Популярные темы

Ауылдан: новости

Президент елдегі білім беру саласында қандай өзгеріс болатынын айтты

Tengrinews, 27 мая 2020 в 15:33

Президент елдегі білім беру саласында қандай өзгеріс болатынын айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім беру саласындағы реформаларға тоқталды. Мектепке дейінгі білім берудің жүйелеуден бастап, докторантурадан кейін ғылыми ізденістегі мамандардың жағдайын қозғап, студенттердің шәкіртақысы мен ЖОО оқытушылардың жалақысын арттыруды тапсырды.

«Анасы жалғыз қалғанда еңбекке ерте араласқан». Әкімнің 22 жастағы кеңесшісі Самира Тайтенова кім?

Tengrinews, 13 мая 2020 в 15:53

Ауылдан шыққан 22 жастағы Самира Тайтенова кеншінің отбасында дүниеге келген. 17 жасқа толғанда әкесінен айырылған қыз студент күнінен еңбек ете бастайды. Бүгінде Ақмола облысы әкімінің кеңесшісі болған жас маманмен Tengrinews.kz тілшісі әңгімелесті.Ақмола әкімнің штаттан тыс кеңесшісі Самира Тайтенов ауылдық мектепте оқыған.

«Жылағым келеді» — Мақтаарал ауданына ерікті болып барған қыз

Tengrinews, 05 мая 2020 в 13:13

1 мамырда Өзбекстанда Сардоба су қоймасының жарылған бөгетінен аққан су Түркістан облысы Мақтаарал ауданының 10 ауылын басып тастады. Бүгінде жүздеген мың адам сол аймақтардан эвакуацияланған. Оқиға орнында түрлі қызметкерлермен қатар, еріктілер де жұмыс істеп жатыр. Солардың бірі — Әсемгүл Уәлихан.

Ноғайты тұрғындарын не мазалайды?

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 11:02

Ноғайты тұрғындарын не мазалайды?
Ащы ауылдық округінде ауыл әкімі Нұржан Жанин тұрғындар алдында есеп беріп, атқарылған істер туралы баяндады. Сонымен бірге осы жиында көпшілік көңіліндегі проблемалар да қозғалды. Жиынға қатысқан аудан әкімі Қайрат Отаров бірқатар мәселелер бойынша түсінік беріп, биылғы жылдың межелері жөнінде де хабардар етті.1394 тұрғыны бар Ащы ауылдық округінің орталығы — Ноғайтыда бір орта мектеп, дәрігерлік амбулатория, жаңа модульді кітапхана, Мәдениет үйі, 50 балаға арналған балабақша, 4 аралас сауда дүкені, «Ауыл» телетаратқышы, бір кафе, орталық тұрғындарын ауызсумен қамтып отырған «Байғанин» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, пошта, байланыс бөлімшелері және теміржол стансасы жұртшылық игілігіне қызмет етеді.Округте 24 шаруа қожалығы тіркелсе, сол шаруа қожалықтары мен жеке тұлғалардың иелігінде 1551 ірі қара, 4424 қой-ешкі, 539 жылқы және 5 түйе өсірілуде.

«Бастау бизнес» және ауыл тұрғындары

Ақтөбе газеті, 30 января 2020 в 10:52

«Бастау бизнес» және ауыл тұрғындары
«Бастау Бизнес» — ауыл тұрғындарының қаржылық сауаттылығын арттырып, өз кәсібін бастауларына ұйытқы болып отырған бірегей жоба. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты болып табылатын жобаның игілігін көріп отырғандар қатарында Хромтау ауданына қарасты Ақжар ауылының тұрғындары да бар.

Терминал орнатылады, мектеп жөнделеді

Ақтөбе газеті, 18 января 2020 в 13:22

Терминал орнатылады, мектеп жөнделеді
Шалқар ауданының әкімі Бауыржан Қаниевтің тұрғындармен есептік кездесуі жалғасып жатыр. Ауданның өткен жылғы әлеуметтік экономикалық дамуының қорытындысы мен биылғы жылға межеленген міндеттері туралы есеп беру жиындары Бозой, Тоғыз, Кішіқұм, Шетырғыз ауылдық округтерінің орталықтарында өтті.Алдымен аталған округ әкімдері халық алдында есеп беріп, бұдан соң тұрғындардың сауалдарына құлақ түрілді.Бозойлықтар ауылдағы «Қазпошта» акционерлік қоғамы бөлімшесінің қызмет көрсету аясын кеңейту жөнінде ұсыныс айтты.

Жабылған ауылда жұрт бар ма?

Ақтөбе газеті, 16 января 2020 в 11:02

Жабылған ауылда жұрт бар ма?
Кеңес Одағы тарағаннан кейін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында барлық ауылдардың күйі кетіп, қалаға көшу басталды. Тіпті аудан орталықтарында да үйлер бос қалып жатты. Мал санымен қоса адам саны да азайып, тіпті кейбір елді мекендерде бір-екі үй ғана қалды. Кезінде дүрілдеген Исатай ауданының орталығы Ақыраптың қалай құрдымға кеткені елдің есінде.

Сенаторлар ауылға барды

Ақтөбе газеті, 11 января 2020 в 11:32

Сенаторлар ауылға барды
Парламент депутаттары Ақтөбе облысына сапары барысында Мәртөк, Қобда, Алға аудандарын аралады.Сенаторлар Марат Тағымов пен Мұхтар Жұмағазиев Алға ауданының Үшқұдық, Қарақобда, Тікқайың, Сарықобда елді мекендерін аралап, ауылдағылардың айтарын тыңдады. Үшқұдық Мәдениет үйіндегі коворкинг-орталықта сенаторлар жергілікті тұрғындармен пікірлесті:— Президент Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында елімізде бірқатар заң қабылданғаны белгілі.

Жетпіс жасын қажылықта қарсы алған

Ақтөбе газеті, 09 января 2020 в 10:42

Жетпіс жасын қажылықта қарсы алған
Ол жетпіске толған тойын аста-төк дастарқан жасап, қыруар қонақ шақырып, бүгінгі күні дәстүрге айналғандай салтанатпен атап өткен жоқ. Рас, осындай ниет те болған бастапқыда. Тіпті шақырылатын қонақтардың тізімі де жасала бастаған.Алайда отбасындағы ойласу барысында қажылыққа бару туралы ұсыныс та қозғалып қалды.

«Болашақ» түлегі — аудан әкімі

Ақтөбе газеті, 14 декабря 2019 в 12:52

«Болашақ» түлегі — аудан әкімі
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ел жетістігінің бірі —жастардың шет елде білім алуы. 1993 жылы Тұңғыш Президентіміз Н. Назарбаев «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады. Мақсат — жастарды шетелде оқытып, алған білімі мен тәжірибесін ел игілігіне пайдалану. Нәтижесінде бүгінге дейін мыңдаған жас осы бағдарлама арқылы білім алып, ел басқару ісіне араласып жүр.

Қарадөң қалай елден қашты?

Ақтөбе газеті, 14 декабря 2019 в 11:52

Қарадөң қалай елден қашты?
Қажығали МҰХАНБЕТҚАЛИҰЛЫНебір асауға шалманы тастап жібергенде, тұзақты тек қана қыл мойыннан түсіріп, қиялай тартатын; сонсоң… қылғынған жылқыға қыл арқанды саумалап барып, қос құлақтың түбінен бүре ұстай тұқыртқанында, қандай қылқұйрықтың да тұмсығын топыраққа тығып жіберетін дәу қара еді бұл. Тұла бойы тұтас шойыннан құйылғандай бұл шомбал қараның аты да затына сай — Қарадөң-тұғын! Құдай берген денсаулық пен қара күштің арқасында, ол пәлен жыл кеңшардың жылқысын баққан.

Әке аманаты

Ақтөбе газеті, 07 декабря 2019 в 11:22

Әке аманаты
Менің әкем Шырақбай Жақыпұлы көзі тірісінде Екінші дүниежүзілік соғыста хабарсыз кеткен өз әкесін іздеумен өтті. Ол кезде қол да қысқа болды, интернет те болмады, сондықтан әкем атам туралы деректерді шарқ ұрып іздесе де, таба алмады. Әке аманатындай болып қалған бұл мәселеге мен де бейжай қарай алмадым… Әлқисса, әңгімені басынан бастайық. Әкем 1928 жылы 28 желтоқсанда дүниеге келген.

Жаңатаңда жаңалық көп

Ақтөбе газеті, 05 декабря 2019 в 11:22

Жаңатаңда жаңалық көп
Байғанин ауданы Жаңатаң ауылындағы «Даңқ» орденінің толық иегері С.Ешбаев атындағы мектеп түлегі Ермахан Майлыбай Нұр-Сұлтан қаласында қазақша күрестен жастар арасында өткен әлем біріншілігінен күміс медальмен оралды. Бұл — шалғайдағы ауыл баласының үлкен жетістігі. Қызылбұлақ округіне қарасты Жаңатаң ауылында қазақша күреске мектеп оқушыларының 40 пайызға жуығы қатысады.

Ырғызда екі мектеп пайдалануға берілді

Ақтөбе газеті, 03 декабря 2019 в 11:22

Ырғызда екі мектеп пайдалануға берілді
Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ырғыз ауданының Шеңбертал, Жаныс би ауылдарында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Облыс әкімі осы мектептердің ашылуы салтанатына қатысып, Қызылжар ауылдық округінің орталығы Құрылыс елді мекенінде тұрғындармен кездесті. Қызылжар ауылдық округіне кіретін 3 елді мекеннің бірі, облыс орталығынан 317 шақырым орналасқан Шеңбертал ауылының тұрғындары бұл күні жарты ғасыр игілікке куә болды.

Ерен еңбектің иесі

Ақтөбе газеті, 30 ноября 2019 в 10:12

Ерен еңбектің иесі
Ауыл — асыраушымыз. Осы бір тіркесті түрлі жиындар мінбесінен жиі айтқанымызбен, сол бір игілікті шаруаның бейнетін мойынға алған еңбекқор азаматтарымызға құрметіміз өз дәрежесінде ме? Негізінде өз ісіне берілген ондай жандар ешкімнен ештеңе дәметпейді. Мал өсіріп, егін егуді өздерінің міндетіндей сезінеді.Сондай санаулы тұлғалардың бірі, бірі емес-ау, бірегейі — бүгінгі күні жетпіс атты асуына абыроймен келіп отырған Аманқос Төлеуов.

Прага көлік кептелісін қалай жойды? Қазақстандық студенттің көзімен

Tengrinews, 28 ноября 2019 в 10:03

Прага көлік кептелісін қалай жойды? Қазақстандық студенттің көзімен
Қазақстанда биыл тоғыз айда 11 484 жол-көлік оқиғасы тіркелген екен. Ал апат саны 2018 жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға артқан және қайтыс болғандар саны да салыстырмалы көбейген. Әлбетте, қалалардың жыл санап іріленуі, көлік санының өсуі, жүргізушілердің ұқыпсыздығы сынды факторлар мен ретсіз көлік жүйесі бұл сандардың өсуіне ықпал етеді.

Автобустардан күй кетті

Ақтөбе газеті, 21 ноября 2019 в 10:52

Автобустардан күй кетті
Автовокзал десе, балалықтың қызықты шақтары еске түседі. Интернаттан ауылға бара жатқанымызда немесе буынып-түйініп ауылдан қалаға келе жатқанымызда автовокзалдағы жүк сақтайтын қоймаға чемодандарымызды тапсырып, сосын ата-анамызбен бірге екінші қабаттағы асханаға көтеріліп, ерекше ыдысқа салынған балмұздақ алып жейтінбіз, ыстық тамақтан гөрі, сол кездегі балмұздақтың дәмі тіл үйіретін.

Бұқара

Ақтөбе газеті, 21 ноября 2019 в 10:22

Бұқара
БАҒБАН«Адамды адам еткен — еңбек» дейді халық даналығы. Шалқарлық Мәжит Жақыпов — сексеннің сеңгіріне шықса да, қолынан кетпені мен күрегін тастамаған кісі. Мәжит Жақыповтың тынымсыз тірлігін талай алқалы басқосуларда аймағымыздың, ауданымыздың басшылары көпке үлгі етіп келеді. Өкшебасарларын үнемі еңбекқорлыққа жетелеп жүретін Мәжит ақсақал саналы ғұмырында бау-бақшаның қыр-сырын меңгеріп, отбасының нәпақасын сол жерден тапты. — 1954 жылы жеті класты бітіргеннен кейін, Ақтөбе қаласының маңындағы «Әлімбетов» кеңшарында трактор жүргізушісі болып жұмыс істедім.

«Декретке шығып кетесің, ала алмаймыз». Дарынын дәлелдеп шыққан ақтаулық шахматшы әжей

Tengrinews, 18 ноября 2019 в 15:23

Ұлдай Оразалина жасы 73-те. Ақтау қаласының тумасы. Балалық шағы Атырау облысының Сарайшық деген жерінде өткен. Балалық шағын өзге балалар секілді асыр салып ойнамай, шахматпен айналысқан. Шахматты кейіпкеріміздің әкесі, анасы, ағасы ойнаған. Балалық шағында кішкентай Ұлдай үйіндегілермен шахмат ойнап жарысқан.«Менің балалық шағымда жарық 12-ден кейін сөніп қалатын.

Қайтарымсыз қаржы алып, кәсіп ашты

Ақтөбе газеті, 09 ноября 2019 в 12:12

Қайтарымсыз қаржы алып, кәсіп ашты
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау-бизнес» жобасы ауыл тұрғындарының кәсіп ашуына өз септігін тигізіп отыр. Әйтеке би ауданында аталған жоба аясында 95 адам қысқа мерзімді оқу курсын оқып, оның 39-ы грантқа ие болды. Бүгінде жоба бітірушілеріне сертификаттар табысталып, бірнеше кәсіпкерлік нысандары іске қосылды.Тігіншілікпен айналысуды көздеген әйтекебилік жас кәсіпкер Балдәурен Бозшина биыл жазда «Бастау-бизнес» жобасы аясында курс бітіріп шықты.— Оқу барысында теория мен жақсы практика жинадым.

Сарбасовтардың супермаркеті

Ақтөбе газеті, 09 ноября 2019 в 12:02

Сарбасовтардың супермаркеті
Ембі қаласы — облыс орталығынан 200 шақырым жер. Мұнда кәсіпкерлік саласы өте жақсы дамыған. Шалғайдағы шағын қалада отбасылық бизнестің үлгісін көрсетіп отырған Сарбасовтардың сауда үйі тұтынушылардың көп келетін жеріне айналды. Бұрынғы кеңес өкіметінен соң біраз жыл қаңырап, босап қалған екі қабатты әмбебап сауда орны жаңа үлгімен қайта жасалды. Іші-сырты еуропалық үлгімен күрделі жөндеуден өткен ғимарат адамының көптігімен де, көркімен де көшенің сәнін келтіріп тұр.

Мектеп — ауыл тірегі

Ақтөбе газеті, 07 ноября 2019 в 09:32

Мектеп — ауыл тірегі
Шалғайдағы ауылды ұстап тұрған — мектеп. Бүгінде білім ордасы жабылса, ауыл тұрғындарының үдере көшетіні белгілі жайт. Алайда балаларының болашағын ойлаған Байғанин ауданындағы Жаңатаң ауылы тұрғындары орнынан қозғалмай отырған елді мекеннің бірі. 90 жылдық тарихы бар мектептен талай білікті мамандар шаруашылық басшылары оқып, тәрбиеленіп шыққан.

Қымыз палатасы, ортақ әліпби және той кортеждеріне рұқсат — Іске аспай қалған даулы ұсыныстар

Tengrinews, 04 ноября 2019 в 12:53

Қымыз палатасы, ортақ әліпби және той кортеждеріне рұқсат  - Іске аспай қалған даулы ұсыныстар
Елімізде «Асханасы мен әжетханасы ортақ жатақхана салу» туралы не «әлеуметтік желіде рұқсатсыз тіркелген балалардың ата-анасына айыппұл салу» туралы депутаттық ұсыныстар қызу талқыланған еді. Алайда депутаттардың бұл ұсыныстары тек идея түрінде қалды. Tengrinews.kz тілшісі қоғам талқысына түсіп, іске аспай қалған ұсыныстарға шолу жасады.Асханасы мен әжетханасы ортақ жатақхана салу2017 жылы сәуірде депутат Азат Перуашев ауылдан шыққан жастарға асхана мен әжетханасы ортақ жатақхана салуды ұсынған болатын.

Әнші

Ақтөбе газеті, 31 октября 2019 в 10:32

Әнші
Ашуды әнмен тарқатқанБіз ферма клубында концерт қойып келсек, түскен үйіміздің төрінде, айналасына қыл-қыбырын ыбырсытып, ұршық үйіріп бір кемпір отыр. Көзіне киген көзілдірігінің бір әйнегі бар, екінші әйнегі жоқ. Сондай жағдайда атыс-шатыс қараған кейуананың, улап-шулап кірген бізді жаратпай қалғанын тез сезіп, жым болдық.

«Сыбағаның» игілігі

Ақтөбе газеті, 24 октября 2019 в 10:22

«Сыбағаның» игілігі
Темір ауданы тұрғындарының негізгі күнкөріс көзі — мұнай және теміржол саласы. Әрине, ауыл шаруашылығы саласына үлес қосып жүргендер де бар. Мал басын көбейтіп, бақша егіп жатқандар да жетерлік. Темір аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Серік Нұртазиннің айтуынша, бүгінде Темір ауданында 1970 шағын және орта бизнес жұмыс істейді.

Абырой биігі

Ақтөбе газеті, 17 октября 2019 в 10:22

Абырой биігі
Атқа мінгеннің бәрі азаматтық жүгін абыроймен алып жүре алмайды. Ол үшін айқын мақсат, жігерлі жүрек, берік бағдар болуы тиіс. Өмірлік ұстанымын осылайша бекемдеген біздің кейіпкеріміз түрікпенбай айжарықовты облыс аумағындағы көпшілік жақсы біледі. өйткені, ол қашанда жұртшылықпен жақын жүретін азамат. Әке үлгісіменБайғанин өңірінде Жұбан Айжарықовтың есімі күні бүгінге дейін құрметпен аталады. Өткен ғасырдың екінші он жылдығының орта тұсында дүниеге келген ол кісінің өмірбаяны таза жанкешті еңбектен құралған десе де болады.

Көпір салу қиын ба?

Ақтөбе газеті, 17 октября 2019 в 10:12

Көпір салу қиын ба?
Күнделікті тіршіліктің тынымсыз қозғалысы үшін көпірдің маңызы зор. Сол себепті көпірдің құрылысына аса мән беріледі. Ал оны тұрғызу оңай шаруа емес. Қомақты қаржыны талап етеді. Айталық, бір орташа көпір салуға 300-350 миллион теңге жұмсалады екен. Көпір салу үшін тұрғындар санының көп немесе аз болуы шарт емес.

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Елдің қолдағанына, жігер бергеніне ризамын!»

Ақтөбе газеті, 15 октября 2019 в 11:02

Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: «Елдің қолдағанына, жігер бергеніне ризамын!»
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың 11 қазан күні «Хабар» телеарнасына сұхбат берді. Бүкпесіз әңгіме барысында Елбасы өз өкілеттігін тоқтатқаннан кейінгі өмірі, жаңа жұмыс кестесі және елдің даму болашағы туралы сауалдарға ашық жауап беріп, еліміздің бүгінге дейін жеткен жетістіктері, жаңа сайланған Президент туралы ойын айтты.Халық үшін қабылданған дұрыс шешімЖурналистер сұхбатты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтатуы туралы 2019 жылғы 19 наурыздағы шешіміне қатысты сұрақпен бастады. «Содан бері жарты жыл өтті. Қабылдаған шешіміңізге өкінбейсіз бе?» деген сауалға орай Елбасы бұл шешімнің әбден ойлас­тырылып барып қабылданғанын, оған өкінбейтінін жеткізді.– Бұл әр қырынан әбден ойластырылған шешім болатын.

Асыл аға Асылбек

Ақтөбе газеті, 10 октября 2019 в 11:02

Асыл аға Асылбек
Елге еңбегі сіңген азаматтарымыздың іздеусіз қалмайтыны анық. Өйткені кім-кімнің де артында қалдырған жақсы істері менмұндалап, кейінгілерге шарапатын тигізіп, жақсылықтың жаршысындай әсер етіп отырады.Сондай ізгілігі мол жандардың бірі — медицина ғылымдарының докторы, профессор Асылбек Төлеуов еді.

Ауылдың алаңы — табиғаттың тазалығы

Ақтөбе газеті, 08 октября 2019 в 11:32

Ауылдың алаңы — табиғаттың тазалығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын насихаттау жұмыстары жалғасуда. Төрт-бес адамнан құралған ақпараттық-насихат тобы Шалқар ауданына барып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Олардың ішінде еңбек ардагерлері, жоғары оқу орнының ұстаздары және басқарма басшылары бар. Сонымен қатар Шалқар ауданының мәслихат хатшысы Сқақ Бигеев пен бірқатар бөлім басшылары бірге жүрді.
Показано 30 новостей из 213