TikTok әлеуметтік желісіндегі тікелей эфирде балағат сөздер айтқан семейлік тұрғынға 83 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Arnapress.kz Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Құқықбұзушылықты полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында анықтаған. Тексеру нәтижесінде эфирге қатысқан Семей қаласының 38 жастағы тұрғыны екені белгілі болды.
Оқиға 14 қарашада болған. Ал 16 қарашада сот шешімімен әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл тағайындалды. Жаза белгілеу кезінде сот оның кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырғанын ескерген.
Полиция өкілдері әлеуметтік желіде де қоғамдық тәртіп пен заң талаптарын сақтау қажеттігін еске салады.
Фото: Жасанды интеллект арқылы
По сообщению сайта Arna Press