
Біздің мәдениет пен таным, әдет-ғұрпымыз жаман ауру, қатерлі дерт, өзіне қол жұмсау, ұят қылық жасау туралы көп айтуға «жол бермейді». Алайда «жаман айтпай, жақсы жоқ» деген бар. Сондықтан қанша ауыр болса да, суицид туралы жазуға бел будық. АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығы америкалық режиссер және жазушы Лиза Кляйнның қатысуымен психикалық денсаулық пен суицидтің алдын алу тақырыбында онлайн бағдарлама ұйымдастырды.