Популярные темы

Бүгін: новости — страница 6

«Өскенде қайтарып беремін»  — 9 жастағы Оразымбет үйлі болды 29 января 2022, 12:28

Tengrinews, 29 января 2022 в 12:33

Жақында Желіде қарт әжесі, зағип анасы мен екі кемтар ағасымен «үй» деуге келмейтін жерде тұрып жатқан 9 жастағы Оразымбеттің оқиғасы елді елең еткізген еді. «Бір-ақ арманым бар, оны орындасаңыздар, өзім де қайтарып беремін» деген Оразымбеттің сол арманы бүгін орындалып отыр. Оған Шымкент қаласынан үй берілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазнет жарық сөнуіне қатысты қалай әзілдеп жатыр? 25 января 2022, 16:54

Tengrinews, 25 января 2022 в 17:03

Қазнет жарық сөнуіне қатысты қалай әзілдеп жатыр?
                25 января 2022, 16:54
Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде жарық сөнді. Алғашқы хабарламалар 25 қаңтарда сағат 12.08-де түсе бастады. Кейін Өзбекстан мен Қырғызстан қалаларында да жарық жоғы белгілі болды. Қазнет қолданушылары бұл жағдайды назардан тыс қалдырмады. Tengrinews.kz тілшісі Желіде электр қуаты болмауына байланысты тараған әзілдерді жинап шықты.

Жаңа оператордан не күтеміз және көлік қашан арзандайды? Танымал автоблогер жауап берді 21 января 2022, 17:58

Tengrinews, 21 января 2022 в 18:13

Жаңа оператордан не күтеміз және көлік қашан арзандайды? Танымал автоблогер жауап берді
                21 января 2022, 17:58
Қазақстанда кәдеге жарату төлемі бойынша «Жасыл даму» бірыңғай операторы құрылғаны белгілі. Мемлекет басшысы жаңа операторға ақпанның соңына дейін мөлшерлемелерді қайта қарауды тапсырды. Бұл нені аңғартады? Көлік арзандауын күтуге болаһ ма? Tengrinews.kz тілшісінің сұрақтарына танымал автоблогер Дияс Уәлихан жауап берді.

Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде не деді? Маңызды мәлімдемелер 21 января 2022, 17:32

Tengrinews, 21 января 2022 в 17:33

Тоқаев кәсіпкерлермен кездесуде не деді? Маңызды мәлімдемелер
                21 января 2022, 17:32
Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда отандық бизнес өкілдерімен кездесті. Tengrinews.kz тілшісі кездесу барысында Президент көтерген маңызды мәлімдемелерге шолу жасады. «162 адам байлықтың жартысын иеленген» Тоқаев халықтың жартысының табысы 50 мың теңгеден аспайтынын, жағдайды шұғыл өзгерту керек екенін айтты.

«Ең тиімді уақыт — бүгін». Сарапшылар 2022 жылғы тұрғын үй нарығына болжам жасады 19 января 2022, 14:14

Tengrinews, 19 января 2022 в 14:23

Қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін елдегі жылжымайтын мүлік нарығындағы жағдай екіұшты болып тұр. 2022 жылы құрылыс нарығы қалай өзгереді? Жылжымайтын мүлікті қай кезде сатып алған дұрыс? Tengrinews.kz тілшісі сарашылардан сұрап білді. Танымал қытайлық экономист Мао Юуши Орта Азия қазіргі дағдарыстан алдағы 5 жылда оңай шықпайтынын ескертіп, құрылыс азаятынын болжады.

Қарияның көз жасы, әскери мен бала, батыр қыз. Желіде тараған жан тебірентер видеолар 14 января 2022, 10:41

Tengrinews, 14 января 2022 в 10:43

Қарияның көз жасы, әскери мен бала, батыр қыз. Желіде тараған жан тебірентер видеолар
                14 января 2022, 10:41
Қазақстанда соңғы апталарда болған бейбіт шерулер мен бұзақылық әрекеттер халық назарында. Осындай эмоцияға толы уақытта сан түрлі оқиға болып жатыр. Tengrinews.kz тілшісі Желіде тараған жантебірентер видеолар топтамасын жасады. Жаңаөзен мен Ақтаудың мыңдаған тұрғыны жаңа жылдан кейін бағасы күрт шарықтап кеткен сұйытылған газ бағасын түсіруді талап етіп, көшеге шыққан болатын.

Тәртіпсіздіктер кезінде дүкенге кетіп оралмаған зейнеткер өлі табылды 13 января 2022, 17:03

Tengrinews, 13 января 2022 в 17:13

Тәртіпсіздіктер кезінде дүкенге кетіп оралмаған зейнеткер өлі табылды
                13 января 2022, 17:03
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде дүкенге шығып, іс-түссіз жоғалған Исын Мұхаметәлиев өлі табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне оның ұлы Асыл Мұхаметәлиев айтты. Бұған дейін порталымызда алматылық 65 жастағы зейнеткер жоғалып кеткені туралы материал шыққан болатын. Сол кезде Исын Мұхаметәлиев 6 қаңтарда түскі уақытта дүкенге шығып, содан үйіне оралмағаны жазылған.

Эпиджағдайға үш сценарий бойынша болжам жасалды 12 января 2022, 10:20

Tengrinews, 12 января 2022 в 10:33

Эпиджағдайға үш сценарий бойынша болжам жасалды
                12 января 2022, 10:20
Қазақстанда омикрон штамының анықталуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға үш сценарий бойынша болжам жасалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың сөзінше, оптимистік сценарий кезінде, ревакцинациямен 100 пайыз қамтып, алдын алу шараларын жаппай сақтаған жағдайда тәулігіне 17 мыңнан аса жағдай тіркеледі.

Тағайындау, жалақы және халық жағдайын жақсарту. Тоқаев Мәжілісте не айтты? 11 января 2022, 12:32

Tengrinews, 11 января 2022 в 12:43

Тағайындау, жалақы және халық жағдайын жақсарту. Тоқаев Мәжілісте не айтты?
                11 января 2022, 12:32
Бүгін Мәжіліс отырысы онлайн өтті. Отырысқа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты. Tengrinews.kz тілшісі Президенттің отырыс барысында маңызды мәлімдемелерін жинады. Ең алдымен Тоқаев Әлихан Смайыловты премьер-министр қызметіне ұсынды. Депутаттар Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылап, бір ауыздан қолдады.

«Құпия құжаттарды тастап кетті». Тоқаев ҰҚК департаменттерін сынады 11 января 2022, 11:45

Tengrinews, 11 января 2022 в 11:53

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тәртіпсіздіктер кезінде ұрысқа қатыспай, ғимаратты тастап кетіп қалған ҰҚК департаментінің басшыларын сынға алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бәрі бірдей өз міндетіне адалдық таныта алмады. Қазақстанның бірқатар қаласында ҰҚК департаментінің басшылары жеткілікті әскери арсеналға қарамастан, ұрысқа қатыспай, қару-жарақ пен құпия құжаттарды сол жерде қалдырып, ғимараттарды тастап кетті», — деді Тоқаев Мәжіліс отырысында.

Қазақстанда қалаларындағы митинг: талаптар, ұстаулар және мәлімдемелер 05 января 2022, 12:42

Tengrinews, 05 января 2022 в 12:53

Қазақстанда қалаларындағы митинг: талаптар, ұстаулар және мәлімдемелер
                05 января 2022, 12:42
Жаңаөзенде басталған наразылық акциясы Қазақстанның түкпір-түкпірінде жалғасып, ал бүгін үкімет отставкаға кетті. Халықтың талабы орындалды. Tengrinews.kz тілшісі Жаңаөзенде басталып, еліміздің көптеген қаласында жалғасқан наразылық акциясы туралы материал дайындады. Бәрі газдан басталды 2 қаңтарда ертеңгісін Жаңаөзенде халық алаңға жинала бастады.

Қазақстан тарихында үкімет екінші рет отставкаға кетті 05 января 2022, 12:01

Tengrinews, 05 января 2022 в 12:03

Қазақстан тарихында үкімет екінші рет отставкаға кетті
                05 января 2022, 12:01
Бүгін Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті. Мұндай шешімді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қазіргі ахуалға байланысты қабылдады. Елімізде Үкімет қандай жағдайда отставкаға кеткен еді? Tengrinews.kz тілшісі шолу жасады. 2019 жылдың 21 ақпанында Сағынтаев бастаған Үкімет отставкаға кетті 2019 жылы 4 ақпанға қараған түні Нұр-Сұлтанның шетіндегі Көктал-1 елдімекеніндегі шағын жер үйде өрт шығып, Евгений және Жанымгүл Ситердің бес қызы — Бақыт, Алина, Сабина, Элина мен Альбина қазаға ұшыраған еді.

Тоғжанов маңғыстаулықтарға үндеу жасап, комиссияның төрт шешімін жариялады 05 января 2022, 00:35

Tengrinews, 05 января 2022 в 00:53

Тоғжанов маңғыстаулықтарға үндеу жасап, комиссияның төрт шешімін жариялады
                05 января 2022, 00:35
Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов маңғыстаулықтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Киелі Маңғыстау мекені мен үшін орны ерекше. Екі жылдан аса осы өңірде өздеріңізге қызмет ету бақыты бұйырған еді. Аймақ жұртшылығының еңбекқорлығы, ыстық ықыласы мен дархан пейіліне куәмін. Қазіргі таңда Президент тапсырмасымен құрылған үкіметтік комиссия өз жұмысын жалғастыруда. Өpдеріңізге белгілі, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес құрылған үкіметтік комиссия шешімімен бірқатар нақты шешімдер қабылдады және шұғыл түрде іске асырылды», — дейді Тоғжанов.

Димаш Құдайберген: Бірлігімізге нұқсан келтіріп алмайық, ағайын! 05 января 2022, 00:14

Tengrinews, 05 января 2022 в 00:23

Димаш Құдайберген: Бірлігімізге нұқсан келтіріп алмайық, ағайын!
                05 января 2022, 00:14
Әнші Димаш Құдайберген Қазақстандағы толқуларға қатысты көзқарасын айтып, бірлікке нұқсан келтірмеуге шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өнерпаз Instagram желісінде жариялаған жазбасын халқымен бірге екенін айтып бастады. «Ардақты ағайын! Жырақта іссапарда жүріп, елдегі болып жатқан жағдайды естіп, көңілім алаңдаулы.

«Араға 21 жыл салып». 2021 жылы балалы болған танымал қазақстандықтар 29 декабря 2021, 10:44

Tengrinews, 29 декабря 2021 в 10:53

Статистикалық мәлімет бойынша, биылғы дерекке сәйкес, Қазақстанда 0-17 жас аралығындағы 6 295 590 бала бар. Он жыл бұрын еліміздегі балалар саны 4,8 миллион болған. Биыл шоу-бизнес және спорт әлемінде балалы болған танымал қазақстандықтар да бар. Tengrinews.kz тілшісі 2021 жылы балалы болған танымал қазақстандықтарға шолу жасады.

«Бұл Жаңа жылға». Алматылықтар Желіде бүгін жауған қар туралы әзілдеп жатыр 27 декабря 2021, 15:02

Tengrinews, 27 декабря 2021 в 15:13

Алматыда қар жауды. Жаңа жылда қар жаумауы мүмкін деп қорқып жүрген тұрғындар таң атпай терезесінен қар көріп, қуанып жатыр. Қуанышын әзілмен жеткізгендер де бар. Tengrinews.kz тілшісі Желіде алматылықтардың жауған қар туралы әзілдерін жинап шықты. Қазақстандықтар WhatsApp-та осындай жазба таратып жатыр.

«Карантинде жылқыны шетінен сатып отырдық». «Жұлдыздың жары» жобасында — Нұргүл Құдайбергенова 25 декабря 2021, 17:50

Tengrinews, 25 декабря 2021 в 17:53

Белгілі әзілкеш Қанат Әлжапбаровтың жары Нұргүл Құдайбергенова «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында карантин кезінде немен айналысқандары, бір-біріне бүкпесіз айтатын сын-пікірлер, отбасылық өмірдегі қызық оқиғалары туралы әңгімеледі.

«Наконец-то». Бекшин қызметінде несімен есте қалды? 24 декабря 2021, 17:42

Tengrinews, 24 декабря 2021 в 17:53

Бүгін Алматының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитария дәрігері болған Жандарбек Бекшин қызметінен кететіні белгілі болды. Бекшин жыл соңында қызметтік келісім-шарты аяқталуына байланысты қызметінен кетті. Қаланың бас санитария дәрігері несімен есте қалды?

Цой бір жарым жылда қандай мәлімдемелер жасады? 20 декабря 2021, 17:36

Tengrinews, 20 декабря 2021 в 17:43

Цой бір жарым жылда қандай мәлімдемелер жасады?
                20 декабря 2021, 17:36
Бүгін Алексей Цой денсаулық сақтау министрі лауазымынан кетті. Ол бұл қызметті 2020 жылдың маусымынан бері атқарып келген. Tengrinews.kz тілшісі экс-министрдің бір жарым жылдық жұмысына көз жүгіртіп, айтқан мәлімдемелеріне шолу жасады. Алексей Цой министр қызметінде шамамен 900 мың теңге жалақы алып келді.

Полный текст выступления Главы государства на торжественном собрании по случаю 30-летия Независимости РК

EKaraganda.kz, 20 декабря 2021 в 00:05

Полный текст выступления Главы государства на торжественном собрании по случаю 30-летия Независимости РК
Құрметті отандастар! Ардақты ағайын!Баршаңызды қастерлі Тәуелсіздігіміздің мерейлі белесімен шын жүректен құттықтаймын!Біз осыдан отыз жыл бұрын бабалар арманын ақиқатқа айналдырдық. Жаңа Қазақ мемлекеті құрылғанын дүние жүзіне паш етіп, Тәуелсіздігімізді жарияладық. Бірнеше ғасырдан бері үзіліп қалған дербес мемлекеттілік дәстүрімізді қайта жалғадық.Шын мәнінде, егемендік – елдің бәріне бұйыра бермейтін бақ. Әлемде сан миллион халқы болғанымен, ұлтарақтай жері жоқ қаншама ұлт бар.

«Қайраттың әйелдер туралы әзіліне ренжіп қалдым». «Жұлдыздың жары» жобасында — Бақыт Тұрман 18 декабря 2021, 17:50

Tengrinews, 18 декабря 2021 в 18:03

Белгілі әзілкеш Қайрат Әділгерейдің жары, әнші Бақыт Тұрман «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында Қайраттың әйелдер туралы әзіліне неге ренжігенін әңгімелеп, тоқал алуға қатысты көзқарасын айтты.

Назарбаев 30 жыл бұрын қызметке кірісерде кімнің батасын алғанын айтты 15 декабря 2021, 17:47

Tengrinews, 15 декабря 2021 в 17:53

Назарбаев 30 жыл бұрын қызметке кірісерде кімнің батасын алғанын айтты
                15 декабря 2021, 17:47
Қазақстан Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бұрын қызметке кірісерде кімнің батасын алғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол 1991 жылы ел Президенті қызметіне сайланған кезде Шәкір Әбенов айтқан батаны есіне түсірді. «Осыдан 30 жыл бұрын тұңғыш Президент ретінде қызметке кірісер алдында салтанатты жиналыста халқымыздың абыз ақсақалы Шәкір Әбенов дана бабалар дәстүрімен: Тар асу, тайғақ кешу кер белесте, Ел тізгінін нық ұстар сен емес пе?!Халқың сүйген перзенті бол дейтұғын, Қарт атаң тоқсан бірде мен емес пе?! деп айтқаны естеріңізде болар.

Екі баланың анасы. Сіз кімсіз, Хаменова ханым? 13 декабря 2021, 18:11

Tengrinews, 13 декабря 2021 в 18:23

Екі баланың анасы. Сіз кімсіз, Хаменова ханым?
                13 декабря 2021, 18:11
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова ісі қазір қызу талқыланып жатыр. Оған 4,5 миллион теңге көлемінде пара алды деген айып тағылған. Бүгін шенеунік үйқамаққа алынды. Tengrinews.kz тілшісі Хаменова туралы ақпарат ұсынады. Бақытгүл Хаменова 1981 жылы 9 сәуірде Атырау қаласында туған. Бүгінге дейін бірнеше университетте білім алған.

«Зарафшанға келін болып барғанда түсінбей қалдым». «Жұлдыздың жары» жобасында — Дана Есеева 11 декабря 2021, 17:45

Tengrinews, 11 декабря 2021 в 17:53

Блогер Мейіржан Төребаевтың жары Дана Есеева «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында отбасылық өмірдің алғашқы кезеңіндегі қызық оқиғаларын әңгімелеп, олар туралы жиі айтылатын ТОП-3 қауесетті атады.

Mastercard Қазақстанда Google Pay сервисінің іске қосылуын жариялады

Banker.kz, 07 декабря 2021 в 13:31

Mastercard Қазақстанда Google Pay сервисінің іске қосылуын жариялады
2021 жылғы 7 желтоқсан, Алматы қ. – Бүгін Қазақстанда Google Pay төлем сервисі іске қосылды. Қазақстандық алты банктің — Халық банкінің, Forte Bank, Еуразиялық банктің, Jusan Bank, Сбербанк пен ЦентрКредит банкінің Mastercard карталарын ұстаушылары контактісіз төлем технологиясын қабылдайтын әлемдегі барлық жерде смартфондар мен алып жүретін құрылғылардың көмегімен жылдам, қауіпсіз, қарапайым және ыңғайлы түрде бір рет түрту арқылы сатып алулар үшін тағы бір төлем жасау мүмкіндігіне ие болды.

«ВОЗхитительный құда». Қазақ ақынымен құдаласқан ДДСҰ басшысы туралы Қазнет қалай әзілдеп жатыр? 07 декабря 2021, 12:21

Tengrinews, 07 декабря 2021 в 12:33

Бүгін қазақстандықтар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесустың шапан киіп, қазақша сөйлегенін талқылап жатыр. Ол ақын Жүрсін Ерманның құдасы болып шықты. Бұл жайтқа байланысты Қазнеттегілер түрлі әзіл жазып, мем жариялаған. Tengrinews.kz тілшісі осы жағдайға қатысты мемдерді жинап шықты.

Желіде танылған әнші Дана оқуын Қазақ ұлттық өнер академиясында жалғастырады 03 декабря 2021, 16:15

Tengrinews, 03 декабря 2021 в 16:23

Желіде танылған әнші Дана оқуын Қазақ ұлттық өнер академиясында жалғастырады
                03 декабря 2021, 16:15
Үй жөндеу жұмыстары кезінде ән айтып танылған қызылордалық Гүлмайдан Серікбай (лақапаты — Дана) оқуын жалғастыратын болды. Бұл туралы блогер Дәулет Мұқаев жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «Бұдан былай Дана Сәкен Майғазиевтің қолдауымен Қазақ ұлттық өнер академиясында музыкалық білімін жалғастырады», — деп жазды Дәулет Мұқаев.

«Үй тазаласаң да, еңбек ет». Назарбаев жастарға қандай кеңес беріп жүр? 01 декабря 2021, 11:30

Tengrinews, 01 декабря 2021 в 11:43

Білімді болыңдар, үш тіл меңгеріңдер, үй тазаласаңдар да, еңбек етіңдер, армандаңдар. Бұл Қазақстан Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға берген кеңесі. Tengrinews.kz тілшісі Елбасының жастарға берген кеңестерін жинады. «Жасампаз болыңдар, армандаңдар» Таяуда ғана Назарбаев қазақстандық жастарға үндеу жасаған.

«Омикрон» штамы: қазақстандықтарға маңызды 10 сұрақтың жауабы 30 ноября 2021, 15:06

Tengrinews, 30 ноября 2021 в 15:13

Коронавирустың жаңа штамы дүние жүзін қайта дүр сілкіндірді. Елдер шекарасын жауып, шектеулер енгізіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі «омикрон» штамы туралы қазақстандықтарға маңызды сұрақтардың жауабын дайындады. «Омикронның» симптомдары қандай? «Омикрон» штамын жұқтырған науқастар туралы алғаш болып Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Анжелик Күтзее хабарлаған еді.

«Мені сотқа шақырған кезде тоқтау керек екенін түсіндім». «Жұлдыздың жары» жобасында — Бауыржан Сатов 27 ноября 2021, 18:00

Tengrinews, 27 ноября 2021 в 18:13

Әнші Альбина Шардарованың жары, актер, тележүргізуші Бауыржан Сатов «Жетінші арнадағы» «Жұлдыздың жары» жобасының қонағы болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ол Жұлдыз Абдукаримоваға берген сұхбатында отбасындағы қиын кезең, студенттік шағы, әкесінің қалай қайтыс болғаны, гендер патидегі оқиға туралы әңгімеледі.
Показано 30 новостей из 221