Новости по теме "ғылым" — страница 9

Ақынның сүйікті бес кітабы — Ақберен Елгезекпен «Бірге оқимыз»

Источник: TengriNews Дата: 02 августа 2019 в 13:03

Ақынның сүйікті бес кітабы - Ақберен Елгезекпен ERG компаниясының қолдауымен Тengrinews.kz сайтында «Бірге оқимыз» жобасы басталған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты — қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. Осы мақсатта Тengrinews.kz тілшісі алдағы уақытта жазушыларымыздың бес кітабын оқуға ұсынып отырады.

Мыңжылдығын болжаған Мөңке би

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 августа 2019 в 10:42

Мыңжылдығын болжаған Мөңке би Халқының жадында сақталғанБіздің ұлтымызда ең қасиетті сөз мұраларының халқымыздың жадында сақталып, ел арасында тарауының, кейінгі ұрпаққа жетуінің мысалы көп. Мыңжылдығын болжаған әулие, би, дала философы, жырау Мөңке бабамыздың данышпандық, көрегендік толғаулары ұлтымыздың мәдени мұрасына, қазынасына тап осылай айналған.

Жақсының аты өлмейді…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 01 августа 2019 в 09:22

Жақсының аты өлмейді… Алыста қол бұлғап қалған балалық шақтың балдай тәтті күндері ойға оралғанда, сол кездегі құлын-тайдай тебісіп, бірге ойнаған балаларды ғана емес, көршілеріңді,ауылыңның адамдарын сағынышпен еске алады екенсің. Өйткені олар да сенің балғын шағыңның бөлінбес бір бөлшегі, жаныңа жақын жандар.Біздің көршіміз Мырзалы, Кәбира Алдашевтар елге қадірлі адамдар еді.

Ұшқан ұя

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 июля 2019 в 11:52

Ұшқан ұя «Туған жерге тағзым» акциясы аясында өңіріміздің түкпір-түкпірінде игі істер атқарылып жатыр. Өткен сенбі күні Темір ауданындағы Қопа орта мектебінің әр жылдардағы бітірген 250-ге жуық түлегі өздері түлеп ұшқан білім ұясына келіп, «Киелі мекен, Кеңестуым!» атты жерлестер форумына қатысты. Шара барысында түлектердің демеушілігімен бірқатар нысандар ашылып, мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

Жұртшылық  жадындағы  тұлға

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 30 июля 2019 в 11:12

Жұртшылық  жадындағы  тұлға Қазақтың кең-байтақ даласы — тұнып тұрған тарих. Қай өңірдің болмасын, өзіне тән шежіре-аңыздары, айтулы тұлғалары, өзге аймақтардан ерекшелендіріп тұратын қалыптасқан салт-дәстүрі, ғұрпы барекендігі баршаға аян. Осы ретте шежірелі Ырғыз төңірегінде де өз заманында кісілік келбетімен, қайраткерлік қасиетімен аты-жөні аңызға айналған атпал азаматтарғұмыр кешкен.

Қайырымдылық — ізгі іс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 27 июля 2019 в 11:52

Қайырымдылық — ізгі іс Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «Мектепке жол» — «Арыспен біргеміз!» республикалық қайырымдылық акциясына үлес қосты. Аталған университет ұжымы қала маңындағы «Шұғыла» сауықтыру лагерінде демалып жатқан Арыс қаласынан келген 100 балаға мектепке қажетті құрал-жабдықтар жиынтығын табыстады.— Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің арнайы тапсырмасына сәйкес, еліміздің барлық өңірлері 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» акциясы бойынша қолдау көрсетуде.

Бақыт Беделханмен «Бірге оқимыз» — Ақынның сүйікті бес кітабы

Источник: TengriNews Дата: 25 июля 2019 в 15:53

Бақыт Беделханмен ERG компаниясының қолдауымен Тengrinews.kz сайтында «Бірге оқимыз» жобасы басталған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты — қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. Осы мақсатта Тengrinews.kz тілшісі танымал ақын Бақыт Беделханның сүйікті бес кітабын ұсынады.«Қазақ ертегілері«Халық ауыз әдебиетінде ертегілердің алатын орны ерекше.

Сұрауы жоқ су…

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 25 июля 2019 в 11:32

Сұрауы жоқ су… «Поколение-М» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Елена Бошкова 7-8 жыл бұрын облыстағы бұлақ көздерін түгендеп, оларды қорғауды қайта-қайта мәселе етіп көтерді. Өкініштісі, жерасты суларымен байланысқан бұлақтарды қорғаумен Бошковадан басқа ешкімнің шаруасы болған жоқ. Табиғи су көздеріне жақын жерлерде, соның ішінде Тамды, Бестамақ, Қарғалы бойындағы құм, қиыршық тас өндірушілердің жыртқыштық әрекеттерінен бұлақ көздері жоғалды.

Abai175: Жапон депутаты ақынның шығармасын оқыды

Источник: TengriNews Дата: 24 июля 2019 в 10:23

Abai175: Жапон депутаты ақынның шығармасын оқыды Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай басталған ұлы ақынның өлеңдерін оқу челленджі Жапонияға жетті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.Қазақстанмен парламенттік достық лигасының төрағасы, жапониялық Такео Кавамура ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұxтар Құл-Мұxаммедтен эстафетаны қабыл алып, жыр шеруін жалғастырды.

Көмек көрсеткіңіз келсе, хабарласыңыз!

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 июля 2019 в 09:22

Көмек көрсеткіңіз келсе, хабарласыңыз! Оқушылардың бірде-бірі мектептен қалмауы тиіс, жағдайы болмаса, қамтамасыз етілуі керек. Бұл — биыл он бірінші жыл қатарынан өтіп отырған «Мектепке жол» акциясының ұраны. Мемлекет басшысыныңтапсырмасымен Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен 3 шілде мен 30 қыркүйек аралығында еліміздің барлық аймағында жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы өтіп жатыр.

Кадр тапшылығының себебі неде?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 июля 2019 в 08:32

Кадр тапшылығының себебі неде? Облыстағы кадр саясатының өзекті мәселелері «Ақтөбе Медиа» Баспасөз үйінде өткен дөңгелек үстелде талқыланды. Оған қоғам қайраткерлері Естай Жайлыбай, Ізімғали Көбенов, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Кәсіби даму және мансап орталығының жетекшісі Бақтыгүл Ертілеуовақатысты.

Ысырапшылдық — алла сүймейтін іс

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 22 июля 2019 в 07:52

Ысырапшылдық — алла сүймейтін іс «Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі — орынсыз сән-салтанат емес. Керісінше, ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану көргенділікті көрсетеді». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан.Қазір мақтанқұмарлықтың жетегінде немесе «қайткенде жұрттан қалмауға» тырысып, ақшаны орынсыз шашатын дарақылық кейбіреулер үшін өмір салтына айналып бара жатқандай көрінеді.

Abai175: Челлендж Ресей, Әзербайжан, Жапония, Иордания қайраткерлеріне жолданды

Источник: TengriNews Дата: 19 июля 2019 в 16:53

Abai175: Челлендж Ресей, Әзербайжан, Жапония, Иордания қайраткерлеріне жолданды ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Абай шығармаларын оқу челленджіне қатысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды.«Жақында Абай атамыздың өлеңдерін оқу эстафетасын белгілі ғалым, қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Комитет төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед мырзаға жолдаған едім.

Абай өлкесіндегі қоңырау тастар желі қолданушыларын таңғалдырды

Источник: TengriNews Дата: 19 июля 2019 в 14:23

Абай өлкесіндегі қоңырау тастар желі қолданушыларын таңғалдырды Қоңырау тастар — бүгінге дейін ғалымдар жауабын таба алмаған ерекше табиғи құбылыс. Қазіргі таңда қоңырау тастар Ресейдің құрамындағы Карелия Республикасы, Пенсильвания штаты және Иорданияда бар. Ал Қазақстандағы қоңырау тастар жайлы естуіңіз бар ма? Алматы қаласының тұрғыны Данара Баймағанбетова туған жері ШҚО-дағы Шыңғыстаудың бойынан дәл осы қоңырау тастарды көріп, әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.

Алматыда қарулы топ ұсталды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне кімдер кіреді — Басты жаңалықтар

Источник: TengriNews Дата: 17 июля 2019 в 19:33

Алматыда қарулы топ ұсталды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне кімдер кіреді - Басты жаңалықтар 17 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесі мен құрамын бекітті. Сондай-ақ бүгін Арыста 1360 үй толық жөндеуден өткені хабарланды. Ал Димаш Құдайберген тыңдармандарына жаңа әнін ұсынды. Tengrinews.kz тілшісі күннің басты жаңалықтарына шолу жасады. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамына кімдер енді?Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ережесін және құрамын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды.

Қазақ кіндік ана міндетін қалай атқарған?

Источник: TengriNews Дата: 17 июля 2019 в 18:13

Қазақ кіндік ана міндетін қалай атқарған? Қазақ бала мінезі кіндік кескен «кіндік анасына» тартады деп ырым етеді. Жаңа туған сәбиді кіндік бауымен жерден кім көтеріп алса, аялы алақанына салса, кіндігін киелі қолымен кессе, жөргегінен көтерсе, бала сол адамға тартады дейді. Кіндік анасының бойындағы барлық қасиет сол балаға жұғады. Кіндік ананың мінезіндегі артықшылықтар мен кемістіктер бала есейгенде бойынан көрініс табады.

Представительство Россотрудничества в Казахстане присоединилось к «Абай-челленджу»

Источник: Sputnik Дата: 17 июля 2019 в 18:10

Представительство Россотрудничества в Казахстане присоединилось к НУР-СУЛТАН, 17 июл — Sputnik. Руководитель представительства Россотрудничества в Казахстане Константин Воробьев принял участие в литературной эстафете «Абай-челлендж». Директор российского центра науки и культуры в Нур-Султане Константин Воробьев прочел стихотворение Абая «Язык любви — язык без слов...».

Абай өлеңдері: Премьер-министрдің орынбасары эстафетаны қабылдады

Источник: TengriNews Дата: 16 июля 2019 в 14:03

Абай өлеңдері: Премьер-министрдің орынбасары эстафетаны қабылдады Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған челленджді қабылдап, ұлы ақынның туындысын оқып берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.«ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғановадан ұлы ақын, дана ойшыл, ағартушы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай басталған челленджді құрметпен қабыл алдым. Ұлы Абайдың шығармалары ішінде шоқтығы биік туындылары — оның «Қара сөздері.

Кадровые перестановки

Источник: Nomad.su Дата: 14 июля 2019 в 00:03

Кадровые перестановки Айгуль Шаимова назначена вице-министром национальной экономики РКgovernment.kz, 9 июляПостановлением Правительства РК Шаимова Айгуль Амантаева назначена на должность вице-министра национальной экономики Республики Казахстан на период учебного отпуска Жунусбековой Мадины Сериковны. Об этом сообщает пресс-служба Премьер-Министра РК.Айгуль Шаимова родилась в 1979 году в с.

Мемлекеттік білім гранты кімге бұйырады? 

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 13 июля 2019 в 09:22

Мемлекеттік білім гранты кімге бұйырады?  Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде білім гранттарына арналған байқауға қатысушылардың құжаттарын қабылдау басталды. Құжаттарды қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. Жалпы биыл еліміз бойынша жоғары оқу орындарына 53 785 грант бөлініп отыр. Сондай-ақ, еліміз бойынша көпбалалы және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан түлектер үшін қосымша 5 мың грант беріледі.

Ойылдың мұрағаттық құжаттардағы тарихы

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 11 июля 2019 в 10:22

Ойылдың мұрағаттық құжаттардағы тарихы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Мәңгілік ел» мәжіліс залында «Ойыл. Мұрағаттық құжаттардағы тарих» атты кітаптың тұсаукесері өтті.Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында өз туған жерін мақтан тұтатын әр азаматқа, әсіресе кейінгі жастарға өлкенің тарихын түсіндіруді, киелі жерлері мен тарихи орындарын таныстыруды басты мәселелердің бірі етіп қозғаған болатын.

Димаш ответил на вызов Токаева и прочел стих Абая

Источник: Sputnik Дата: 11 июля 2019 в 08:30

Димаш ответил на вызов Токаева и прочел стих Абая НУР-СУЛТАН, 11 июл — Sputnik. Знаменитый певец Димаш Кудайберген принял участие в челлендже – чтении стихов казахского поэта и мыслителя Абая Кунанбаева. Вызов Димаш получил от президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева. В своей записи в Instagram Димаш отметил, что «с большим уважением я принял эстафету прочтения стихов от Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, посвященный 175-летию великого мыслителя и поэта Абая».

Поэтический челлендж: Токаев прочитал стих и бросил вызов Димашу — видео

Источник: Sputnik Дата: 09 июля 2019 в 19:40

Поэтический челлендж: Токаев прочитал стих и бросил вызов Димашу - видео НУР-СУЛТАН, 9 июл — Sputnik. Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев принял поэтическую эстафету от девятилетней школьницы Ляйлим-Шамшырак, прочитав отрывок из стихотворения великого казахского поэта Абая Кунанбаева «Ғылым таппай мақтанба». Ранее в Сети появилось видео, на котором школьница по имени Ляйлим-Шамшырак наизусть зачитывает одно из стихотворений Абая и передает поэтическую эстафету президенту страны Касым-Жомарту Токаеву, министру информации и общественного развития Даурену Абаеву и певцу Сакену Майгазиеву.

Елорданың дамуына үлес қосып жүрген ақтөбеліктер

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июля 2019 в 09:42

Елорданың дамуына үлес қосып жүрген ақтөбеліктер Нұр-Сұлтан — өнердің, ғылым мен мәдениеттің ошағы. Бас қалаға жан-жақтан барып, еңбек етіп жүргендер көп. Оның ішінде қаланың дамуына, жандануына үлес қосып жүрген ақтөбеліктерді мақтанышпен айта аламыз. Елорданың медицина, білім, яғни барлық саласында ақтөбелік мамандар нәтижелі жұмыс жасап жүр. Мереке қарсаңында Нұр-Сұлтанның дамуына үлес қосып жүрген жерлестеріміздің бірқатарын әңгімеге тарттық.

1000 атаудың тарихы зерттелді

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 06 июля 2019 в 09:12

1000 атаудың тарихы зерттелді Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Ақтөбе облысы аумағында кездесетін топонимдер мен антропонимдер» сөздігі шығарылды. Сөздікте 1000 атауға, оның ішінде 720 топоним мен 280 антропонимге анықтама берілген. Жоба «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты бойынша жүзеге асырылды.

Ономастика және туған тіл

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 12:32

Ономастика  және туған тіл Облысымыздағы ауылдар атының 95 пайызы, көшелер атауының 96 пайызы — қазақ тілінде. Бұл жөнінде кеше облыс әкімінің орынбасары Марат Тоқжановтың төрағалығымен өткен облыстық ономастикалық комиссияның кезекті отырысында айтылды. Отырысқа онлайн режимінде барлық аудандар әкімдерінің әлеуметтік салаға жауапты орынбасарлары мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары қатысты.Комиссия мүшелері назарына алдымен Әйтеке би ауданындағы Тымабұлақ ауылының атын өзгерту жөнінде мәселе ұсынылды. Қазақ тіліндегі нұсқасында ауыл аты осыған дейін қате жазылып келген болса, облыстық ономастикалық комиссияның шешіміне сай, енді «Тұмабұлақ» болып дұрысталды.Сондай-ақ жиында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлайым Төлебаева ономастика саласындағы жұмыстар, соның ішінде атауларды өзгертуді ғылыми тұрғыдан негіздеу бағытындағы істер туралы баяндады.Гүлайым Төлебаева бүгінгі күні облыста елді мекендердің басым бөлігіне тарихи атауы қайтарылғанын және, сауалнамалар көрсеткендей, бұл бағыттағы жұмыстарға тұрғындардың 96,3 пайызы оң пікірде екенін атап өтті.

Оқу жылы қалай қорытындалды?

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 11:42

Оқу жылы қалай қорытындалды? Облыстың білім беру жүйесіне мемлекет тарапынан көп қолдау, көмек көрсетіліп жатыр. Бұған бір ғана мысал келтірсек жетіп жатыр: облыс бюджетінің 40 пайызы білім саласына бөлінеді. Осыншама қолдаудың лайықты қайтарымы да болуы керек. Білім саласының жетістіктері қандай? Облыстағы білім шаңырақтары оқу жылын қалай қорытындылады, жаңа оқу жылындағы басымдықтар және білім саласына байланысты басқа да мәселелер туралы облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаевамен әңгімелескен едік.

Ақтөбе облысының ең дарынды балалары «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық Академиясынан» оралды

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 04 июля 2019 в 10:52

Ақтөбе облысының ең дарынды балалары «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық Академиясынан» оралды Жастар жылы аясында 16-26 маусым аралығында «ЮНЕСКО Клубтарының IV Шығармашылық Академиясының» ең үздік, жарқын және дарынды финалистері Алматы қаласында 10 күндік жастардың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамытуға бағытталған инновациялық платформасында бас қосты.Мемлекет болашаққа жоспар құрып, одан әрі даму аяларын анықтап, жақын арада оның негізгі қозғаушы күші патриоттық және азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиеленген жігерлі жас көшбасшылар болатынына сенеді.

«Күніне 200 хабар түседі». Қазақстанда тіркелген жұмбақ құбылыстар

Источник: TengriNews Дата: 02 июля 2019 в 17:53

Бүгін — Дүниежүзілік уфологтар күні.Оның «Беймәлім ұшатын нысан күні» деген тағы бір атауы бар. Халықаралық мереке күнінің таңдалу себебі — 1947 жылы жаз мезгілінде АҚШ-тың Нью-Мексико қаласындағы Розуэлл қалашығында белгісіз нысан табылған екен. Осыдан кейін көп адам мұны «бөгдепланеталықтар ұшатын нысан» деп атаған.

Алматыда Мөңке бидің көшесі бар

Источник: Ақтөбе газеті Дата: 02 июля 2019 в 16:12

Алматыда Мөңке бидің көшесі бар Алматыдан қуанышты хабар жетті. Оңтүстік астанамызда өз заманының қайраткері, дала данышпаны, би һәм әулие Тілеуұлы Мөңке атына көше беріліпті. Бұл жаңалықты Алматыда тұратын азамат Бақытжан Қосанов жеткізді. Көшені бағыттайтын белгінің суретін де салып жіберіпті.Шаһардың Алатау ауданында орналасқан Мөңке би көшесі Жұмағали Сайн, Бауыржан Момышұлы көшелерін қиып өтіп, Фариза Оңғарсынова көшесіне барып тіреледі екен. Қарама-қарсы бағыттағы үш-үш жолақтан алты жолақты құрайтын кең көшенің әзірге ұзындығы 6 километрден асады. Әзірге дейтініміз, Алматы қаласының бас жоспары бойынша, бұл көше әлі ұзартылып, Бішкек тасжолына барып тоғысатын көрінеді.Ақтөбедегі біздер Мөңке биге көше атауын қай қаладан берсе де артық болмайды дейміз ғой.
Показано 30 новостей из 1 598