Аягөзде орман қойнауында елік кездесті

Дата: сегодня в 19:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Тау-Дала филиалына қарасты Аягөз орманшылығының мемлекеттік инспекторлары кезекті бақылау жұмыстары барысында жабайы табиғаттың әсем өкілі – елікті кездестірді, деп хабарлайды Arnapress.kz орманшыларға сілтеме жасап.

22 қараша күні Аягөз орманшылығының әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше сәт түсірілген бейнежазбалар жарияланды. Кадрлардан еліктің табиғи мекенінде еркін жайылып жүргенін көруге болады.

Орман ішінде емін-еркін жүрген жануар табиғаттың сұлулығын одан әрі айшықтай түскендей. Мұндай кездесулер ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жануарлар дүниесінің тіршілігінен сыр шертеді.

Айта кетейік, мемлекеттік инспекторлар табиғи аумақтарды тұрақты бақылап, жабайы жануарлардың мекен ету ортасын қорғау жұмыстарын жүргізеді.

Фото: Аягөз орманшылығы инстаграмм желісіндегі видеодан скрин

По сообщению сайта Arna Press