламамды іске асыруға қатысты ой-пікірлеріме тоқталайын.Мен уәде еткен саяси жаңғыру үдерісі азаматтарымыз бен мемлекетіміздің мүдделеріне сәйкес, біртіндеп үздіксіз жүзеге асырылатын болады.Негізсіз, жүйесіз саяси ырықтандыру елдің ішкі саяси ахуалының тұрақсыздығына, тіпті мемлекеттіліктен айырылуға әкеліп соғатынын әлем елдерінің тәжірибесінен көріп отырмыз.Сондықтан біз саяси реформаларды «асығыстыққа салынбай», керісінше, кезең-кезеңімен, табанды түрде және жан-жақты ойластырып жүзеге асыратын боламыз.Еліміздің қоғамдық-саяси өмірінжаңғыртпай, табысты экономикалық реформаларды іске асыру мүмкін емес.

Ақтөбенің силикат кірпішке деген қажеттілігі  100 пайыз қамтылады

Ақтөбе газеті, 24 августа 2019 в 12:12

Ақтөбенің силикат кірпішке деген қажеттілігі  100 пайыз қамтылады
Облысқа жасаған жұмыс сапары барысында Үкімет басшысы Асқар Маминге, сондай-ақ облыс әкімі Оңдасын Оразалинге және үкіметтің бірқатар мүшесіне Ақтөбе қаласындағы «IBG Catering» көпфункционалды сервистік кешеннің жұмысы таныстырылды. «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі бойында орналасқан кешен өткен жылы пайдалануға берілген болатын.

Аты бар да, заты жоқ кемпингтер бұзылып, жаңасы салынады

Ақтөбе газеті, 10 августа 2019 в 12:02

Аты бар да, заты жоқ кемпингтер бұзылып, жаңасы салынады
Ақтөбе облысындағы автокөлік жолдары бойындағы 145 сервистік қызмет көрсету нысанының 60-ы мемлекеттік стандартқа сай емес. Бұл жөнінде облыс әкімінің орынбасары Аманғали Бердалиннің қатысуымен өткен жиналыста «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ бизнесті дамыту, стратегиялар және ақпараттар басқармасының басшысы Еркебұлан Тұрсынбаев мәлімдеді.

Шетелдік көліктерге шектеу бар ма?

Ақтөбе газеті, 01 августа 2019 в 10:12

Шетелдік көліктерге шектеу бар ма?
Көлік неге қымбат?Қазір қала көшелерінен қаптаған шетелдік көліктерді көресің. Тіпті аудан, ауылдық жерде өзге нөмірлі көлікті тізгіндегендер көп. Соңғы жылдары Армениядан көлік әкелушілер көбейіп кетті. Бұрындары Германия мен Ресейден келетін көліктерден гөрі теңіздің ар жағынан тау асып келетін шетелдік нөмірлердің нөпірі басым.

Сөзін Президент те түсінбейтін рэпер. Сіз кімсіз, Скриптонит мырза?

Tengrinews, 22 июля 2019 в 18:23

Сөзін Президент те түсінбейтін рэпер. Сіз кімсіз, Скриптонит мырза?
«Президент 2.0» деректі фильмінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық рэп орындаушы Скриптониттің әндерін тыңдағанын, бірақ кей сөздерін түсінбегенін айтқан болатын. Скриптонит деген кім және ол туралы не білеміз? Тengrinews.kz тілшісі танымал рэпер туралы мәлімет жинады.Скриптонит лақапаты қайдан шыққан?Scriptonite лақапатымен танылған Әділ Жәлелов 1990 жылы 3 маусымда Павлодар қаласының маңындағы Ленинский ауылында дүниеге келген.Өзінің айтуынша, музыкаға деген қабілеті әкесінен дарыған.

Мал азығы қалай дайындалады?

Ақтөбе газеті, 22 июля 2019 в 08:32

Мал азығы қалай дайындалады?
Ауылшаруашылық саласында ресми түрде байқала бермейтін сауданың бір түрі бар. Ол — төрт түліктің жем-шөбін сату. Ақтөбе облысының 5 ауданы жыл сайын Атырау, Маңғыстау облыстарына мал азығын шығарады. Шаруа қожалықтары өз ауылдарына, аудандарына мүмкіндігінше сатып, болмаса жинап қояды. Бұл жұмыс қара күзге дейін тоқтамайды. Өйткені даладағы тегін жатқан шөпті орып алсаң, тұрғанымен ақша.

«Терезені жап, кондиционер қосамыз» — Көлік кондиционері туралы біз сенетін өтіріктер

Tengrinews, 28 июня 2019 в 10:03

Көліктегі кондиционерді қосқанда терезені неге жабу керектігін білесіз бе? Бұл шынымен кондиционердің қалыпты жұмысы үшін айтыла ма? Әлде бұл да көлікке қатысты аңыз әңгімелердің бірі ме? Tengrinews.kz тілшісіне автокөлік маманы Бағдат Мұстафин кондиционердің қолдану ерекшілігі жайлы айтып берді.Оның сөзінше, жүргізушілер көліктегі кондиционерді іске қосқаннан кейін, терезелерді толықтай жабуына бірнеше себеп бар:«Негізі кондиционерді іске қосқанда автокөліктің 100 ат күшінің 30 пайызы кондиционерге кетеді.

«Кейбірі өксік қысып, жылай алмай отырды» — Арыстан қашқан жұртты тасыған жүргізуші

Tengrinews, 25 июня 2019 в 17:05

Арыста болған бірнеше жарылыс салдарынан қала тұрғындары жаппай қашып, басқа елді мекендерге бет алған. Кейбірінде автокөлік болғанымен, қалғандары арнайы көмек күтпей, жаяу қашқан. Осы тұста көптеген көлік жүргізушісі жаяу тұрғындарды тасымалдаумен айналысқан болатын. Солардың бірі — Дәурен Айманбет.

Арыстағы төтенше жағдай: Оқиғаның хронологиясы

Tengrinews, 25 июня 2019 в 00:16

Арыстағы төтенше жағдай: Оқиғаның хронологиясы
Жаңа апта қазақстандықтардың төбесіне жай түсіргендей жаңалықпен қарсы алды. Бүгін Түркістан облысы Арыс қаласының әскери қоймасында бірнеше жарылыс болған. Тengrinews.kz тілшісі бүгін Арыста болған төтенше жағдайдың қалай өрбігенін баяндайды.9.20. ІІМ ТЖК-нің мәліметі бойынша, сағат таңғы 9-дан өте өртсөндіру қызметінің пультіне Арыс қаласындағы әскери бөлім территориясындағы қоймада жарылыс болып, артынша өрт шыққаны жайлы хабар түскен.Сол сәттен бастап Желіде куәгерлер түсірген видеолар тарай бастады.

Малайзияға аттанбақ

Ақтөбе газеті, 21 июня 2019 в 12:02

Малайзияға аттанбақ
«EcoMarathon_Shell» халықаралық марафоны биыл да жалғасын таппақ. Экологияға кері әсері болмайтын инновациялық көлік құрастыратын студенттердің байқауына еліміздің атынан Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық техникалық университеттің 3-4 курс студенттері қатысады. Бұл жолы SU Racing Team командасы Taiburyl Prototype 3.0. деп аталатын көлік құрастырған.– Машина таза көміртекті талшықтардан жасалды.

Бензин құю кезіндегі алаяқтықтан қалай сақтануға болады

Tengrinews, 04 июня 2019 в 12:53

Бензин құю кезіндегі алаяқтықтан қалай сақтануға болады
Қазақстандық жүргізушілердің қайсы болсын жанармай құю бекетіндегі алаяқтықпен кездескен шығар. Желілерде де бензиннің орнына «ауа» құйып жатқан немесе аппаратта шот жүріп жатқанымен, расында бензин құйылмай жатқаны түсірілген талай атышулы видеолар таралған. Осындай алаяқтарға тап болғандардың бірі — алматылық Орынбасар.

Жол мен жолаушы немесе такси қызметінің бағасы мен сапасы қандай?

Ақтөбе газеті, 23 мая 2019 в 14:52

Жол мен жолаушы немесе  такси қызметінің бағасы мен сапасы қандай?
Осыдан 10 жыл бұрын Ырғыздан ертемен шыққан автобус облыс орталығына бірнеше сағаттан соң жететін. Жолаушыға жұмсалатын уақыттың ұзақтығынан гөрі ойдым-ойдым жолдың азабы көбірек бататын. Оның үстіне Ырғыздан күніне бір рет қатынайтын автобусқа ертерек билет алып қоймасаң, міне де алмайсың. Қазір Батыс Европа, Батыс Қытай тас жолы салынып, ол аудан арқылы өтіп жатыр.

Нұр-Сұлтан мен Алматыға LRT неге ауадай қажет — 5 себеп

Tengrinews, 23 апреля 2019 в 17:33

Нұр-Сұлтан мен Алматыға LRT неге ауадай қажет - 5 себеп
Күні кеше премьер-министрдің бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смаилов Нұр-Сұлтандағы LRT құрылысын жалғастыру мақсатында өткен келіссөздер жайлы хабарлаған еді. Оған дейін де бұл жоба туралы, оған бөлінген қаржы мен іске қосылатын уақыты жаңалық беттерінде жазылды. Десе де, LRT деген не? Оның Алматы мен Нұр-Сұлтанға берер пайдасы қандай?

Жанармай бекеті іске қосылды

Ақтөбе газеті, 01 марта 2019 в 12:32

Жанармай бекеті іске қосылды
Ақтөбе қаласының орталық көшелерінің бірінде тағы бір жанар-жағармай мен газ құю бекеті ашылды. Бұл мұнай өнімдерін көтермелі бөлшектеп сату мен көліктік қызмет көрсетумен айналысатын «Новая АЗС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «COMPASS» атты жанар-жағармай және газ құю бекетінің бесінші нүктесі.

Жанар-жағармай құю бекеті іске қосылды

Ақтөбе газеті, 02 октября 2018 в 22:12

Жанар-жағармай құю бекеті іске қосылды
Ақтөбеден Хромтауға қарай шығатын тасжолдың 25-інші шақырымында «Крафт Азия Ойл» компаниясының «ECO Oil» аталатын автокөліктерге май құйып, газ толтыратын стансасы ашылды. Благодар селолық округінің Белогорка ауылы тұсындағы жаңа стансаның ашылуына Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов қатысты.— Ұлы Жібек жолының бойындағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық жолы бойында орналасқан Ақтөбе облысы арқылы әрлі-берлі жолаушылар көп өтеді, ірі транзиттік жүк көліктері де жиі қатынайды.

Қазақ ютуберлері қанша ақша тауып жүргенін айтып берді

Tengrinews, 31 июля 2018 в 19:03

Қазақ ютуберлері қанша ақша тауып жүргенін айтып берді
Қоғамда YouTube-та арансы бар, оқырманы көп адамдар видеолары арқылы қомақты қаражат табады деген түсінік бар. Әрине, мұны біржақты жоққа шығара салу қиын. Ал қазақ ютуберлері қанша табады екен? Бұл сұрақты Tengrinews.kz тілшісі сол ютубтағы контентмейкерлерден анықтап көрді. YouTube арнасында өзін Mike Miller деп жазған Дәулет Балабайдың қазір 54 мыңнан аса көрермені бар.

Назарбаев Бозымбаевқа жариялаған сөгісті алып тастады

Zakon.kz, 27 февраля 2018 в 10:49

Назарбаев Бозымбаевқа жариялаған сөгісті алып тастады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылдың күзінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа жариялаған сөгісті алып тастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru сайтына сілтеме жасап.Мемлекет басшысы 2017 жылдың 11 қазанында елдегі жанар-жағармай материалдары тапшылығы жағдайына байланысты Бозымбаевқа сөгіс жариялаған болатын.Бір күн бұрын Қазақстан Министрлер кабинетінің басшысы Бақытжан Сағынтаев Энергетика министрлігі басшысының орынбасары Әсет Мағауовты жұмыстан шығарған болатын.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2017 жылы жүргізген жұмыстары жайлы ақпарат

Zakon.kz, 22 февраля 2018 в 14:39

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2017 жылы жүргізген жұмыстары жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің. Алматы қаласы бойынша департаментінің 2017 жылы жүргізген жұмыстары жайлы ақпарат Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін өлшемдердің теріс нәтижелерінің салдарынан қорғау мақсатында. 2017 жылы Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментімен жанармай құю бекеттерін, байланыс қызметін, денсаулық сақтау саласын, жарық және жылу энергиясын іске асыратын кәсіпорындардың, сонымен қатар сәйкестікті растау органдарының және салыстырып тексеру зертханаларының қызметін тексерді.

Ақмола облысында жолда қалған Қырғызстанның 7 азаматы құтқарылды

Zakon.kz, 14 февраля 2018 в 11:29

Ақмола облысында жолда қалған Қырғызстанның 7 азаматы құтқарылды
Ақмола облысында жолда қалған Қырғызстан Республикасының 7 азаматы құтқарылды. Оның 2-уі бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық ТДЖ баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпанда таңғы уақыт 08:23-тер шамасында «Астана-Петропавл» тас жолының 240 шақырымында, яғни Щучье қаласынан шыға берістегі «ҚазМұнайГаз» жанармай бекетінің маңында «Мерседес Вита» минивэн көлігі істен шыққаны туралы ақпарат түскен.«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар көліктің Ресейдің Пермь қаласына бағыт алғанын жəне салонында Қырғызстан 7 азаматы (оның ішінде 2-уі бала) отырғанын анықтады.

Бір ешкіні 500-ге жеткізген

Ақтөбе газеті, 01 февраля 2018 в 02:32

Бір ешкіні 500-ге жеткізген
Ырғыздық отбасы бала-шағасының нәпақасын атакәсіптен айырып отыр Ырғыздық Сариндер отбасы 24 жылдан бері ешкі бағады. Осы уақыт аралығында бір ешкіні өсіріп, оның санын бес жүзге жеткізген дейін Энзензарту Сарин мен оның зайыбы Ақкенже Отаралина — Ырғыз ауданындағы ешкі бағатын жалғыз шаруашылық иелері.

Павлодар облысында жолда қалған Қырғызстан және Тәжікстан елінің 81 жолаушысы құтқарылды

Zakon.kz, 25 января 2018 в 11:19

Павлодар облысында жолда қалған Қырғызстан және Тәжікстан елінің 81 жолаушысы құтқарылды
«Қызылорда – Павлодар» республикалық тас жолында жанармай құю аппаратының қатып қалуы салдарынан сынып қалған автобустың 81 жолаушысы құтқарылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады. — Олардың барлығы Қырғызстан және Тәжікстан елінің азаматтары.

Шымкентте қарақшылар тобы ұсталды

Zakon.kz, 19 января 2018 в 12:09

Шымкентте қарақшылар тобы ұсталды
Шымкентте қарақшылықпен айналысқан төрт адамнан тұратын қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды sputniknews.kz Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап. 2018 жылдың 8 қаңтарында Шымкент қаласы ІІБ Еңбекші бекетінің кезекші бөлімшесіне дүкенге қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы хабар келіп түсті.
Показано 30 новостей из 57