Новости по теме "Аласапыран"

Әбіш аса қуатты ақыл-ой иесі еді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 декабря 2019 в 11:12

Әбіш аса қуатты ақыл-ой иесі еді Қазақ руханиятының көгіндегі жарық жұлдыздардың бірі Әбіш Кекілбайұлы секілді титанның анадай ғажайыбы мен мынадай таңғалдырарлық шығармалары бар еді деп, жұртқа белгілі жайттарды айтып, сөзді ұзатпай-ақ қояйын. Өйткені Әбіш шығармаларының кез келгені қазақ әдебиетінің ғана емес, әлем әдебиетінің де алтын қорына қосылатын дүние екенін көзі қарақты оқырманның бәрі біледі.

Тұңғыш төраға

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 11:02

Тұңғыш төраға Тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің қаз тұрып, қалыптасуына бар күш — жігерін салған мемлекет және қоғам қайраткері, Мәжілістің тұңғыш тө­рағасы, экономика ғылымдары­ның докторы Марат Оспановтың туғанына биыл — 70 жыл. Қайраткер мемлекет дамуының заңнамалық негізі мен саяси-экономикалық іргетасын нығайтуға күш салды.

Тұранның ұлы қолбасшысы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 10:52

Тұранның ұлы қолбасшысы Ақтөбе қаласында Жалаңтөс баһадүрге ескерткіш ашылғалы отыр. Түркі халықтары тарихына есімін алтын әріппен жазып кеткен әмірші әрі ұлы қолбасшы Жалаңтөс Сейітқұлұлына алғашқы ескерткіш Арал қаласында, одан соң 2010 жылы Қызылорда қаласында, одан соң 2018 жылы Шымкентте, 2019 жылы Самарқанда қойылған еді.

Өнегемен өрілген өмір

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 24 октября 2019 в 10:12

Өнегемен өрілген өмір Ерте есейетін адамдар болады. Ол екі жағдайда кезігеді деп ойлаймын, не тұрмыстың мәжбүрлеуімен, не туабітті табиғи жаралымынан пайда болса керек. Рамазан Нұржановтың ерте есеюіне осы жағдайлардың екеуінің де қатысы бар дегім келеді. Оның тұрмыспен байланысы бар, біріншісі – шыр етіп өмірге келген отызыншы жылдардың бас жағы – большевиктік аласапыран, жоқ жерден жау іздеумен біреуді-біреудің соңына салып қойған күдікті, мәлімсіз, құбылмалы уақыт еді. Құбылмалылық қуатты келсе, адамдарды өзінің ыңғайына бейімдеп, ығынан пана іздеуге мәжбүрлейтіні ежелден мәлім.

Хрущевке қарсы шыққан Жұмабек Тәшенов жайлы не білеміз?

Источник: TengriNews Дата: 23 октября 2019 в 15:03

Хрущевке қарсы шыққан Жұмабек Тәшенов жайлы не білеміз? Қазақ халқының тарихында есімдері алтын әріппен жазылып қалған тұлғалар аз емес. Әсіресе, аласапыран кезеңдерде туған еліне ес болып, бағыт-бағдар көрсеткен жандардың орны ерекше. Бүгін Нұр-Сұлтанда сондай ерекше тұлғалардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновке Қоғамдық кеңес мүшелері ескерткіш орнату туралы ұсыныс жасаған болатын. Қазақ жерінің телім-телім болып кетпеуі үшін күрескен қоғам қайраткерінің өмір жолы мен еңбегі Tengrinews.kz тілшісінің материалында.Жұмабек Ахметұлы 1915 жылы 20 наурызда Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Танагүл ауылында дүниеге келген.

Абырой биігі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 17 октября 2019 в 10:22

Абырой биігі Атқа мінгеннің бәрі азаматтық жүгін абыроймен алып жүре алмайды. Ол үшін айқын мақсат, жігерлі жүрек, берік бағдар болуы тиіс. Өмірлік ұстанымын осылайша бекемдеген біздің кейіпкеріміз түрікпенбай айжарықовты облыс аумағындағы көпшілік жақсы біледі. өйткені, ол қашанда жұртшылықпен жақын жүретін азамат. Әке үлгісіменБайғанин өңірінде Жұбан Айжарықовтың есімі күні бүгінге дейін құрметпен аталады. Өткен ғасырдың екінші он жылдығының орта тұсында дүниеге келген ол кісінің өмірбаяны таза жанкешті еңбектен құралған десе де болады.

Ұлт дертімен ширыққан рух

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 05 октября 2019 в 10:32

Ұлт дертімен ширыққан рух Жиырма бірінші ғасырдың табалдырығын тәуелсіз мемлекет ретінде аттағанымызда ең алдымен рухымыздың өзі таразыға түсті. Еркіндік, азаттық жолындағы алапат қан кешулермен астаса жүрген шетсіз-шексіз айтыс-тартыс тұншығу мен сілкінудің бұрын-соңды болмаған бетпе-бет айқасымен бәрімізді дүр сілкіндірді.

«Оңай сұрақтардан баста» — Негізгі үш пән мұғалімдерінен лайфхак

Источник: TengriNews Дата: 18 июня 2019 в 17:33

20 маусымда 2019 жылдың алғашқы Ұлттық біріңғай тестілеуі басталады. Оған бір күн қалғанда оқушы қалың уайымға салынатыны белгілі. «Қалай тапсырып шығамын, қай пәнді бірінші белгілейін, жеткілікті балл жинай аламын ба?» деген сұрақтар көкейін теседі. Tengrinews.kz тілшісіне педагогтар тестілеуге кіретіндерге түрлі лайфхак, кеңес айтып, барлығына сәттілік тіледі. Ғалия Жақсыбаева — қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Тестілеудегі үш міндетті пәннің бірі — оқу сауаттылығы.

 «Ақтөбені» мерейтойымен құттықтады

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 08 июня 2019 в 12:22

 «Ақтөбені» мерейтойымен құттықтады Облыс әкімі Оңдасын Оразалин кеше Баспасөз үйінде болып, облыстық «Ақтөбе» газетінің ұжымы мен ардагерлерін басылымның 95 жылдық мерейтойымен құттықтады. Газет 95 жылдық тарихында алғаш рет өз мерейтойын өзінің жеке ғимаратында қарсы алды. Мерейтойға орай редакцияға арнайы келген облыс әкімі алдымен бірі ғасырдан астам, екіншісі ғасырға жуық уақыт бойы өңір шежіресін жазып келе жатқан «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің тарихынан сыр шертетін музейді аралап көрді.Редакция ұжымы мен ардагерлер облыс әкімін Баспасөз үйінің конференц-залында қарсы алды.

Шежіре сыр шертеді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июня 2019 в 12:22

Шежіре сыр шертеді Нұрқайыр ТЕЛЕУОВ,облыстық газеттің 1965-1992 жылдардағы редакторы.Биыл шыға бастағанына 95 жыл толып отырған «Ақтөбе» газеті — менің жүрегіме өте жақын, сондай ыстық. Мен де биыл тоқсанның тұғырына шықтым. Бір тылсым күш солай орайластырғандай, мерейтойларымыз қатар келіп отырады. Сондай салтанаттарда «Туған газетімнен 5 жылға ғана кішімін» деп әзілдейтінмін.

Шегебай (әңгіме)

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 апреля 2019 в 10:12

Шегебай (әңгіме) Қажығали МҰХАНБЕТҚАЛИҰЛЫ«Өктемдік өштікті ғана тудырады»Халық мәтеліШегебай өнеркәсібі дүркіреп тұрған бір ауданның орталығындағы «Промбаза» деп аталатын үлкен мекемеде біраз жылдан бері бастықтың шопыры еді. Бұл өзі — ешкіммен қақ-соғы жоқ, айдап жүрген машинасынан басқаға көп аса мойын бұра да қоймайтын, нәті біртоға тұйықтау жігіт-тұғын. Өстіп жүріп, қырықтың қырқасынан енді аса берген шағында, биыл аяқ астынан мекемеде улыған-шулыған бір өзгерістер болып, аласапыран басталды да кетті.Бұрынғы бастық кететін болды.Жаңа бастық жақында келеді екен… — десті.Әрине, Шегебай секілді шопыр кісіге бастық кім болса да, бәрібір ғой.

Елсіз аралға қандай үш кітап ала кетер едіңіз — Қаламгерлер таңдауы

Источник: TengriNews Дата: 17 апреля 2019 в 15:23

Елсіз аралға қандай үш кітап ала кетер едіңіз - Қаламгерлер таңдауы Қазақ қаламгерлері Tengrinews.kz тілшісінің «Елсіз аралға қандай үш кітап ала кетесіз?» деген сауалнамасына қатысып, сүйікті кітаптарын атады. Әбубәкір Қайран, ақын:«Соғыс және Бейбітшілік» қанаАқын Лев Толстойдың «Соғыс және Бейбітшілік» романын ғана алып кетер едім. «Осы кітапты ғана алып кетуші едім.

 «Тәңіріме бір уәде беріп ем…»

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 21 марта 2019 в 11:52

 «Тәңіріме бір уәде беріп ем…» Жұма күні Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағы Ақтөбе облыстық филиалының директоры Бауыржан Бабажанұлының 50 жылдық мерейтойына арналған «Тәңіріме бір уәде беріп ем…» атты шығармашылық кеші өтті. Кешке облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжанов, белгілі қаламгерлер мен ақынның оқырмандары қатысты.Кеш Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрының әзірлеген қойылымымен басталып, ортада жастар ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Наурыз айшықтары: көрісу. Амал

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 марта 2019 в 10:12

Наурыз айшықтары: көрісу. Амал Рысжан ІЛИЯСОВА,Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері,өлкетанушы.Ақтөбе қаласы. Елімізде Наурызды қарсы алу, тойлау қайта жаңғырғанына 30 жылға жуықтапты. Осы жылдары жазушылар, ғалымдар, көпті көрген үлкендер жыл басы — Наурыздың тек өз халқымыздың ғана емес, басқа адамзатқа да ортақ мереке екенін ақпарат құралдары арқылы санамызға құйып отырды.

Біз таңдаған жол

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 января 2019 в 10:42

Біз таңдаған жол Журналистика — өз алдына бөлек бір әлем. Оған әркім әртүрлі жолмен келеді. Сонау аласапыран отызыншы жылдардың орта тұсында өмір есігін ашқан біздің буынның бастан кешкен қиындықтары туралы ұзақ таңға әңгімелеуге болады. Бірақ, мәселе онда емес. Ең бастысы, біздер тағдырымызбен тайталасып, алға ұмтылдық.

«Шағын ғана шабаданымды алып, жалғыз жолға шықтым»

Источник: TengriNews Дата: 04 января 2019 в 13:33

Елден кету жайлы, оның оң-солын таразылаған талқылауларды жиі естиміз. Ал келіп жатқандар, біржола көшіп келгендер бүгінде елімізде қалай өмір сүріп жатыр? Елімізге келіп жатқан қарапайым тұрғындардың ойы қандай, келудегі мақсат не, қазақстандықтар жайлы не дейді? Tengrinews.kz сайтында «Елге жол» атты арнайы жобамызды ұсынамыз.Мадина Аешева — Алматыда туып-өскен.

Апа

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 15 ноября 2018 в 10:32

Апа Елге жиырма-отызыншы жылдары зұлмат жағдайлар кезікпегенде, екі ұлының үлкенінен өмірге келген маған Асқар атамды көріп қалудың мүмкіндігі бар еді. Зұлмат уақыттардың зұлымдықтары оған жеткізбеді — байдан төмен, кедейден жоғарылау орташа тұрмысы бар атаны ауылдастары «бай» деп көрсетуімен саяси да, экономикалық та қауіпті элемент ретінде қайда жіберілгені күні бүгінге дейін белгісіз жаққа айдалып, оралмады.

Қиындыққа қайыспаған адам

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 августа 2018 в 04:52

Қиындыққа қайыспаған адам ХХ ғасырдың дүрбелеңге толы жылдарында өмірге келген Имаш Әубәкіровтің ғұмыры мен еңбек жолы тұтас бір тарих. Ол революция, одан соңғы ақ пен қызылдар қырғыны, елді жайлаған аштық, қуғын-сүргін, коллективтендіру, Отан соғысы, ауыл шаруашылығын қалпына келтіру қиындықтарын бастан өткерген. Жиырма жасқа толғанда жалғыз сиырын ортаға салып, коллективтендіруді ұйымдастырып, оған басшылық жасауы оны ерте есейткен.

Кешегі күндердің шуағы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 июля 2018 в 11:02

Кешегі күндердің шуағы Ол күндер алыстап барады. Кеңес Одағы атауымен жетпіс жыл шамасы дәурендеген саяси жүйені айтамын. Алайда жетпіс жыл дегенің кезегімен алмасқан ұрпаққа болмаса, тарих үшін қас-қағым ғана сәт. Сол себепті өткеннің алыс-жақындығы жылдарға емес, сірә, санаға тәуелді. Социализм, ең алдымен, ерте замандардан ерген идея еді; идея біткеннің бәрі жүзеге аса бермеген, ал социализмнің негізгі нысанасы – мінсіз қоғам жасау болғандықтан, мін қайда жоқ, күрестер ойдағыдай мақсат, мұраттарға жеткізе алмады да, сол күрескерлердің өздері жүйені қате екен деп тапты.Қысқаша айтқанда, кеңестік социализмнің тарихы осы. Әлгіде айтылғандай, қоғамды тұтас бақытты, бақуатты құрылым етуді мақсат еткен жүйенің, әрине, өзі де мойындағандай қателіктері аз болмаған шығар да, алайда идеяны мақұлдап, қолдаумен ұлы істерге жұмылған халықтың ешқандай кінәсі жоқ еді.

Сәулелі ғұмыр сөнбейді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 31 мая 2018 в 10:52

Сәулелі ғұмыр сөнбейді Елеулі есім еді…Ол мынау ағысы қатты арналы өзен секілді үнемі алға ұмтылып жататын тегеурінді тірлікте елу төрт жыл ғұмыр кешті. Аз ба, көп пе? Оған баға берудің өзі кейде ақылға сыймайтын сияқты. Бұрындары үлкендер жиі айтатындай, бәлкім, тағдырдың маңдайға жазуы солай болар.Бірақ анық бір нәрсе бар.

Өткен жылдардың сәулесі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 января 2018 в 23:02

Өткен жылдардың сәулесі Кім-кімге де еңбек жолын бастаған алғашқы ортасы ыстық. Мектептің жоғарғы кластарында оқып жүргенде мерзімдік басылымдарға хабар-ошар жариялап жүрген біздің аңсарымыз журналистік мамандыққа аумай ма!? Сөйтсек, бұл кәсіптің мамандарын даярлайтын ұстахана Қазақстан бойынша жалғыз оқу орнында ол кезде Сергей Миронович Киров есімін иеленген Қазақ мемлекеттік университетінде болып шықты.

Ту ұстап, тұлпар мінген тархан Есет

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 ноября 2017 в 23:42

Ту ұстап, тұлпар мінген тархан Есет Ұшқан құстың қанаты талатын Ұлы даланы ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғаған бабалар ерлігі ұрпаққа ұран, ұлтқа ұлағат болып қалғаны тарихи ақиқат. Ел үшін шыбын жанын шүберекке түйіп, халқының қас жауына қасқая қарсы тұрып, қол бастаған Есет батырды қазақ жұрты қашанда естен шығарған емес.

Берекелі шақтағы мереке

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 12 ноября 2017 в 23:02

Берекелі шақтағы мереке Күздің соңғы айының алғашқы онкүндігінде келетін Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні биыл аудан орталығында аталып өтті. Еліміздің негізгі тұтқасы саналатын ауылшаруашылық саласы біздің аудан үшін тіршіліктің көзі. Сондықтан атаулы күнгі шараға өңірдің барлық ауылдары мен шаруа қожалықтары қатысты.

Күрделі күндердің күрмеу мәселелері

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 ноября 2017 в 21:52

Күрделі күндердің күрмеу мәселелері Тарих — бағзының барша материалдық та, рухани да салаларын қамту мүмкіндігі мол сала ретінде өмірдің нақ өзін танытатын пән деуге болады. Тарих өздігінен ешнәрсеге үйретпейді, бірақ одан сабақ алмағандарды жазалайды деген бар. Яғни, ол тек ескерту, тек баяндау емес, кешегіні бүгінгіге жалғау, оны ертеңмен ұштастыра баяндау, пайымдау қажеттігін міндеттейді.Қазақтың ұлттық тарихында, оның ұзақ уақыттар бойы саяси, идеологиялық үстемдіктер жағынан тежеулер мен кедергілердің тар аясынан шыға алмағанына қарамастан, әсіресе елдің егемендік алуынан қанатын кеңге жая бастағаны белгілі. Ұлтымыздың шынайы тарихын неғұрлым кеңірек тану мен зерделеуге деген жан-жақты қызметтер енді жүріп жатқанға ұқсайды.

Ұлтының сөзін сөйлеген…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 19 октября 2017 в 21:12

Ұлтының сөзін сөйлеген… «Қазақ үшін ар-ұяттың орны ежелден төр еді, босағаға бір-ақ түсті. Осыларды ойлағанда, Тұрсекеңді сағынамын», — деген еді жазушы Дулат Исабеков. Иә, ұлттық әдебиеттану ғылымының тұғырлы тұлғасы, халқының адал ұлы болған азамат Тұрсынбек аға Кәкішевті бәріміз де сағындық. Биыл ғалым-ұстаздың өмірден озған жоқтаулы жылына 90 жылдық мерейтойы орайласып, қалың қазақ, жалпы жұртшылық қастерлеп атап өтіп жатыр.Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ғалым-ұстаз, әдебиет тарихын зерттеуші, көрнекті әдебиет сыншысы, Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының құрметті академигі, Еларалық қоғамдық Айтматов академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағының Сәкен Сейфуллин атындағы сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері, филология ғылымдарының докторы, профессор, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің құрметті кафедра меңгерушісі, жазушы… Ол Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Бөрлі ауылында, жер біткеннің төресі Көкшетау өңірінде туған. «Тектіден текті туады» демекші, Тұрсынбек ағаның әкесі де керемет қарулы, батыл да батыр, жүректі адам болған көрінеді. «Бізді батылдыққа, адалдыққа, тазалыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеген әкеміз» — деген сөздерін естуші едік.Ұстаздық жолын ұлттық университет қабырғасында бастаған Т.Кәкішев — жоғары мектепте дәріс жүргізуді ғылыми зерттеу ісімен егіз өре отырып, сан-салалы әдеби шығармашылықпен айналысуға жарты ғасырлық ғұмырын жұмсаған адам.

Көкжардың көкжал серісі

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 сентября 2017 в 00:42

Көкжардың көкжал серісі Жәрмеңкелер өнерпаздардың құдыретті өнер иелері атануларына зор мүмкіндіктер жасады. Ұлттық өнерді дамытуда, таратуда қайнаған өнер ордасы болды. Сол ортада әнші Қызыл Тұрдалыұлы да жүрді. Оның есімі әсіресе, Көкжар жәрмеңкесінде жарқырап танылған. Өнер зерттеуші-жазушы, композитор Илья Жақанов өзінің «Қызыл әнші» деген мақаласында «Атыраудың ескі көне көздері: «Ой, Қызыл әнші дегеніңіз, Жайықтың мына ішкі бетіндегі біздің елдің әншілерін шақ келтірмеген үні зор бір құдірет еді ғой» десіп отырады», — деп жазады.Ән салған бала жастан Қызыл едім,Ән десе, той-думанның қызығы едім, —деп әнді әуелеткен, міне, осы құдіретті әнші Қызыл Темір ауданының Бабатай ауылында дүниеге келген.

Кемеңгер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 07 сентября 2017 в 20:42

Кемеңгер ЖАЙСАҢДЫҚПЕН ӨТКЕН ҒҰМЫРОрыс жұртының ерте уақыттардағы әкімшілік билігінің бір үлгісі ретінде қазақ жеріне XVIII ғасырда таңылып, 1917 жылы Октябрь революциясымен аяқталған болыстық институт ұлтымызды ынтымаққа біріктіруге қызмет ете алмағаны былай тұрсын, қайта сол басқарудың жергілікті тұрғындарға жат орыстық элементтерінің басымдығымен ел ішінде ашу-араздықты қоздатудың себебіне айналды. Ұзақ жылдар бойы тек төрелер әулетінен шыққандарға ғана тиесілі болыстық сұлтандық беделдің төмендеуімен байланысты, 1868 жылы патша әкімшілігі, бұдан былай болыстық билікті қазақ рулары арасынан шыққандарға да беруді ұйғарды.

АСҚАР ОМАРОВ: ЖАҢҒЫРУ — ЖАҢҒЫРЫҒУ ЕМЕС

Источник: Матрица.kz Дата: 18 августа 2017 в 22:03

АСҚАР ОМАРОВ: ЖАҢҒЫРУ - ЖАҢҒЫРЫҒУ ЕМЕС Рухани жаңғыру. Соңғы төрт-бес айда құлаққа сіңісті осы ұғымның түп мақсатын танып, тереңіне бойлай алдық па? Бағдарлы мақаланың ұлы мұраты – Ұлт түзу, үйреншікті тіркеспен айтқанда, біртұтас ұлт жасау, біртұтас ұлт құру. Соны байыптадық па? Басқа емес, дәл осы мұрат – жиырма бес жылдық тәуелсіздіктің темірқазық нысаны еді.

Тұлпардың сыны

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 18 мая 2017 в 20:12

Тұлпардың сыны ӘңгімеСовет заманы. Ауылдағы шағын мектепті бітіріп, оқуымды жалғастыру үшін аудан орталығына келгем. Сабақтан қайтқанда осы көшені бойлай жүремін. Басынан бастап санағанда он жетінші еңселі үйдің кейде сыртқы қақпасы, не қақпасының есігі ашық қалады. Мұндайда ауласында құлақасқа ат қаңтарулы тұрады.

Қобдадан шыққан хазіреттер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 мая 2017 в 19:52

Қобдадан шыққан хазіреттер Кешегі бір күндері тыңгерлердің келуімен орыстанып кетті дегенімен, Қобда өңірі қашаннан қазақылығын сақтаған, иманды ісінен айырылмаған, үлгі көрсетер хазірет, дінбасылары болған аумақ. Біз бүгін елге танылған, алайда кеңестік заманның теперішін көріп, қысымға ұшыраса да, халық құрметінен тыс қалмаған төрт хазірет туралы әңгімелемекпіз.Олардың салдырған мешіттерінің орны әлі күнге дейін сақталған, діни тағылымдары елдің жүргінде, халықтың санасында.
Показано 30 новостей из 35