
Қазақ дәстүрінде «Кешіру» салты бар. Қыз алып қашқанда не абайсызда адам өлімі кезінде ауыл ақсақалдары жиналып, кешірім сұрап барады екен. Оның да өз амалдары бар. Кешірім берілмесе, жаза да қарастырылған. Этнограф Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне қазақ қандай жағдайда және қалай кешірім сұрағанын айтып берді.Қыз алып қашқан соң кешірім сұрап барғанМаманның айтуынша, қазақ халқының байырғы дәстүрінде қызға құда түсу, сырға тағу, ұрын жүргізу, от жаққан жерін көру, қалыңмал беру, ата көші, ана сүтін өтеу жолымен келін түсірген. Қыздың ата-анасының разылығымен, толық жол-жоралғыларын атқарып ұзатып алатын.