Tengrinews,
16 марта 2022
в 16:23
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауының толық мәтіні жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қымбатты отандастар! Қадірлі қауым! Бүгінгі Жолдаудың мән-маңызы айрықша. Оның арқалайтын жүгі бір жылмен шектелмейді, ауқымы кең, мазмұны да бөлек. Біз алдымызға биік мақсаттар қойып отырмыз. Өздеріңізбен бірге Жаңа Қазақстанды құруға кірістік.
Tengrinews,
16 марта 2022
в 13:14
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Парламент палаталарының бірлескен отырысында саяси реформалардың жаңа бағдарламасын және жақын арада жүзеге асырылатын бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараны ұсынды. Tengrinews.kz тілшісі Мелекет басшысы жолдауында қандай мәселелер көтергеніне шолу жасады. Қаңтар оқиғасын ұйымдастырған кім? Қасым-Жомарт Тоқаев жолауын қасіретті қаңтар оқиғасынан бастады.
Tengrinews,
02 февраля 2022
в 16:53
Заманауи технологиялар жаһандық сақтандыру нарығын біршама өзгертті. Бұған Қазақстан нарығы дайын ба? Tengrinews.kz тілшісі осы және басқа да сұрақтардың жауабын сақтандыру саласының халықаралық сарапшысы Робин Кристиден сұрады. Индонезиялық Робин Кристи кейінгі 10 жылын сақтандыру саласына арнады.
Banker.kz,
26 ноября 2021
в 00:41
Цифрландырудың дамуымен халықтың қашықтан қаржылық сервистерге сұранысы артуда Цифрландырудың дамуымен халықтың қашықтан қаржылық сервистерге сұранысы артуда. Қазақстандықтар үйден немесе кеңседен депозиттерін рәсімдейді, несиелерін төлейді, ақшалай аударымдар жасайды, сақтандыру полистерін сатып алады. Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру полисін онлайн режимінде сатып алуға болады. Қашықтан қызмет көрсету түрі уақытты және материалдық ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді: ешқандай жол жүріп, кезекте тұрудың қажеті жоқ, бұл карантиндік шаралар жағдайында өте маңызды.
Akorda.kz (KZ),
04 февраля 2021
в 19:56
Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің 2020 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері, Президент Жолдауында қаржы саласына қатысты айтылған тапсырмаларының орындалу барысы, ведомствоның алдағы негізгі міндеттері жайында баяндалды.Министр бюджеттің тең бөлінуін қамтамасыз ету, салық-кеден әкімшілігін цифрландыру, көлеңкелі экономиканың көлемін азайту, мемлекеттік активтерді басқарудың тиімділігін арттыру, сатып алу мен мемлекеттік аудит жүйелерін жетілдіру туралы айтты.Мемлекет басшысы үш жылдық республикалық бюджетті оңтайландыруға және сапалы әзірлеуге қатысты бірқатар тапсырма берді. Қасым-Жомарт Тоқаев салық-кеден әкімшілігін цифрландыру жұмысын толық ойластырып, белгіленген мерзімде орындаудың маңыздылығын атап өтті.Президент мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы жетілдіру қажеттігіне тоқталды.
Akorda.kz (KZ),
22 октября 2020
в 19:36
Биылғы 22 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен бейне конференция байланысы режимінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.Отырыста «Квазимемлекеттік сектордың ірі инфрақұрылымдық компанияларының мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі туралы» мәселе қаралды.Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдарда да, квазимемлекеттік секторда да сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға ерекше назар аударуды тапсырды.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар аясында мемлекеттік функциялардың бір бөлігін квазимемлекеттік секторға беру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Akorda.kz (KZ),
16 октября 2020
в 17:56
Қасым-Жомарт Тоқаевқа агроөнеркәсіп кешенін қолдауға бөлінген дағдарысқа қарсы қаржының жұмсалуына жүргізілген тексеру жұмыстарының алдын ала нәтижелері және «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есеп берілді. Қазақстан Президентіне экономиканы қолдауға және пандемиямен күреске бағытталған қаражаттың Есеп комитеті мен тексеру комиссияларының қатаң бақылауында екені айтылды.