Абай облысында балық аулауға уақытша тыйым салынады

Дата: сегодня в 18:48

Абай облысында ақсаха балық түрлерінің уылдырық шашу кезеңіне байланысты балық аулауға уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Arnapress.kz Табиғи ресурстар және табиғатты реттеу басқармасына сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 3 наурыздағы № 78 бұйрығына сәйкес, ақсаха балық түрлерінің көбеюіне қолайлы жағдай жасау және олардың табиғи қорын сақтау мақсатында бірқатар су айдындарында балық аулауға тыйым салынады.

2026 жылғы 10 қарашадан 10 желтоқсанға дейін ақсаха балық түрлерін аулауға болмайды.

Шектеу келесі су айдындары мен учаскелерде қолданылады:

Бұқтырма су қоймасы – Қарақастың тарылған жерінен бастап, ағыс бойымен Бұқтырма СЭС-іне дейінгі аралықта, су қоймасының екі жағалауы бойымен;
Өскемен су қоймасы;
Ертіс өзені – Өскемен СЭС-інен Шүлбі су қоймасына дейін (Шүлбі су қоймасын қоса алғанда) және Шүлбі СЭС-інен Павлодар облысымен әкімшілік шекараға дейінгі аралықта;
Қаныш Сәтбаев атындағы каналдың № 1 су торабының су қоймасы.

Уылдырық шашу кезеңінде балық ресурстарын қорғау – табиғи байлықты сақтаудың маңызды шарты.

Фото: Жасанды интеллект арқылы

По сообщению сайта Arna Press