Абай облысын қоса алғанда, 10 өңірде заңсыз қару айналымының жолы кесілді

Дата: 20 ноября 2026 в 16:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

2026 жылғы қазан-қараша айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полиция органдарымен бірлесіп, Абай облысы мен еліміздің 10 өңірінде заңсыз қару айналымының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz комитетке сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, арнайы іс-шаралар Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында жүзеге асырылды.

Нәтижесінде жалпы 45 бірлік атыс қаруы тәркіленді. Оның ішінде 5 автомат, 26 мылтық және 14 тапанша бар. Сонымен қатар 10 граната мен 1 259 дана оқ-дәрі заңсыз айналымнан алынды.

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Құқық қорғау органдары заңсыз қару айналымының жолын кесу бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитетінен

По сообщению сайта Arna Press