Антибиотиктерді рецептісіз сату: 38 әкімшілік хаттама толтырылды

Дата: вчера в 16:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Қазақстанда антибиотиктерді дәрігер рецептісіз сатуға қатысты тексерулер жалғасуда, деп хабарлайды Arnapress.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

2026 жылдың басынан бері дәріханаларда антибиотиктерді рецептісіз сатқаны үшін 38 әкімшілік хаттама толтырылды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 8,2 млн теңгеден асты.

Көбіне рецептісіз сатуға әрекет жасалатын препараттар қатарында «Азитромицин», «Цефтриаксон», «Цефазолин» және «Ципрофлоксацин» бар.

Мамандар антибиотиктерді өз бетінше қабылдау денсаулыққа зиян келтіріп қана қоймай, бактериялардың антибиотиктерге төзімділігін арттыратынын ескертеді. Бұл инфекциялық ауруларды емдеуді қиындатып, дәрілік препараттардың тиімділігін төмендетеді.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі жоғары тәуекел тобына жататын дәрілік препараттарға міндетті электрондық рецепт енгізу жұмыстарын жүргізуде.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

По сообщению сайта Arna Press